С. Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасындағы Сұлушаш образы

«Орал өңірі» газетінің тілшісі: Құрметті конференция қонақтары! Бүгінгі жиынымызға тарихшы ғалымдар, әдебиетші ғалымдар, психолог ғалымдар, этнограф ғалымдар және қоғамтанушы ғалымдарымыз шақырылып отыр. Және бүгінгі конференциямыздың жұмысына баға беретін сарапшы ғалымымыз Қадырова Айнұр Сапуанқызы. Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін. Ендеше слайдқа назар аударайық.   С.Мұқанов-қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасымен қалған біртуар тұлға. «Сұлушаш» поэмасы- соны көркемдік мұратымен бағаланған туы...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: Қазақ әдебиеті

Сыныбы: 10

Тақырыбы: С.Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасындағы Сұлушаш образы

Мақсаты: Поэманы талдай отырып, оның еңбектерінің өміршеңдігін таныту,

Ақынның идеялық мақсатын ашу.

Зерттеушілік қабілетін, шешен сөйлеуін дамыту. әдеби сөйлеу тілдерін дамытып, ой - өрістерін кеңейту, шығармашылыққа жетелеу,

Адамгершілік, жанашырлық, мейірімділік, адалдық қасиеттерге баулу.

Түрі: баспасөз сабағы

Әдісі: сұрақ-жауап, ізденіс

Көрнекілігі: Жазушы шығармашылығына арналған слайд

Сабақ барысы.

Ұйымдастыру.

Сарапшы ғалым:Бүгінгі «Сұлушаш-еркіндік аңсаған қазақ қызы» атты конференциямызға қош келдіңіздер! Осы жиында келелі ой, тың пікір айтылады деген сеніммен конференцияны ашық деп жариялаймын. Жүргізу құқығын тілшімізге тапсырамын.

«Орал өңірі» газетінің тілшісі:

Құрметті конференция қонақтары! Бүгінгі жиынымызға тарихшы ғалымдар, әдебиетші ғалымдар, психолог ғалымдар, этнограф ғалымдар және қоғамтанушы ғалымдарымыз шақырылып отыр. Және бүгінгі конференциямыздың жұмысына баға беретін сарапшы ғалымымыз Қадырова Айнұр Сапуанқызы. Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін. Ендеше слайдқа назар аударайық.

С.Мұқанов-қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасымен қалған біртуар тұлға. «Сұлушаш» поэмасы- соны көркемдік мұратымен бағаланған туындылардың бірегейі. Шығарма негізіне өмірде болуы мүмкін оқиғалар алынғанымен, қаһармандардың суреттелуінде, күрес жолдарының баяндалуында романтикалық тәсілге тән көріністер ұшырайды. Бірақ «Сұлушаш» поэмасы-трагедиялық шығарма. Поэманың шешімі Қозы мен Баян сұлу, Қыз Жібек пен Төлеген тағдырларын еске түсіреді.

1. Жұмысымызды бастамас бұрын поэманың мазмұнын пысықтап алайық.

1. « Сұлушаш» поэмасы қандай мәселені көтеріп отыр?
2. Поэманың оқиғасы кімдердің төңірегінде құралған?
3.« Сұлушаш» поэмасына ұқсас поэмаларды ата /«Қалқаман - Мамыр», «Қамар сұлу», «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш - Баян сұлу», «Еңлік - Кебек»/

Енді кезекті ғалымдарымызға береміз.

Қоғамтанушы ғалым-Сұлтан

Поэмадағы негізгі мәселе-таптық теңсіздік. Байдың қызы Сұлушашқа кедей жігіті Алтайдың ғашықтығы жолындағы тас бөгет-бұлардың ата-аналарының арсындағы дүние-мүлік теңсіздігі, тұжырып айтқанда, таптық кереғарлық.Ақын коммунистердің байларға қарсы жүргізілген қатал саясатын қолдайды, сондықтан да күштілердің зорлығын, әлсіздердің көрген қорлығын әшкере етуді алдына мақсат етіп қойған. Оны ақынның:

Жалғанда табынатын тәңірім-табым,

Табым десем, қозады аруағым.

