В-3 ІІІ-деңгей курсы бойынша қажетті есеп

Раздел Иностранные языки
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Изей Нұржамал Жақсыбайқызы Мұғалім портфолиосы В3-есебі

№2 топ 3-деңгей

Астана қаласы 2014 жыл


В3- «Мектептегі тәжірибе» кезеңінде орындауға арналған тапсырмаларға қатысты бірлескен таныстырылым бойынша рефлексия


Менің ойым

Тренердің ескертпелері

ІІІ -деңгейдің екінші бетпе-бет кезеңіне келгенде, тәжірибе кезінде орын алған өзгерістер жайында ой бөлістік. Курстағы барлық әріптестеріміз көңілді, тәжірибе кезіндегі қиындықтары мен қызықты сәттерін бөлісіп жатты. Бізге қойылған тренердің сауалынан кейін қызу пікірталас, талқылау орнап, өзіміздің де арамызда Мерсердің 2000ж. топтық-әңгіме, әңгіме -дебат және зерттеушілік әңгімелері көрініс тапқандай болды. Әсіресе әріптестерімде оқушыларды топқа бөлу кезінде сыныптың шулағандығын айтып, соның ішінде Айнұрдың сабағында болған кедергі оқу завучының өзін-өзі реттемеген сыныпқа келіп, «бұл не шу» деген ескертпесіне, «Бұл Кембридж» деп ұтымды жауап бергені маған ұнады. Ал, өзімде кездескен осындай жағдаят кезінде завучымның «сенде сабақ болып жатыр ма?» деген сауалынан кейін топқа бөлу кезінде сыныпта өзін-өзі реттеуге аса мән беретін болдым. Тәжірибе кезеңінде ең алдымен мектеп басшылығымен кездесіп ықпалдастық орнатудан бастадым. Мектеп әкімшілігіне курстың негізгі мақсатымен таныстырып, тәжірибе жасайтын сыныппен ғана жұмыс жасайтындығымды айтып ықпалдастық орнауына себепкер болдым.

М.А.Н-та атап көрсетілген модульдің бірі Оқытудағы басқару және көшбасшылық модулі болса, осы орайда тапсырманы «ұжымдық» әдіспен тәжірибеден өткізу мақсатында мектеп әкімшілігімен, ата-аналардың, оқушылардың тарапынан қолдау таба отырып, тәжірибемді жүргіздім. Ата-аналармен тренингтар ұйымдастырып, сауалнамалар жүргізгенде, ата-аналарым жаңа-әдіс тәсілдер арқылы оқытудың тиімді жақтарын айтып ризашылықтарын білдіріп жатқандарына қарап ынтымақтастық атмосферасы орнады деп ойлаймын.

«Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмаларға»талқылау жұмысын жүргізу барысында әріптестерімізбен бірге пікірлесе келе,көп нәрсе түйгендей болдым.Алғашқы тапсырма әріптестермен кездесуді өз деңгейінде өткізе алған, мектеп тарапынан қолдау көрсетіле отырып, ынтымақтастықтың орнауы әріптестерімде оң нәтижесін бергендей болды, осы орайда Дарияның да ата-аналарынан қолдау тапқандығын байқадым. Ал, алғашқы сабағымда оқушыларменен өткізілген оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану кезінде кедергілер кездесе бастады, олай дейтін себебім топтар арасында түсініспеушіліктер орын алды, түрткі сұрақтар беру барысында топпен емес жеке айтуға дағдыланып қалған оқушылардан жеке жауап алуға тура келді. Осындай кедергілер барлық әріптестерімде де кездескен. Осы іс-әрекеттен кейін сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін сергіту сәттерін жиі ұйымдастырып, «Құпия достан сыйлық» ойынын ойнағанда оқушылардың көңіліне қуаныш, бойларында сенімділік ұялап, топпен, жұппен, жұмыс жасау кезінде бірте-бірте реттеліп ынтымақтастық орнай бастады. Бірнеше күн ішінде оқушылар арасында ынтымақтастық орнағаны мені қатты қуантты. Осы әрекеттен кейін оқушылар арасындағы сыйластық, достық қарым -қатынас нығайғанын байқадым.Тәжірибе барысында қолданылған әдіс -тәсілдерімнің алдағы уақытта жалғасы табатынын сенімділікпен айта аламын.Себебі, баланың бойына сенім ұялатып, бір-біріне деген құрмет сезімдерін туғыза алдым. Осындай жағдайлар көптеген әріптестерімнің тәжірибесінде байқалған. Айнұр оқушылар арасында беделі жоқ үндемес оқушыға сенім артып, топбасшысы қылып тағайындауы арқылы баланың сабаққа деген қызығушылығын артырып, ортаға бейімдеген, яғни тәжірибесінде жетістік болды деп ойлаймын. Сонымен қатар,тәжірибе кезеңінде ынтымақтастық атмосферасының қалай орындалып жатырғанын бақылау мақсатымен,топқа бөлу кезінде ер балалардың бір топқа шоғырланған кездері болды,әйтсе де мен сол күйі қалдыра отырып, бақыладым, сабақ барысында ұлдар жиналған топтың белсенділігі басым болғандығы көрініп тұрды. Осы орайда, Назгүл мен Жанардың топқа бөлу кезіндегі кедергісі оқушыларды топтастыру кезінде қыз бала мен ер балалардың бөлінуі кедергесіне тап болған сол кезде оқушылардың қызығушылығына байланысты сұрақтар қоя отырып, кедергілерді жойып, ынтымақтастық орната білгені маған ұтымды ой тастады. Тәжірибе кезінде өз әріптесім сынып оқушыларымен қолданған жаңа әдіс-тәсілдер туралы кеңесе келіп, сергіту сәттерін, жаңа әдіс-тәсілдерді үйреніп, бір-бірімізбен тәжірибе алмастық. Бұл әрекетім сабаққа тиімді әдіс-тәсіл таңдауда көп көмек болды. Топтық, жұптық жұмыстағы тапсырмаларды орындауда кездескен кедергілерден бастауыш сынып оқушылары қалай шыққандығы туралы, топқа бөлінуде ұзақ уақытты алғаны, келесі сабақтарында оқушыларға топтық ережені көрсету арқылы реттеп отырғанын айтты. Менің де алғашқы сабағымда ереже болмаған, ал 2-ші сабақта оқушыларға топ ережесін жасату арқылы сабақ өткенде оқушылардың өзін- өзі реттеуіне өте ықпал еткендігі көрінді. Тәжірибемдегі жаңа әдіс-тәсілдерді қолдануда соның ішінде жартылай суреттерді көрсете отырып сұрақ қою арқылы оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін байқадым. Осы орайда, әріптесімнің оқушыларға сұрақ қою және сол сұрақтарға олардың жауап беру әрекетін талқылауда ашық сұрақтар қоя отырып, сыни ойландыруға және видео мен суреттер көрсете отырып сұрақтарды қоюға болады деді.Сонда оқушылардың өз ойларын еркін жеткізе алатынын және ұтымды жауап алынатынын айта кетті. Ал,Райгүлдің сабақта тақырыптан тыс логикалық сұрақтар қоя отырып, оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін дамытуы маған ой салды. Мысалы, «Су қай кезде қолды кеседі?» деген сұрағына оқушыларды сыни ойландырып, ойларының ұтымды жеткізе білгені еді.

