Тәуелсіздіктің қасиетті белгілері 9-сынып

Раздел История
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәуелсіздіктің қасиетті белгілері

Сабақтың мақсаты: 1. Қазақстан Республикасының Мемелекеттік рәміздері, оның қызметі мен мұратын тарихқа сілтеме жасай отырып түсіндіру. 2. Президенттің Конституциялық Заң күші бар «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері» туралы жарлығы және Елбасымыз Н.Назарбаевтың Мемелекеттік Рәміздердің тұсаукесер салтанатында сөйлеген сөзін пайдаланып, оқушылардың қоғамдық және құқықтық білімдерін дамыту. 3. Елдік таңбаның ең басты мұраты - өз еліңе деген мақтанышқа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Мемелекеттік рәміздер, баптар, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру.

А) Әнұранды орындау.

Ә) Оқушылардың мемелекеттік рәмәздер туралы білімдерін тексеру.

Сыныпты топқа бөлемін:

1-топ - «Ту»

2-топ - «Елтаңба»

3-топ - «Әнұран»

Әр топ өздеріне берілген мемлекеттік рәміздер туралы ортаға салып, қорғайды (тақтадан рәміздер суреттері пайдаланылады).

Мұғалім тарихқа сілтеме жасай отырып, рәміздердің шығу тарихы туралы арнайы заңдармен таныстырады:

Мемлекеттік рәміздер - әр елдің өзіндік өмір салтын, бүкіл болмыс, ерекшелігін, айрықша арман-аңсарын, басқалармен байланыс мұратын білдіретін белгі. Тәуелсіздік деген қасиетті ұғым мемлекеттік нышандар тілімен де сөйлей алады. Тарихқа үңілсек, алғашқы ту Азияның топырағында Қытай жерінде дүниеге келді. ХІІ ғасырда желбіреген алғашқы тулардың түсі ала болды.

Кейін Үнді жерінде тулар қызыл, жасыл түсті, ұшы үшкерленіп, ортасында сары бояумен әр түрлі киелі жануарлардың бейнесісалынды. Уақыт өткен сайын тулардың көлемі нақтыланып, пайдалану тәртібі бар ізге түсу бастады. Мұндай жүйелеу алғаш ІХ ғасырда Византияда қолға алынды.

Қазір кең пайдаланылып жүргшен «герб» деген термин немістің «ербо» деген сөзінен шықөқан. Біз дәл осы ұғымды «таңба» дейміз. Таңба ең алғаш көне Түркі қағанатында дүниеге келген.Махмұт Қашқари өзінің әлемге әйгілі сөздігінде «таңба» сөзіне «ел билеушілердің ерекше белгілері» деген мағына береді. Щәкәрім өз шежіресінде түркі халықтарының таңбалары туралы деректер V ғасырдан бастап белгілі деген. Қазақ руларының таңбалары әлі күнге дейін сақталған.

Қазақстанда қалалық елтаңбалар ХІХ ғасырда пайда болды.Ол кезде қазақ жері Ресейдің қол астында болды.

70 жылдан астам желбіреген қызыл тудың мемлекеттік нышанға айналуы ресми түрде 1918 жылдың 13 сәуірінен басталды.Дегенмен бұл да -тарих.Өткеннің тәжірибесі бүгін мен ертеңге сабақ болуы тиіс.Сонда қазіргі қол жеткен игіліктердің шынайы қадірін біліп, мәні мен маңызын тереңірек ұғына түсеміз.

Қазақстан Республикасы Конституциясынан:

9-бап:Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері- Туы , Елтаңбасы және Гимні бар. Олардың сипаттамасы және ресми пайдалану тәртібі конституциялық заңмен белгіленеді.

34-бап:Әркім Республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті.

