Доклад на тему Ағылшын тілін оқытудағы пәнаралық кіріктірудің тиімділігі

Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ПӘНАРАЛЫҚ КІРІКТІРУДІҢ ТИІМДІЛІГІ



САЧАНОВА АСЕМГУЛЬ НУРМАХАНБЕТОВНА

№25 Жжалпы орта білім беру мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі



«Сабақ беру үйреншікті жай шеберлік емес,

ол үнемі жетілдіруді қажет ететін,

үнемі жаңаны табатын өнер».
Ж.Аймауытов



Қазіргі заман талаптарына сай білім беру жүйесі де жетіліп, жаңа қырларын ашуда. Демек, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасында «Орта білімді берудің мақсаты - жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру», - деп айтылғандай жас ұрпаққа сапалы білім мен сапалы тәрбие беру тектік қорымызды сақтаудың алғы шарты.

Бұл орайда адамзат баласының өз ұрпағын оқыту мен тәрбиелеудің ең озық, тиімді әдістерін, тәжірибелерін жалғастырып, тың жолдар іздеу, классикалық педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту қашан да жалғаса бермек [1.76].

Сондықтан қазіргі таңда білім беру үрдісі дәстүрлі білім беру жолдарынан таянып, жаңашылдықтарға бет бұруда. Осындай жаңашылдықтардың бірі пәнаралық кіріктіру болып саналады.

Дәлірек айтқанда, кіріктірілген сабақтарды ұйымдастырып жүргізу мәселесі туындап отыр. Бір жағынан қарағанда, жоғары аталған екі ұғым бірдей сияқты, бірақ олардың айырмашылығы өте зор. Пәнаралық байланысқа бір сабақта әртүрлі екі немесе одан да көп пәндерден хабары бар, жан-жақты дамыған бір ғана ұстаздың әрекеттерін жатқызуға болады. Ал кіріктірілген сабақ деп екі әртүрлі пән ұстаздарының біліктілік және психологиялық үйлесімділігі және олардың бір пәнді тану жолында екінші пәнді қолдану шығармашылығын айта аламыз[2.35].

Кіріктірудің тиімділігі бірнеше факторларға байланысты: оқу пәндері мен тақырыптарының өзара дұрыс, сәтті сәйкесуі және үйлесуі; мұғалімнің дайындығы мен оқушылардың жұмысқа деген бағытталуы; балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, әдіс - тәсілдердің дұрыс таңдалуы және сай болуы оқушылардың білімге деген қызығушылықтарын және шығармашылықтарын арттыратын дәстүрлі емес сабақ түрі. Сондықтан кіріктірілген сабақтың құрылымы дәстүрлі сабақтың құрылымынан айырмашылығы бар.

  • Оқу мәліметінің тығыздығы, сыйымдылығы және ерекшеленеді;

  • Сабақтың әрбір кезеңінде кіріктіріліп отырған пәндердің өзара байланысуы мен бір-біріне тәуелділігі;

  • Сабақта қолданылған мәліметтің көлемінің артуы.

Мұндай сабақтарды жоспарлау және ұйымдастыру кезінде мұғалімдер келесі шарттарды ескеру керек:

  1. Кіріктірілген сабақта әртүрлі екі-үш пәннің мәліметтері біріктіріледі, сондықтан мұндай сабақтың негізгі мақсатын дұрыс анықтап алу өте маңызды. Егер басты мақсат анықталған болса, онда берілген пәндердің мазмұнынан тек сол мақсатты жүзеге асыру үшін керекті ақпарат алыну керек;

  2. Кіріктіру сабақ барысында әр түрлі жұмыс түрлерінің ауысып отыруына байланысты оқушылардың шаршауын және жалығуын болдырмайды;

  3. Кіріктірілген сабақты жүргізуде мұғалімдердің (әр түрлі пәндер жүргізетін) әрекеттері байланысты, сөздері үйлесімді, басқа сөзбен айтқанда, олар өздерінің жүріс-тұрыстарына дейін бәрін алдын ала ойластырулары керек.

