Авторлық бағдарлама 6 сынып

Раздел Иностранные языки
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ағылшын тілі пәні бойынша құралған оқу-тақырыптық жоспары

6 -сынып

Жылдық сағаты - 34

Апталық сағаты - 1

р/с

с/с

Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

І- тоқсан


1

1

Дыбыстар

1

2

2

Оқудың маңызды ережелері

1

3

3

Белгілі және белгісіз артикль

1

4

4

«to be» етістігінің жіктелуі

1

5

5

Зат есім

1

6

6

Зат есімнің көпше түрі

1

7

7

Саналатын және саналмайтын зат есім

1

8

8

«to have» етістігінің қолданылуы

1

9

9

Қайталау

1

ІІ- тоқсан


10

1

Есімдік

1

11

2

Сілтеу есімдіктері

1

12

3

Сын есім

1

13

4

Сын есім шырайлары ( жай шырай)

1

14

5

«to be going to» құрылымы

1

15

6

Модальді етістіктер

1

16

7

Қайталау

1

ІІІ-тоқсан


17

1

Сан есім

1

18

2

Есептік сан есім

1

19

3

Реттік сан есім

1

20

4

Бөлшектік сан есім

1

21

5

Етістік

1

22

6

Дұрыс етістік

1

23

7

Бұрыс етістік

1

24

8

Модальді етістік «should»

1

25

9

Предлог

1

26

10

Қайталау

1

ІV- тоқсан


27

1

Етістіктің шақтары

1

28

2

Осы шақ

1

29

3

Өткен шақ

1

30

4

Келер шақ

1

31

5

Созылыңқы осы шақ

1

32

6

Созылыңқы өткен шақ

1

33

7

Созылыңқы келер шақ

1

34

8

Қайталау

1


Мақсаты

Бағдарлама мазмұны негізінде бастауыш білім деңгейіндегі шет тілін оқыту оқушылар тұлғасының қалыптасуынан және оның тұтастай дамуына, сөйлеу қызметінің негізгі түрлеріндегі қарапайым шетелдік коммуникативті құзіреттің қалыптасуына нақты бір тақырыптың минимум шеңберіндегі имоционалдық,шығармашылық,әлеуметтік,когнитивтік және тіл қабілеттерінің дамуын көздейді.

Міндеттері

  • Шет тілінде сөйлейтін жазатын адамдармен өзара түсіністік орнатуға мүмкіндік беретін қарам- қатынас құрылыс ретіндегі шет тілі туралы түсінік қалыптастыру, дыбысталатын және жазбаша мәліметтер арқылы танып білу;

  • Төменгі сынып оқушыларының лингвистикалық ой-өрісін кеңейту төменгі сынып оқушыларына қол жетімді және қарапайым деңгейде шет тілінде ауызша және жазбаша сөйлеуді игеруге қажетті қарапайым лингвистикалық түсініктерді меңгеру;

  • Тілдік материалдарды игеру барысында қарым-қатынастың модельденетін жағдайына қатысу үрдісінде рольдік ойындарда төменгі сынып оқушысының тұлғалық сапасын, оның түсінігін,ойын және қиялын дамыту





Түсінік хат

Шетел тілі біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғааралық және мәдени аралық қарым-қатынастардың аса маңызды құралы болып табылады. Мемлекеттік халықаралық байланыстардың сапалық өзерістері адамның практикалық және зияткерлік іс-әрекетінде шетел тілдерінің сұранысқа ие болу қажеттілігін туғызып отыр. Еліміздің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы артып отырған шақта ағылшын тілін еркін меңгерген, келешекте білімін түрлі саладағы қарым-қатынас жағдайында пайдалана алатын адамды мектеп қабырғасынан оқытып шығару - біздің міндетіміз. Ағылшын тілін тереңдетіп жан-жақты оқытуды қоғам, уақыт қажет етіп отыр.

Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің даму жолына түсуі ағылшын тілін жетік меңгертуді талап етеді. Ағылшын тілін оқытудың мақсаты - оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады. Сондықтан шетел тілін оқытуда ойын түрлерін пайдалану оқушының басқа тілді үйрене алмамын деген сенімсіздігін азайтып, тілді үйренуге ынтасын арттырады. Ойын түрлерін дұрыс қолданып өткізілген сабақта оқушының шетел тілін үйренуге деген ықыласы артып, сөйлеп үйренуге, оның тілін білуге ынталанады.

