Урок казахского языка на тему Мамандық

Раздел Иностранные языки
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Мамандық


Мақсаты:
- Оқушылардың сөздік қорларын мамандық тақырыбына байланысты сөздермен байытып, қазақ тілін коммуникативтік-танымдық тұрғыдан меңгерту, қазақша тілдік қатынасты еркін игеру. Мамандыққа байланысты терминдерді үйрету.
- Сурет бойынша қойылған сұрақтарға толық жауап беруге дағдыландыру арқылы зейіндерін дамыту.

-Ауызекі тілдесімде жүйелі сөйлеуді үйрету, шығармашылық ойлауын дамыту, үйренген сөздерін күнделікті өмірде қолдануға бейімдеу.
- Үлкендердің еңбегін бағалауға тәрбиелеу және мамандық таңдауға қызығушылықтарын тудыру.
Көрнекілігі: түрлі мамандық иелері туралы суреттер, компьютер
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.
Келемін ғой өсіп мен,

Он жетіге толғанда

Қай жерде, қандай кәсіппен?

Шұғылданам мен сонда?
1. Бүгін қай күн?
2. Бүгін ауа райы қандай?
3. Жылдың қай мезгілі?
ІІ. Жаңа сабақ барысы.
1. Әзір ас жоқ дүниеде.
Сабақ өзі оқылмайды,
Көйлек өзі тоқылмайды,
Тұқым өзі себілмейді,
Үйлер өзі салынбайды,
Кендер өзі табылмайды,
Кітап өзі жазылмайды.
Барлық істің батыры - біз,
Екі қол мен ақылымыз.
Осының бәрін кім істейді? Кім айтады?
Асты кім әзірлейді?
Сабақты кім оқиды?
Көйлекті кім тоқиды?
Тұқымды кім себеді?
Үйлерді кім салады?
Кенді кім табады?
Кітапты кім жазады?
Осы сөздерді бір атаумен қалай атаймыз? Осы сөздердің ортақ атауы - МАМАНДЫҚ.
Сабақтың тақырыбын айтып, мақсатты айқындау.
Тағы қандай маман иелерін білеміз?
ІІІ. Сөздікпен жұмыс (тақтада суреттермен сүйемелдеп көрсету - көрнекілік әдісі)

. Жүргізуші
2. Өрт сөндіруші
3. Тігінші
4. Әскери қызметкер
5. Әртіс
6. Құрылысшы
7. Аспазшы
8. Дәрігер
9. Етікші
10. Шаштараз
11. Мұғалім
12. Кітапханашы
Оқушыларды топқа бөлу. Әр топ бір мамандықты қорғайды.
Балалар, қазір бірнеше топқа бөлініп түрлі мамандықты қорғайсыздар, әр түрлі тәсілдер қолдануға болады сурет салып көрсету, түсіндіру, кесте, сызба, презентация, немесе әңгіме ретінде, т.б. Әдістерді пайдаланып мамандықтың жақсы жағын ашасыздар, дәлелдейсіздер. Өздерің қалаған тәсілмен таңдаған мамандықты тақтаға шығып түсіндіресіздер.

ІV. Енді балалар, бейнетаспағы әңгімені тыңдап көріңіздер.

V.«Дұрыс па, бұрыс па?» ойыны.
Дұрыс болса қол көтереді, бұрыс болса көтермейді.
Қойшы балаларды оқытып жүр.
Жүргізуші машина жүргізеді
Аспазшы үй салып жүр.
Дәрігер адамдарды емдейді.
Жазушы хат, газеттер тасып жүр.
Дәрігер етік тігіп отыр.
Мұғалім балаларды емдеп жүр.
Ұшқыш әдемі киім тігеді.
Өрт сөндіруші өртті сөндіреді.
Суретші сахнада ән айтып тұр.
VI. МӘТІНМЕН ЖҰМЫС
"Мамандық" мәтінін оқу, мәтін бойынша тапсырмаларды орындайды.

VII.Көрініс. Балалар, қазір мұғалім мен оқушы, дәрігер мен науқас адамның, сатушы мен сатып алушыға байланысты диалог құрып, ортаға шығып шағын көрініс көрсетесіңдер. Дайындыққа он минут беріледі.

Оқушылар өз рольдерін ойнайды.
Сабақ қорытындысы.
«5 саусақ бірдей емес» дегенді қалай түсінесіңдер? Әрине, әр адам өзінше қызықты.

Дұрыс мамандықты таңдау-өмірге айқын бағытталу, жауапкершілікті сезіну. Нағыз маман иесі үлкен кәсібилікті талап етеді. Ендеше, балалар, мамандық таңдауда қателеспеңдер, адаспаңдар! Мен сендерге болашақта жарқын заман, таңдаған мамандықтарының шебері болуға тілектеспін.
Үй тапсырмасы: мамандыққа байланысты мақал-мәтелдер жаттау
Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау











© 2010-2022