Сабақ жоспары Ежелгі тас дәуірі ( палеолит) 6-сынып

Раздел История
Класс 6 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары Ежелгі тас дәуірі ( палеолит) 6- сыныпСабақ жоспары Ежелгі тас дәуірі ( палеолит) 6- сыныпСабақ жоспары Ежелгі тас дәуірі ( палеолит) 6- сыныпТақырыбы: Ежелгі тас дәуірі (палеолит)

Біліктілік: Ежелгі тас дәуірінің сипаты, археологиялық

зерттеу барысы, алғашқы адамдардың пайда

болу тарихы жайлы алған білімдерін жинақтап

іс-тәжірибеде қолдана білуге үйрете отырып, білім

деңгейін тереңдету.

Дамытушылық: Тақырыпқа сай шығармашылықпен жұмыс

жасауға, тұжырымды ой айта білуге

дағдыландыру.

Тәрбиелік: Тарихи құндылықтарды есте сақтауға,

қастерлеуге, келешек ұрпаққа мирас ете

білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Тақырыптық тірек сызбалары, Қазақстан

картасы, суреттер.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Әдістері: Түсіндіру, сұрақ - жауап, тест сұрақтары, ойындар.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру

4. Мақсат қою

5. Жаңа сабақты түсіндіру

Адам баласының ең алғашқы еңбек құралдары тастан жасалған. Осыған байланысты алғашқы тарихи кезең тас дәуірі деп аталады.

Адамзат тарихындағы алғашқы ең ұзақ кезең ежелгі

тас дәуірі (палеолит).


Ежелгі тас дәуірі

(палеолит)

(б.з.б.2,6 млн-12 м.ж)


Ерте палеолит Орта палеолит Кейінгі палеолит

б.з.б 2,6-140 м.ж б.з.б 140-40 б.з.б 40-12 м.ж

Кезеңдері

Табиғаты

Адамдар тіршілігі

Еңбек құралы

Кәсібі


Ерте палеолит

Оңтүстікте Үнді мұхитынан келетін жылы ауа массалары әсерінен Қазақстанда субтропиктік ормандар қалыптасты. Палеолит дәуірінде ең көп тараған жануарлар- мамонттар.

Қаз-н жеріндегі ежелгі адамдарб.з.б.800-140 мж бастап мекендеген. Алғашқы адамдар Қаратау жотасы мен Қарасу тұрағында мекендеген.

Еңбек құралдарын жасау үшін пайдаланған тастары: тақтас, шақпақ тас.

Аң аулау, терімшілік.

Орта палеолит

Балқаш көлі, Ертіс маңы орманды дала, Оңтүстігі жусанды дала болды. Бұл кезеңде тау түзілу процестері жүріп, өзен, көлдердің арналары қалыптасып, ауа райы салқындады.

Орта палеолит дәуірінің адамдары-Неандертальдықтар. Антропологиялық келбет: қысқа мойынды, ірі тісті, сөйлеу қабілеті дұрыс қалыптаспаған.

Тасты өңдеу әдісі жетілді.

Үшкір тас, қырғыш тас, ағаш пайдаланды.

Аң аулау, терімшілік. Аулаған аңдары: бөкен, аю, мамонт.

Кейінгі палеолит

Жер бетінде мұз басу ұлғайып, жылылықты жақсы көретін өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрі жоғала бастады.

Бұл дәуірде адам баласы дамуында қазіргі адамға ұқсас «саналы адам» қалыптасты.

Еңбек құралдардың 20 шақты түрі табылған. Сібір жерінен мамонттардың сүйегінен

салынған баспаналар табылған.

Аң аулау, терімшілік. Аулаған аңдары: зубр, бұғы, марал, жылқы, мамонт.

6. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру.

Тест жұмысы.

1.Адамзат тарихындағы өте ұзаққа созылған кезең?

а) қола дәуірі в) темір дәуірі

б) тас дәуірі г) орта ғасырлар

2. Ежелгі тас ғасыры қай дәуірді қамтиды?

а) б.з.б 2млн 500 мың-12 м.ж в) б.з.б 5-3 м.ж

б) б.з.б 12-5 м.ж г) б.з.б 3-2 м.ж

3.Ежелгі адамдардың алғашқы еңбек құралдары

а) қазғыш таяқ, үшкір тас, шоқпар в) Жалпақ тас

б) Сүйірленген тастар г) Қырналған жұмыр тас

4. Ғалымдар алғшқы адамдарды қалай атаған?

а) саналы адам в) кроманьндық

б) Епті адам г) неандерталдық

5. Ежелгі адамдардың ең алғашқы кәсібі?

а) терімшілік в) мал өсіру

б) егін егу г) балық аулау

7. Бекіту кезеңі. Кім тапқыр? ойын.

  1. Алғашқы адамдар еңбек құралдарын неден жасады? (тастан)

  2. Алғашқы адамдардың өмір сүрген уақыты неге тас ғасыры деп аталады? (Еңбек құралдарын тастан жасағандықтан)

  3. Алғашқы қауымдағы адамдардың негізінен аулаған аңдары? (мамонт, бизон, жабайы жылқы)

  4. Ежелгі адамдардың баспаналары (үңгірлер)

  5. Ежелгі адамдардың маймылдардан ұқсастығы неде?

(еңбек құралдарын жасай алуында)

Үйге тапсырма: Мәтінді оқу, сөзжұмбақ, ребус құрастыру.


© 2010-2022