Дамыта оқыту - белгілі затты танып білу арқылы затты таңдаудағы өзгерістік қатынастар. Оқыту үрдісінің әртүрлі сатысында ойын түрлері де танымдық мақсатты көздей отырып, оқушының жас ерекшелігіне қарай әртүрлі формада қолданылады. Ойын түрін пайдалану арқылы жаңа материалды жеңіл, тиянақты, нақты түсіндіруге жағдай жасалып, ақпарат оқушының санасында берік сақталады. Ойын түрін қолдану оқушыға ерекше әсер етеді.

Бала - ұлттың болашағы, қоғамның байлығы, ал біздің мақсатымыз - олардың жоғары парасаттылығының, білімділігін, адамгершілігінің негіздерін қалыптастырып, рухани жан дүниесі бай, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеп шығару.

Пәнді меңгеру деңгейінің талаптары

Ағылшын тілін меңгеруге қойылатын талаптар:

  • лексикалық меңгерілетін сөздер саны 250-ден 120 сөзге дейін;

  • ауызекі сөйлеу тілінде осы сөздермен фразаларды, тұрақты орамдарды тақырып жағдайаттарға дұрыс пайдалана білу;

  • орфографиялық жаңа сөздер, жасам түрлері, грамматикалық сауаттылыққа аса назар аудару;

  • грамматикалық концентрацияларға,ауызша және жазбаша мәтіндердің грамматикалық құрылысына аса назар аудару;

  • монологтық, диалогтық сөйлеуге тыңдалым, оқылым, жазылымның сауаттылығына назар аудару;

  • техникалық оқу нормативі минутына 60-75 сөз, 250 белгі.



Мұғалімдерге ұсынылатын әдебиеттер тізімі

І. Негізгі

1. «Английский язык в школе» №3, 2011

2. Аяпова Т., Ұқбаев Д. Ағылшын тілі: Жалпы білім беретін мектептің

6-сыныбына арналған оқулық. А, 2012

3. Баданбекқызы З.Р. English grammar in tables. A.,1998

3. О.А. Могутова, «Английский язык» Волгоград «Учитель» 2011

4. Oxford Russian Dictionary. M., 2005

5. «Шет тілі» әдістемелік журнал 5(10)-2011

6. Качалова К.Н.. Израилевич Е.Е. Практическая грамматика английского языка с упражнениями. М., 2000.

7. «Тест жинағы» журнал, №4-2009

8. I. Rysbaeva G.K. Part I, "English grammar"

ІІ. Қосымша

9. Аракин В.Д. Практический курс английского языка, 2001

10.Бәйнеш Ш.Б.// Қазақстан мектептеріндегі шетел тілдері,№2,2010.-26б.

11. Иванова Г.Н.// Мектептегі шет тілі, 5,2009.-20б.

12. Жаңабаева К. Basic English. 1992, 1996ж.

13.Караванова Н.Б. Курс английской разговорной речи.2008

14. Рогова Г.В. Методика обучения английскому языку.М.:1983.-106 с.

15. Сарсенбаева Р.А. Методическе руководство к использованию учебников английского языка в школах с казахским языком обучения. А.,1989.

16. Стронин М.Ф. Обучающие игры уроках английского языка. М.,1984.

17.R. Murphy//English grammar in use.2001.



Оқушыларға ұсынылатын әдебиеттер тізімі

1. Аяпова Т. Ұқбаев Д. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық.

Алматы «Атамұра» 2012.

2.Английский язык в картинках. Санк-Петербург,1992.

4. Бабанбекқызы З.Р. English grammar in tables. A., 1998.

5.Караванова Н.Б. Курс английской разговорной речи.2008

6 Сборник упражнений по грамматике английского языка. Л., 1999

7. Фонетика английского языка. / Васильев В. А. М.,1980.

8.R. Murphy//English grammar in use.2001


Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыздандыруы



1. Аяпова Т. Ұқбаев Д. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық..

Алматы «Атамұра» 2012.

2.Аяпова Т. Ұқбаев Д. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған әдістемелік оқулық.. Алматы «Атамұра» 2012.

3. Аяпова Т. Ұқбаев Д. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған жұмыс кітабы.. Алматы «Атамұра» 2012.

4. Рогова Г.В. Методика обучения английскому языку.М.:1983.-106 с.

5. Сарсенбаева Р.А. Методическе руководство к использованию учебников английского языка в школах с казахским языком обучения. А.,1989.

