Доклад на тему Ерте жастан ағылшын тілін ойын арқылы үйрету

Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№93 Абылай хан атындағы жалпы орта мектебі




Мақала тақырыбы: Ерте жастан ағылшын тілін ойын арқылы үйрету



Дайындаған:

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі: Гулалиева Г.Ж



2015-2016 оқу жылы

Аңдатпа

Мақалада ерте жастан ағылшын тілін ойын арқылы үйретудің бірнеше жолдары көрсетілген

Аннотация

В статье рассмотрены пути обучения английскому языку с раннего возраста с использованием игровых форм


Abstract

This article discusses the ways of teaching an English language from an early age




Ерте жастан ағылшын тілін ойын арқылы үйрету

"Ойын-бала үшін өмірлік тәжірибе"М. Жұмабаев

Шетел тілі соның ішінде ағылшын тілін үйрену заман талабы,оған ешкімнің қарсылығы жоқ шыгар. Ағылшын тілі "Әлемдік тіл"мәртебесіне ие және бұл тілде миллиардтаған адам сөйлейді.Өз тілімізбен бірге өзге тілді де білуіміз қажет. Әрбір халықтың тілін сол елдің дүниетанымын, мәдениеті мен тарихы, салт дәстүрі арқылы меңгеруге болады.Өзге тілді неғұрлым көп меңгерген сайын, соғұрлым дүниетанымың кеңейіп рухани байи түсесін..

Президентіміз Н.Ә.Назарбаев "Біз алдағы уақытта осы алған бағыттан таймай әлемдік биіктерді бағындыра беретін боламыз. Сондай биік белестердің бірі Қазақстанның дүние жүзіндегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіреді. Ол мақсатқа жету үшін ең алдымен әрбір Қазақстандық бәсекеге қабілетті болу керек."деген болатын. Тіл мәселесін сөзге тиек етіп, жаңа ұрпақ ең кем дегенде үш тілді біліп,қазақ, орыс, ағылшын тілдерін білуі тиіс екендігін айтты.

Біздің елде 2013-2014 оқу жылында Білім және Ғылым министірлігінің шешімімен ағылшын тілі 1 сынып оқушыларының оқу жүйесіне енгізілді. Көптеген ата-аналардың бүгінгі күні балаларының ерте жастан тілді меңгеруіне қызығушылықтары жоғарылап келеді. Ал кейбіреулері оған қарсы, ол ата-аналардың ойынша" Ағылшын тілін оқыту қиынға соғады, психиологиясына ауырлық түсіреді. Ағылшын тілін бастауыш сыныптан кейін, баланың оңы мен солын танып, еркін оқып, жаза білгенде оқытқан абзал" - деген. Баласы 1-ші сыныпта оқитын ата-аналардың бірі былай депті "Бала компьютер ойнағанша тіл үйренсін. Оқушылардың ағылшын тілін игеріп кете алатынына сенімдімін.Өзімнің ұлым бірінші сыныпта ағылшын тілін оқыды. Сабағынан қиналғанын көрген емеспін, қайта біршама ағылшынша әріп танып, біраз сөздерді жаттап қалды. Баланың неғұрлым бос уақыты болмаса соғұрлым жақсы деп ойлаймын. Оқитын сабағы болмай компьютер, ұялы телефоннан ойын ойнап отырғанша ертеңгі күні өзіне азық болатын тілді меңгергені жақсы."[7,1-2] Өте дұрыс айтылған деп ойлаймын.

Мектепте ағылшын тілін аптасына бір рет өтеміз. Оқулығымыз "Cambridge Primary Colours "баспасы бойынша. Балалар оқулығымен бірге жазу дәптері, тыңдайтын cd-дискісімен бірге, суреттері , мұғалімге арналған нұсқаулығы бар. Сапасы жақсы. Бастауыш сыныптарда ағылшын тілін оқытудың мақсаты-жаңа технологиялар үрдісі, тілдік қарым-қатынасты игеру болып табылады.