Пәнаралық кіріктіру мұғалімге өзінің шығармашылығын жүзеге асыруға, танытуға және өзінің оқушыларының қабілеттерін ашып көрсетуге мүмкіндік береді. Кіріктірілген сабақтар оқушылардың мүмкіншіліктерін дамыта отырып, қисынды ойлау мен ой-өрістерін кеңейтуге, қоршаған орта мен айналадағы құбылыстарға деген көзқарастарын дұрыс қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, олар сөйлеу, салыстыру, жалпылау, қорытындылау мен дұрыс шешімдер қабылдауға негізделгендіктен, оқушылар заман талаптарына сай әр түрлі жағдайларға бейімделіп немесе оларды шешуде керекті шешім қабылдап, қоғамда өз орнын таба білетін жеке тұлға ретінде қалыптасады. Мұндай сабақтардың формасы үйреншікті емес, қызықты болғандықтан, оқушылардың зейіндерін жоғары деңгейде көрсетеді [3.28].

Кіріктіру қандай да болсын пәндердің арасында жүзеге аса алады, бірақ ағылшын тілін басқа мектеп пәндерімен кіріктіру әсіресе тиімді деп ойлаймын. Себебі, И.А.Зимняяның пікірінше, «Особенностью иностранного языка как учебного предмета является то, что он как бы «беспредметен»: ол қарым-қатынас құралы ретінде ғана оқытылады, ал тақырыптары мен жағдайлары сырттан енгізіледі. Сол себептен ағылшын тілі пәні басқа пәндерден қарағанда барлық кіріктіруге бейім [4.19].

Шетел тілін оқыту үрдісіне кіріктіруді енгізу - ең алдымен, оқушының сабақ үстінде дамуы мен оның психологиялық жағдайын ескере отырып, оқытуды нығайту мүмкіншіліктеріне бағытталған [5.49].

Пәнаралық кіріктіруге деген қызығушылығымды тәжірибелік негізінде жүзеге асыру үшін 2011 жылы мектеп бағдарламасының оқу пәндерін кіріктіру бойынша «Английский+» атты қалалық шығармашылық топтың құрамына ендім. Бұл топқа қала мектептерінің он екі ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері мен олардың басқа пәндер бойынша әріптестері енеді. 2011 жылдың қазан айынан бастап, бір оқу жылы бойы 12 ашық сабақ өткізілді.

Шығармашылық қызмет атқару нәтижесінде төмендегідей :

  1. «Gardening in England». 6 сынып (ағылшын тілі және биология);

  2. Н. Лесков «Призрак инженерного замка». 6 сынып (Ағылшын тілі және словесность);

  3. «Рационалды сандар». 6сынып (ағылшын тілі және математика);

  4. «In the flat». 5 сынып (ағылшын тілі және информатика);

  5. «What are fossils?». 5 сынып (ағылшын тілі және тарих);

  6. «The political system of Great Britain». 10 сынып (ағылшын тілі және құқықтану);

  7. «Degrees of comparison of adjectives». 6 сынып (ағылшын тілі және орыс тілі);

  8. «Parts of body». 3 сынып (ағылшын тілі және өзін өзі тану);

  9. «Подготовка к сочинению по картине А.Д.Дузельханова «Томирис». 6 сынып (ағылшын тілі русская және речь);

  10. «First persons». 6 сынып (ағылшын тілі және тарих);

  11. «По страницам романа «Робинзон Крузо» Д.Дефо». 7 сынып (ағылшын тілі русская және речь);

5-сыныптың тарих пәнімен кіріктіре отырып, «What are fossils?» тақырыбында өткіздім. Төменде сол сабақтың қысқаша құрылымы көрсетілген:

Тақырыбы: «What are fossils?»

Мақсаттары:

Білімділік: Көне қазбалар тақырыбы бойынша өткенді пысықтау. Өткен шақты қайталау.

Дамытушылық: сөйлеу, жазу, тыңдау, оқу дағдыларын дамыту, мысал келтіру арқылы оқушылардың өз ойларын жеткізуге ынталандыру.

Тәрбиелік: шет тілге және тарих пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, балалардың бір-бірімен достық қарым-қатынастарын тәрбиелеу, өздігінен жұмыс істеуге бейімдеу.

Міндеттері:

· Пән аралық байланысты көрсету;

· Топпен жұмыс жасауды дұрыс ұйымдастыру;

Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ

Сабақтың типі: өткенді пысықтау, қайталау.

