Статья «Қазақ әдебиеті сабақтарында жаңаша технологияларды қолдану арқылы оқушыныңтанымдық қызығушылығын арттыру жолдары»

Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

АБАЕВА КАРЛЫГАШ ЗИНУЛЛАЕВНА

Жалпы орта білім беретін №17мектеп-гимназия, Ақтөбе қаласы

«Қазақ әдебиеті сабақтарында жаңаша технологияларды қолдану арқылы оқушыныңтанымдық қызығушылығын арттыру жолдары»

Орыс тілді мектепте әдебиет сабағында оқушылардың танымдық қызығушылығын қалай қалыптастырып отыруға болады?Мен үшін бұл ең негізгі мәселе.Себебі жеке тұлға қалыптастыруда өзіндік орны ерекше «Қазақ әдебиеті»пәнінің міндеті:

-оқушылардың рухани -адамгершілік қасиетін байыту және эстетикалық танымын кеңейту, оқырмандық мәдениетін қалыптастыру;

-өмірдегі кездесетін жағдаяттардағы мәселені шешуде қазақ әдебиетінен алған білім мен тәрбиенің игі нәтижесін пайдалануға,өз өмірлеріне қолдануға үйрету;

-ойын еркін,шешен жеткізе алу, әдеби-теориялық білімін жазба жұмыстарда сауатты қолдана алу біліктілігін қалыптастыру немесе ауызша айтылғанды қабылдай алуын, ойын ауызша жеткізе алуын , жазылған мәтінді,ақпаратты түсіне алуын және өз ойын жазбаша жеткізе алу қабілетін дамыту.

Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін қазақ әдебиеті пәнін оқытуды жетілдіру,жаңа технологияларды қолдану арқылы әдебиет пәніне деген танымдық қызығушылығын ,оқыту сапасын арттыру- бүгінгі күн талабы. Қазақ әдебиеті сабағында оқушылардың білімге деген қызығушылықтарын арттыру , терең ойлау қабілетінің белсенділігін қалыптастыру оқытудың жаңа технологиялары арқылы жүзеге асуы шарт.

Сондықтан жалпы білім беретін мектеп қабырғасында әр оқушының болашақтағы өз болашақтағы өз бағытын дұрыс белгілеп,саралай білуі үшін оларға берілетін білім өзегінде , өзіндік сана, көзқарас, дүниетаным мен сенім қалыптастыруда, сондай-ақ, қай ортаға болсын тез бейімделіп, жаңа ақпараттарды тез қабылдап,қорытынды жасай алатын тұлғаны қалыптастыра білу -қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімінің міндеті.

Күнделікті әдебиет сабақтарымда сыни тұрғыдан ойлау стратегияларын пайдалана отырып, оқушының терең білім алып,берілген жауаптарға күмәнмен қарай отырып, өз шешімін қабылдауға, тәртіптілікке дағдылануын,өз-өзін реттей алатынын байқадым. Оқушының бойындағы сабаққа деген құлшынысын,қызығушылығын,берілген тапсырмаларға бірлесе жұмыс істей алатынын,іскерлік пен ізденімпаздық қасиеттердің бар екендігін аңғардым.

Назарларыңызға 9 -«А» класында әдебиет сабағында «Ыбырай Алтынсарин және оның «Бақша ағаштары», «Мейірімді бала», «Атымтай Жомарт» әңгімелері» атты тақырыпқа өткізген сабағымды ұсынамын.

Сабақтың мақсаты:а)білімділік: Ы.Алтысариннің шығармашылығымен терең танысу;ұсынылып отырған әңгімелердің мазмұнымен танысу, жазушының әңгімелеріне қызығушылық таныта білу;

ә)дамытушылық: оқушылардың ауызша сөйлеу мәдениетін,ой-өрісін,есте сақтау қабілетін дамыту;

б)тәрбиелік: оқушыларды еңбекқорлыққа, үлкендердің, ата-ананың айтқан ақыл-кеңесіне құлақ түруге,әдептілікке,мейірімділікке шақыру.

Сабақтан күтілетін нәтиже:

Оқушы орындай алады:оқушылар Ы.Алтынсарин өмірбаянымен, шығармашылығымен толығырақ танысады,әңгімелерінің мазмұнын ашады;

Диалог кезінде бір-бірімен пікір алысып,сөйлеу мәдениетін шыңдайды;

Еңбек етуге, ата-ананың сөзін жерге тастамай құрметтей білуге,мейірімділік танытуға үйренеді.

