Урок по казахскому языку Работа над ошибкой (9 класс)

Раздел Иностранные языки
Класс 9 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін

Оқу ісі меңгерушісі: _____________________

Сабақ

Сынып : 9

Мерзімі:27.11.

Пәні: қазақ тілі

Н.С. Сахыева

Сабақтың тақырыбы:

Қатемен жұмыс. Жаттығу жұмыстары

Жалпы мақсаты:

Қатемен жұмыс жүргізу. Сөздердің дұрыс жазылуын меңгерту. Сөздік қорларын молайту, сөйлеу тілін дамыту. Диктант қорытындысы бойынша қатемен жұмыс жүргізу. Сауатты жазу, мәнерлеп оқу, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Әдептілікке, мейірімділікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу. Білім алуға баулу.

Оқудың негізгі міндеті:

Теориялық білім бере отырып, оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту. Шығармашыл тұлға тәрбиелеу.

Оқытудан күтілетін нәтиже:

Қазақ тілінде ауызекі сөйлеу тілі дамиды. Өз ойын толық жеткізе білу, сөйлемді дұрыс құрау, өз бетінше ізденіп оқу қабілеттері артады. Өзіндік бағалау жүзеге асады.

Оқытуда қолданылатын модульдер:

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, оқуды бағалау және оқыту үшін бағалау, талантты және дарынды балаларды оқыту

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

"Миға шабуыл", кері байланыс, жұптық жұмыстар, "Бас бармақ"

Оқудың ресурстары:

Оқулық-тест, бор, тақта, үлестірме қағаздар, стикер

Сабақ кезеңдері:

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Оқушының іс-әрекеті:

Сабаққа кіріспе:

( 1 мин)

Амандасу, сыныптың тазалығына мән беру, оқушыларды түгелдеу.

Оқушылар сәлемдеседі. Кезекші сабаққа қатысатын оқушы саны, келмеген оқушы себебі жайлы мәлімет береді.

Ой қозғау бөлімі:

Үй тапсырмасын сұрау: ( 5 мин )

Жалғау түрлері жайлы білімдерін пысықтау.

Өз білімдерін пысықтайды.

Топқа бөлу:

( 2 мин)

Фишка арқылы топқа бөлу.

Оқушылар топқа бөлініп отырады.

Психологиялық дайындық , мотивациясын ояту: (2 мин)

"Мен саған ...... тілеймін".

Бір-біріне тілек айтқызу.

Оқушылар бүгінгі жаңа сабақ алдында өз-өзіне деген сенімділіктерін айтып, бір-біріне қуаныш сыйлайды.

Мағынаны тану бөлімі:

Білімдерді актуализация-лау:

( 1 мин)

Диктант мәтінін еске түсіру.

Мамандығым, мақтан, тұтамын, жүрегінің қалауы, жауапкершілікпен, қиындығы ен қызығы, т.б.

Оқушылар Ттттттт Оқушылар т

Оқ

Жаңа білім:

27 мин

І. Қатемен жұмыс. Берілген сөздер мен сөз тіркестерімен сөйлемдер құрау.

ІІ. Топтық жұмыс. Мәтінмен жұмыс.

Тапсырмалар:

1. Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын әңгімелеп беріңдер.

2. Жалғаулар (тірек-сызба жасату)

3. Сөйлем ішінен етістіктерді теріп жазыңдар.

ІІІ. Сергіту сәті

1. Теориялық білім алады. Жазылуында қате жіберген сөздердің дұрыс жазылу ережесімен таныса отырып, б/н сөз тіркестерімен сөйлемдер құрайды.

2. Тапсырманы орындайды.

3. Өздік жұмысын орындайды.

Сабақты қорытындылау:

3 мин

Топтастыру стартегиясы арқылы тақырыпты бекіту. Жаңа сөздерді қайталау.

Тақырып жайлы білімдерін ортаға салады. Тірек сызбаны толтырады.

Рефлексия

2 мин

Оқушыларға стикер тарату,өтілген сабақ бойынша өз пікірлерін жазуды ұсыну. Кері байланыс орнату.

Оқушылар бүгінгі сабаққа байланысты ой-пікірлерін стикерлерге жазады. Кері байланыс орнатады.

Бағалау

1 мин.

Қалыптастырушы және жинақтық бағалауды жүзеге асыру.

Оқушылар өзін-өзі және бір-бірін бағалайды.

Үйге тапсырма

1 мин.

Ү/ж түсіндіру.

1. Нәтиже сабақ тапсырмасын орындау.

2. Сөздік қорларын байыту. Сөйлеу тілін дамыту.

Ү/ж күнделіктеріне жазып алады.





© 2010-2022