Менің табым еңбекші, еңбек ері,

Онсыз менде көрген күн-бұлдыр сағым,-деген жолдары дәлелдейді.

Ақын барлық өмір құбылыстарына таптық көзқарас тұрғысынан баға береді. Бай мен кедейді салыстыра көрсетіп, теңсіздікті әділетсіздік деп түсінеді.Алтай бейнесін суреттеуде:

Сол бір беткей бетінен қайтпаймын деп,

Жасында талайлардан тепкі көрді.

Бала күннен әлдінің қылығы өтіп,

Жас күнінен өзегі өртті болды,-деген жолдарда да Сәбит байлардың халыққа жасаған қиянатын суреттеген.

Шұнақ пенен Тезек те қосты көңіл,

Құлдық, күңдік болса да көрген өмір.

Өздерінше қызықты дәурен сүріп,

Тәтті өмір тәрізді болды о бір.

Шөккен түйе, көгенді қозы арасы,

Жататұғын мекені күл мен көмір, -деген суреттеуде кедейшілік өмірдің шындық ізі жатыр.

Әдебиетші ғалым-Дарын:

Ақын қазақ болмысына тән ерекшелікті ақын ауыл суреті арқылы бейнелейді.

Түйелер ұйықтап мойнын жерге салып,

Күйсеп сиыр ыңырсып, демін алып.

Көлбақаға үн қосып лақ-теке,

Жардан төмен құлайды домаланып,-делінген.

Алтай бейнесін:

Қозы бақты, қой бақты, отын жақты,

Ерте тұрып үнемі кешке жатты.

Құлдан туған неме деп көзге шұқып,

Кім көрінген бір сабап шырылдатты,-деп суреттеуінде ақынның кедейдің өмір бойы көрген қиындығын жырлағаны анық.

Поэманың өмір шындығынан алынуы «Сұлушашты» елеулі туындылар қатарына қосады.

Этнограф ғалым-Гүлжайна

С.Мұқанов қай жанрда қалам тартса да қазақы салт-дәстүрді шебер өрнектеген. Поэмадағы негізгі кейіпкер-Сұлушаш. Қазақ бабамыз қызды үйдің қонағы деп төрге отырғызып, бетінен қақпаған. Оның бар сән-салтанатын арттырып, құрмет тұтқан. Сұлушаш портретінен осыны аңғаруға болады.Мысалы:

Қаламмен жалғыз сызық тартқандай боп,

Қиылды қап-қара боп қиғаш қасы.

Қарақат көз, қыр мұрын, ұзын кірпік,

Тістері меруерттің тізген тасы.

Басына бәт құндыздан киді бөрік,

Тізеден қара шашты жіберді өріп.

Шеберге шашын ылғи маржандатты,

Бір рет өргеніне бір ат беріп,-деп жырланған. Бір жағынан байдың қызынан ештеңе аямайтын дәулеті паш етілсе, екінші жағынан қазақ қызының тек шаш өруінің, оны күтуінің өзі үлкен сын екені айтылады.

Этнограф ғалым-Аяжан

-Иә, осы орайда айта кетейін. Жалпы қазақ қызының киім киісі, жүріс-тұрысы арқылы сөйлемей-ақ көп нәрсені ұқтырған. Шаш өру сәнін алсақ, егер бір өрім болса, қыз ата-анасының үйінде, оң жақта дегенді білдірген. Ал қос өрім етіп, ұштарын қосып байлап қойса, ол біреудің некелі жары дегенді ұқтырса керек. Қызын көріп, айттыруға келген кездің өзінде жігіттің ата-анасы қазақ қызының шашындағы шашбауының сылдырына қарап мінезін ажыратқан. Шашбау жайымен сыңғырап естілсе, мінезі салмақты деп санаған. Бұл ата-бабамыздың өмірден алынған тәрбие философиясы. Қазір сол тізеден төгілген қолаң шашты бұрымды қыздар азайып бара жатқандай болып көрінеді.

