Нәтиже сабақ Менің жұмыс күнім

Раздел Иностранные языки
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып: 8 Күні:16. 05.15 ж.

Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың білімдерін жинақтау және қорыту, сөздік қорын молайтып, тілін жаттықтыру;

Дамытушылық: ойын, түрлі тапсырмалар арқылы ауызекі сөйлеу, есте сақтау, еркін ой қозғау дағдыларын дамыту;

Тәрбиелік: ақыл-ой, эстетикалық, еңбек, адамгершілік тәрбиелер беру.

Сабақтың түрі: қайталау

Сабақтың әдіс-тәсілдері: миға шабуыл, Инсерт әдісі,презентация, т.б.

Сабақтың көрнекілігі: «Тілектер сандығы», кеспе қағаздар, кластер, музыка, т.б.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, сурет

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру: сабақтың психологиялық ахуалын қалыптастыру,

қызығушылықтарын арттыру мақсатында:

1. «Тілектер сандығы» ойынын өткізу: әр оқушы қағазға өз есімін жазып, сандыққа салады; содан соң әр оқушы бір қағаздан алып, қай баланың есімі түссе, соған тілек тілейді.

2. Сынып екі топ болып жұмыс жасайды, топта жұмыс істеуге қажетті ережелерге назар аудару: (слайд)

*Тапсырмаларды мұқият тыңдау және орындау;

*Топта тыныштықты сақтау;

*Уақытты үнемдеу;

*Топта сыпайылық таныту.

II.Үй тапсырмасы: пысықтау

III.Жаңа сабақ:

Модуль бойынша өткен тақырыптарды қайталау:

1.Сұрақтар сайысы: (слайд)

1-топ сұрақтары:

Біріккен сөздер дегеніміз не?

Өміріміздегі ең бағалы нәрсе не? (уақыт)

Ең алғашқы кітапханалар қайда пайда болған? ( Ежелгі Римде)

Модаль сөздер дегеніміз не?

Компьютер алдында неше сағат отыруға болады?

2-топ сұрақтары:

Білім ошағы не? (мектеп)

Тұйық етістік дегеніміз не?

Компьютердің атасы кім?(Джон)

Әлеуметтік желі дегеніміз не?

Үстеу дегеніміз не?

2. «Ойлан, тап» сайысы:

- Кеспе қағаздармен жұмыс; (музыка қосу)

1-топ:

Адам өз уақытын үнемдей білуі керек. Өзгелердің де уақытын бағалауы қажет. Уақыттың босқа өтуі - үлкен шығын. Мұны дәлелдеп жатудың қажеті жоқ. Пайда келетін іспен шұғылдануды ойластырған дұрыс. Бір қарағанда, ондай іспен айналысу оңай сияқты. Бірақ олай емес. Себебі күн тәртібін жоспарлап үйрену қажет. Ол қасиетті бойыңа жас кезіңнен қалыптастыру керек. Әрбір минутыңды үнемдеп, пайдалы жұмсауға дағдылан. Сонда ғана табысқа қол жеткізіп, өз қабілет-күшіңді толық жұмсай аласың. Уақыт алтыннан қымбат екенін естен шығармау қажет.

1.Мәтінді оқу, мәтіндегі кілт сөздерді теріп жазу.

2.Берілген сөздерді қатыстырып, сөйлем құрастыру: ерте, бос уақыт, демалыс.

3.Сөйлемдегі пысықтауыштың орнын толықтыру:

Алдияр ________________тұрып жаттығу жасады.

Досы екеуі _____________спорт кешеніне бармақшы еді.

Олар хоккейді ______________ойнады.

2-топ:

Оқушылардың негізгі ісі - мектепте білім алу. Білім саған және сенің бүкіл еліңе қажет. Біздің елімізге өте білімді адамдар керек. Олар: маман жұмыскерлер, шебер инженерлер, дарынды ғалымдар. Оларды мектеп тәрбиелейді. Олар кімдер? Олар: сенің достарың және сен. Сауатсыз, жалқау адамдар ешкімге де керек емес. Жақсы өмір сүру үшін жақсы еңбек ету керек. Жақсы еңбек ету үшін тиянақты білім керек. Білім оқу үшін керек.

1. Мәтінді оқу, мәтіндегі кілт сөздерді теріп жазу.

2.Сызбаны толтыру:

Оқушылардың

негізгі ісі


3.Берілген сөзге дыбыстық (фонетикалық ) дыбыстық талдау жасау: сауатсыз.

- Модуль бойынша сөздердің аудармасын табу: (слайд) (музыка қосу)

1-топ:

Закономерность, тренировки, зря, выгодно, увлекаемся, жертвуют, проект, краеведение.

2-топ:

Представление, интервью, бассейн, святое место, впечатление, путевка, современный, результат.

3.Шығармашылық сайыс: «Кім шебер?» әр топ модуль бойынша өз мектептері жайлы плакатқа өз ойларын түсіреді. (музыка қосу)

IV.Қорыту: Инсерт әдісі арқылы:

Не білдім?

Нені үйрендім?

Не білгім келеді?



Балалар мына 12 сөздің ішінен өздеріне қатысты 3 сөзді ғана таңдап алыңдар Учащимся необходимо выбрать 3 слова из 12, которые наиболее точно передают их состояние на уроке:

  • Абыржу (раздражение)

  • Ашулану (злость)

  • Қуаныш (радость)

  • Немқұрайлылық (равнодушие)

  • Қанағаттану (удовлетворение)

  • Шабыт (Вдохновение)

  • Зерігу (скука)

  • Үрейлену (тревога)

  • Тыныштық (покой)

  • Сенімділік (уверенность)

  • Сенімсіздік (неуверенность)

  • Рақаттану (наслаждение)

V. Үй тапсырмасы: Біріккен сөз, тұйық етістіктерді қатыстырып сөйлем құрастыту; 279 бет мәтін аудару.

VI.Бағалау: - сабақ бойынша оқушылар өздерін бағалайды;

- қорытынды баға қойылады, талқыланады.




© 2010-2022