Статья на казахском языке на тему Школа как профессиональное сообщество педагогов

Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Статья на казахском языке на тему Школа как профессиональное сообщество педагоговМектеп - мұғалімдердің қауымдастығы.

Акмола облысы

Бурабай ауданы

С. Сейфуллин атындағы орта мектебінің

ағылшын тілі мұғалімі

Шаймерденова Зауреш Каплюковна


«Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін - білім».

Елбасымыз -Н.Ә. Назарбаев

Қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс - тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде. Білікті мамандар даярлау, ұстаздардың кәсіби, әдістемелік шеберлігін арттыру мақсатымен Білім және ғылым Министрлігі тарапынан түрлі курстар ұйымдастырылуда. Сондай курстардың бірі - Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің үшінші (негізгі) деңгей бағдарламасын арттыру курсы. Бұл курсты тамамдаған жаңашыл педагогтардың алдында заман талабына сай білім беру ғана емес, курста алған білмдерімен әріптестері арасында бөлісіп отыру талабы тұр.

Жаңаша оқыту талабы бойынша мұғалім таза жеке тұлғаға немесе сыныпқа бағытталған тәсілдің орнына кәсібилікке бағытталған ұжымдық және кешенді тәсіл қолдануы қажет. Мұндай тәсіл көшбасшы мұғалімнің кәсіби біліктілігі мен білімі тыңдаушы тарапынан жаңалық ретінде қабылданып, тәжірибесіне енеді әрі жетіле түседі. Іскерлік және тәжірибе алмасу мақсаттарын көздеген мұғалімдер өздерінің әріптестеріне және айналасындағыларға әсер ету үшін көшбасшылық қасиеттерін іске асыруы тиіс. Ұстаздың басты мақсаты - үнемі талапқа сай білім беру .

Біздің мектеп Қазақстан елінің ең көрікті өлкесі Бурабай жерінде орналасқан. Осындай әсем мекенде әйгілі қайраткер есімімен аталатын мектеп атына заты сай болуы үшін, ұстаздар ұжымы шығармашылықпен еңбек етуде. Біздің мектепте үшінші (негізді) деңгей курсын аяқтаған төрт мұғалім бар. Оқу жылының басынан курстың мақсатын жүзеге асыруды қолға алдық.

Педагогикалық кеңесте таныстырым (презентация) арқылы курс туралы ақпарат таратып, жеті модуль туралы ойларымызды жеткізіп, тәжірибеде жинақтаған жетістіктерімізді көрсете алдық. Сол педагогикалық кеңесте мектеп директоры Шлейнингер Эльвира Владимировна біздің жұмысымызды қолдап, таныстырылымымыз өзгеше, әсерлі екенін байқап, әріптестерімізге сабақтарымызға барып, тәжірибелерін алмасуды ұсынды.

Оқу жылы барысында әрқайсымыз бірнеше ашық сабақ өткіздік. Жеті модульмен танысып, бағалауға сабаққа қатысқан мұғалімдер ортақтасты. Болатова Марал Канатовна биология пәнінен аудандық және облыстық жаратылыстану-математика циклы пәндері мұғалімдері арасында өткен семинарда осы жеті модуль бойынша өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Шыны керек, көбі жаңа өзгерістерге бейім болғанмен, кейбір мұғалімдер біздің қолданған модульдерді түсінбегендерін мойындады. Жалпы, әріптестерімізге балалардың өздігінен білім алулары, бір-біне түсіндірулері, топтасып жұмыс жасаулары, формативті бағалаулары және жағымды психологиялық орта ұнады. Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Жулдыз Өтелбаевна облысымызда өткен ІІІ Халықаралық педагогикалық информациялар жәрменкесіне қатысты. Ол жеті модульді қолданып бір сыныпқа жылдық сабақ жоспарларын әзірледі. Мен де, ағылшын тілі пәнінен «Техникалық тіл» атты арнайы курс бағдарламасын жеті модуль бойынша құрастырып, аудан әдіскерлерінің «жақсы жазылған» деген пікірне ие болып отырмын.