Ерте жастан балаға ағылшын тілін жақсы меңгерту үшін үйретудің тиымды жолдарын қолдануымыз керек. Егер біз мұғалімдер тілді дұрыс жолмен үйрететін болсақ, жемісіміздің тәтті болғаны деп есептейік.Ойын элементтері - ағылшын тілін оқытудың бір түрі болып табылады.

" Ойын-бала үшін өмірлік тәжірибе " М. Жұмабаев.[2, 167] Ойын- ол жас ерекшілікке қарамастан, баланың қөңіл-күйін көтеретін жан-жақты ойландыратын үрдіс. Сабақта қолданылатын әрбір ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын,зейінділігін арттырумен қатар, дидактикалық ойындар оқыту үрдісінде оқушының коммуникативтік

құзырлығын дамытуда да үлесі зор болып табылады. Сонымен қатар оқушының шаршауын сейілтіп, қызығушылығын арттыратын тек қана ойын болып саналады. Сабақта мұғалім ойын түрлерін дұрыс қолдана білсе, балалардың тілді үйренуіне ынтасы артып, сол тілді білуге қызығады. Ойын арқылы оқушылардың:

Доклад на тему Ерте жастан ағылшын тілін ойын арқылы үйретуДоклад на тему Ерте жастан ағылшын тілін ойын арқылы үйрету

Доклад на тему Ерте жастан ағылшын тілін ойын арқылы үйретуДоклад на тему Ерте жастан ағылшын тілін ойын арқылы үйрету

Доклад на тему Ерте жастан ағылшын тілін ойын арқылы үйрету

Доклад на тему Ерте жастан ағылшын тілін ойын арқылы үйретуДоклад на тему Ерте жастан ағылшын тілін ойын арқылы үйрету

Доклад на тему Ерте жастан ағылшын тілін ойын арқылы үйрету

Доклад на тему Ерте жастан ағылшын тілін ойын арқылы үйретуДоклад на тему Ерте жастан ағылшын тілін ойын арқылы үйрету

Доклад на тему Ерте жастан ағылшын тілін ойын арқылы үйрету

Ойынның мақсаты- бағдарламада алған білімдерін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау.

Міндеті - баланың қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру.

Дидактикалық ойындар- балалардың білімдерін арттырудың құралы.

Сабақта ойындарды қолданудың түрлі жолдары болады. Сабақ басында ойынды -өткен тақырыпты қайталау үшін , ортасында-көңіл күйін сергіту үшін, соңында -сабақты бекіту үшін ойнатамыз. Ойынның түрлері: лексикалық, орфографиялық, дидактикалық, грамматикалық және рольдік болып табылады.

Әр сабағымда балалардың сабаққа қызығушылығын арттыру мақсатында әр түрлі ойындар қолданып отырамын .Ол ойындар арқылы оқушылардың сөйлеу, жазу, оқу, тыңдау дағдыларының дамуына көңіл бөлемін . Сабақты ұйымдастыру бөлімі кезінде фонетикалық рифмовка немесе жаңылтпаш алуға болады. (Кім бірінші жаттайды деп?) f.e Bubble double gum bubbles double жаңылтпашты қайта -қайта айтқызып тілдерін жаттықтыруға болады.

Ағылшын тілі сабағында қолданатын ойындар: бастауыш сыныптарда шетел тілін оқытудың бір негізгі аспект ол ойын элементтерін тиімді пайдалану керек. Әр сабақ процесінде қандай дидактикалық ойын қолдануға болатынын сабақтың мазмұнына, мақсатына жас ерекшілігіне сәйкес таңдалады. Ойын арқылы қызықсыз тақырыптарды жеңіл, оңай меңгертуге болады.

1-сыныптарға "The missing word " ойыны. Мақсаты есте сақтау қабілетін арттырады. Бұл ойында суреттер тақтаға ілінеді,мұғалім close your eyes! деп бұйрық береді, 1-2 суретті алып тастайды,open your eyes! what i s missing? деп сұрақ береді. Балалар ойланып жоғалған сөзді айтады .