Филолог ғалым- Тілеген:

Поэмада көркемдік құралды ақын орынды пайдаланған.

Төрт түлік мал өргенде құрттай қайнап,

Құмырсқадай жыбырлап жапқан жерді,-деп Тілеубердінің байлығын сәтті теңеулер арқылы бейнелеген. Сұлушаштың сипатын туған айдай, тістері меруерттей, мойыны аққудай, белі құмырсқадай, тамағы торғындай деп қазақ қызына ғашық қылады.

Суретші ғалым-Лунара:

Жалпы қазақ аруының бейнесі талай ғажап туындыларды дүниеге әкелген. С.Мұқановтың ерекшелігі қазақ қызының бейнесін сөзбен көз алдымызға келтіруінде. Бұл-ақындық шеберлік. Мен болашақта суретші болуды армандаймын. Жалпы әйел ана образдары маған үлкен шабыт береді. Өз қолыммен салған ару қыз бейнесін тамашалаңыз. «Абай жолын» оқып шыққан француз Бержерон Матип қазақ даласының сұулығына, қазақ қыздарының көркіне тамсанып, өзінің қалай қазақ болып кеткенін білмей қалдым деп жазды. Қазақ арулары жан сұлулығымен ерекше сияқты.

Психолог-ғалым-Айдос

Поэмада Алтай, Қайсар, Сұлушаш сынды еркін ойлы, өз мүддесі үшін күресуге қабілетті өжет жандардың бейнесі жасалған .

Бір доғал, жасынан бір бетті болды,

Кекшіл қасқыр секілді кекті болды.

Аузынан шыққан сөзден қайтпайтұғын,

Сөз ұстағыш, қажырлы, сертті болды. Бұл-Алтай бейнесі. Ақын көкжал қасқырға теңеу арқылы оның мықты да өр мінезін аңғартады. Алтайдың:

Сұлушаш жанған жұлдыз маған бола,

Көрсетіп жарқын нұрын әуре еткен.

Жасырып сенен сырды не қылайын,

Сұлуды аламын деп мен ант еткем.

Адам болып өмірде жасау қиын,

Таятын болсам егер осы серттен,-деуінде жігіттік сөзді өмірінен де жоғары қоятын өжеттілік байқалады. Бұл-біз үшін өнеге. Бұл Алтай мінезінің тұрақты екенін танытады.

Әдебиеттанушы ғалым-Рамир

Осы поэманың шығу тарихының өзі құпияға толы. «Сұлушаш» - өлеңмен жазылған роман деп жазылсын»- депті С. Мұқанов. Поэманың бар оқиғасы Алтай мен Сұлушаштың төңірегінде құрылған. Яғни, осы екі жастың сүйіспеншілігі, бір - біріне махаббаты жырланады. Трагедия Сұлушашты Алтайдан айырудан басталады. Екеуінің албырт сезімдерін феодалдық қара күш аяққа таптап жаныштайды. Сүйгенінен айырады. Ақырында қуғын - сүргін көрген Алтай мен Сұлушаш қайғыдан құса болып, азапта өледі.
Шығарма халықтық «Сұлушаш» эпосының негізінде жазылған. Себебі Сәбит Мұқанов кішкентайынан халық эпостарын жаттап өскен. Бұлай деп айтатын болсақ, негізгі кейіпкер Сұлушаштың прототипі Мариям екенін дәлелдеу қиынға соғады. Бірақ С. Мұқанов эпос желісіне сүйене отырып, кейіпкерлерді өзі араласып жүрген ортадан алып суреттеп, бейнелейді. Бір таң қалатын нәрсе ақын: осы дастан туралы «Сұлушашты» сенің алтын шашыңа арнадым, Мәриям»,-деп жазған. Ал Мариям-ақынның жары. Сонда бұл дастанды махаббаттың негізі болған қыз, ару, әйелдерге арналған шығарма деп қабылдауға болатын сияқты.

