Ашық сабақ С. Торайғыров. Шілде

Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы 28 қазанда Омбы уезінің Шарағай болысына қарасты Қарауыл Шабар ауылында (қазіргі Ақмола облысы Қызылту ауданы) туған. Оның әкесі Шоқпыт (шын аты Әубәкір) атанған кедей, момын шаруа адамы болған. Шоқпыт кедейліктің тақсіретін көп тартып, Қарауыл еліндегі бай жездесін паналап, малын баққан. Сонда үйленген. Байқоңыр, Сұлтанмахмұт деген балалары болған. Сұлтанмахмұттың екі жасында шешесі өліп, жетімдікті көріп өседі. Әкесі Шоқпыт әйелі өлген соң балаларын алып, өзі...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Преображенка орта мектебі» КММ












Ашық сабақ:

С.Торайғыров. «Шілде» өлеңі

5 - «А» сыныбы















Өткізген қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ниязбаева Динара Амангелдіқызы





2015 жыл, қаңтар

Пәні: қазақ әдебиеті Сынып: 5- сынып Мерзімі: 22 қаңтар 2015 жыл.

Сабақтың тақырыбы: Сұлтанмахмұт Торайғыров. «Шілде» өлеңі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ақын өмірі, шығармашылығы туралы мәліметтер беру, «Шілде» өлеңінің көркемдік ерекшелігімен таныстыру.

Дамытушылық: Шығармаларына зерттеу жобасын жасау арқылы оқушылардың оқыған шығармаларынан негізгі ойды ажырата білу,саралау қабілеттерін дамыту, тезис, тірек-конспект ұғымдарымен таныстыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды жаз мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыра отырып, әсемдікке, сұлулыққа тәрбиелеу. Оқушылардың бойында сұлулықты сезінуді қалыптастыру.

Сабақтың түрі :жаңа тақырыпты меңгерту сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, әңгімелесу, ревин әдістемесі, рефлексия, талдау, шығармашылық, ойын, тренинг.

Сабақтың көрнекілігі: таныстырылым, таратпа қағаздар, сөзжұмбақ, стикерлер, жапсырғыштар, суреттер.

Пәнаралық байланыс: тарих, бейнелеу, музыка.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, түгендеу.

Психологиялық тренинг. «Менің жақсы көретін түсім». Оқушылар өздеріне ұсынылған түрлі-түсті парақтарды таңдайды. Таңдап алған түсіне қарай анықтамалар алады және топқа бөлінеді.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

«Серпілген сауал» ойыны.

Шарты: Үрленген шарды оқушыларға сұрақ қоя отырып лақтыру. Шарды ұстап алған оқушы сұраққа жауап береді. Жауап бере алмаса, өз өнерлерін көрсетеді.

Сұрақтар:

1. Абай Құнанбаев қай жылы, қай жерде дүниеге келді?

2. Абайдың білімге, ғылымға шақырған қандай өлеңдері бар?

3. «Қыс» өлеңінде ақын қысты неге теңейді?

4. «Қыс» өлеңін жатқа айт.

5. Өлеңдегі Қондыбай,Қанай кімдер?

6. Қыстың қиындығын кімдер көреді?

7. Ақын адам болу үшін неден қашық, неге асық болу керек дейді?

8. Дүние де өзі, мал да өзі деген не?

9. Ғибрәтлі, нәфрәтлі сөздеріне анықтама бер.

ІІІ. Жаңа сабақ.

  1. Табиғат дыбыстарын тыңдату. Естіген дыбыстары жайлы ойларын сұрастыру.

  1. Қандай дыбыстарды естідіңдер?

  2. Бұл дыбыстар жылдың қай мезгіліне тән?

  3. Осыған дейін табиғат туралы қандай шығармалармен таныстыңдар?

  4. Қайсысың Ыбырай аталарыңның «Өзен», Абай аталарыңның «Қыс», «Күз» өлеңдерінен үзінді оқып бересіңдер?

  1. Сөзжұмбақты шешейік. Дұрыс шешілген жағдайда бүгінгі сабағымыздың кейіпкерінің есімін табуға болады.

қ

ы

с


қ

ұ

л

а

н

т

о

л

а

ғ

а

й

т

а

з

ш

а

а

с

а

н


қ

ұ

н

а

н

б

а

й

м

а

қ

а

л

а

б

а

й

м

а

х

а

м

б

е

т

а

х

м

е

т


б

ұ

қ

а

р

е

р

т

е

г

і


  1. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру. ДЖИГСО әдісі арқылы ақын өміріне байланысты мәтінді бөліп беру. Топ мүшелері оқып шығады, талқылайды.

Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы 28 қазанда Омбы уезінің Шарағай болысына қарасты Қарауыл Шабар ауылында (қазіргі Ақмола облысы Қызылту ауданы) туған. Оның әкесі Шоқпыт (шын аты Әубәкір) атанған кедей, момын шаруа адамы болған. Шоқпыт кедейліктің тақсіретін көп тартып, Қарауыл еліндегі бай жездесін паналап, малын баққан. Сонда үйленген. Байқоңыр, Сұлтанмахмұт деген балалары болған. Сұлтанмахмұттың екі жасында шешесі өліп, жетімдікті көріп өседі. Әкесі Шоқпыт әйелі өлген соң балаларын алып, өзінің туған жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына көшеді. Алғашқысында Сұлтанмахмұт әкесінен арабша хат таныған. Тортай, Мұқан деген ауыл молдарынан оқиды.

1908 жылы Баянауылдағы Әбдірахман деген молданың медресесіне түсіп, одан 2-3 жыл сабақ алады. Молданың ұрып соғуына шыдай алмай, оқуды тастап кетеді.

1911 жылы бір қыс бойы Н.Бекбауов деген мұғалімнен оқиды. Нұрғали жаңаша оқыған көзі ашық сауатты мұғалім болған.

1913 жылы Троицк қаласына қайта келіп, «Айқап» журналы редакциясында қызмет етеді. 1920 жылы 21 мамырда ауыр науқастың салдарынан 27 жасында қайтыс болады.

Шығармашылығы:

Өлеңдері: «Шәкірттерге», «Жарлау», «Ақ сәуле», «Шілде», т.б.

Поэмалары: «Адасқан өмір», «Кедей», «Қамар сұлу» т.б.

Мақалалары: «Ауырмай есімнен жаңылғаным», «Қазақ ішінде оқу, оқыту жолы қандай?»

  1. «Ыстық орындық» әдісімен оқығандарын айтып береді.

  2. Өлеңмен жұмыс.

  1. Оқулықтағы «Шілде» өлеңін мәнерлеп оқып шығу.

  2. Өлеңнен кейіптеуді тауып беріңдер.

  3. Өлеңді неше бөлімге бөлуге болады?

  4. Өлеңдегі шілде таңы қандай бейнелі сөздермен берілген?

  5. Шығармада бейнеленген ауыл келбетін суреттеп беріңдер.

Сергіту сәті. Қатты нөсер басылды, (жаймен тырсылдатады).

Күн жарқырай ашылды, (қолдарымен күн жасайды).

Көктен төмен әдемi кемпiрқосақ шашылды. (жарты доға жасайды).

Тәулiк бойы тынбайтын,

Болайықшы ақ жаңбыр. (Ақырын жауған жауын тырсылын жасайды)

Астан-кестен жауатын,

Өткiншi ендi бұл жаңбыр. (Тез-тез жауған жаңбыр тырсылын келтiредi)

  1. Сөздікпен таныстыру.

Әуе - аспан, қысқа түн-жазда ұзақ, түн қысқа болады; көк майса - шөп, көктің жүзі - аспан; әптиек-діни оқу құрал, мелдегінен - белуарынан деген мағынада.

  1. Ревин әдістемесі бойынша өлеңмен жұмыс.

Оқушылар:

1 Өлеңнің кез- келген жерін өзара жаттайды.

2 Мағынасын ашып, түсіндіреді.

  1. Абай Құнанбаевтың «Қыс» және Сұлтанмахмұттың «Шілде» өлеңін салыстырыңдар.

  2. Әдебиет теориясынан мағлұмат.

Тәсілдері: 1. Тезис - негізгі ойдың мазмұнын өте қысқа түрде жазылуы.

2. Дәлелдемелер - тезистегі айтылған немесе мәтіннің ішіндегі сөздермен жазылады.

3. Тірек сызба - алдымен жоспар құрып, оның әр тармағына дәлелдер тауып нақтылау арқылы жүзеге асады.

Өлеңді талдап оқи отырып, тәсілдерін қолдану, яғни өлеңге қысқаша тезис, дәлелдеме, тірек сызба жазу.

Сабақтың қорытындысы:

Шығармашылық жұмыс.

«Шілде» тақырыбына байланысты шағын эссе жазу.

Үй тапсырмасы:

Өлең бойынша сурет салу. Ақынның басқа да табиғат жайлы өлеңдерін оқып келу.

Бағалау . Топтардың ұпай сандарымен, өзін-өзі бағалау арқылы қорытынды баға шығару.

Рефлексия (Кері байланыс). Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдың? Қолыңнан не келді, не келмеді? Келесі сабақты қалай өткізер едің? Сыныптастарыңның қайсысының жауабы ұнады, неліктен?





«Серпілген сауал» Сөзжұмбақ шешу кезінен

Ашық сабақ С.Торайғыров. ШілдеАшық сабақ С.Торайғыров. Шілде



Мәтінмен жұмыс Шығармашылық сәт

Ашық сабақ С.Торайғыров. ШілдеАшық сабақ С.Торайғыров. Шілде




© 2010-2022