Әдістері: мәтінді тыңдау, сұрақ - жауап, таратпаларкамен жұмыс, рөлдік ойын

Жұмыс түрлері: тақтамен, топпен жұмыс, фронтальды жұмыс, жекедара, оқушыларды сергіту жұмысы

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, фото көрініс, бейне материал, карточкалар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Good morning, children! How are you today? Who is on duty today? What date is it today? Who is absent today? Сәлеметсіздерме, балалар!

II. Оқушыларды ынталандыру

Балалар, сендер бүгінгі екі сабақтың байланысы қандай және оларды байланыстырудың қандай қажжеттілігі бар деп ойлайсыңдар?

ІІI. Сабақтың тақырыбын анықтау

Интербелсенді тақтада әр түрлі археологиялық қазбалардың суреттері көрсетіледі.

Teacher: Children:

How do you think what is this? - This is a skeleton.

These are bones.

This is a model.

This is an ancient city.

And how do you think what are these in general? These are fossils.

IV. Бейне материалды көру

So, now you'll watch the video material and listen to it very attentively then you'll do the task according to the information on that video.

The task:

  1. Fossils are the bones or shells of dead animals.

  2. Some fossils are 500 million years old.

  3. Fossils tell us about the past.

  4. You can find them on mountains, in seas and on beaches.

  5. You can visit museums to look at fossils.

  6. You can also go on a special fossil hunting trip.

  7. A geologist knows all about fossils.

V. Тақтамен жұмыс

Ал енді балалар тарих пәнінен өткенімізді қайталайық. Тақтадағы термин сөздерді берілген анықтамалармен сәйкестендіріңдер

Қазбалар, археология, археолог, заттай деректер

VI. Сергіту сәті "Head and shoulders…"

VII. Үй тапсырмасын тексеру

The competition between the leaders - information about Past simple

Other pupils will share with the news about fossils (home task)

VIII. Карточкамен жұмыс (грамматикалық тапсырмалар)

Open the brackets and put the verb into the Past Simple.

We ___________(not to go) to school today. We _________ (to go) to the museum with our teacher. We ___________ (to see) animal skeletons and bones. Also we _____________ (to learn) all about how they _________ (to live). I __________ (to like) the stories about different disappearing animals. It _________ (to be) brilliant fun.

IX. Рефлексия.

Make up the dialogue "What are fossils?" using Past Simple.

X.Үй жұмысы: Write a short composition on the theme "How did I like our lesson?"

Сабақты қорытындылау

Did you like our lesson? Why?

The lesson is over, good bye.

Бұл сабақты дайындау, өткізу барысында көптеген қиыншылықтар туындады, бірақ пәнаралық кіріктіру тақырыбы бойынша әдістемелік журналдар мен ақпараттық технология көздерін қолданып, бар мәліметпен таныстым. Енді осы оқыған теориялық білім мен өз басымнан кешірген тәжірибемді ескере отырып, келесі нәтижеге келдім.

Ағылшын тілін оқытуда пәнаралық кіріктірудің тиімділігі екі жақты жүзеге аса алады: егер лексикалық тақырыптарды қарастыратын болсақ, онда ағылшын тілін ауызша пәндермен (тарих, география, биология, әдебиет және т.б.) кіріктіруге болады, ал грамматикалық тұрғыдан қарастырсақ, ағылшын тілін басқа тілдермен кіріктіре аламыз. Себебі кіріктіру қазақ, орыс тілдері мен шетел тілін бір-бірімен салыстыру нәтижесінде жүзеге асады [6.75].



Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Кулагин П. Г. Межпредметные связи в обучении. - М.: Просвещение, 1983.

  2. Федорова В. Н., Кирюшкин Д. М. Межпредметные связи - М., Педагогика, 1989

  3. Колягин Ю.М., Алексеенко О.Л. Интеграция школьного обучения // Начальная школа. 1990. № 9. С. 28-32.

  4. Леонтьев А.А. Преподавание иностранного языка в школе: мнение о путях перестройки // Иностранные языки в школе.- 1988. -№ 4

  5. Махмутова Е.Н., Батина М.Г. Интегрированный урок по теме "США: Природа, города, население, сельское хозяйство"// Иностранные языки в школе. - 1997, №4.

  6. Сердюкова Н.С. Интеграция учебных занятий в начальной школе. // Начальная школа. 1994. № 11. С. 45-49.

Бұл жұмысты дайындау үшін referat.ru сайтының материалдарынан алынды.

© 2010-2022