Поурочный план показахскому на тему Жинақтық сан есім

Раздел Иностранные языки
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 28.11.2015жыл

Сабақтың тақырыбы:Жинақтық сан есім

Мақсаты Сан есімдердің ішіндегі жинақтық сан есімді ажырата білуге үйрету.

а)Білімділік: Жинақтық сан есім туралы түсінік беру, оларды ажырата білуге үйрету; сөйлем мәнерлеріне жете көңіл бөлу;

ә) Дамытушылығы: Ойлау белсенділігі мен танымдық қызығушылығын дамыту, ой қорытып нақты шешім жасата білу, шығармашылық ізденістерін арттыруға ықпал жасау; Сауатты жазуға төселдіру;

б) Ел тарихын, ұлттық құндылықтарымызды ұмытпауға, туған халқының өнерін сүйіп өсуге баулу,Отанды шексіз сүюге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа материалды түсіндіру

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ізденіс, баяндау, талдау,ойын, сергіту жаттығулары т.б.

Көрнекілігі: интерактивті тақта , суреттер , үлестірме қағаздар т.б.

Пәнаралық байланыс: математика, тарих, әдебиет, ,т.б

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру : 1.Сыныптың сабаққа қатысы.

2. Үй тапсырмасын тексеру 131-жаттығу

Үй тапсырмасын бекіту. Тест

: Ой қорыту
1. Заттың санын, ретін білдіретін сөз табын анықтаңыз.
A) Сан есім.
B) Зат есім.
C) Сын есім.
D) Етістік.
2. Сан есімі бар мақал - мәтелді табыңыз.
А) Туған жерге туың тік.
В) Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
С) Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
D) Отансыз адам - ормансыз бұлбұл.
3. Реттік сан есімді белгілеңіз.
A) Жүз.
B) Тоғызыншы.
C) Бесеу.
D) Отыздаған.
4. Реттік сан есімнің жұрнағын табыңыз.
А) - ау, - еу.
В) - тан, - тен.
С) - ыншы, - інші.
D) - шы, - ші.
5. Есептік сан есімді табыңыз.
А) Бес.
B) Алтау.
C) Сегізінші.
D) Он тоғызыншы.

ІІ. Жаңа сабақ : Сан есімнің мағыналық түрлері. Жинақтық сан есім.

«Қызығушылықты арттыру»

-Оқушылар, алдымыздағы берілген бірнеше мысалдарды оқып қарайықшы.

Нешеу? Деген сұраққа жауап беретін сан есімдер заттың жинақталған санын білдіріп, жинақтық сан есімдердеп атайды. Олар бір ден жетіге дейін есептік сан есімдерге -ау,-еу жұрнақ жасау арқылы жасалады.

Мысалы: бір+еу, ек (і) + еу, үш-еу, төрт-еу, бес+еу, алт(ы) + ау, жет(і)+еу.

Даусты дыбысқа біткен сан есімдерге +ау,+еу жұрнағы жалғанған уақытта ы,і дауысты дыбыстары түсіп қалады.

ІІІ Оқулықпен жұмыс

140-жаттығу. Сан есімдерді морфологиялық талдау жасаңдар.

Жиырма бесте, он бесінде, екеу, төртеу, екеудің, үшеуге, бір, мың, біреу, екеуімін, біреуі, екіншісі.

141-жаттығу. Жинақтық сан есімдердің астын бір, белгісіздік есімдіктердің астың екі сызыңдар.

I деңгей.

1) Берілген зат есімдерге тиісті сан есімдерді қойғызып жаздыру. ( Екі көз, төрт түлік, он саусақ, отыз екі тіс, он екі ай, екі қол).

Сондықтан сідерге төмендегідей сұрақтар қоямын:

1. Жеті атаңды ата (ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене)

2. Халқымыздың кие тұтқан сандарын ата (7,9)

3. Үш арсызды ата (ұйқы, тамақ, күлкі)

4. Жігіттің үш жұрты (өз жұрты, қайын жұрты, нағашы жұрты)

5. Төрт түлік (қой, сиыр, жылқы, түйе)

6. Ер қаруы бес қару (найза, садақ, шоқпар, қылыш, айбалта)

7. Қонақтың төрт түрі (арнайы, қыдырма, құдайы, қылғыма)

8. Үш бәйтерек (Ілияс, Сәкен, Бейімбет)

9. Бес арыс (Шәкәрім, Ахмет, Мағжан, Міржақып, Жүсіпбек)

VІ Бекіту

Қорытынды сұрақтары:

Сан есім дегеніміз не? Сұрағы қандай?

Құрамына қарай сан есім нешеге бөлінеді?

Жинақтық сан есім дегеніміз не? Мысал келтір.

VІІ Үйге тапсырма:

139 - жаттығу. Ережені жаттау.

VІІ Бағалау.

Сабаққа белсенді қатысқан оқушылар бағаланады.



© 2010-2022