8 сыныпта «Қоршаған ортаны қорғау» тақырыбы бойынша қазақ тілі сабағы

Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Темекі саған дос емес

Пән: қазақ тілі, 8 сынып

Мақсаты:

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларды жаңа тақырып бойынша өз ойларын жүйелі түрде әңгімелеуге үйрету. Грамматикалық тақырыпты орынды пайдалануға машықтандыру.Өзін-өзі бағалау дағдыларын қалыптастыру.

2. Қисынды ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында әр түрлі тапсырмаларды орындату.

3. Өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Міндеттері:

  • Жаңа сөздерді меңгерте отырып, мәтінге сұрақтар дайындауға, өз ойын еркін жеткізе білуге үйрету;

  • Берілген материалдарды өмірдегі жағдайлармен салыстыра, байланыстыра отырып, тілдесім әрекетін жандандыру;

  • Қазақ тілінде өз ойларын жеткізе алатын қабілеттерін жетілдіру;

  • Сөздік қорларын байыта отырып, ойлау, ойтолғау қабілеттерін дамыту;

  • Оқушылардың бойында өмірге деген сүйіспеншілік сезімдерін, қызығушылықтарын арттыру;

  • Оқушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: оқушылар жаңа тақырыппен таныса отырып, сөз таптарын, зиянды нәрселерді ажырата білу.

Әдісі: түсіндіру, ізденіс, сұрақ-жауап, талдау, бағалау, қорытындылау.

Көрнекіліктер: дидактикалық материалдар, кестелер, сызба- нұсқа, тақырыпқа арналған кесте, оқулық,интерактивті тақта.

І . Ұйымдастыру кезеңі

Ынтымақтастық орта құру

  1. - Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау

«Сенің досың қандай?»

  • Сенің досың кім?

Ол қандай?(кезектесіп айту)

ІІ.Қызығушылығын ояту

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

  1. Бағалау парағы (тақтада жазылады:

3 ұпай - «5», қатесіз,1қате

2 ұпай - «4», 2 қате

1 ұпай - «3», 3-4 қате).

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

2.Сурет бойынша жұмыс. (4 сурет тақтада беріледі, 3-4 сөз тіркесін құру).

Шылым тартуға болмайды

Тыйым салу белгісі

Қоқысты тастама

Темекі тартасың ба?

Темекінің құрылысы

Зиянды заттар

Денсаулыққа зиян

Сабақтың тақырыбын сурет артынан табу

ІІІ. Мағынаны ашу

Сабақтың тақырыбын ашу.

Сабақтың мақсат, міндетін анықтау.

Дәптермен жұмыс.

Күні, сынып жұмысы, сабақтың тақырыбы

1.Оқулықпен жұмыс. «Инсерт» тәсілі арқылы жаңа материалмен танысады.

+ таныс

- таныс емес

V- жаңа ақпарат

2.Сөздікпен жұмыс

Айыппұл - штраф

Ластау - загрязнять

Шығын - расход

Сыйақы - вознаграждение

Өкініш - раскаяние, сожаление

Қызметкер - служащий, работник

Дәліз - коридор

Ағза - орган

Улану - отравиться

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу

  • Сөздерді оқу

  • Сөйлемде көп нүктенің орнына жаңа сөздерді қою. І топ

  • Дыбыстық талдау, бір жай сөйлем құру. (ауызша-жазбаша) ІІ топ

  • Морфологиялық талдау, бір жай сөйлем құру. (ауызша-жазбаша) ІІІ топ



  1. Мәтінмен жұмыс.

  • Бір-біріне сұрақ қою (диалог), (жұппен жұмыс)

  • Кесте дұрыс-бұрыс ( жеке жұмыс)

ІV. Ой толғау.

  1. Мақал-мәтел жалғасын табу

  2. Видео көрсету.

Жеңіл - ауыр сұрақтар. М-О

  1. Әлемдегі қанша адам темекі шегеді? - 1 миллиард

  2. Әлемде күн сайын темекі шегуден қанша адам көз жұмады? - 8000 адам

Неге? Өйткені темекі адам өмірін қысқартады.

  1. Қазақстанда жыл сайын қанша адам темекі шегуден көз жұмады? -30000

Неге? Өйткені денсаулыққа зиян.

Сондықтан темекі шекпеу керек.

  1. Темекі шегетін адам қандай аурудан көз жұмады? - өкпе

Неге? Өйткені ол кез-келген ауруды ушықтырады.

  1. Ал енді өзің айтшы не сәнді, не сәнді емес?

Темекі шегу сәнді емес, темекі шекпеу сән!



  1. Темекі тартатын адам, темекі тартпайтын адам ерекшеліктерін шеңберге жинақтау:

Асқазаны ауырады

Жиі ауырады

Өмірі қысқа

Жөтеледі

Түтін иісі

Тісі сары болады

Зиян

Ажарлы

спортпен айналысады

дені сау

ауырмайды

өміріұзақ

шымыр

төзімді

күшті

жөтелмейді

Тест

1. Жалпы есімді тап.

а) көл ә) Жанар б)Айман

2. Жұрнақ жалғанған сөзді тап.

а) қамқоршы ә)әкеміз б) ауылда

3. Сапалық сын есімді табыңыз.

а) малды ауыл ә) сүтті сиыр б) үлкен үй

4. Үстеу мағынасына қарай неше түрге бөлінеді?

а)7 ә)6 б)3

5. Бастауышы жоқ сөйлемді тап.

а) жақты сөйлем ә) жалаң сөйлем б)жақсыз сөйлем

Тест кілті:

1. а

2. а

3. б

4. а

5. б

Қорытынды. Синквейн

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

Шарты: Әр оқушы берілген сөзге бес жол өлең құрастырады.

Мысалы:

  1. З.е. Дос

  2. Екі сын е. сымбатты, кішіпейіл

  3. Үш етістік: оқиды, көмектеседі, тыңдайды

  4. Бір сөйлем:Менің досым бар.

  5. Синоним: Жолдас

Құрдас, сыныптас

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

3.Бағалау: 2 бала бағаларын түсіндіріп өтеді.

4.Үй тапсырмасы: мәтін мазмұны,

"Мен спортты таңдаймын!" - шағын шығарма.

V. Рефлексия

Кері байланыс

Берілген ағашқа түрлі-түсті жеміс жабыстыру.

Қызыл - қиналдым

Жасыл - ұнады

Сары - қызықты



© 2010-2022