Әдебиеттанушы ғалым-Батырхан

Осы орайда мен де пікір қосайын. Көркем шығарма сөз жоқ, өмірден алынады, бірақ ақын болсын, жазушы болсын өзінің қиялы негізінде дамытады. «Мен маңғаз Алтайды құлдың баласы, өмірі кісі есігінде мехнат көрген батырақ еттім. Құлдың баласына ғашық Сұлушаш сүйіктісімен елге сыймай, тағы тауға барып паналаған болып шықты. Қайсар, Ермектерді жанымнан қостым да, сюжет құрдым»,- дейді С. Мұқанов. Бұл поэмадағы кейбір оқиғалардың ақынның идеялық мақсатына байланысты өзгерткенін дәлелдейді.
Сергіту сәті.

Біздер қай ғашықтық дастанды оқысақ та, оқиғаның өтетін мекені өзен, сулармен байланысып дамиды. Мына ребустарды шешіп көрейік.

Географ ғалым:

Жайықтың бойы-ару Жібекке мекен болған. Сол жырда:

Қыздың берген мейізі түсіп қалып,

Мейізек деп тау атын қоя сапты.

Алып шыққан шідері түсіп қалып,

Шідерті деп су атын қоя сапты,- деген жолдар бар. «Сұлушаш» дастанында Талас, Есіл, Теңіз деген өзен атаулары кездеседі.

Тілші:

Қазақта жеті ғашық деген ұғым бар. Ләйлі-Мәжнүн, Еңлік-Кебек, ҚызЖібек-Төлеген, Қозы мен Баян. Бұлар-ұрпаққа үлгі адал махаббаттың иелері. Бірақ 7 ғашықтың қай-қайсысы да қосыла алмаған. Әйтсе де махаббат-мәңгілік тақырып. Ақындардың көп жырлайтыны да сондықтан болар. Қоғам өзгереді, өмір өзгереді, адамдар өзгереді. Өзгермейтін нәрсе-махаббат деп ойлаймын. Оны жырлаудан ақындар ешқашан жалықпайды. «Сұлушаш» поэмасы да-махаббат дастаны.

Сәбит Мұқанов-рубаилар жазудың да шебері болған.Оның шумақтарында махаббат пен зұлымдық, адалдық пен арамдық, әділдік пен әділетсіздік астасып, бір-бірімен күресіп отырады.

Ол «Махаббат» атты рубаиында:

Ол бір жалын, жаға алсаң жарқ етеді,

Жаға алмасаң жоқ болып жалп етеді.

Жанса-өмір, жанбаса-қара көмір,

Жанса-қарық, жанбаса-ғарқ етеді,-деп махаббат атты жалынсыз өмірдің қара көмірге айналатынын арқау еткен. «Сұлушаш» поэмасын оқығаннан кейін қазақ қыздарына арнап өлең жазып едім. Тыңдап көріңізші.

Зерделі ой мен тұшымды пікірлеріңізге тәнті болдық. Енді қорытынды сөз кезегін сарапшы ғалым Айнұр Сапуанқызына береміз.

Сарапшы: Құрметті конференция қонақтары! «Сұлушаш» поэмасы туралы анық та дәл деректер ұсынылды.

Ойларды зерделей келе, мынадай сұрақтар туды:

-Сәбит заманында суреттелген әлеуметтік теңсіздік қазіргі заманда көрініс бере ме, әлде мүлдем жоқ па?

-Жастардың бас бостандығы керек дейміз. Бірақ қазіргі заманда шамадан тыс берілген еркіндіктің кесірінен өкініп қалып жатқан жоқпыз ба?

Осы сұрақтар төңірегінде ойымызды тұжырымдайық.

-Сабақтан алған әсерің қандай?

Қорытынды.

Сүймеген сені азамат азамат па,

Көңілің тәрізді аппақ, таза мақта.

Бәрін айт, бірін айт та лайықсың

Қазақтың қызы деген ғажап атқа!-деп конференцияны қорытндылаймыз. Қатысушыларға рақметімізді айтамыз.





© 2010-2022