Қазақ тілінен ашық сабақ: Қостанай 8 сынып

Раздел Иностранные языки
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Туған қалам -Қостанай.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Туған қаламыз Қостанай жайлы мағлұмат беру, білімдерін толықтыру.

Дамытушылық: Оқушылардың тіл байлығын дамыту, сөздік қорын молайту, тілін жаттықтырып, дұрыс сөйлеуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Болашақта туған елімізді, тілімізді, жерімізді аялауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: «Білемін,білгім келеді, білдім» әдісі, АҚТ пайдалану.

Көрнекілігі: интерактивті тақта,слайдтар,стикерлер.

Пәнаралық байланыс:қазақ әдебиеті,ән-күй.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық ахуал

«Жан жүрек сыры».
Мына үлкен ақ жүрекке назар аударыңыздар. Ол тірі емес, дүрсілдемейді. Біз қазір оған жан беруіміз керек. Түрлі-түсті қағаздардан жасалған кішкентай жүректерге сендер жылы, мейірімді сөздер жазуларыңызды сұраймын. Сол үлкен жүрекке жылы-жылы сөздер жазылған кішкентай жүректерді орналастырасыңдар.

Сұрақ: Қалай ойлайсыздар, жүрегіміз жанданды ма? Қайтіп? Неліктен?

Иә, өйткені сіздер өз жылы лебізіңізді білдірдіңіз.
Өмірде ең бастысы сүйе білу керек. Қайырымды болу-ол еліне, табиғатқа, адам баласына деген махаббаттан басталады. Әр уақытта жақсы сөз айтуға, қайырымды іс жасауға, қасыңыздағы баланың пікірін, не қажет ететінін тыңдай біліңіз. Ерік беріңіз. Шыдамды бола біліңіз. Оның ісін бағалаңыз.

Жасаған қателігін көре тұра, оған сенетініңізді білдіріңіз. Күлімдеп, қасында бірге болуға көңіл бөліңіз.

Қазақ тілінен ашық сабақ: Қостанай 8 сынып

Оқушыларға бағалау парағы таратылады. «Ұпай жинау ойыны»

  • Қазақстан қандай мемлекет ?

  • Қазақстанның Елбасы кім ?

  • Қазақстанның астанасы қай қала ?

  • Астана туралы әңгімеле.

  • Үшінші астанасы қай қала ?

  • Қазақстан немен бай ?

  • Қазақстанның табиғаты қандай ?

  • Қазақстанда неше облыс бар?

  • 16 желтоқсан қандай күн?

  • Мемлекеттік рәміздерге нелер жатады?

  • Қазақстанның үлкен қалаларын ата.

  • Сен қай облыста тұрасың?

  • Өз туған жерің туралы әңгімеле.

Үй жұмысы:

Менің сапарым тақырыбы бойынша әр топ өз шығармашылық жұмыстарын жасап келді.

1 топ. Қызылорда қаласына сапарға барды.

2 топ Алматы қаласына сапарға барды.

3 топ Астана қаласына сапарға барды.

Қазақ тілінен ашық сабақ: Қостанай 8 сынып

Осы қалаларды Венн диаграммасы бойынша салыстыру.

Отан менің ата- анам.

Отан досым, бауырым.

Отан - өлкем, астанам,

Туған жерім - Қостанайым, деп жаңа сабаққа көшейік.

Сабақтың тақырыбы: Туған қалам -Қостанай.

Сабақтың мақсаты.

Білемін. Білгім келеді. Білдім әдісі бойынша кестені толтырамыз.

Білемін

Білгім келеді

Білдім

Қостанай қандай қала?

Қостанайда нелер бар?

Қостанай қай жерде орналасқан?

-Қостанай қаласының тарихын

-Қостанай қаласында қандай белгілі адамдар туғанын

.....

Сергіту сәті: Ал балалар кестені толтырып болсақ, сәл демалайық.

Жаңа тақырыпты орындау үшін біз жаңа топқа бөлінеміз.

Туған қалам -Қостанай тақырыпқа байланысты ресурс таратылады.

Әр топ өз тапсырмаларын орындайды.

1 топ. Берілген ресурс бойынша көрініс көрсету.

2 топ .Берілген ресурс бойынша презентация жасау.

3 топ Берілген ресурс бойынша сұхбат(диалог) құратыру.

1 топ.

Көрініс: Қобыздың үні. Ата орындыққа отырады. Осы кезде немересі шығады.

Немересі: «Ата, не ойлап отырсыз?».

Атасы: «Ә, балам, атан не ойламайды дейсін? Сенің болашағынды ойлаймын, еліміздің болашағы жайлы ойлаймын, қуанамын!!!».

Немересі: «Ата, «өткен өмір» деген сонау ата-бабаларымыздың ерте кезден бері өткен өмір жолы, тарихы ма?». Немересі: «Ата біздің қала Семей қандай болған?».

