Урок по казахскому языку Азық-түлік дүкенінде (3 класс)

Раздел Иностранные языки
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән аты: Қазақ тілі.

Сыныбы: 3

Күні, айы, жылы: 29.10.2015 жыл

Цикл: ІІ

Мұғалім: Қабышева Мадина Иренғайыпқызы

Сабақтың тақырыбы: Азық-түлік дүкені.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: «Дүкендер» тақырыбы бойынша оқушылардың сөздік қорын қалыптастырып, қорытындылау. Тақырыпты шынайы өмірмен ұштастыру.

Дамытушылық: Байланыстырып сөйлеу дағдысын тақырыпқа сай жүргізу. Материалдарды өмірдегі жағдаяттармен байланыстыра отырып, тілдесім әрекетін жандандыру. Әр оқушының білім сапасын оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым әрекеттері арқылы дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды сауаттылыққа тәрбиелеу. Ұжымда еңбек ету, бір-біріне деген достық ықыластарын ояту.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: көрнекілік, түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, топпен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: кеспе қағаздар, суреттер, фишкалар, әмияндар, презентация

Пәнаралық байланыс: өзін-өзі тану, орыс тілі, сурет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

3.Кезекшінің сөзі

- Сыныпта кім кезекші?

-Сыныпта мен кезекшімін.

-Бүгін нешесі?

-Бүгін қазанның жиырма тоғызы.

-Сыныпта кім жоқ?

-Сыныпта бәрі бар.

-Үйге не берілді?

-Үйге 6 тапсырма берілді.

- Үй тапсырманы тексерейік.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 82 бет, 6 тапсырма.

  • Сөйлемді құрап үйрен.

Алма, алмұрт.

  • Өте жақсы, балалар. Ал енді интербелсенді тақтаға қарайық.

ІІІ. Жаңа сабақ:

  1. Оқушыларға презентацияны көрсетіп, сабақтың тақырыбы мен мақсаты туралы сұрау.

  • Мынау не?

  • Ал бір сөзбен қалай атауға болады?

  • Азық-түлікті қайда алуға болады?

  • Бүгін біз не туралы сөйлесеміз?

  • Сабақта не істейміз?

  • Біз бүгін сендермен дүкенге барамыз. Дүкенге бару үшін бізге не керек? Дұрыс айтасыңдар, дүкенге бару үшін бізге ақша керек. Сендерге сабақта әр бір тапсырма үшін ақшаның орнына фишкаларды беремін. Фишкаларды әр бір топ амиянға (кошелекқа) салады. Барлық тапсырмаларды орындаған соң дүкенге барып, азық-түліктерді аламыз.

  1. Жаңа сөздермен жұмыс.

  • Барлық тапсырмаларды дұрыс орындаған үшін бізге жаңа сөздер керек. Ең бірінші мен оқимын, одан кейін сендер оқисыңдар.

Жексенбі - воскресенье

Көшесінде - на улице

Шұжық - колбаса

Дәмді - вкусный

Тамақ - еда

Дайындады - приготовили

Сатушы - продавец

  • Сөздік дәптерлерді ашыңдар, жаңа сөздерді көшіріңдер.

  • Айтылуына қарай «жексенбі» сөзі қандай сөз? Дұрыс, ол жіңішке сөз. (дұрыс жауап үшін фишка беру), «көшесінде» қандай сөз? Ол да жіңішке сөз. т.б. сөздер туралы сұрау.

  • «Шұжық» сөзі неше буынды? «Тамақ» ше? (дұрыс жауап үшін фишка беру)

  1. Мәтінмен жұмыс.

  • Жарайсыңдар, балалар. Енді интербелсенді тақтаға қарап, мәтінді тыңдаймыз.

Дүкенде

Бүгін - жексенбі. Жансая анасымен дүкенге барды. Дүкен Абай көшесінде. Олар дүкенге автобуспен барды. Дүкеннен нан, сүт, шай, май, шұжық сатып алды. Жансаяның анасы дәмді тамақ дайындады.

  • Енді мәтін бойынша сұрақтарға жауап береміз.

  • Бүгін қай күн?

  • Жансая анасымен қайда барды?

  • Дүкен қайда орналасқан?

  • Олар не сатып алды?

  • Жансаяның анасы не дайындады? (дұрыс жауап үшін фишка беру)

4. Дәптермен жұмыс.

- Балалар, жұмыс дәптерлерді ашып, бүгінгі күнді жазыңдар. Мәтіннен бес жуан және бес жіңішке сөздерді екі бағанаға бөліп, жазыңдар. Тексереміз. (дұрыс жауап үшін фишка беру)

5. Сергіту сәті. Қазір, балалар, орнымыздан тұрамыз жаңа сергіту сәтін орындаймыз

- Біз дүкенге барамыз.

Нан, шай, май аламыз.

Содан үйге келеміз.

Дәмді тамақ ішеміз.

6. Жұптық жұмыс.

Азық-түлік, көкөніс, жеміс-жидек атауларын еске түсіру мен оларды ажырату білу мақсатымен өткізіледі. Оқушыларға кеспе қағаздарда жазылған сөздер беріледі, олар тек қана азық-түлік дүкенінде сатылғандығын таңдап, тақтаға жабыстырады: алма, нан, сүт, ірімшік, қияр, пияз, орамжапырақ, май, қаймақ, шұжық, қызылша

  • Балалар сендер тек қана азық-түлік дүкенінде сатылғандарын тауып, тақтаға жабыстырасыңдар. Сендерге ойлануға екі минут беремін. Қанеки, тексереміз. Слайд арқылы дұрыс жауабын тексеру. (дұрыс жауап үшін фишка беру)

7. Өте жақсы, балалар, сендер көп фишка жинадыңдар. Енді дүкенге баруға болады. Мен сатушы боламын, ал сендер сатып алушылар боласыңдар. Қазір үш минут ойланып, диалог құрастырасыңдар. Кім дайын? Дүкенге келуге болады.

- Сәлеметсіз бе!

- Сәлеметсіз бе!

- Сізде нан бар ма?

- Бізде нан бар.

- Қанша тұрады?

-Елу теңге тұрады.

-Маған бір нан беріңіз.

-Алыңыз.

-Рақмет, сау болыңыз.

-Сау болыңыз.

ІІІ. Сабағын бекіту.

  • Өте жақсы, балалар. Енді бүгінгі сабақта алған білімдерін тексереміз. Сендерге тест ұсынамын. Дұрыс жауабын белгілеңдер.

Тест

1. Мынау қандай дүкен?

А) киім дүкені

Ә) азық-түлік дүкені

Б) жеміс-жидек дүкені

2. Азық-түлік дүкенінде не сатылады?

А) нан, май, шұжық

Ә) алма, алмұрт, шие

Б) жейде, етік

3. Аудар «сатушы»

А) продавец

Ә) покупатель

Б) продукты

4. Жуан сөзді белгіле.

А) ірімшік

Ә) шұжық

Б) сүт

5. Жіңішке сөзді белгіле.

А) нан

Ә) май

Б) сүт

- Енді тесттің жауаптарын тексереміз. (интербелсенді тақтада жауаптарын және бағалау критерийлерді көрсету)

ІV . Оқушылардың жауаптарын бағалау.

V. Үй тапсырмасын беру.

83 бет, 4-тапсырма, диалогты толықтыру, азық-түлік дүкеннін суретін салу

VІ. Сабақтың аяқталуы:

  • Сабақта жақсы қатысқаны үшін мен сендерге азық-түлік дүкенінде сатылған кәмпиттерді ұсынамын. Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар.


© 2010-2022