Қазақстан тарихы. Қазақстан жерін мекендеген ежелгі сақ тайпалары

Раздел История
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Астана қаласы

№76 мектеп-лицейінің

тарих және география пәні мұғалімі

Жаппарова Гулниса Сериковна

Қазақстан тарихы пәні

Сынып:6.

Тақырыбы: Қазақстан жерін мекендеген ежелгі сақ тайпалары.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға қазақтардың ежелгі ата тектері сақ тайпалары, олардың тәуелсіздік күрестері,патшалары мен батырлары, ұлы ойшылы туралы мағлұмат беру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін, ата-тегін таныту, тарихын білуге, батырлар ерлігін құрметтеуге тәрбиелеу.

Міндеті: Қазақ халқының ата-тегімен, өз халқының батырлық ерліктерімен танысқан тұлға қалыптастыру.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4. Тірек-сөздермен жұмыс.

2. Әңгіме-дәріс. 5. Тірек-сызбамен жұмыс.

3. Б.Ү.Ү. кестесі. 6. Кестемен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, карта,сурет, «Алтын адам» көшірмесі.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Жаңа сабақ.

ІІІ. Сабақты бекіту.

ІҮ. Сабаққа рефлексия жасау, бағалау.

Ү. Үйге тапсырма беру.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық:

Кең дүние төсіңді аш мен келемін,

Алалмаған ақым бар сенде менің. -деп М. Мақатаев аталарың айтқандай бұл мектеп қабырғасында білім алам, елімді қорғап, жаңалық ашып халқымның жағдайын жақсартамын деген ұлт ұландары сәлеметсіздер!

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІІ. Жаңа сабақ. Психологиялық дайындық.

Сұрақ: Сақ тайпалары туралы не білеміз? БҮҮ.

1. Әңгіме-дәріс. Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.

Сақтар туралы мәліметтерді парсы және грек авторларының шығармаларында береді. Гректер Сақтарды «Дұшпанға қатал, досқа адал» деп санаған. Сақ сөзінің мағынасы Парсы жазбаларында құдыретті еркектер, иран жазбаларында жүйрік атты турлар, гректерде азиялық скифтер деп түсіндіреді. Грек тарихшысы Геродот сақтарды массагет деп атаған.Грек деректерінде көшпелілердің тағы бір атауы - дайлар. Грек авторы Ктесий «Сақ әйелдері ержүрек келеді. Соғыс қаупі төнгенде ұрысқа, шайқасқа араласады». Ахеменидтік сына жазу ескерткішінде сақтарды үш топқа бөледі:

Сақ тиграухадалар (шошақ бөріктілер) Жетісу, Сырдария өзенінің бойын, Оңтүстік Қазақстанда мекендеген.

Сақ парадараиалар (теңіздің арғы жағындағылар) Арал теңізінің Солтүстік шығысын мекендеген.

Сақ хаомаваргалар Мұрғап аңғарын мекендеген.

Ежелгі грек авторларының деректемелерінде сақтардың бірсыпыра тайпаларының аты аталады. Олар: массагет, яксарт, дай немесе дахи, фарат, кемер, асқатағ, исседон, асси немесе аримасып, сармат, каспи, тағы басқалар.

Мекендеген территориялары. /Мультимедийный уебник. «История древнего Казахстана». 6 класс./ Массагет, яксарт тайпалары: Көк теңіздің (Арал тең.) оңтүстік және солтүстік шығыс өңіріне, Сырдарияның (Ертеректе «Яксарт» д.а.) оң жақ алқабына орналасқан.

Дай немесе дахи тайпасы: Сырдарияның төменгі жағы мен Көк теңіздің баурайын мекен еткен.

Аби тайпасы: Қаратау бойын, Сырдарияның алқабын қоныстанған.

Фарат тайпасы: Талас Алатауын, Қартаудың солт., солт.- шығыс бөлігін мекендеген.