Атасы: «Ендеше тыңда балам, атаң бір сөйлесін». (Қарт ойланып алысқа қарап кетеді).

Қостанай қаласы

Ерте замандардан келе жатқан аңыз бойынша ұлан-байтақ жеріміздің Солтүстігіндегі ірі қалалардың бірі-Қостанай.Өмірі байға жалшы болумен өткен Қос және Танай деген кедейдің егіз қыздары болған екен. Көшпелі тірліктің қиыншылығын көтере алмай жарық дүниемен қоштасқан қос қышқынның есімі ел узында сақталып, уақыт өте осы аймақ ҚОСТАНАЙ деп атаныпты. Ал,ресми түрде қалаға 1895 жылы Қостанай атауы беріледі.

1910 жылы уезд бастығы Кочергин балаларға көркем - сурет мектебінің ғимаратын салдыртады. Бүгінде бұл ғимаратта Горький атындағы орыс драма және қуыршақ театры жұмыс істеуде. Қаланың бас жоспары 1968 бекітілген. Сол жоспар бойынша жүзгетасырылған Кеңестік дәуір сәулеті бұрыннан қалыптасқан әсем келбетін одан сайын түрлендіре түсті.

1985 жылдың басында қаланың орталығында классикалық үлгідегі сағаты бар тамаша мұнара тұрғызылды.

Мұнда алғашқы мешіт 1893 жылы салынған. Кейіннен жұмысшылар клубы, кинотеатр, филармонияның концерт залына айналған бұл ғимарат 1898 жылы сәулет ескерткіші деп жарияланды. Тек содан он жыл өткенде ғана ғимарат өзінің бастапқы болмысына еніп,қайтадан мешіт ретінде пайдалана бастады.

Қазір жаңа заман талабына қарай түрленіп жайнай түскен Қостанай қаласының болашақ бейнесі бұдан жарқын болатындығы күмәнсіз.

2 топ. Берілген ресурс бойынша презентация жасау.

«Қостанай -туған қалам»

Қостанай облысы Қазақстанның солтүстігінде орналасқан. Қостанай облысында 5 қала, 16 аудан бар. Қалалары: Рудный, Жетіқара, Арқылық, Лисаковск. Облыс орталығы - Қостанай қаласы. Қостанай 1879 жылы Тобыл өзенінің жағасына салынған. Біздің қалада жалпы білім беретін бірнеше мектеп, колледждер, жоғарғы оқу орындары және көптеген мәдениет орталықтары бар. Біздің жерлестеріміз: Б.Майлин, Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынов, Ш.Уәлиханов. Қалада А.Байтұрсынов атында мемлекеттік университет және Ы. Алтынсарин атында мектеп-интернаты бар. Қостанайда өлкетану мұражайы және Ы. Алтынсарин атындағы мұражай бар. Орталықта Толстой атындағы үлкен кітапхана бар. Қостанайда мәдениет орындары: Ілияс Омаров атындағы қазақ драма театры және М.Горький атындағы орыс драма театры. Қаладағы өнеркәсіп орындары: «Баян-сұлу» кондитер фабрикасы, «Большевичка» тігін фабрикасы. Қостанайда әдемі, зәулім ғимараттар көп.

3 топ.Берілген ресурс бойынша сұхбат(диалог) құратыру.

«Қостанай -туған қалам»

Қостанай облысы Қазақстанның солтүстігінде орналасқан. Қостанай облысында 5 қала, 16 аудан бар. Қалалары: Рудный, Жетіқара, Арқылық, Лисаковск. Облыс орталығы - Қостанай қаласы. Қостанай 1879 жылы Тобыл өзенінің жағасына салынған. Біздің қалада жалпы білім беретін бірнеше мектеп, колледждер, жоғарғы оқу орындары және көптеген мәдениет орталықтары бар. Біздің жерлестеріміз: Б.Майлин, Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынов, Ш.Уәлиханов. Қалада А.Байтұрсынов атында мемлекеттік университет және Ы. Алтынсарин атында мектеп-интернаты бар. Қостанайда өлкетану мұражайы және Ы. Алтынсарин атындағы мұражай бар. Орталықта Толстой атындағы үлкен кітапхана бар. Қостанайда мәдениет орындары: Ілияс Омаров атындағы қазақ драма театры және М.Горький атындағы орыс драма театры. Қаладағы өнеркәсіп орындары: «Баян-сұлу» кондитер фабрикасы, «Большевичка» тігін фабрикасы. Қостанайда әдемі, зәулім ғимараттар көп.

Қорытынды: Енді бүгінгі сабақты қорытындылау үшін біз Білемін. Білгім келеді. Білдім әдісі бойынша кестесіне оралайық. Сабақта не білдім кестені толықтырамыз.

Үйге тапсырма: «Менің сүйікті қалам » тақырыбына эссе жазу .

Бағалау парағы.

© 2010-2022