Тест по казахскому языку по теме Лексика

Лексика І нұсқа1. Лексикология нені зерттейді?а. Сөз байлығын ә. Сөздің мағынасын б. Дыбыстарды зерттейді2. Сөздің лексикалық мағынасы қандай сөздікте түсіндіріледі?а. Фразеологиялық сөздікте ә. Түсіндірме сөздікте б. Терминологиялық сөздікте3.Бірнеше лексикалық мағынасы бар сөздерді қалай атайды?а. Көп мағыналы ә. Бір мағыналы б. Тұрақты сөз тіркесі4.Бір тілдің жергілікті сөйлесу ерекшеліктері қалай аталады?а. Термин ә. Неологизм б. Диале...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Лексика


І нұсқа

1. Лексикология нені зерттейді?

а. Сөз байлығын

ә. Сөздің мағынасын

б. Дыбыстарды зерттейді

2. Сөздің лексикалық мағынасы қандай сөздікте түсіндіріледі?

а. Фразеологиялық сөздікте

ә. Түсіндірме сөздікте

б. Терминологиялық сөздікте

3.Бірнеше лексикалық мағынасы бар сөздерді қалай атайды?

а. Көп мағыналы

ә. Бір мағыналы

б. Тұрақты сөз тіркесі

4.Бір тілдің жергілікті сөйлесу ерекшеліктері қалай аталады?

а. Термин

ә. Неологизм

б. Диалект

5.Қазақ тілінде басқа сөздерден енген сөздер....... аталады.

а. Кірме сөздер

ә. Архаизм

б. Көнерген сөз

  1. Көнерген сөздер дегеніміз не?

а. Күнделікті тұрмыста өте сирек қолданылатын сөздер

ә. Кәсіпке байланысты қолданылатын сөздер

б. Басқа тілден енген сөздер

  1. Мағынасы ұқсас сөзді тап.

Жылдам -

а. Жеңіл

ә. Тез

б. Баяу

  1. Қарсы мәндес сөзді тап.

Жылдам -

а. Жеңіл

ә. Тез

б. Баяу

  1. Синонимдерді тап.

а. Алыс, қашық

ә. Алыс, жақын

б. Алғыс, сәлемдесу

10.Антонимдерді тап.

а. Кәрі, қарт

ә. Кәрі, жас

б. Жас, жаз

11.Омоним дегеніміз.......

а. Мағыналары ұқсас сөздер

ә. Мағыналары қарама - қарсы сөздер

б. Мағыналары әр түрлі, жазылуы бірдей сөздер

12.Тілдегі сөздердің тұтас жиынтығы қалай атайды?

а. Диалект

ә. Кірме сөздер

б Лексика

13.Фразеологиялық тіркеске қай сөз синоним болады? "Бөркін аспанға лақтыру"

а. Жылау

ә. Қуану

б. Өтірік айту

14.Сөз тіркесінің мағынасын білдіретін сөздерді тап." Қабақ шыту"

а. Ашулану

ә. Қуану

б. Кешігіп келу

15.Тұрақты сөз тіркесін көрсет.

а. Күміс көмей

ә. Жақсы адам

б. Атақты жазушы

16.Ауыспалы мағынада жұмсалып тұрған сөзді тап.

а. Өмірдің кілті

ә. Есіктің тұтқасы

б. Мұғалімнің сөзі

17.Синоним дегеніміз......

а. Мағыналары ұқсас сөздер

ә. Мағыналары қарама - қарсы сөздер

б. Мағыналары әр түрлі, жазылуы бірдей сөздер

18.Орыс тілінен енген сөзді белгіле.

а. Бәтеңке

ә. Аға

б. Теңге

19. Архаизм сөзді көрсет.

а. Салт

ә. Кебеже

б. Ат арба

20.Антонимдер дегеніміз.....

а. Мағыналары ұқсас сөздер

ә. Мағыналары қарама - қарсы сөздер

б. Мағыналары әр түрлі, жазылуы бірдей сөздер


ІІнұсқа

1. Лексикология нені зерттейді?

а. Сөз байлығын

ә. Сөздің мағынасын

б. Дыбыстарды зерттейді

2. Ауыспалы мағынада тұрған сөзді көрсет

а. Ашық мінез

ә. Ашық терезе

б. Ашық есік

3. Кейбір ұғымдарды өз атын айтуға тыйым салынуына не дейді?

а. Эвфемизм

ә. Табу

б. Дисфемизм

4. " жалғау", "жұрнақ", "сөйлем" терминдері қай ғылым саласында қолданылады?

а. әдебиет

ә. тіл білімі

б. тарих

5. Араб тілінен енген кірме сөздерді тап

а. мұғалім , кітап, дәптер

ә. жәшік, бәтеңке, сот

б. валюта, банк, биржа

6. Кірме сөздер дегеніміз не?

а. Күнделікті тұрмыста өте сирек қолданылатын сөздер

ә. Кәсіпке байланысты қолданылатын сөздер

б. Басқа тілден енген сөздер

7.Мағынасы ұқсас сөзді тап.