6. «Шет тілі» әдістемелік журнал 5(10)-2011ж.

Білімді меңгеру деңгейін бақылау


Ағылшын тілін оқытудың негізгі мақсаты коммуникативтік әрекет (оқу, тыңдап түсіну, сөйлеу, жазу) арқылы коммуникативтік біліктілікті қалыптастыру болып табылатындығымен, басқаша айтқанда барлық оқыту процесі коммуникативтік негізге құрылатындығымен анықталады.

Тілдің негізгі біліктерін білу және оларды ең қарапайым міндеттерді шешу үшін пайдалану:

  • Дыбыстарды және сөздерді дұрыс дыбыстай(айта) алады;

  • Мұғалімнің сөзін және шетел тіліндегі қысқа мәтіндерді тыңдап түсіне алады, түсінгенін тексеру үшін нақты тапсырмалар орындай алады;

  • Төмендегідей грамматикалық құбылыстарды біледі және оларды сөйлеу барысында дұрыс қолдана алады: бастапқы деңгейдің активті грамматикалық минимумы: зат есім (тек, септеу, көпше түрі), етістіктің шақтық формалары, үстеу, есімдік, жалғаулықтар, сан есімдер, артикльдер, хабарлы және сұраулы жай сөйлемдердегі сөздердің орын тәртібі.

Таныс тілдік материалдармен берілген шағын мәтіндерді дауыстап оқу, ішінен оқу және түсіну:

  • Оқу ережесін дұрыс пайдалана отырып, дыбыстау және ырақ дағдыларын көрсете отырып таныс тілдік материалдардың негізінде құрылған қысқа мәтіндерді мәнерлеп оқи алады.

Сөйлеу әрекетінің әр түрін (тыңдалым, сөйлесім, оқылым, жазылым) және диалогтық, монологтық сөйлеуді білуі тиіс:

  • Шағын мәтіндерді оқи алады, одан негізгі мәліметті таба алады, түсінгенін сурет, үлгі (схема), сұрақтарға жауап беру арқылы көрсете алады;

  • Диалог құрастыру жүргізе алады, қарапайым сөйлеу түрінде, сөйлеу мәдениетін ескере отырып, келісетінін, келіспейтінін, қуанышын, өтінішін қарапайым түрде сөйлеу арқылы білдіре алады;

  • Өзінің жеке басы (жанұясы, достары, отбасы) туралы қысқа мәлімет айтып және жазып бере алады.


Тұжырымдама


Қазіргі кезде біздің республикамыздың басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы артып отырған шақта елімізге шетел тілін еркін меңгерген, мектепті бітіргеннен кейін өз білімін түрлі саладағы қарым-қатынас жағдайында пайдалана алатын адамдар қажет.

Базалық білім мазмұны ауқымында шетел тілін оқытудың мақсаты - оқушылардың шетел тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады. Шетел тілінде қарым-қатынас жасаудың негізгі тілдік білім мен дағдылардан, лингвоелтану мен елтану туралы білімнен коммуникативтік шеберліктен тұратын шәкірттердің жеткілікті деңгейде коммуникативтік біліктілікке қол жеткізуін көздейді.

Шетел тілі арқылы оқушыларға тәрбие беру олардың бойында қоршаған дүниені әсерлі бағалай алу көзқарасын, оқуға ұмтылыс тудыратын шетел тілімен, сол тілде сөйлейтін ел мәдениетіне деген жағымды ықыласты, шетел тілін оқудың маңызын, оны қарым-қатынас құралы ретінде пайдалану қажеттігін қалыптастыру.

Оқушылардың танымдық қабілетін арттыра түсетін шетел тілінде қарым-қатынас жасауға дайын болуы, шетел тілін өз бетінше ары қарай білім алуын жалғастыруы сияқты шығармашылық, ізденімпаздық іс-әрекетті меңгеру процесі барысында іске асады.

Шетел тілін өз ана тілімен салыстыру, тілін үйреніп жүрген елдің салт-дәстүрі, тарихы жайлы білімін жетілдіру, жалпы адамзат мәдениетінің толығуына тікелей қатысты болатын ұлттық мәдениет жетістіктерін үйреніп, төл мәдениеті мен өзі тілін үйреніп жатқан елдің мәдениетімен бірге бағалауға дағдыландыру, яғни шетел тілі құралдары арқылы білім беруді жүзеге асыру.


© 2010-2022