Кемер тайпасы: Сақтардың Еуропаға барған алдыңғы легі. Азов пен Қара теңіздің аралығын жайлаған кемерлер шығыстан Тянь-Шань тауларының батыс сілемдерінен келген.

Исседон немесе асси тайпасы: Іле өзені мен Шу өзенінің бойын, оның шығыс жағындағы Тарбағатай тауына дейін созылған алқапта мекендеген.

Аримасып тайпасы: «Арима» скифтерше «бір», «спу» - «көз». Жалғыз көзді адамдар. Исседондардың солт. және солт. -шығыс жағында, Алтайдың батыстағы сілеміне дейінгі жерлерде тұрған.

Сармат тайпасы: Каспий теңізінің терістігінде, шығыста Жем өзеніне дейінгі , солтүстік Жайық өзенінің басына дейінгі жерлерде тұрған.

Каспий тайпасы: Каспий теңізінің шыңыс жағалауын мекендеген.

Сақтардың қоғамдық құрылысы - әскери демократиялық. Тацпалар мен рулар арасындағы дауларды шешкен, бас қолбасшы болған - тайпа көсемі.

Сақ қоғамы жауынгерлер, абыздар, малшылар мен егіншілер (қауым мүшелері) деп 3-ке бөлінеді. Жауынгерлерді «Арбада тұрғандар» деп атаған.Абыздардың белгісі - тостаған мен бас киімі.Малшылар мен егіншілерді «сегізаяқтылар» деп атаған.Сақ жауынгерлерінің киімі - қызыл, сары-қызыл.Абыздардың киімі - ақ. Малшылыр мен егіншілер - сары, көк.

Сақтарды аса құрметтеп, әлемдегі ең әділ, ең шыншыл деп есептеген - гректер.Грек географы Страбонның айтуынша «Сақтар садақпен, қылышпен, қола балталармен қаруланған».Геродот сақтар туралы «Киімі мен өмір сүру дағдысы скифтерге ұқсас» деп жазды.Геродоттың айтуынша «Сақтар қыс кезінде ағаштан жасалған үйлерде тұрды». Шірік - Рабат - б.з.б IVғ. б.з XIII ғ. жататын ежелгі қалашық. Ертеде темір қарапайым тәсіл пеш-көрікпен өндірілген.Страбон сақтар туралы «Олар құдай деп күнді есептейді және жылқыны құрбандыққа шалады».

Тәулсіздік шайқастары. /Мультимедийный уебник. «История древнего Казахстана». 6 класс./

Ежелгі заман тарихшылраның деректемелерне қарағанда, б.з.д. 7-4 ғ. сақ тайпалары мәдениетті елдермен- Ассириямен, Мидиямен қарым-қатынас жасап отырған. Б.з.д. 6ғ. сол заманғы әлемге әйгілі Парсы еліміен қарым-қатынаста болған. Б.з.д. 529-558жж патшалық еткен Кир Лидия патшасы Крезбен соғысқанда сақтардан көмек сұрап соғыс одағын құрған. Кир бұл одақты місе тұтпай сақ- массагеттерді кіріптарліққа түсіруді көздейді.

Сақтардың патшасы - Томирис. Томирис патша б.з.б 570-520 жж. Б.з.б 530 жылы сақ жеріне Кир бастаған парсы әскері басып кірді. Томирис туралы «Әйел де болса, жаудың шапқыншылығынан қорыққан жоқ», - деп Рим тарихшысы Помпей Трог жазды. Геродот «Томирис парсы жауынгерлерін жеңгеннен кейін, жарғақ тұлыпқа қан толтырып, оның ішіне парсы патшасы Кирдің басын салып, «Аңсағаның қан еді, іш енді соны!» - деп тұлыпты дарияғы лақтырған» - деп жазды.

Б.з.б 519 жылы сақтарға парсылардың шабуылдарын І Дарий басқарды.