Сабақта қолданылатын технология: ақпаратты -коммуникациялық , сыни ойлауды дамыту технологиясы,әдіс-тәсілдердің түрлері: СТО стратегиялары,топтық жұмыс түрлері.

Сабақ ресустары:интерактивті тақта,оқулық, маркер,стикер,постер қорғайтын ақ қағаз.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру сәті: Оқушыларды қарсы алып,оларды түгендеп болған соң,ортаға оқушыларды шақырып шаттық шеңбер құрып,бір-біріне жүрек жылытатын сөздер айтуға шақыру. Содан соң оқушыларды түрлі қағаздардың түсімен 3 топқа бөлемін. Әр топ орындарына барып,топтың атын ойластырады.1-топ: «Армандастар»,2-топ: «Талаптылар»,3-топ: «Қырандар»

І.Қызығушылық ояту сәті:

Мұғалім

Не білдім?

Не білгім келеді?

ІІ.Мағынаны ашу.

Сабақтың бұл бөлімінде мұғалім Ы.Алтынсариннің өмірбаяны мен шығармашылығы туралы интерактивті тақтадан таныстырылым жасап толық мәлімет береді. Сөздік жұмысын жаңа сөздермен сөз тіркестерін, Сөйлем құрастырып өткізуге болады. «Сұрақ қою,қайта сұрақ қою»әдісі арқылы оқушы өз бетінше ойлап,ақпаратты меңгере алады.

Жаңа тақырып бойынша әр топ бір-біріне қарама -қарсы сұрақтар дайындайды. Оқушыларға алдын-ала сұрақтардың күрделі болуын түсіндіріп кетемін.Мұндай жұмыс түрі арқылы диалог жұмысын ұтымды ұйымдастыруға болады.

1-топтың сұрақтары:1.Ы.Алтынсаринге нағашы атасы қандай тәрбие берді?

2-топтың сұрағы: Мектепті үздік бітірген соң, Ыбырай алдына қандай мақсаттар қояды?

3-топтың сұрағы: Ақын,жазушы, Ұстаз балаларға жазған шығармаларында нені көздейді?

Келесі жұмыс түрі Ы.Алтынсариннің әңгімелерімен танысу жұмыстарын «Жигсо»әдісі арқылыұйымдастыру.Әр топтағы оқушыларды сараптау топтарына №1,№2,№3 бөлу.Сараптау тобында талқылау,күрделі жерлерін мұқият түсініп,осы үзіндіні өз жанұя мүшелеріне қайтып келгенде ұғынықты жеткізудің жолдарын қарастырады.№1+1+1-оқушылар «Бақша ағаштары»әңгіменің мазмұнымен жұмыс жасайды.№2+2+2-оқушылар «Мейрімді бала»әңгіменің мазмұнымен танысады.№3+3+3-оқушылар «Атымтай Жомарт»әңгіменің мазмұнымен жұмыс жасайды.Берілген 20минуттан кейін оқушылар өз тобына келіп білген мәліметтермен өз тобындағы балаларды мазмұнымен таныстырады.Қажет болса,мәтін бойынша сұрақтар қоюға болады,немесе басқа да тапсырмалар беруге болады.Осы әңгімелердің мазмұнын түсінгендері туралы білу үшін шағын көрініс дайындатуға болады.Көріністі оқушылар өздері критерийін құрастырып,бағалайды.Әр топ ватманға әңгіменің мазмұнын сурет арқылы бейнелеп,постер қорғайды.

Сабақты «Венн диаграммасы» әдісі бойынша қорытындылауға болады.Берілген стикерлерге сабақтан әсерлерін жазып қалдырады,сабақтың басында толтырылған «Не білдім?Не білгім келеді?»кестені толтырып, мұғалімге тапсырып кетеді.Келесі сабақққа мұғалім дайындалғанда оқушылардың тілектері ескерілу керек.

Үш әңгімеде автордың ортақ идеясы:еңбекті дәріптеу,мейірімділік,адамгершілік мәселелерін көтереді. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін үйге «Мейірімділік,еңбексүйгіштік,адамгершілік қасиеттерді қалай түсінесің?деген тақырыпқа эссе жазу тапсырмасын беруге болады.

© 2010-2022