Ақырын -

а. Жеңіл

ә. Тез

б. Баяу

8.Қарсы мәндес сөзді тап.

Жылдам -

а. Жеңіл

ә. Тез

б. Баяу

9.Синонимдерді тап.

а. дидар, ажар

ә. алыс, жақын

б. алғыс, сәлемдесу

10.Антонимдерді тап.

а. Кәрі, қарт

ә. Көне, жаңа

б. Жас, жаз

11.Антоним дегеніміз.......

а. Мағыналары ұқсас сөздер

ә. Мағыналары қарама - қарсы сөздер

б. Мағыналары әр түрлі, жазылуы бірдей сөздер

12.Тілдегі сөздердің тұтас жиынтығы қалай атайды?

а. Диалект

ә. Кірме сөздер

б. Лексика

13.Фразеологиялық тіркеске қай сөз синоним болады? "Көзі алақандай болу"

а. Қорқу

ә. Қуану

б. Өтірік айту

14.Сөз тіркесінің мағынасын білдіретін сөздерді тап.

" Тілі байлану"

а. Ашулану

ә. Үндемеу

б. Кешігіп келу

15.Тұрақты сөз тіркесін көрсет.

а. Күміс көмей

ә. Жақсы адам

б. Атақты жазушы

16.Ауыспалы мағынада жұмсалып тұрған сөзді тап.

а. Құрғақ сөз

ә. Есіктің тұтқасы

б. Мұғалімнің сөзі

17. Омоним дегеніміз......

а. Мағыналары ұқсас сөздер

ә. Мағыналары қарама - қарсы сөздер

б. Мағыналары әр түрлі, жазылуы бірдей сөздер

18.Орыс тілінен енген сөзді белгіле.

а. Парта

ә. Қалам

б. Класс

19. Архаизм сөзді көрсет.

а. Салт

ә. Кебеже

б. Ат арба

20. Көп мағыналы сөзді тап

а. кілт

ә. құлып

б. дала

ІІІ нұсқа

1. Тұрақты тіркес тіл білімінің қай саласына жатады?

а. фонетика

ә. лексикология

б. морфология

2. Ауыспалы мағынада тұрған сөзді көрсет

а. Терең ой

ә. Өткір қайшы

б. кең бөлме

3. " Өтірік айтпа" деген сөз тіркесінің орнына эвфемизм қолдан

а. көп сөйлеме

ә. Сөз естіді

б. қоспай айт

4. Терминге тән басты белгіні тап

а. дара мағыналы

ә. көп мағыналы

б. халық арасында жиі қолданады

5. Орыс тілінен енген кірме сөздерді тап

а. мұғалім , кітап, дәптер

ә. жәшік, бәтеңке, сот

б. валюта, банк, биржа

6. Тура мағыналы сөзді көрсет

а. қолы ашық

ә. тас жүрек

б. ағынды өзен

7.Мағынасы ұқсас сөзді тап.

Дұшпан -

а. Жау

ә. Дос

б. Қатыгез

8.Қарсы мәндес сөзді тап.

Жұмсақ -

а. Жеңіл

ә. Қатты

б. Ұзын

9.Синонимдерді тап.

а. дидар, теледидар

ә. алыс, жақын

б. амандасу, сәлемдесу

10. Нақыл сөздің авторын ата "Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде"

а. Абай Құнанбаев

ә. Нұрсұлтан Назарбаев

б. М. Әуезов

11. Мақалды жалғастыр

Ер елінде................................

а. халық елінде

ә. егіс жерінде

б. гүл жерінде

12. Дөрекі сөздің сыпайылап жеткізу қалай аталады?

а. Диалект

ә. Дисфемизм

б. Эвфемизм

13.Фразеологиялық тіркеске қай сөз синоним болады? " Төбе шашы тік тұрды"

а. Қорқу

ә. Қуану

б. Өтірік айту

14.Сөз тіркесінің мағынасын білдіретін сөздерді тап." Жұмған аузын ашпау"

а. Ашулану

ә. Үндемеу

б. Кешігіп келу

15.Тұрақты сөз тіркесін көрсет.

а. ақ саусақ

ә. Жақсы адам

б. Атақты жазушы

16.Ауыспалы мағынада жұмсалып тұрған сөзді тап.

а. терең көл

ә. өткір сөз

б. домбыра шерту

17. Синоним дегеніміз......

а. Мағыналары ұқсас сөздер

ә. Мағыналары қарама - қарсы сөздер

б. Мағыналары әр түрлі, жазылуы бірдей сөздер

18. Көп мағыналы сөзді көрсет

а. Бас

ә. Аға

б. Теңге

19. Тұрақты сөз тіркесін тап.

а. Арқа сүйер

ә. Сыйластық көрсету

б. Бірлесіп көмектесу

20. Синонимдік қатарды көрсет.

а. Қағаз, парақ

ә. Ертең, кеше, бүгін

б. Оқушы, бала


© 2010-2022