Ал Шынардың пікірінше оқушыларға сұрақты қабылдау деңгейін ескере отырып сұрақтардың ауыр, жеңіліне қарай бағытталғаны қажет деген ұсынысын қолдадым. Мен сабақтарымда ашық сұрақтар мен қоса жеңіл сұрақтарды бірге қолданамын деп шешім қабылдадым. Тәжірибемде кездескен 3 топқа берілген әр түрлі мәтінді талқылауда оқушыларға қойылған ашық сұрақтардың жауабы кезіндегі жауаптардың ұтымдығы мені таң қалдырды. Себебі, оқушылар жауапты мәтіннен емес өмірмен ұштастыра алды.Бұл жерде (Мерсер 1995ж) «бастама-жауап-кейінгі»әрекет нысаны бойынша қойылған сұрақ екені анықталды.

3 топқа берілген тапсырмаларда оқушылардың диалог арқылы бір -бірімен ағылшынша сөйлесуі кезінде, тілдік қарым-қатынасы нығайып, пәнге деген қызығушылығы артқанын байқадым. Олай дейтін себебім,С тобындағы оқушым мүлде оқи алмасада менің қолдауыммен оқу арқылы үйренуге талпынды.

Осы орайда Қаламқастың оқушысының бойынан пәнге деген қызығушылығын байқадым. Өз тәжірибемде тапсырмаларға байланысты ақпарат іздестіру қажет болған жағдайда АКТ модулін қолдана отырып жұмыс жасау барысында оқушылардың шапшаңдықтарына қайран қалдым, осы орайда бұл модульдің оларға қалай, қандай жағдайда тиімді екендігін олар айтпасада түсіне кетті, сол мақсатта әр сабақта ноутбук, планшеттерін ұтымды пайдалануға тырысты, алайда мен интербелсенді тақтаны ресурс ретінде қолдандым.Себебі интербелсенді тақтамен қолайлы жұмыс жасау өз деңгейінде болмады.Тәжірибе бөлісу барысында АКТ модулін пайдалануда әріптестерім Әсем, Сәуледе жүзеге аспапты,бұған кедергі болған кабинеттерінде интербелсенді тақтаның болмауы. Менің ойымша, туындаған қиындықты әріптестерімен бөліскенде бұл кедергіні жоюға болатындығы туралы ұсынысымды әріптесім қолдады. Керісінше кейбір әріптестерім мен сияқты телефоннан ғаламтор желісін пайдалану арқылы кедергіден шыға білген.

