Сабақ жоспары Абай Құнанбаев

Раздел История
Класс 8 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Атырау облысы

Махамбет ауданы

Жалғансай орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Меңдігереева Жансая

Сынып : 8 Б сыныбы

Сабақтың тақырыбы: «Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ақынның өнегелі өмір жолы, халқына, ұрпағына қалдырған мол мұрасы жөнінде мағлұмат беру. Оқушылардың өз бетімен бірлесіп жұмыс істеуін қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту

Міндеттер:

1. Мазмұнға байланысты міндет: Ақын шығармаларының тәрбиелік мәнін түсінеді, адамгершілік тәрбие берудегі ақынның философиялық шолуларының маңызын түсінеді.

2. Сыни ойлауды дамытуға байланысты міндет: Оқушының дүниетанымы қалыптасады, шығармашылық қабілеттері шыңдалады, оқушының азаматтық бейнесі қалыптасады.

3. Топтық міндет: Оқушылар өз беттерімен ой түйеді, ізденеді, ойын ашық айтады.

Сабақтың түрі: танымдық ізденіс сабағы

Сабақтың әдісі: «Ақпарат алу», «Диалогтік оқыту», «Венн стратегиясы», «Ой толғаныс» «Ойлан, жұптас. талқыла»стратегиялары.

Көрнекілігі: Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған слайдтар, бейнебаяндар жиынтығы

Сабақ құрылымы

Ұйымдастыру : ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

А) Амандасу.

Ә) Топқа бөлу.

(ақын жазушы есімдері арқылы

екі топқа бөлу)

І.Сергіту сәті :

«Желсіз түнде жарық ай» әнін жайлы кейіпте қоңыр дауыспен орындау

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: «Ойлан, жұптас. талқыла»

І топ.

1.Ыбырай Алтынсарин қай жылы дүниеге келді?

2.Ыбырай атамыз ең алғаш кімдерге арнап мектеп ашқан?

3.Неліктен Ыбырай атасы Балғожа бидің тәрбиесінде болды?

4.Ыбырайдың қандай өлең, әңгімелерін білесің?

5.Ыбырайдың ең алғаш атқарған қызметі

ІІ топ.

1.Шоқан Уалиханов кім, және қашан, қай жерде дүниеге келді?

2.Ең алғаш қайда оқуға түсті?

3.Шоқанның орыс достары туралы не білесіңдер?

4.Шоқан кімнің ұрпағы?

5.Шоқанның қандай зерттеулерін білесіңдер?

IІІ. Қызығушылығын ояту

Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында Абай туралы бейнебаян көрсету. Ақынның туған жері туралы мәліметтер,Абай туралы айтылған нақыл сөздер берілген.

Оқушылардан бейнекөрсетілім туралы пікірлерін сұрау.

ІҮ. Мағынаны тану

Қазақтың бас ақыны - Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы білмейтін қазақ жоқ шығар. Қазақтың заңғар жазушысы М. Әуезов «Абай - қазақтың классик әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі» деп баға берген еді. Бүгінгі тақырып бойынша сынып оқушыларына алдын - ала Абай Құнанбайұлы туралы деректер жинау тапсырылған еді.

1. «Білімге бастап ел - жұртын» Ақпарат алу

Оқушылар постер арқылы Абай Құнанбайұлының өмірімен, шығармашылығымен таныстырады)

1 топ. Абай - ақын

*Абайдың өлеңдерін тақырыптарға бөле отырып, талдау жұмысын жүргізеді.

*Абайдың өлеңдері сұралады.

*Өлеңдерінің шығу тарихы сұралады.

Абай - аудармашы

Оқушылар слайд арқылы Абайдың аудармалары туралы айтады.

2 топ Абай - қарасөз шебері

*Қарасөздерінің жазылу ерекшеліктері туралы айтады;

*Бейнетаспадан Абайдың қарасөзі тыңдатылады.

Абай - сазгер.

*Абайдың әндер мен күйлері туралы айтылады.

* «Көзімнің қарасы» әні тыңдатылады.

Ү.. Деңгейлік тапсырмалар (Оқушылардың бүгінгі сабақтан алған білімдерін тексеру мақсатында «деңгейлік тапсырмалар» сынамасы беріледі.

Деңгейлік тапсырмалар бойынша сұрақтар қойдым:

Абай Құнанбаев кім?

Қандай өлеңдерін білесің?

Қай жерде туып өскен?

Абайдың аудармалары туралы айтып беріңдер

Абайдың білім алуы жайында не білесің

Абайдың 1 әнін 1 өлеңін оқу орындап беру

Оқушылар өз жұмыстарын тексереді, бағалайды.

ҮІ.Ой толғаныс:

І. Топ

Абай шығармаларына, көзқарасына қандай жағдайлар әсер етті.

ІІ. Топ

Абайдың Қазақстан тарихында алатын орны

ҮІІ.Венн стратегиясы:

Абай Құнанбайұлы және Ыбырай Алтынсарин

ҮІІІ. Бағалау: Оқушылар критерийлер арқылы бірін-бірі бағалайды.

ІХ. Кері байланыс: рефлексия сабақ барысында түйген өз ойларын стикерлерге жазып ілу.

Х. Үйге тапсырма : «Абай дана-Абай дара қазақта» тақырыбында эссе жазу.


© 2010-2022