Сценарий на казахском языке на тему Наурыз - думан

Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«НАУРЫЗ - ДУМАН» атты іс - шараның мерекелік сценарийі


Өтетін орны: «Т. Әубакіров атындағы гимназия» ЖММ, спортзал

Күні: 17.03.2015ж 14.30 сағ

Қатысатындар: 5а, 5б, 6, 7, 8а, 8б

Жауаптылар: Аменова М.М., Ногайбекова П.М., Арекова А.Б.

Жүргізушілер:

Сайыс кезеңдері:
1. Таныстыру.
2. Салт - дәстүрлер сайысы.

3. Музыкалық нөмір.

Қазылар алқасы:

Аяпбергенова Н.К. - қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі;

Ботова Т.И. - неміс тілі мұғалімі;

Метаева Г.Ж. - шет тілі мұғалімі.

БАСТАЛУЫ:

Залда свет сөніп тұрады. Сол кезде залға Қыдыр ата мен 12 бала (қарақшылар) кіріп келеді:

МУЗЫКА.

Қыдыр ата: Келе жатырмын! Келе жатырмын!!! Алыс ұзақ сапардан, міне, жеттім сендерге!!!

Ал тыңдаңдар батамды:

Ардақтаңдар атаны!

Тойсаңдар, тасып, бөспеңдер,

Топастықты кешпеңдер,

Ананың сүтін ақтаңдар,

Арларыңды сақтаңдар!

Жалқаулық жаудан жаман-ды,

Жеңіңдер оны күреспен:

Жеңіске жетер бірлескен.

Кең пейіл, дархан халқымыз,

Кеңейді дәстүр-салтымыз;

Дәстүрін елдің сыйлаңдар

Дүстүрлі салтты тойлаңдар!

Орындалсын ойларың,

Тойға ұлассын тойларың!

Әумин!!!

Қыдыр ата: Ал, енді құрметті қауым, мені, басқа да балалар, ата - аналар, ұстаздар тосып қалды. Мен оларды да құттықтап, батамды беру керекпін. Сау болыңдар!!!

МУЗЫКА.

ФАНФАРЫ.
1 - жүргізуші: Армысыздар, мұғалімдер әз жандар,
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Білімменен сусындатқан біздерді.


2 - жүргізуші: Армысыздар, оқушылар, балғындар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамған.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Келесі сынып оқушыларын қарсы алыңыздар.

Залға қатысатын топ оқушылары кіріп келеді.


1 - жүргізуші: 5а сыныбы, 5б сыныбы, 6 сынып оқушылары, 7 сынып, 8а сыныбы, 8б сынып оқушылары.
1 - жүргізуші: Ал келіңдер, келіңдер,
Біріңе - бірің еріңдер.
Біліміңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер.

Бүгінгі іс - шарамызды ретке келтіру үшін, командалар арасында жеребе саламыз.

Команда өз нөмірін алып, дайындап қойған «ауылына» барып жайғасады.

2 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Қазір осы уақытқа дейін алған білімімізді саралап, өнерімізді ортаға салмақпыз.

1 - жүргізуші: Біліміміздің артып, санамыздың өскенін, сөз байлығымыздың молайғанын көрсетейік.

2 - жүргізуші: Олай болса, сыныптар арасында «Таныстыру» атты сайысымызды бастамас бұрын, сіздерді қазылар алқасымен таныстырып өтейік:

Аяпбергенова Н.К. - қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі;

Ботова Т.И. - неміс тілі мұғалімі;

Метаева Г.Ж. - шет тілі мұғалімі

2 - жүргізуші: Алғашқы кезегіміз таныстыру,
Топтарды бір - бірімен табыстыру.
Айдар таққан атауларын қорғайтындай
Өлең сөзбен өрнектеп жарыстыру.

1 - кезең: «Таныстыру»

Таныстыру кезеңі - үш сынып қатарынан шығады.

Музыкалық нөмір:


Таныстыру кезеңі - үш сынып қатарынан шығады.

Музыкалық нөмір:


2 - кезең: «Салт - дәстүрлер» сайысы:

Салт - дәстүрлер кезеңі - екі сынып қатарынан шығады.

Музыкалық нөмір:

Салт - дәстүрлер кезеңі - екі сынып қатарынан шығады.

Музыкалық нөмір:


Салт - дәстүрлер кезеңі - екі сынып қатарынан шығады.


1 - жүргізуші: Тамашаға толтырып тұнық төрді,

Жетті, Наурыз, үкілеп үміттерді,

Барша үйге бақыт боп, береке боп,

Жанарынан нұр шашып күліп келді.

2 - жүргізуші: Наурыз тойым, Наурыз тойым.
Құтты болсың халайық!
Қане, достар, қане, достар,
Шырқап әнге салайық.

Музыкалық нөмір:


2 - жүргізуші: Сайыстың ақыры да таяп қалды,
Топтағы өрендер де шаршап қалды.
Сайыстың қорытындысын білу үшін,
Қазыларға сөз кезегін ұсынады.
Сөз кезегі қазылар алқасына беріледі:


2 - жүргізуші: Қош болыңдар, тыңдаушылар, көрермен,
Шықтық - ау деп ойлап тұрмыз көңілден.
Сайысымыз аяқталды бүгінгі,
таныстыру мен салт - дәстүрден өрілген.
Наурыз мейрамы баршаңызға тек жақсылық әкелсін!!!

Қош сау болыңыздар!!!



© 2010-2022