Бірлескен оқу: дарынды және талантты балаларды анықтау барысында (Фриман 1998 ж 73 бет) ең үздік оқушыларды анықтайтын сенімді өлшемдерін қолдануға болатындығын дәлелдей келе, сабағымда оқушылардың есте сақтау қабілеттері өте жоғары, олар ақпаратты біліп қана қоймай, оны пайдалана білді, ақпаратты толықтырып шешімін табуға әрекет жасады.Әр сабақта қызығушылықтары артып күрделі тапсырмаларға бейімделе бастады.Дәлел ретінде оқушылармен жасалынған тапсырмалардың шығармашылық кезеңінде, сабақты қорытындылау кезеңінде байқадым, олай дейтін себебім С деңгейіндегі оқушымның постер дайындауда эстетикалық талғаммен жоғары деңгейде сурет салып беруі кезінде дарынды және таланттылығы, ал А тобындағы оқушымның бойынан баяндау кезінде көшбасшылық қырлары көрініс тапқандығын аңғардым. Осындай іс-әрекет Асланның сабағында түсірген видеоларын көре отырып, С деңгейіндегі оқушының дарындылық қабілетінің тақырыпқа байланысты көрініс қоюы кезінде анықталғанын байқадым. Бұл іс-әрекеттен кейін мен өз тәжірибемде оқушылардың өздеріне тапсырманы бере отырып нәтижесін көруге болатындығын білдім, себебі бұл әдіс-тәсіл оқушылардың қызығушылығын оятумен қатар, өздеріне деген сенімділігін молайтады.

Түсіну дәрежесін бағалау тапсырмасын «Қара жәшік»ішіндегі жұмыс арқылы бағалауға болады. Осы орайда мысал келтіре кетсем, бағалаудың мақсаты ғалымның (Александер 2001ж) аталған зерттеулерінде нақты шешімін тапқан, олай дейтін себебім әр сабақтағы оқушының іс-әрекетін бағалау,ынталандыру деген келесі сабаққа ынтамен оқушыны шақыру дегенмен тұспа -тұс келеді.Оқушыларды әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқыту үшін бағалауға және оқуды бағалауға болады.Менің түйгенім әр баланың қандайда бір іс-әрекетін назардан тыс қалдырмау,осыны ескере отырып мен оқушыларымды бағалауда мадақтауға, қолпаштап құрмет көрсетуге, ерекшелігін көрсетіп айтып отыруды, кері байланыс орната отырып, «ішкі уәждарын» айқындап отыруды көздедім. Оқушыларымды бағалауда осы іс-әрекет көрініс тапты. Себебі, мадақтау баланың кемшін тұстарын жасырады, кейінгі сабақтарда өзгелермен теңдей әрекеттеседі, тілге деген қызығушылығымен қатар, келесі сабаққа өзіндік мақсат қоя алады. Чиксентмихаи (2008) «өзіндік мақсат» пен Райан мен Деки (2009ж) «ішкі уәж»(М.А.Н 34 б) Сондықтан ауызша белсенді балаларға «Керемет», «Сен бриллиантсың», «Сенде бәрі өте жақсы» т.б мадақтау сөздерін жиі айтып отырдым және осы сөздерді оқушылар бірін бірі бағалауда сен Суперсің! Жарайсың! сөздерін қолданды, Осы іс-әрекеттер әріптестерімдеде шешімін тауып жатты. Сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға арналған жұптық әңгімені ұйымдастырауда менің түсінгенім тапсырманы топта жұп арқылы берсең іс-әрекеттің шапшаң әрі тез өтетіндігін байқадым.Оқушылар тапсырма бойынша пікірімен бөліседі және берілген сұрақтарға жауап береді,осы орайда тұйық оқушымның ашылғанын байқаумен қатар, тілді түсіну дәрежесі төмен оқушымда белсенділік орнағанын білдім. Кейін топтарға бөлу кезінде жұптардың алмасуына байланысты жағдайда оқушылардың белсенділігі арта бастағанын көре отырып, жұппен жұмыс барысында ағылшынша сөйлеу дағдысы өте жақсы жетілген оқушылармен бірге орта ойлы, тілі жатық емес оқушыларымда сенімділіктері арта бастағанын аңғардым. Тәжірибе кезеңінде «Не түйдіңіз?» деген сауалға былай деп жауап берер едім: қандай да бір қиындықты шешу жолдары бар екеніне сеніммен қарау керектігі, себебі тәжірибе кезінде көптеген қиындықтар кездесті, оқушының реттелмеуі, тілдік сөйлеу қабілетінің төмендігі,топқа бөлінгенде бір -бірімен бір жақты пікірде болмауы,уақыттың жетпей қалуы көрініс тапқан кезінде зерттеу жүргізе отырып өзіме түртіп отырдым,өйткені менің басты мақсатым осы аталған кедергілердің шешімін табу, оған қалай жетемін, маған тәжірибе алаңындағы уақыт жеткіліксіз болды сол себептен нысанаға алған оқушыларымды әлі де зерттей отыра олардың оқуға деген танымдық білім -білік, дағдыларын қалыптастыру менің алдағы уақытымның еншісінде.

Кейбір ойлар қайталанған,жүйелеңіз.Бағдарламаның негізгі идеясын жүзеге асырудағы көріністерге нақты тоқталу.Неге? екенінің себебін зерттеу.


© 2010-2022