Эссе на тему Жаңа форматты оқытудың тиімділігі

Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Танатарова Жупар Тилеповна

Шаған жалпы орта білім беретін мектебі

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Жаңа өмір ауылы

Теректі ауданы

Батыс Қазақстан облысы

[email protected]


"Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі

үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет"

Ш.Уалиханов

XXІ ғасырда еліміз ғаламдану және жаһандану процесіне көшуде. Осы процесті жандандырып дамытуда жас ұрпақтың білімі мен біліктілігі орасан зор рөл атқарады.

"Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиялармен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет" деп елбасымыз өз жолдауында айтқандай, педагог кадрлардың біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалардың курстарында оқытудың тиімділігін, ерекшеліктерін, нәтижелілігін байқадым .

"Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанда оның мұғалімдігі де жойылады" деп К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі таңда педагог кадрлардың негізгі мақсаты мен міндеттері - сабақ сапасын көтеру, оның түрлерін жетілдірудің жолдарын іздеу, іздене отырып оқушылардың пәнге қызығушылығын және танымдық ізденімпаздығын арттыру. Қазіргі педагогика жаңалықтарын пән ерекшелігіне қарай қолдана білу - оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы. Жаңа форматты оқытудың тиімділігі тұлғаның интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие процесін оңтайлы ұйымдастыруына көмектеседі.

Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсынан түйгенім, мектеп өміріндегі өзекті мәселелердің бірі сабақтың жаңаша оқыту түрлерін дамыту болып табылады. Жас ұрпақты тәрбиелеуде оның бойындағы туа біткен табиғи мүмкіндіктерін дамыту, бағалау, сенім арту, талап ету арқылы жауапкершілікпен жетілдіру. Жас ұрпақ тәрбиесі, оның жеке тұлғасының жаңаша қалыптасуы, әлеуметтік дүниеге көзқарасы, жалпы болмысы ең алдымен мұғалімге байланысты. Өмір сүру ағымына қарай білім беру жүйесінің моделі де күрделі өзгеріске ұшырауда. Қазіргі заман мұғалімі жаңа технологияны меңгеріп,тиімді қолдана білуі керек. Сабақтың тиімділігін арттырудың бірден бір жолы - сабақ барысында түрлі ойындар, қызықты материалдар, логикалық тапсырмалар, роликтерді қолдану. Оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау әдісі - кез келген стратегияға құнды, әрі бағалы. "Сұрақ қою", "5 жолды өлең", "Венн диаграммасы", "Ой шақыру", "Пікірталас", "Автор орындығы", "Ыстық орындық", "Еркін жазу", "Білемін Білдім Білгім келеді", "Топтастыру", "Болжау" т.б. стратегияларын тиімді қолдану оқушылардың оқуға деген қызығушылығын оятып, ынталандыра түсері сөзсіз.

Осы курста бізбен тынымсыз еңбек еткен тренеріміз Ислямова Салтанат Асқарқызына алғысымыз шексіз. Менің білім беруге деген көзқарасым өзгерді, сабақты жоспарлау, жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білу, бағалау, оқушының білім алуға деген ынтасын арттыра білуді үйрендім. Қазіргі таңдағы мұғалім дайын білімді беруші емес, бағыттаушы екенін түсіндім. Курс барысында алған білімімді оқушылардың білімін жетілдіруге қолданамын деп ойлаймын.

Ойымды қорыта келе, мұғалім - мектептің айнасы, олай болса оларға жүктелер жауапкершілік те өте зор. Осы жауапкершілікті жете сезінген ұстаз ғана уақыттың қазіргі талабына сай, білім ордасын өмір ағымына жетелей біледі деп ойлаймын.

© 2010-2022