Халық даналығы «Барлығы да салыстыру арқылы танылады» дейді. Суретке назар аударып көрейік, Статья на казахском языке на тему Школа как профессиональное сообщество педагогов

ортадағы үлкен, домалақ жіп ол біздің Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің үшінші (негізгі) деңгей бағдарламасын арттыру курсынан жиып алған «біліміміз» десек, айнала орналасқан бұйымдар алған білімімізді бір жыл бойы тәжірибемізге енгізіп, қолданып және өзіміздің жетістіктеріміз арқылы басқа мұғалімдерге әсер етулеріміз.

Өзіңіздің еңбегіңізді қай бұйыммен теңейсіз? Әрине, жыл бойы әр сабағымызды жоспарлауда көптеген қиыншылықтар, түсінбеушіліктер және сонымен қатар жетістіктер де бірге жүрді. Оқыған теорияға сүйенсек «Өзгеріс үдерісі өз даму жолында қолайсыздық пен келіспеушілік тудыруы ықтимал. Мұндай кезде өзгеріс үдерісін басқару оңай емес. Мұғалім ретінде, біз кейде өзіміздің әрекет ету мүмкіндігіміз бен күш-қайратымызды жоғалтып жатқанымызды сеземіз. Бірақ, тәжірибе көрсеткендей, жоғары лауазымсыз да жақсы мұғалімдердің кәсіби шеберліктері мен адамгершілік сенімдерін қолданып адамдарға әсер етуге болады» деген.

Үшінші (негізгі) деңгей курсы әсіресе жас мамандардың ұстаз ретінде дамуына көп үлесін қосып, шабыттандыра түсті. Олардың алған білімдерін өздері жеке дара қолданып қана қоймай, өздерінің сәтсіз немесе сәтті шыққан ойларын, әдіс - тәсілдерін әріптестерімен бөлісіп, ақыл-кеңес сұрау арқылы көп ілім алуға болатынына көздері жетті. Оған дәлел менің сыныбымда мектеп тәжірибесін өтуге келген педагогикалық колледжінің студенті, біздің сабақтарымызды үлгі тұтып, өзінің сабақтарында қолдануға тырысты. Басқаша айтқанда «жаңа формациялық» мұғалімдердің тобына енді.

Біздің жұмысымыздың нәтижесіне тоқталатын болсақ, соңғы педагогикалық кеңесте біздің әріптестеріміз баяндаманы оқымай, слайд арқылы таныстырылым жасағаны. Әрине, таныстырылымдар бұрын да болған, бірақ соңғылары өзгеше. Енді бір жетістігі мектеп жиналысы әрдайым фото материал арқылы дәлелденіп тұруы. Мектеп әкімшілігі және бізді қолдап жүретін әріптестеріміз жұмысымыздың дамуына көп әсерін тигізді. Олар сабақтарымызға уақыттарын бөліп, өз пікірлерін ұсынып, жұмысымыз нәтижелі екенін білдіру арқылы, біздің рухымызды көтеріп, қолданған әдістеріміздің дұрыстығына сенімділігімізді арттырды. Және ең басты нәтиже өзімнің сыныбымның өзіндік білім алу дағдысы қалыптасқаны. «Бүгінгі сабақта не жасаймыз екен? » деп, берілетін тапсырманы әп -сәтте орындауға дайын тұрады. Оқитынын оқып, жазатынын жазып, айтатынын айтып, ойлау, талдау, салыстыру, бір шешімге келу арқылы сабақтың мақсат міндеттеріне жетеді. Жыл басында сабақты өзім түсіндірмегеніме қатты қиналатынмын, оқушылар мені дұрыс түсіну үшін «бұл сондай технологиялар» деп ақталатынмын. Уақыт өте үйрендім, балалардың өздігінен білім алу дағдыларын қалыптастыру, қарапайым түсіндіруден әлде қалай күрделі іс екенін. Мысалы: шет тілінде мәтінді өзім оқып, кейін балаларға дәл солай етіп оқытсам, енді сол мәтінмен өздері танысып, жаңа сөздердің мағынасын ашып, дұрыс оқуға үйрету екі есе қиын, бірақ өте нәтижелі!

Біздің мектеп аралас мектеп болғандықтан, биыл орыс мекетебінен тағы екі мұғалім қатарымызды толықтырып жатыр. Енді алты адамның алдағы мақсаты, тәжірибемізді жетілдіріп, жеті модульді әр сыныпта қолдануға тырысып, жаңа әдіс тәсілдерді ойлап табуға жалықпау.

