Разработка урока по казахскому языку на темуМұражайда

Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Мұражайда

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:өткенді еске түсіру, жаңа материалды меңгеру, сұрақтарға жауап беру, көрген, естіген, оқығандарын практикада қолдана білуге дағдыландыру.

Дамытушылық:ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту, коммуникативтік құзыреттіліктерін дамыту, шығармашылық жұмыс істеуге жұмылдыру, ой- өрістерін кеңейту.

Тәрбиелік: оқушыларды мәдениетке тәрбиелеу

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа ыңғайлау, түгендеу, олармен аздаған пікір алыса отырып, сабаққа дайындықтарын сұрау.

-Психологиялық ахуал.

II. Сабақтың мақсатымен таныстыру

3. Үй тапсырманы тексеру

«Автор орындығы»

4.Жаңа сабақ

Сөздік

Мұражай-музей

Ұлттық киім-национальная одежда

Зергерлік бұйымдар-ювелирные изделия

Ілініп тұр-висят

Көрме-выставка

Өтеді-проходит

Атақты суретші-известный художник

Сөздермен жұмыс

5.Мәтінмен жұмыс

Мұражайда

Үшінші сынып оқушылары мұражайға барды.Мұражайдың ғимараты биік,әдемі.Онда төрт зал бар.Бірінші залда қазақтың ұлттық киімдері,киіз үй бар.Екінші залда түрлі сурет ілініп тұр.Үшінші

залда зергерлік бұйымдар қойылған.Төртінші залда әртүрлі көрме өтеді.Балаларға мұражай ұнады.

Сұрақтарға жауап беріңдер:

Оқушылар қайда барды?

Мұражайда неше зал бар?

Залдарда нелер бар?

6.Аударып жазыңдар

Красивая каритина,большая выставка,высокое здание,два музея,национальная одежда,ювелирные изделия,первый этаж,известный художник,вежливые ученики.

Өзара сөйлесіңдер

-Сен қайда барасың?

-Мен мұражайға барамын.

-Мұражайда не бар?

-Мұражайда әртүрлі сурет,зергерлік бұйымдар бар.

-Мұражайда көрме өте ме?

-Иә,мұражайда көрме өтеді.

7.Мұғалімнің сөзі (презентация)

Балалар,Әбілхан Қастеев -атақты суретшісі.Алматы қаласында Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайы бар.Мұражайда суретшінің де картиналары ілінген.Мұражайдан басқа суретшілердің картиналарын көруге болады.Қазір мұражайда суретшілер жиі көрме өткізіп тұрады.

Тест тапсырмаларын орында.

1.Мәдени орындарға не жатады?

а.театр,мұражай ә.дүкен,көлік іші б.кино,көше

2.Мұражайда ...... көп.

а.азық-түлік ә.ағаштар б.экспонаттар

3.Ә.Қастеев кім?

а.жазушы ә.атақты суретші б.ұшқыш

4.Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайы... қаласында бар.

а.Алматы ә.Шымкент б.Павлодар

5.Мұражайда .... өтеді.

а.сабақ ә.сайыс б.көрме

8.Қорытындылау

Ә.Қастеев кім?

Мұражайда не көп?

Сен мұражайда болдың ба?

Бағалау

Ү/т:сөздер,»Суретші ата Қастеев» өлеңді жаттау



© 2010-2022