Грек тарихшысы Полиэн Ширақтың ерлігі туралы жазды.

Б.з.б 490 жылы Марафон шайқасында сақтар парсылармен одақтасып, гректерге қарсы соғысты.

Грек тарихшысы Аррион А.Македонскийдің сақтарға шабуылы туралы жазды. Македонскийге қарсы шайқаста сақтарды Спитамен басқарды.А. Македонский туралы А. Құнабаевтың «Ескендір»деген поэмасы бар. Онда оның ұстазы Аристотель екені және көз тоймастықтың қасіреті туралы баяндалады.

-Бұл- адам көз сүйегі , дейді ханға,-

Тоя ма адам көзі мың мен санға?

Жеіт көз жер жүзіне тоймаса да,

Өлсе тояр көзіне құм өқйылғанда.

Кәпір көз дүниеде араны үлкен,

Алған сайын дүниеге тоя ма екен?

Қанша тірі жүрсе де, өлген күні

Өзге көзбен бірдей-ақ болады екен. А. Құнанбаев.

Шаруашылығы мен мәдениеті. /Мультимедийный уебник. «История древнего Казахстана». 6 класс./

Өнері: б.з.б VII ғ. бастап далалы аймақтарда аңдық стиль пайда болды.

Аң стилі дәстүрімен сақтар алдыңғы Азия мен Иранға жасаған жорықтарында танысты. Бұл жерден сақтарға «өмір ағашы» дейтін арыстан бейнесі тарады.

Бесшатыр қорымы Іле өзенінің бойындағы Желшалғыр тауының етегінде орналасқан. Бесшатыр қорымы б.з.б V-IV ғ. жатады. Есік обасынан табылған бұйымдардың саны - 4000-нан астам. 26 таңбадан тұратын күміс табанының жазуын Ақышев: «сақтардың өзінің жазуы болған » дейді.Зерттеген ғалымдардың айтуынша, «Есік жазуы» осы уақытқа дейін ғылымға белгісіз жазумен (таңбалармен) жазылған. Бұл жқмбақ жазуды белгілі түрколг-ғалым Алтай Аманжолов оқыған. Сақ тайпалары Қазақстан территориясын б.з.б. 6-4ғ. мекендеген түркі тілдес болғанын дәлелдейді. Есік жазуы ерте замандағы Қазақтан тұрғындары бұдан 2300-2500 жыл бұрын жазу таңбаларын жасап, оларды пайдалана білгенін көрсетеді»- деген жорамалын жасады.

Сақтар бөреншелерді бір-біріне тығыз орналастырып, саркофаг табып жасаған. Оба іргесінен санаға дейін жер астымен келетін арнайы жол дромос жасалды.

2. Тірек-сөздермен жұмыс. Тірек-сөздер түсіндіріледі.

А) Анарыс (Анахарсис).

Анарыс, Анахарсис-сақ ғұламасы. Б.з.б. ҮІІ-ІҮғ. Өмір сүрген. Тарихта «Скиф Анахарсис» деген атпен мәлім. Анасы Эллиндік болған. анарыс туралы деректк: Герадот «Тарих»еңбегінде келтіреді. Платон «Мемлекет» еңбегінде Анарысты Гомер, Фалеспен қатар қойса, «Протагор» деген еңбегінде әлемдегі «жеті ғұламаның бірі» деп таныған. Салонмен дос болған. Аристотельдіңғ Лукиан шығармалараныда есімі берілген. Плутарх жасаған «Жеті ғұлама сауығы» еңбегінде Анарысты көрсеткен. Кемеңгер Анарыстан қалған: «Басқа бәле тілден», «Татымсыз мың достан-адал бір дс артық» т.б бізге жеткен. Афиныда «Скиф осылай сөйледі» деген мәтел бар. Анарыс өмірі өз елінде аяқталды. Өлім аузында жатқан Анарыс: «Элладада мені ақылым сақтаса, туған жерімде қызғаныш құрбаны болдым» деген екен.

