Сабақ жоспары дүние жүзі тарихы Жапония 8-сынып

Раздел История
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың жоспары

Пән: Дүние жүзі тарихы

Сынып: 8

Сабақтың тақырыбы: ХІХ ғасыр - ХХ ғасырдың басындағы Жапония


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: ХІХ-ХХ ғғ. басындағы Жапонияның экономикалық жағдайы мен Токугава сегундарының билігі кезінде дағдарыстар болғанын, Жапония қоғамындабаяу капитализм дами бастағандығын әңгімелеу.

Жапониядағы Мейдзи төңкерісі және реформалар біртұтас ұлттық мемлекет құруға жағдайлар жасағандығын айта келіп, жұмысшылар қозғалысының нәтижесінде мемлекет құрылымының өзгерісінің мәнін түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін пайдалана отырып, жаңа материалмен байланыстыру арқылы ойлау қабілетін арттыру, өз білімін жетілдіруге, қосымша ізденуге бағыт беру, қорытынды шығару машықтарын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларға өзге елдердің тарихын оқыта отырып, өз еліне деген сүйіспеншілігін ояту, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, әңгімелеу, тест.

Сабақтың көрнекілігі: Карта, оқулық мәтіні, тірек-сызбалар.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Үй тапсырмасын сұрау.

§23. ХІХ ғасыр-ХХ ғасырдың басындағы Қытай. І нұсқа. 2 сабақ

1. ХІХ ғ. Қытайды ауыр жағдайдан шығарудың жолын іздеген революциялық-демократиялық қозғалыстың көсемі:

а. Юань Шикай в. Пу И с. Лян Цичао д. Сунь Ятсен е. Кан Ювэй

2. Қытайдағы 1905 жылы құрылған «Біріккен Одақты» басқарған адам:

а. Юань Шикай в. Сунь Ятсен с. Лу Синь д. Чан Кайши е. Мао Цзэдун

3. ХХ ғ. басында «ұлтшылдық», «халық өкіметі», «халықтың игілігі» қағидасын ұсынған қайраткер:

а. Чан Кайши в. Пу И с. Юань Шикай д. Сунь Ятсен е. Цы Си

4. Қытайда Синьхай революциясы болған жылдар:

а. 1910-1912 ж. в. 1911-1913 ж. с. 1910-1911 ж. д. 1913-1914 ж. е. 1905-1907ж.

5. Қытайда Синьхай революциясының жүзеге асырған міндеті:

а. Демократиялық мемлекет орнатты в. Жерді шаруаларға таратты

с. Социализм құрлысын бастады д. Толық экономикалық тәуелсіздік алды

е. Монархияны құлатты

6. 1912 жылғы Қытай республикасының тұңғыш президенті:

а. Юань Шикай в. Сунь Ятсен с. Пу И д. Цы Си е. Ли Сючен

7. Қытайда маньчжур үстемдегі құлаған жыл:

а. 1913 ж. в. 1907 ж. с. 1910 ж. д. 1911 ж. е. 1914 ж.

8. Сунь Ятсен Қытайдың:

а. Республикашылы в. Реформашыл-демократы с. Либералды демократы

д. Революцияшыл-демократы е. Социал-демократы

3. Жаңа сабаққа өту.

Еске түсіру сұрақтары.

ХVІІ-ХVІІІ ғасырлардағы Жапония

1. ХVІІ ғ. Жапонияда билікті қолында ұстаған әскери адамдар: Сегундар

2. ХVІІ ғасырдағы Жапониядағы ең ірі феодалдар: Дайме

3. ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда еуропалықтардан сақтану жолында сыртқы әлемнен қол үзіп, оқшауланған Азия елі: Жапония

4. ХVІІ-ХІХ ғасырлардағы Жапонияның сыртқы саясатындағы басты ерекшелік:

Сырт елдерден оқшаулану саясаты

5. ХVІІ ғ. Жапонияда шетелдіктердің кіруіне, жапондықтардың шығуына тыйым салған саясат:

«Жабық есік»

6. ХVІІ ғ. аяғынан бастап билік құруда «шығыстық король», «батыстық техника» принципін ұстанған мемлекет: Жапония

4. Жаңа сабақты түсіндіру.

Тірек-сызба арқылы түсіндіру.

Жапония - ХІХ ғ. «жабық есік» саясатын ұстанған, жері ірілі-ұсақты аралдардан тұратын мемлекет.

Португалдар - ХVІ ғ. Жапонияға алғаш келген еуропалықтар:

1867-1868 ж. Мэйдзи төңкерісінің мәні

Сабақ жоспары дүние жүзі тарихы Жапония 8-сынып

Императорлық билікті қайта қалпына келтіру

ХІХ ғ. Жапон императоры жаңа мемлекеттік құрылысты таңдау үшін қабылданған шешімі

Сабақ жоспары дүние жүзі тарихы Жапония 8-сынып

Батыс елдерінің тәжірибесін үйрену үшін шетелге арнаулы делегация жіберді

Корея - 1876 ж. Жапон экспансиясының алғашқы құрбаны болған мемлекет.

1894 ж. - Жапонияның Қытайға қарсы басқыншылық қарулы қимылы басталған жыл.

1904 ж. - Жапонияның Ресейге қарсы соғыс бастаған жылы.

ХІХ ғасырдың соңы-ХХ ғасырдың басы - Жапонияның батыс елдерінен экономикадан артта қалуы жойылды.

5. Жаңа сабақты бекіту.

Тест.

6. Бағалау.

7. Үй тапсырмасы. §24.

Кесте толтыру.

Жапониядағы Мейдзи реформалары

Қоғамдық қатынастардағы өзгерістер

Экономикалық қайта құрулар

Білім саласындағы өзгерістер







2

© 2010-2022