"Colour letters"-ойынында тақтаға әр түрлі түсті әріптер ілінеді find yellow! Деп мұғалім бұйрық береді, оқушы сол түсті әріптің жанына барып тұрады.Ойынды қиындату үшін түстерге сөздер айтуға болады. Мақсаты түстерді ,әріптерді қайталайды. "Is it true or not?" Доп қолданса болады, мұғалім допты лақтырап жатып сөз тіркесін айтады. Yellow lemon, is it true or not? Yes.it is true. No. it is not true деп жауап береді. Мақсаты оқушылардың сөздік қорын молайту . "The hidden picture" слайд арқылы ойналады. Алдын ала дайындалған слайдтағы суреттермен жұмыс. "Yes/no"бұл ойында мұғалім сұрақ қояды Is it a book? - Yes. it is a book. Is it a map? No it is a calculator- деп жауап береді. Мақсаты дұрыс жауап беру,грамматиканы to be етістігін үйрену. Төмендегі суретте бастауыш сыныппен осы ойынды ойнап жатырмыз. Оқушылардың ойлау қабілетін дамытады.

Доклад на тему Ерте жастан ағылшын тілін ойын арқылы үйрету

"Bingo"ойыны ,мақсаты сандарды қайталайды. "Mr or Mrs" Мақсаты ағылшын тілінде осылай айту керектігін үйренеді,бір-бірін сыйлауға тәрбиелейді."Point to the.." - бұл ойында балалар сынып заттарын ойларына түсіреді. Үш оқушы шығып ортаға қолдарымен көрсетіп тұрады. Мұғалім: Point to the door! Point to the window! Point to the table! деп мұғалім бұйрық береді. "Who is fast?" жазуды дамыту үшін ойналатын ойын. Мұғалім тақтаға бір сөз жазады KINDERGARDEN әрбір әріптерге сөздер жазады балалардың жылдамдығы байқалады. "ABC" ойыны. Мақсаты алфавитті қайталау.Бұл ойынды оқушылар әріпты толық меңгергеннен кейін ойнатқан жөн.ойында доп қолдансақ болады, оны лақтырып әріпке сөз сұрап немесе әріпті реттік номерін айтып ойнатуға болады.

Доклад на тему Ерте жастан ағылшын тілін ойын арқылы үйрету

"Listen and find" бұл ойында алдын ала дайындалған слайдтан әртүрлі дыбыстар қойылады, оқушылар тыңдап қай жануар екендігін айтады, "Snowball"ойынында мұғалім кез келген әріпті айтады 1-ші оқушы 1-сөз ,2-ші ойыншы 2 сөз, 3-ші3 сөз айтады Мақсаты оқушылардың шапшаңдылығын ,сөздік қорын тексеру . "What words do you know?"бұл ойында екі топқа бөлініп бір топ қазақша сөздер айтады екінші топ ағылшынша жауап береді. "What is this ?" Ол не ? ойыны. Оқушылар өздеріне ұнайтын заттарын, ойыншықтарын алып келеді. Бірақ оны ешкімге көрсетпеулері керек. Сабақта сол әкелген затына ауызша сипаттама береді. Қалған оқушылар айтылған белгілеріне қарап әңгіме не туралы екенің анықтаулары керек . "Жақсы-жаман" "Good-bad" ойыны. Ол үшін жақсы таныс зат не объект таңдап алынады. Сол затты сипаттау, оның жақсы және жаман қасиеттерін айтып шығу тапсырылады. Жауаптар бірін-бірі қайталамаулары керек. Мұғалім: «Pencil. It is red-good, it is thin-bad. We can use it with our hands -good, we cannot put it in the bag - bad."It will be a…"ойынды карточкамен немесе олсызда ойнауға болады. Мұғалім тақтаға карточкалардың бір бөлігін іледі, ал оқушылар жарты бөлігін табу керек. Мысалы: Egg - chicken Boy - man Kitten. "Red Rover " ойын өзіміздің айгөлек ойынына ұқсас болып келеді. Балалар екі топқа бөлініп тұрады, сөйтіп бір топ: "Red Rover, Red Rover send ___(the person's name) right over" деп аты айтылған бала екінші топтың қолдарынан өтіп кетсе өзімен бірге бала алып келеді, ал өте алмаса екінші топ жалғастырады. Қай топ қолды көп үзіп өтсе сол топ жеңімпаз болады. "Let's change" ойынында балалар щеңбер болып отырады. Мұғалім оқушылардың қолдарына әртүрлі тақырыптарда карточка береді. (киім , тамақ) What are you wearing? деп сұрақ қояды , қолдарындағы карточкаға қарап жауап береді. Сосын мұғалім балалардың орнын ауыстырады.Karina and Marat, change your places! деп орындарын ауыстырып тағыда сұрақ береді ." Which is different? " ойыны, бұл ойынды артық сөзді табу керек. Мақсаты оқушылардың есте сақтау қабілетін тексеру."Put a word" ойыны. Мақсаты to be етістігін , есімдікті дұрыс өз орнына қою болып табылады . Балалар үшін ол өте қызықты ойын өз сөздік қорларын тексереді.

