Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері

Раздел Иностранные языки
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:

Сынып: 7

Пән: қазақ тілі

Тақырып: Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік рәміздері

Мақсаты:

  1. Білімділік - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері туралы білімдерін толықтыру;

  2. Дамытушылық - қисынды ойлау әрекеттерін дамыту, өз ойын тиянақты, дәл жеткізе білуге үйрету, сөздік қорын байыту, дұрыс айту, сөйлеу мүмкіндіктерін жетілдіру;

  3. Тәрбиелік - туған Отанды сүю, қастерлей білу сезімдерін қалыптастыру, мемлекеттік рәміздергемақтаныш, сүйіспеншілік сезімдерін туғызу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Әдістер: сөйлесу, сұрақ-жауап,ойлау, әңгімелесу, ой- қозғау

Көрнекілік: слайд, суреттер, деңгейлік тапсырмалар.

Сабақтың барысы


1. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу

Әнұранды орындау

2.Сабақтың мақсаты хабарлау

3. Сұрақ- жауап сәті

-Сәлеметсіздер ме балалар!

-Отырыңдар.

-Бүгін сыныпта кім кезекші?

-Сыныпта кім жоқ?

- Жақсы, отыра ғой.

- Оқушылар үйге не берілді?

4.Үй жұмысын тексеру

Ережені айтып береді

Үй жұмысы қорыту.


Жаңа тақырыпты түсіндіру

Слайд арқылы

Сұрақ- жауап

  • Біз тұратын мемлекет ...

  • Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?

  • Қазақстан Республикасы қай жылы өз Тәуелсіздігін жариялады?

  • Қазақстан Республикасының Рәміздерін ата.

  • Қай жылы қабылданды?

Тіл дамыту

  • Ту туралы

  • Мақалды жатқа айту

Мәтімен жұмыс

  • Мемлекеттік әнұран - елдіктің белгісі, егемендік пен еркіндіктің ресми рәмізі. Қазақстан Республикасының жаңа әнұраны осындай қасиетті туынды. Ол 2006 жылдың 6 қаңтарында Парламен Мәжілісі мен Сенатының бірлескен отырысында қабылданды. Тұңғыш рет жаңа әнұран 11 қаңтарда орындалды.Әнұранның сазын, әуенін, яғни музыкасын жазған - "қазақ вальсінің королі" атанған атақты қазақ композиторы Шәмші Қалдаяқов. Ал сөзін жазған көрнекті Жұмекен Нәжімеденов және оны бүгінгі тәуелсіздік кезеңге лайықтап өндеген - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Оқушыларға суреттер көрсетемін. Сол суреттер бойынша сөз тіркестері, сөйлемдерді құрастырамыз.

Сөздік жұмыс

  • Рәміз - белгі -нышан - символика

  • Рухын көтеру - жігерлендіру- воодушевлять

  • Отырыс - мәжіліс - жиналыс - заседание

  • Жадында - есінде - ойында - в памяти

  • Серпіліс - өзгеріс - изменения

  • Рәсім - салтанатты кеш - церемония

  • Сазгер - композитор

  • Қастерлеу - сақтау - қорғау - дорожить

Біріншіден, мен сөздерді оқып шығамын. Содан кейін балалар қайталады, жазады,сөйлемдерді құрастырады.

Сергіту сәті

Деңгейлік тапсырмалар
1 - деңгей

Мына сөздерді аудар:

Флаг -

Герб -

Гимн -

Конституция -

Независимость -

Декабрь -

2 - деңгей

Сөйлемдерді аяқта.

Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін 1991 жылы 16 желтоқсанда ...

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының авторы ...

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторы ...

3 - деңгей

Рәміздер, Тәуелсіздік, Президент, Отан, Астана сөздерін қарастырып сөйлемдер құрастыр.

Бекіту

Сөйлемдерді дұрыс құрастырындар

1.Қабылданды/мемлекеттік/2006/ қаңтарда/6/жылы.

2. Әнінің/жазылды/"Менің Қазақстаным"/ негізінде/ әнұран/ жаңа.

3. Орындалды/рет/ұлықтау/алғаш/Президенттің/ рәсімінде/ 11 қаңтарда/ әңұран/ 2006/жаңа/жылы/ Ақорда.

4. /1957/әні /"Менің Қазақстаным"/ жазылды/жылы.

5. Бүкіл/ қастерлейік/ ел/ әнұранды/ болып.

Қорытынды

  • Бүгін қандай тақырыпқа әңгімелестік?

  • Сендер үшін жаңа мәлімет болды ма?

  • Естерінде не қалды?

Үйге тапсырма: мазмұны айту .

Бағалау: Әр оқушыларға баға қоямын.

-Сабақ аяқталды.

-Сау болыңыз, балалар.


© 2010-2022