Елбасымыз Н.Назарбаевтың Мемлекеттік Рәміздердің тұсаукесер салтанатында 1992 жылы 6 маусымда сөйлеген сөзі:

-Біз бүгін аса маңызды тарихи кезеңді бастан кешіп отырмыз. ХХ ғасырдың тоқсаныншы жылдары қазақ жерінің шежіресінен ойып орын алады.Бұл кезең- ежелдің еркін жүріп, еркін тұрып үйренген қазақ халқының басқа түскен бұғалықты серпіп тастап, егеменді ел, тәуелсіз мемлекет болуға бет бұрған кезеңі.

Тәуелсіз мемлекет , егемен ел болудың қыруар қиындығы, ерекше жауапкершілігімен қатар, бірқатар шарттары , басты-басты белгілері бар екені мәлім. Солардың арасында елдің елдігін танытып тұратын айрықша мәнділері- ТУ, ЕЛТАҢБА, ГИМН.

1 оқушы: Бәрі болған Қазақ сынды көне ел

Ел белгі де, ерлік, өрлік, өнер де

Жаһандағы ең жауынгер халықта

Кім сенеді Ту болмады дегенге?

Ертеден келе жатқан ұғымдар арасында дүниенің төрт бұрышын төрт түрлі бояу арқылы беру дәстүрі бар. Солтүстікті - қара, оңтүстікті - ақ, шығысты - зеңгір, батысты - сары немесе қызыл бояу арқылы берген.Көгілдір аспан аясында мәңгілік сапар шеккен ұлы Күн бейнесі -нағыз өмір нышаны.

Бүркіт - еркіндік бейнесі, биік армандарға қиялап қанат қағу нышаны.Төл туымызды даралап тұрған тағы бір белгі «қошқар мүйіз» деп аталатын ұлттық өрнекті жолақ. Ою-өрнек - халықтық сана -сезімі мен мәдениетінің даму жолының куәсі.

Халқымыздың талантты ұлдарының бірі - Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков ұсынған жоба негізінде жасалған қасиетті көк байрағымыз, тәуелсіз мемлекетіміздің қыран қанатты көкшулан туы, міне, осындай!

2 оқушы:Бас білгізіп жер тарпыған тарпаңға

Жасы тұрмақ шығады екен қарты алға

Қалай оның Елтаңбасы болмайды.

Түлігіне дейін салса ен-таңба?!

Елтаңбамыздың сырт пішіні толық шеңберге сыйып тұр.Елтаңба идеясының ең басты жүгін арқалап тұрған , әрине, шаңырақ. Шынайы шеберлікпен шендестірілген түңлігі күн бейнесін елестетсе , уықтары -одан тарап жатқан алтын сәулелердей.

Елтаңбадағы екінші бөлек -ай мүйізді, алтын қанатты , қос пырақ бейнесі.Киелі көк пырақ адамды тәңірлер мекен еткен аспанмен байланыстырды.Мүйіз - айбын- айбат, ақжолтайлық белгісі.

Ендігі назар аударатын белгілер - маңдайдағы бесжұлдыз бен елдің аты.Тәуелсіз мемлекетіміздің құшағы бес құрлыққа да ашық, әлемдік өркениет көшіне өз болмысымызды сақтай отырып , ілесеміз деген мағынаны білдіреді.

Авторлары- танымал сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлиханов .Елтаңбамыздың тұғыры биік болғай!

3 оқушы: Батылдыққа уызынан жарыған,

Ер түркіні байрағынан таныған.

Өзі ақын , өзі әнші халықта

Кім айта алар болмаған деп Әнұран?!

Әнұран - халық жүрегінің лүпілін, тыныс- тіршілігін білдіреді. Ол бүкіл бір қауымның өмір салтына , іс-қимылына көбірек қатысты.Ертеде ол да байрақ тулар тәрізді « бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, топтасып, тастүйін қимылдауға мегзейтін айғақ -нышан ретінде қалыптасқан.

Әнұранымыздың сөзінің авторлары: Жұмекен Нәжімеденов , Нұрсұлтан Назарбаев.

Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов.(Қазхақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады)



© 2010-2022