Компетентностно - ориентированные задания для 5 класса

Раздел Иностранные языки
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Б.Блум таксономиясы негізінде қазақ тілінен құзіреттілік қабілеттерін қалыптастыруға бағытталған диагностикалық тапсырмалар.

Тақырыбы: Менің елім-Қазақстан 5-сынып

Құзіреттілік : коммуникативтік,әлеуметтік , ауызша және жазбаша ақпарат құрастыра алу.

Пәндік құзірет:

Мақсаты:мәтіннің желісі бойынша өз пікілерін білдіру ,өмірмен байланыстыра отырып, құзіреттілік қабілеттерін қалыптастыру.

Менің елім -- Қазақстан

Менің елім-Қазақстан.Оның жері кең-байтақ.Бұл мемлекет Еуразияның орталығында орналасқан.Астанасы-Астана қаласы.1991 жылдың 25 қазанынан бастап еліміз тәуелсіздік туын көтерді. Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің тұңғыш Президенті болып сайланды. Қазақстан - әр түрлі халық өкілдері бейбіт тұрып жатқан ел. Қазір еліміздің Мемлекеттік Туы ,Елтаңбасы , Әнұраны, жаңа Ата заңы, ұлттық валютасы бар.

1-деңгей. Білу

Мақсаты: негізгі ұғымдарды,ережелер мен қағидаларды білу..

Етістік : еске түсіру, қайталау, әңгімелеу, анықтау.

1.Зат есімнің тәуелдік жалғауын еске түсіру.

2-деңгей. Түсіну

Мақсаты: берілген материалды өз сөзімен басқаша жеткізе алу.

Етістік: айқындау, түсіндіру, әңгімелеу.

1.Мәтіннен негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді теріп жазып,өз сөзімен қысқаша айту.

3-деңгей. Пайдалану

Мақсаты: нақты жағдайда заңдылықты орнымен пайдалану және ережелерді қолдану.

Етістік: орындау ,анықтау, пайдалану,қолдану .

1.Мәтіннен тәуелдік жалғауларды тауып,жақтарын анықтау,сөйлемде қолдану.

4-деңгей. Талдау

Мақсаты: фактілер мен салдар арасындағы айырмашылықты ажырату,жасырын болжамды айқындау.

Етістік: ажырату , салыстыру, тәжірибеден өткізу.

1.Қазақстанның егемендік алғаннан кейінгі табысы.

5-деңгей. Жинақтау

Мақсаты: алған біліміне сүйене отырып,ойды жинақтап,түйін түю.

Етістік: тұжырымдау, әзірлеу , ұсыну.

1.Егемендік Қазақстанның барлық саласындағы жетістіктері.

6-деңгей. Салыстырмалы бағалау.

Мақсаты: тақырыптың құндылығын бағалау.

Етістік: жорамалдау , баға қою , анықтау.

1.Қазақстанның даму деңгейі.

Б.Блум таксономиясы бойынша тапсырма сипаттары.

Білу

Түсіну

Қолдану

Қай жылдары болды?Қалай дамыды? Атап көрсетіңіз.

Не білдіңіз?Өзара байланысын өз сөзіңізбен айтыңыз.

Құбылыстың негізін түсіндіріңіз.Себебін талдаңыз.

1-2

3-4

5-6

Талдау

Топтау

Білімді

бағалау

Топтастырыңыз.Салыстырыңыз.Себебін талдаңыз.

Өз шешіміңізді көрсетіңіз.Жүйелеңіз.

Жетістіктерін анықтаңыз.Қаншалықты дұрыс.Өз ойыңыз.

7-8

9-10

11-12

Бағалау : 1,2,3 деңгей-«3»; 4,5 деңгей-«4»; 6 деңгей -«5».

© 2010-2022