Мақтанышым-Тәуелсіз ел Қазақстан

             Мақтанышым – Тәуелсіз  ел Қазақстан! Жапқыш жабылып тұрады.Жапқыштың арғы жағынан : 1-жүргізуші: Қазақстан Республикасының туы енгізілсін!( туды алып шыққан уақытта  2ші жүргізуші өлең шумақтарын оқиды )2-жүргізуші:Зеңгір көк түс-Бұл Қазақстан байрағы                       Желбірейді көгімде азаттықтың айғағы.                       Аспанмен жатыр астасып алтын күні айбарлы,                       Бейбіт күннің болашағы, ұлан біз жайдарлы. 1-жүргізуші: Алтын күннің астында қалықтайды ...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мақтанышым - Тәуелсіз Қазақстан!

Жапқыш жабылып тұрады.Жапқыштың арғы жағынан :

1-жүргізуші: Қазақстан Республикасының туы енгізілсін!

( туды алып шыққан уақытта 2ші жүргізуші өлең шумақтарын оқиды )

2-жүргізуші:Зеңгір көк түс-Бұл Қазақстан байрағы

Желбірейді көгімде азаттықтың айғағы.

Аспанмен жатыр астасып алтын күні айбарлы,

Бейбіт күннің болашағы, ұлан біз жайдарлы.

1-жүргізуші: Алтын күннің астында қалықтайды қыраным

Шет-шетінен көмкерген ою-өрнек, жыр-әнім.

Санамызда салт-дәстүрім жаңғырып,

Орындалып жалындаған асқақ биік арманым.

( Сол сәтте « Көк тудың желбірегені » әні шырқалады .Асылзат шығып әнді айтады. Жанында тұрған оқушы туды желбіреп тұрады.Әнді айтып болғаннан кейін ,туды алып кетеді )

Мақтанышым-Тәуелсіз ел Қазақстан

Жабқыштың арғы жағынан :2-жүргізуші: Әнұран

( Жабқыш ашылады, оқушылар әнұранды орындайды, содан кейін жапқыш жабылады )

Мақтанышым-Тәуелсіз ел Қазақстан

2-жүргізуші: Ассалаумағалейкум, халқым менің,

Ардақта дәстүрінді, салтынды елім.

Мереке басы болсын берекенің,

Игі еңбек жемісінің бәрін жегін

1-жүргізуші: Әр дәуірдің еркіне сай

Нарқы өзгерген алтынның.

Айналайын , алтын әнім,

Жас өркені халқымның.

Желтоқсанда шындық жырын

Шырқаймын деп шарқ ұрдың

Желтоқсанда егеменді

Ел болсақ деп талпындың.

Мақтанышым-Тәуелсіз ел Қазақстан

Армысыздар ,құрметті ұстаздар, ата-аналар және Тәуелсіз еліміздің ұрпағы. Бүгін Отанымыз Қазақстанның тәуелсіздігіне арналған « Мақтанышым-Тәуелсіз Қазақстан! »атты концерттік бағдарламамызға қош келдіңіздер!

2-жүргізуші: Тәуелсіздік!!! Ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған -Тәуелсіздік! Тәуелсіздік жолында халқымыздың басынан қандай оқиғалар өтпеді. Халық қамы үшін

қан кешіп, құрбан болған ерлеріміз қаншама!

1-жүргізуші: Тәуелсіздік онай бізге келмеді,

Жұртым менің не қиындық көрмеді.

Жылап тұрып аналарым бұл жолда,

Сан перзентін қара жерге жерледі.

Бақтың құсы әр адамға қонып бір,

О, тәңірім, бізді баққа жолықтыр

Бүгін міне тәуелсіздік ағайын

Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр.

2-жүргізуші: 1986 жылдың ызғарлы желтоқсаны қазақ халқының қасіреті де қасиеті де жетерлік тарихына айналды. 70 жыл бойы құлдырауға маталған қазақ халқы 1986 жылдың желтоқсанында тар жол тайғақ кешуден өтті.

1-жүргізуші: Иә, бостандық, теңдік ,тәуелсіздік өз бетімен келген жоқ!Қаншама адам құрбан болды. Дүниені дүр сілкіндірген 1986 жылғы желтоқсан!Ол бір жан тіршігерлік оқиға қазақ халқының мәңгі есінде қалды. Желтоқсан -елімнің болашағы, бостандығы, егемендігі үшін болған күрес.

( Содан кейін Мереке желтоқсан туралы өлең оқиды )

Мақтанышым-Тәуелсіз ел Қазақстан

2-жүргізуші:1986 жылы 17-желтоқсанда Алматы қаласында мыңдаған қазақ жастары наразылығын білдіріп шеруге шықты. Олар « Қазақ елінің өз көсемі сайлансын » деген тілек білдірді.

1-жүргізуші: Сол кздегі үкімет басшыларының бұйрығымен күш көрсетілді..Оларға зәбір көрсетілді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп шеруге шыққан жастарға «бұзақылар», « ұлтшылдар »,

« нашақорлар » деген кінә тағылды. Көптеген жастар түрмеге қамалды.Солардың ішінде Қайрат Рысқұлбеков, Ляззат Асанова, Сабира Мухамеджанова және Ербол Сыпатаев сияқты қазақтың қара көздері болды.

