Қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары. Досыма тілек. Асырмалы шырай. (6-сынып)

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: берілген тақырып аясында сұхбаттасу.   Сын есімнің асырмалы шырай түрін меңгерту. Асырмалы шырайды сөйлемдерде дұрыс пайдалана білуге үйрету. Дамытушылығы: оқушыны ізденіске жетелеу, оқығанының мағынасын аша білуге үйрету, ой қорытуға, аз сөзбен ойын түйіндеуге дағдыландыру, таным көкжиегін кеңейту. Тәрбиелігі: адамдық асыл қасиеттерге ұмтылуға, ізгілікке, достыққа адал болуға ықпал ету. Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту. Сабақтың әдісі: сұрақ –жауап, сұхбаттасу. Сабақтың көрнекілігі: кесте, кластер, тапсырмалар.
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары. Досыма тілек. Асырмалы шырай. (6-сынып)Қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары. Досыма тілек. Асырмалы шырай. (6-сынып)Қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары. Досыма тілек. Асырмалы шырай. (6-сынып)Қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары. Досыма тілек. Асырмалы шырай. (6-сынып)Қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары. Досыма тілек. Асырмалы шырай. (6-сынып)Қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары. Досыма тілек. Асырмалы шырай. (6-сынып)Сабақ жоспары

Пәні: қазақ тілі

Сынып: 6.

Мерзімі:

Мұғалім: Масалимова Г.А.

Сабақтың тақырыбы: Досыма тілек. Асырмалы шырай.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: берілген тақырып аясында сұхбаттасу.

Сын есімнің асырмалы шырай түрін меңгерту. Асырмалы шырайды сөйлемдерде дұрыс пайдалана білуге үйрету.

Дамытушылығы: оқушыны ізденіске жетелеу, оқығанының мағынасын аша білуге үйрету, ой қорытуға, аз сөзбен ойын түйіндеуге дағдыландыру, таным көкжиегін кеңейту.

Тәрбиелігі: адамдық асыл қасиеттерге ұмтылуға, ізгілікке, достыққа адал болуға ықпал ету.

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдісі: сұрақ -жауап, сұхбаттасу.

Сабақтың көрнекілігі: кесте, кластер, тапсырмалар.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!

-Отырыңдар.

-Сынып сабаққа дайын ба?

-Көңіл-күйлерің қалай?

II. Үй тапсырмасын тексеру:

-Үйге қандай тапсырма берілді?

-Тапсырманы дерлік орындадық па?

-Қане, олай болса, үй жұмысын тапсырайық. (тапсырманы жалпылай сұрақтармен және жекелеп сұрап шығу)

III. Жаңа сабаққа даярлау:

-Сендер достарыңның туған күндерін білесіңдер ме?

-Достарыңның туған күніне қандай сыйлық жасайсыңдар?

-Досыңа қандай тілек тілейсің?

IY. Жаңа тақырып:

Сын есімнің асырмалы шырай түрі.

Заттың сындық, сапалық белгісін асыра немесе төмендете көрсететін сын есімнің түрін асырмалы шырай дейміз.

Превосходная степень выражает большую или меньшую меру признака в предмете, но без сравнения.

Өте, тым, тіпті, аса, нағыз, ең, орасан, шымқай, керемет + с.е. өте ауыр, ең сұлу, нағыз ер, орасан зор, шымқай қызыл, тым биік, керемет дәмді…

1. Мәтінге дейінгі жұмыс:

Сөздікпен жұмыс:

а) берілген сөздердің оқылуымен, аудармасымен, қолданылу аясымен таныстыру

ә) сөздерді хормен, жекелеп оқытып шығу

б) сол сөздерді қатыстыра отырып, сөз тіркестерін, сөйлемдер құрату

тілек- пожелание болашақ- будущее

сенім- доверие арман- мечта

әзілқой - шутник мейірімді - добрый

2. Мәтінмен жұмыс:

Досыма тілек.

Алыстағы досыма сағыныш толы хатымды жазып отырмын. Оны көрмегелі бір ай болды. Ол Астана қаласында тұрады. Қарашаның онында ол он үшке толады. Мен оның туған күніне бара алмаймын. Сол себепті досыма деген ақ тілегімді қағаз бетіне түсірдім. Мейірімді, әзілқой досымның болашақта бақытты болуын, білімді азамат болып өсуіне тілектеспін. Достығымыз бұзылмасын деп тіледім.

3. Мәтіннен кейінгі жұмыс:

3-тапсырма. Мәтіннен сын есімдерді тауып, асырмалы шырай жасау.

4- тапсырма. Сұхбатты рөлге бөліп мәнерлеп оқу.

Алмаз: Балалар, Гүлімнің туған күнін қалай атап өтеміз?

Қанат: Гүлім бізді туған күніне шақырды ма?

Алмаз: Ол біздің ортамызға биыл келді.

Аружан: Біз оны өз ортамызға тартуымыз керек.

Қамбар: Мен «Туған күн кешінде» әнін орындап беремін.

Аружан: Жақсы тілек болса!

Алмаз: Туған күніне арнап 4 жол өлең шығарсақ деймін.

Аслан: Мен шығарамын!

Арман: Онда мен Гүлімге гүл жасап, сыйлаймын.

Алмаз: Дұрыс, келістік!

  • Миға шабуыл.

Бүгін сыныбымыздағы Айгүлдің туған күні деп ойлайық та, Айгүлге тілек айтайық.

ТІЛЕК

V. Бекіту:

-Сонымен бүгінгі сабақта не істедік?

-Қандай жаңа сөздермен таныстық?

-Қандай мәтін оқыдық?

-Мәтінде не туралы айтылды?

VI. Бағалау:

Оқушыларды сабақ бойында істеген жұмыстарына орай бағалау.

YII. Үйге тапсырма:

-Үлгі бойынша күшейтпелі шырайды қатыстырып, досыңның туған күніне открытка дайындау.



Құрметті Арай!

Сені туған күніңмен шын жүректен құттықтаймын!

Саған өте мықты денсаулық, ашық аспан, мол бақыт

тілеймін! Алға қойған мақсаттарыңа жете беруіңе

тілектеспін! Сен нағыз доссың.



Ізгі ниетпен: досың Ержан.








YIII. Рефлексия:

Білетінім.

Білгенім.

Білгім келетіні.


IX. Сабақ соңы.


© 2010-2022