Қазақстан тарихы Қоғамдық құрлысы

Раздел История
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақстан тарихы Қоғамдық құрлысы6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: Қоғамдық құрлысы

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік:

Қола дәуірі кезіндегі қоғамдық құрылыс,жеке меншіктің пайда болуы,діни көзқарастары туралы баяндау.

  • Дамытушылық:

Жеке меншік, діни көзқарастартуралы кеңінен мәлімет бере отырып , Ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту.

  • Тәрбиелік:

Білімділікке , ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: баяндау

Көрнекілік: суреттер

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

1. Тас дәуірін алмастырған дәуір

А) темір дәуірі В ) қола дәуірі С) мыс-тас дәуірі

2. Беғазы-Дәндібай мәдениеті қай жерде орналасқан?

А ) Орталық Қазақстан В) Оңтүстік Қазақстан С) Батыс Қазақстан

3. Ғалымдар Орталық Қазақстан аумағынан қола дәуіріне тән қанша қонысты зерттеді?

А ) 30 В) 10 С) 50

4. Шығыс Қазақстанда Нарым мен Қалба кен орнында қанша қалайы шығарылған?

А) 1130 тонна В ) 1100 тонна С) 1500 т онна

5. Қола дәуірінің қоныстары көбінесе қай жерлерде орналасты?

А ) өзен, көл жағалауында В) тау етегінде С) қыстақтарда

6. «Саналы адам» қалай аталады?

А) неандерталь В ) кроманьон С ) синантроп

7. Гарпун не үшін пайдаланылды?

А) отын шабу В) егін егу С ) балық аулау

8. «Қыш құмыралар заманы» деп қай дәуір аталады?

А) палеолит В ) неолит С) мезолит

9. Қазақстан жерінде қола дәуірі қашан басталды?

А ) осыдан 4 мың жыл бұрын В) осыдан 3 мың жыл бұрын С) осыдан 2 мың жыл бұрын

10. Беғазы-Дәндібай обаларының етегі қалай бекітілген?

А) топырақпен В) қиыршық тастармен С ) қақпақ тастармен

11. Қола дәуірінде жертөле үйлердің төбесін немен жапқан?

А ) сырғауыл В) қамыс С) балшық

12. Қола дәуірінде қай малдың түрі көбейді?

А) қой, түйе В) жылқы, түйе С ) қой, жылқы

13. Зергерлік бұйым ретінде жыртқыш аңдардың тісін тізіп, мойындарына не таққан?

А ) тұмарша В) моншақ С) салпыншақ

14. Андрондықтардың сырт бет-бейнесін сипаттап жазған ғалым кім?

А ) В.П. Алексеев В) А.С. Иванов С) С.И. Андреев

15. Малдың төрт түлігін де өсірген кімдер?

А) ботайлықтар В ) андрондықтар С) шебірліктер

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Жеке меншіктің пайда болуы

Жеке меншіктің пайда болуы

1-еңбек құра лдарының жетілуі

рулық,ұжымдық меншіктің орынына,

2-шаруаш-ң дамуы адам еңбегін қанау

Жекелеген отбасылар байыған сайын,қоғамдағы билігі артты.зерттеу нәтижесінде байлығымен қатар,дәрежесін де анықтады.

Экономиканың екі бағыты болды

1.мал шаруашылығы

2.металлургия

Рулық қауым ыдырады.

  1. Қоғамдық құрылысы

Қоғамдық құрылысы

1.Аталық әулет

2.Жауынгерлер

3.Абыздар

4.малшылар мен егіншілер

Қола дәуірі кезінде діни наным-сенім қалыптасып, жоғары дінбасылары-абыздар пайда болды. Олар рудың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарының бұлжымай орындалуын қадағалады.

3.Діни көзқарастары

Қарапайым болды. О дүниеде тіршілік жалғасады деген ұңғымда болған. Барлық затарын бірге көмген. Тотемизм,фештемизм,анаемизм сияқты ғұрыптар орын алған. Құдайлар аспанда ат жегілген еекі дөңгелекті арбамен жүреді деп сенген.

Сабақты бекіту:

Ойын ойнату

«Сөздер сөйлейді».( 3 минут)

Кезең шарты: терминдер жазылған карточкалар көрсетемін. Ойынның шарты бойынша ешкім үндемейді, қол көтеріп айтады.

  • Қола дәуірі- ( қола құралдардың өндіріске енген кезеңі)

  • Соқа( егін егу үшін жер жыртуға арналған металл тісті негізгі жер өңдеу құралы)

  • Оба( қабір үстіне топырақтан үйілген төбешік)

  • Жеке меншік( жекелеген отбасылардың байлығы)

  • Абыздар( рудың ежелгі салт - дәстүрі мен әдет - ғұрыптарының бұлжымай орындалуын қадағалады)

  • Тотемизм( шығу тегін жануарлармен байланыстыру)

  • Фетишизм( жансыз дүниеге сеніп, соның қасиетіне табыну)

  • Анимизм ( жанға, рухқа сену)

« Кім білгір, кім жылдам?». ( 7 минут)

Кезең шарты: жалпы оқушыларға сұрақтар қойылады. Кім бірінші қолын көтерсе, сол жауап беру құқығын иеленеді.

1) Нешінші мыңжылдықта тайпалар қола бұйымдар жасау ісін меңгерді? ( б.з.б. 2 мыңж.)

2) Андрондықтардың сырт бет - бейнесін сипаттаған академик? ( В.Алексеев)

3) Беғазы - Дәндібай мәдениетінің обалары қайда орналасқан? ( Орталық Қазақстан)

4) Қола дәуірін жоспарлы зерттеу қай жылы басталды? ( 1946 жылы)

5) Қазақстан жеріндегі қола дәуірі ескерткіштерінің сырын ашқан қазақтың ғалымы ( Ә.Марғұлан)

6) Андрон мәдениетінің неше ерекшелігі болды? ( 3)

7) Қола дәуіріне жататын түйе сүйектері табылған аймақтар? ( Орталық және Батыс Қазақстан)

8) Қола дәуірінің қоныстары көбінесе қай жерлерде орналасты? ( өзендердің жағасында)

9) Тұрғын үйлері неше түрге бөлінді және қандай - қандай? ( 2 түрге: жартылай жертөле, жер бетіне салынған үйлер)

10) Қола дәуірінің соңына қарай қолданған қола және мыс орақтар қай жерлерден табылды? ( Шығыс Қазақастан Мало - Красноярка, Батыс Қазақстан Алексеев, Солтүстік Қазақстан Степняк, Жетісу)

11) Қола шалғы табылған жер? ( Көкшетау жеріндегі Шағалалы)

12) Өлген адамдарды қалай жерледі? ( мүрдені қабірге сол, не оң жамбасымен бір қырынан жатқызған, өлікпен бірге барлық заттарын жерлеген)

Бағалау:

Үйге тапсырма: § 23. Оқу,мазмұндау.



© 2010-2022