Жоғарыда қойылған сұраққа өзім жауап берсем, біздің жыл бой жасаған еңбегімізді көйлектің етегін ғана пішкенмен теңестіремін. Бірақ, бұл әлі толық тоқылмаған бұйым. Алдағы уақытта келесі жоспарларымыз бар. Біздің сабақтарымыздың соңында көп ақпарат қағаз бетінде қалады. Сол материалды келесі сабақта көрнекілік ретінде қолдана алмаймыз, сонда ол еш пайдасыз «қара» папканың ішінде жата ма? деп. Wall paper- әдісін қолданып, тоқсан басынан, тоқсан аяғына дейін сол ақпаратты қабырғаға іліп қойсақ, күнделікті көзбен көріп, қайталап жүруге болады.

Енді бір жоспарымыз Team-teaching әдсін қолдану. Әр адамның қолынан «жақсы» келетін және келе бермейтін қабілеттерінің табиғи заңдылықтары бар. Сабақты жұптасып өткізсе, бір ұстаз, екінші ұстазды толықтырып отырар еді. Және сол арқылы бір бірінен үйренер еді. Мысалы: Біздің мектепте екі ағылшын тілі маманы бар. Нуршарипова Гулира Мухамеджановна және мен. Гулира Мухамеджановнаның зейінділігі және тіл маманы ретінде мол тәжірибесі, менің курстан алған біліміммен ұштасса, өте мағыналы және нәтижелі сабақ болатынына сенімдімін.

Тағы бір жоспарымыз Lesson study әдісі. Келесі оқу жылында әдеттегідей өтетін пәндер апталығында, әрбіреуіміз жеке-жеке емес,бес алты мұғалім бірігіп, бір мұғалімнің сабақ жоспарын құрастырып, кейін сол зерттеу сабағын бақылап отырса, сабақ өткенен кейін талқыға салып,оны жақсартып басқа сыныпта қайта өткізіп көрсек деген ойымыз бар. Солай кезектесіп топтағы мұғалімдердің сабақтарын дәл сол әдіспенен жасауды жоспарладық. Ең соңында әдістемелік отырыста тәжірибеміздің «сәттілігін» немесе «сәтсіздігін» талқыға салып көреміз. Қазақта сын түзелмей, мін түзелмейді дейді. Бірақ бір мектепте қызмет ететін, күнделікті қал жағдайымызды сұрасып жататын әріптестерге ақыл, кеңес беру «сіздің тапсырмаңызды балалар түсінбей қалды» деп айту өте қиын. Керісінше, өз сабағын жайлы «суық» пікір, жүрекке қара дақ түсіреді. Көзге көрінбейтін психологиялық әлем адамның шығармашылық ынтасын кежейді. Егер сабақты Lesson study әдісімен бірлесе жоспарласа, онда сын айтуға да жеңіл болады.

Менің ойымша мінсіз ұстаз болам деген мұғалімдерге ол таптырмас бұлақ!

Биылғы іс тәжірибеме сүйенсем, мектеп - мұғалімдер қауымдастығы деген қағаз бетінде топтасқан мұғалімдер тізімі емес, күлі педагогикалық ұжымның тығыз қарым-қатынасы, «дем алатын ауасы» деп айтуға болады. Ұжым болғандықтан әртүрлі тұлғалар кездеседі. Бірі сенің ойыңды қолдаса, бірі жақтырмауы мүмкін. Оған қарамастан, біздің мақсат -міндеттеріміз бір. Ол -сапалы, өмір бойы өздігінен ізденіп, қолданысқа енгізе алатын білім беру, жеке тұлға тәрбиелеу. Өзгергісі келмейтін әріптестерімізге өзіміздің ықыласымызбен, күш- жігерімізбен, еңбектегі жетістіктеріміз арқылы әсер ету біздің қолымызда!

Иә, үш айлық курс бізге терең ой салды...

Ең бастысы мұғалім «адам» болып қалды. Адамгершілігі мол, жылы жүзді, мейрімді, ақылды, шыншыл, жаныңды жақсы түсінетін адал дос!!!



Сілтемелер:

1.Жаңа білім беру жүйесі - Уикипедия kk.wikipedia.org/wiki/Жаңа_білім_беру_жүйесі

2. Терең кәсіби біліктілік. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық.88 бет.

3. Тәжірибенің өзгеруі, білімдердің жинақталуы. 90 бет.


© 2010-2022