Доклад на тему Ерте жастан ағылшын тілін ойын арқылы үйрету

Осы сияқты көптеген ойындар ойнаймыз. Сонымен бірге өлең айтып, тақпақтар, жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер жаттаймыз. Жыл бойы ашық сабақтар, сабақтан тыс іс-шаралар, әр түрлі жарыстар жүргізіп отырамын.

Төменгі суреттерде тіл мерекесіне байланысты сыныптан тыс іс-шарада көрсетілген, ағылшын тіліндегі ертегі. Сабақта рольдік ойын ойнату арқылы

баланың сөйлеу қабілетін дамытамыз.

Доклад на тему Ерте жастан ағылшын тілін ойын арқылы үйрету

Доклад на тему Ерте жастан ағылшын тілін ойын арқылы үйрету

Қорыта келе ағылшын тілін оқушыларға жоғарғы деңгейде игерту үшін мұғалімдердің әрбір сабақта жүйелі түрде әдіс-тәсілдерді, ойындарды қолдану , сонымен қатар басқа да оқыту әдістерін қолдану арқылы өткізсе ғана өзі ойлаған жетістіктерге жете алады.

«Оқыту үдерісінің үш түрлі құралды бөлігі бар, ол - ғылым, шеберлік , өнер» дейді белгілі педагог В.А.Сухомлинский. Осы үш түрлі қасиет мұғалім бойынан табылса, сонда ғана ол сабақ үстінде білімділік, тәрбиелік мақсаттарды ұштастыра жүзеге асырады. [3,126]

«Болашақтың баласында, данасында, ғалымында ұстаз өсіреді» деген Б.Момышұлының қанатты сөзімен аяқтағым келеді.[4,10]






Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Shamatov "Dearly grade learning" Enternational researce-to-practice conference-report book 2013y. P164-165

  2. Исахметова А "Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық әрекетін қалыптастырудың тұжырымдамалық негіздемесі"Қазақ ұстазы 2013ж 67-68бет

  3. Бөлекбаева Қ. «Ұстаздық ізденістер (озық іс-тәжірибелер жинағы)» Алматы 2007ж 125-126 бет

  4. Батаева Ү. «Оқушылар шығармашылығын арттыру» Бастауыш меткеп 1.2011 ж 10-бет

  5. Жарықбаев Қ. «Технология» Алматы білім 1993ж 272-бет

  6. Frankel,j. Wallen.1993 How to design and research in education.

  7. Oinet.kz Ағылшын тілі жеті жасар балаға керек пе?







№93 Абылай хан атындағы жалпы орта мектебі




Мақала тақырыбы: Ерте жастан ағылшын тілін ойын арқылы үйрету



Дайындаған:

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі: Гулалиева Г.Ж




2015-2016 оқу жылы

© 2010-2022