Сабақ жоспары

Қазақ тілі пәнінен 5 - сыныпқа арналған "Менің сүйікті асым" тақырыбындағы сабақ жоспары. жоспар жаңа әдіс -тәсілдер қолданыла отырып, Кембридждік тәсіл бойынша құрастырылған. Сабақта сөздік жұмысы «Қарлы кесек» әдісі бойынша жүргізіледі. миға шабуыл кезінде сұрақтар қойылады.Мәтінмен жұмыс топпен жасалады. Мәтінді интерактивті тақтада толықтырады.Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қояды. Грамматикалық тапсырманы орындайды.Берілген сөздерді тәуелдейді, фонетикалық талдау жасайды. Сабақты ...
Раздел Иностранные языки
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі

5-сынып

Күні :29.10.14

Сабақ №31


Сабақтың тақырыбы

Менің сүйікті асым

Мақсаты

Өзінің сүйікті асы туралы сөйлеп үйрету. Тағам атауларын дұрыс атап, өз бетінше сөйлем құрап, әңгімелеп үйрету.

Күтілетін нәтиже

Жаңа сөздерді пайдаланып сөйлем құрап, өзінің сүйікті асы туралы әңгімелеп үйренеді. Тәуелдік жалғауын дұрыс жалғау үшін тапсырмаларды өз бетінше, топ ішінде орындайды.





Әдіс - тәсілдер

«Қарлы кесек», топтық жұмыстар, әңгімелеу, сұхбаттасу, «Даналық ағашы»

Сілтеме

Оқулық, ғаламтор ресурстары

Ресурстар

интербелсенді тақта, үлестірмелі қағаздар

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушының іс- әрекеті

Сабаққа кіріспе

1. Психологиялық дайындық.

Сергіту сәтін орындату.

2.Топқа бөлу.

Санау бойынша топқа бөлемін.

3.Сұрақтар қоямын.

Балалар, қандай тағам атауларын білеміз?

Ұлттық тағамдарға нелер жатады?


  1. «Қамажай » биіне билейді.

1-3-ке дейін санайды да,топқа бөлінеді.

Сұрақтарға жауап береді.

Үй тапсырмасын сұрау

Үй тапсырмасын сұраймын.

«Ет тағамдары» тақырыбында дайындаған әңгімесін оқиды. Смайликтер арқылы бағалайды.

Жаңа сабақ


4.Сөздік жұмысы

Өткен сабақтағы өткен сөздерді «Қарлы кесек» әдісі бойынша сұраймын

Жаңа сөздер:

Сүйікті - любимый

Ащы -острый, горький

Балық орамасы - рыбный рулет

Лағман - лагман

Палау - плов

Балық тағамы - рыбные блюда

Теңіз тағамы - морепродукты

Сұрақтар қоямын:

Сенің сүйікті тағамың қандай?

Сен қандай тамақты жейсің?

Саған ащы тағамдар ұнай ма?

Саған балық тағамдары ұнай ма?

5.Мәтінмен жұмыс жасау.

Менің сүйікті асым

Қазақ халқының ұлттық тағамдары көп. Олар: ет тағамдары, сүт тағамдары, нан тағамдары. Маған бесбармақ, қуырдақ, бауырсақ ұнайды. Менің сүйікті асым - қуырдақ. Қуырдаққа ет, пияз, бұрыш қосады. Менің анам қуырдақты дәмді етіп пісіреді.

6. Мәтінді толықтыру.

Көп нүктенің орнына керекті сөздерді өздеріне қойғызу.

Менің сүйікті асым

Қазақ халқының ................................ көп. Олар: ......................, ........................, .......................... Маған ........................., ....................., ......................... ұнайды. Менің сүйікті асым - ..................... Қуырдаққа ..........., ................., ................ қосады. Менің анам ..........................дәмді етіп пісіреді.



7.Грамматикалық тапсырма орындау.

Сүйікті ас, дәмді тағам, тәтті шай сөз тіркестерін тәуелдеуге беремін

Қосымша тапсырма:

Сүйікті сөзіне фонетикалық талдау жасау.

8.Мәтін не сұхбат құрау.

«Менің сүйікті асым» тақырыбында ауызша өз мәтінін немесе сұхбат құрауға тапсырма беремін.

9.Қорытындылау.

«Ыстық орындық» ойынын ойнау.

Бүгінгі сабақта не үйрендің?

Қай тапсырманы орындаған ұнады?

Өткен тақырып бойынша өтілген сөздерді «Қарлы кесек » әдісі бойынша айтып береді.

Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазады.

Әр топ 3 сөйлемнен құрайды. Бірінші құраған топ сөйлемдерін оқиды. Бір-бірін смайликтермен бағалайды.



Мәтінді топ ішінде оқып, аударады. Мәтіннің мазмұнын айтып береді.

Бір-бірінің жұмысын Басбармақ арқылы бағалайды.

Әр топ тапсырманы орындап, бір-біріне беріп, тексертеді. Бағалау: смайликтер бойынша.





Үш топ үш сөз тіркесін тәуелдейді.

Егер тапсырманы жылдам орындап қойған болса, қосымша тапсырма беріледі.

Ауызша бағалау, қателері болса, оқушылардың өздері тексереді, түзейді.

Өз қалауы бойынша не сұхбат, не мәтін құрайды.

Әр топтан бір оқушыны орындыққа отырғызып, сабақ бойынша сұрақтар қояды. Жауап толық, дұрыс болса, смайликпен бағаланады.

Кері байланыс

«Даналық ағашын» толтыру.

Алма стикерлерге бүгінгі сабаққа қатысты 1 сөйлемнен жазады да, ағашқа іледі.

Бағалау

Басбармақ,бағдаршам, шапалақ, смайлик сияқты формативті бағалау түрлерімен бағалаймын


Үйге тапсырма

Сөздікті жаттау. «Менің сүйікті асым» тақырыбында әңгіме құрау.

тапсырманы орындайды.











© 2010-2022