Ә) Алып Ер Тоңға (Афрасиб).

Алып Ер Тоңға, Афрасиб (шамамен б.з.б. ҮІ-ІҮғ.)- Тұран патшасы, өолбасшы, батыр, сақ, түркі жұртының ұлы тарихи тұлғасы. Ғұндардың көсемі Мөде Тоң Алыптың 10- ұрпағы, Томирис оның үрім бұтағы болып табылады. «Авеста» деректеріне қарағанда ол ирандықтармен ондаған жылдар бойы қантөгіс соғыстар жүргізеді. Иран шахы Кейхосроу оны Алтайға дейін қуыпбарады. Кейін Кавказ, Әзірбайжанға қайтуға мәжбүр болады. Бірақ б.з.б. 624ж Тоң Алыпты кездейсоқта тұтқынғы түсіріп, Кейхосроу бұйрығымен өлтіріледі. Алып Ер Тоңға Бұхара қаласы қақпасына жақын жерге жерленген. Алып Ер Тұңғаның есімі Фердаусидің «Шахнамасы» арқылы да жұртшылыққа кеңінен танылған.

3. Тірек-сызбамен жұмыс. Тірек-сызба арқылы «Есік обасы» ескерткішін түсіндіру.

«Қазақстан тарихы. Қазақстан жерін мекендеген ежелгі сақ тайпаларыҚазақстан тарихы. Қазақстан жерін мекендеген ежелгі сақ тайпаларыЕсік обасы»

«Алтын адам». Аңыз. Есік обасынан табылған ескерткіштер.

Қ. Р. Тұңғыш Президентінің Музейі экспонаты: «Алтын адам» көшірмесін көрсету.

Қазақстан тарихы. Қазақстан жерін мекендеген ежелгі сақ тайпалары

4. Кестемен, картамен жұмыс. «Алтын адам».Өлең жолдары арқылы болжау. Бұл ө/ң жолдарынан не ұғамымыз?

Егер сен асыл тастарыңды тастап,

Садақ пен қорамсақты ғана асынып,

Сақтардың ішінде ғана өмір сүрсең,

Онда мен сияқты сен де еркіндікте жүрер едің. Анахарсис. Б.з,б. 620-555жж.

2. Суретпен жұмыс.

Сақ мүсіні. Қалпына келтіретін агтрополог Г.В.Лебединская.

1. Тапсырмса: Сақ нәсілін анықта.











Сақ мүсіні.






Сақ жауынгерлері (Қ.С.Ахметжановтың реконструкциясы бойынша).

2. Тапсырма: Сақ дәуірінен әдебиетіміздің мақтанышы "Батырлар жыры" бастау алды. Батырлық эпостарды ата, батырлар мінген тұлпарларды ата, жазбаша талдауға түсір.Қазақстан тарихы. Қазақстан жерін мекендеген ежелгі сақ тайпалары




Білгенім

Үйренгенім

Үйренгім келеді

3. Б. Ү. Ү. кестесімен жұмыс.

V. Сабаққа рефлексия жасау, бағалау. VІ. Үйге тапсырма беру.

Үйге: Қазақстан жерін мекендеген сақ тайпалары туралы оқу, қосымша деректер іздестіру.

Оқуға ұсынылатын әдебиеттер.

  1. Ежелгі дәуір әдебиеті. Алма Қыраубайқызы. Алматы «Мектеп» 2002ж.

  2. Ежелгі Қазақстан. Қазақстан балалар энциклопедиясы. Т. Жұмаханов, Т. Шаңбай, Б. Жұматаев, Л. И. Тетенко. Алматы. «Аруна», 2004ж.

  3. Ежелгі Қазақстан аңыздары. Қазақстан балалар энциклопедиясы. О. Жанайдаров. Алматы. «Аруна», 2004ж.




© 2010-2022