( Осы уақытта, гүлдерімен қолында 4 оқушы шығып желтоқсан батырларына арнап өлеңдер оқылады . Оқып болғаннан кейін :)

Мақтанышым-Тәуелсіз ел Қазақстан

Мақтанышым-Тәуелсіз ел Қазақстан

2-жүргізуші:Желтоқсан оқиғасының батырларын еске алып 1 минут үнсіздік жариялаймыз.

( Содан кейін 4 оқушы гүлдерді 4 сүреттің қасына қояды )

1-жүргізуші: Тәуелсіз ел!

Қараймын да , тамсанам,

Жылдарды осы ата-бабам аңсаған,

Көрген ұрпақ бірімін мен сондықтан

« Бақыттымын »деп айқалап жар салам.

Мақтанышым-Тәуелсіз ел Қазақстан

( Рыскуль шығып өлең оқиды, содан кейін

Нұрмухан шығып « Қазақ десем...» өлеңін оқиды )

Мақтанышым-Тәуелсіз ел Қазақстан

Ән «Жаса ,қазақ! » Елбол және Нұршат

Мақтанышым-Тәуелсіз ел Қазақстан

2-жүргізуші: Елімнің атын айтсам-Қазақстан!

Жерімнің атын айтсам -Қазақстан!

Қойнауы қазынаға толған мекен,

Байлығын атын айтсам-Қазақстан

Мерейім нұрлана бер, азат күнім,

Көрейін бақытымның азаттығын.

Таңымды тамылжытқан бостандықтан

Танылды бар әлемге қазақ бүгін.

Сахнада 8-класс оқушылары, қарсы аламыз!

Мақтанышым-Тәуелсіз ел Қазақстан


Мақтанышым-Тәуелсіз ел Қазақстан

1-жүргізуші: Тәуелсіздік жолында: Кеше ( Асылзат оқиды )

2-жүргізуші: Бүгін ( Арман )

1-жүргізуші: Ертең ( Наргиз )

Алдарыңызда 6-класс оқушылары( би )

2-жүргізуші: Шаппақ атып

Тәуелсіздік нұр таңы,

Арайланып атқалы әне тұр тағы

Өз бақытын Отан бағынан жоғары

Қойған қазақ- емес қазақ ұрпағы.

Ортаға 7- класс жігіттерін шақырамыз.( ән )

Мақтанышым-Тәуелсіз ел Қазақстан

1-жүргізуші: Бәрікелді! Ал сен білесің бе? Биыл Тәуелсіздігімізге неше жыл болды?

2-жүргізуші: Әріне білемің, бірақ сен оны меннен емес, көрермендерден сұрап көрсенші!

1-жүргізуші: Ал енднше, құрметті көррермен, сұрақтарыма жауап беріңдер: -Тәуелсіздікке неше жыл болды?

-Тәкелсіздікті қай жылда алдық?

-Тәуелсіздік күні-қай күні?

-Тәуелсіздік сөзі неше әріптен тұрады?

-Желтоқсан оқиғасы қай жылы болған?

2-жүргізуші: Жарайсыңдар! Біздің көрермеңдер бәрінен хабарда екен.Олай болса әрі қарай жалғастырайық. Алдарыңызда 9-класс оқушысы Абдыкаликова Диана. ( Ән )

Мақтанышым-Тәуелсіз ел Қазақстан

1-жүргізуші: Тату өмір Тәуелсіздік еңгелі,

Мәңгі қазақ жасау тиіс енді елі.

Жанын, қанын алмаған сан ғасыр

Мұнда жатыр бабалардың еңбегі.

Мұнда жатыр күресумен өткен қазақ бар уағы

Ұлылықты таңдауы мен ұлылықтан танбауы.

( 7-класс қыздары шығып би билейді )

2-жүргізуші: Қазақстан-менің асыл аймағы

Қуантады күнге құшақ жайғаның

Өзін едің көз тоймайтын алтын бақ

Құлпыра бер, құлпыра бер жарқырап.

Шалқы қазақ, шалқытып заман келді

Текке қанын төккен жоқ Амангелді.

Кең даланда керіліп, атыңды атап,

Жырлап қазақ жаңа күй, жаңа ән келді.

Сахнаға 3-класс оқушыларын Келдібай Диас пен Елеусіз Бөкейханды шақырамыз. Ән « Егемен ел -Қазақстан !»

Мақтанышым-Тәуелсіз ел Қазақстан

1-жүргізуші: Арайлап өлкемізде нұр таң атты,

Баянды Тәуелсіздік салтанатты

Тәуелсіз Қазақстан, ынтымағы жарасқан

Жасампаз халқыма, мың алғыс Алаштан!

Елімнің берік ұстап көк байрағын

Елбасым, болашаққа бел байладың.

Әуелде қазақ деген халық барын,

Танытар әдет-ғұрпын, ел жайларын.

2-жүргізуші: Армандарды жақындатып тым алыс

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егемендік-ел бақыты, ертеңі

О, халайық, құтты болсын қуаныш!

«Жаса ,Қазақстан !» әні

Мақтанышым-Тәуелсіз ел Қазақстан

1-жүргізуші: Осымен концертіміз аяқталды. Мейрамдарыңыз құтты болсын! Сау болыңыздар !

Мақтанышым-Тәуелсіз ел Қазақстан

© 2010-2022