Мектепке дейінгі ұйым балаларына тілдерді дамытуға арналған тиімді әдістемелер

Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мектепке дейінгі ұйым балаларына тілдерді дамытуға арналған тиімді әдістемелерШығармашылық жұмыс













Мектепке дейінгі ұйым балаларына тілдерді дамытуға арналған тиімді әдістемелер



Сисенгалиева Айбарша Габиденовна

«Асылай» бөбекжай балабақшасының ағылшын тілі маманы























2015 жыл

Кіріспе.

Қазақстан әлемдік қауымдастыққа екпіндеп басып келеді және өзінің алдына жоғары даму мақсатын қояды. Әлем барынша әртүрлі және көптілді болып келеді, және көптеген балалар бір тілден артық тіл қолданатын ортаға түседі. Уақыт талабына сай, аясы тар мақсаттағы сапалы білім емес, шет тілдерді үйренуге дәл осындай қырынан қарау керек. Мектепке дейінгі ұйымның бітірушісін тәрбиелеуде ана тілімен тең және басқа шетелдік тілдерде білім үлкен рөл атқарады.

Мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның ролі ерекше. Ойын - жалпы адамзат мәдениетінің бірегей феномені, оның қайнар көзі мен шыңы. Мәдениет феномені ретінде ойын оқытады, дамытады, тәрбиелейді, әлеуметтендіреді, көңіл көтертеді, дем алдырады, сонымен қатар, ол сықақтап, күлдіріп, кез-келген әлеуметтік мәртебенің шартты екендігін көрсетеді.

Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында білім беру саласындағы стратегиясы және саясаты айқындалды.

Елбасы «балаларымыз қазақ тілімен қатар орыс және ағылшын тілдерін де белсенді меңгеру үшін жағдай жасауға» шаралар қабылдау қажеттігін көрсетті. Көрсетілген үш тілдің әр қайсысы кез-келген салада өзінің қолданыс мүмкіншілігін барынша ашуы тиіс.

Білім беруді жаңғырту үдерісін мектеп жасына дейінгі кезеңнен бастаған қажет, өйткені бұл кезеңде тұлғаның қалыптасу негізі қаланады.

Қазақстандағы көптілді білім беру моделі, әр білім алушының мектеп жасына дейінгі кезеңінен бастап, ел дамуының игілігі үшін бойындағы тұлғалық қабілеттерін ашуға үш тілді - қазақ, орыс, ағылшын тілдерін қарқынды түрде меңгеруге бағытталған. Тілді қазіргі замандағы диалогтың құралы ретінде қолданатын тұлғаны қалыптастыру білім беру үдерісінің негізгі мақсаттарының бірі болып табылады. «Тілді иеленуші тұлға» тек лингвистикалық қабілеттерінде емес, сөйлеу әрекетінде сөзді түсініп өз ойын тұжырымдау қабілетінде байқалуы тиіс, бұл қасиет біртіндеп басқа тілде сөйлесу кезінде өзінің адами әлеуеті мен кәсіби құзыреттілігін жүзеге асыра алатын «екінші тілді меңгерген» тұлғаны қалыптастырады.

І. Мектепке дейінгі балаларды ағылшын тіліне оқытудың

басты ерекшеліктері.

Шет тілін оқыту жан-жақты дамыған, үйлесімді тұлғаның қалыптасуына өте зор ықпалын тигізуі тиіс. Бұл ең алдымен балалардың бойныда шығармашылық тәуелсіздікті, белсенділік қабілетінің, орындалып жатқан әрекетке деген оң көзқарас тәрбиесін қалыптастыру болып табылады.

Мектепке дейінгі жаста ойын әрекеті жетекші әрекет екенін ескере отырып, балалар өзінің жеткен нәтижесін ертерек көру үшін сабақ көбіне сөйлеу қабілетін дамытуға бағытталған ойын формасында өткізіледі. Ойын тілді әр жаста тез меңгеруге өте жақсы жағдай жасайды әрі көмектеседі, бірақ мектепке дейінгі жаста ол өте пайдалы.

Балалармен жұмыс тәжірибесінде шет тілін оқытуға бақытталған әртүрлі ойындар кеңінен қолданылады: ережеге негізделген ойындар, рөлдік, білім тереңдету ойындар, лингвистикалық ойындардың әртүрлі нұсқалары. Сабақтар ойын атмосферасының басынан бастап аяғына дейін сақталып қалуына бағытталып құралады.

Сабақты педагог ойын барысында ережені ұстанып, балаларды ойынға көбірек тартып, шығармашылық қабілетін танытса, соншалықты сабақ сәтті өтеді. Бала ойдан шығарылған әлемді кәдімгі өмірдегі болмыстан өте жақсы ажырата алады және де ойын барысында үйренгенін нақты әрекет жасау кезінде байқатады.

Мектепке дейінгі балаларды ағылшын тілі сабағында жалпы тақырыппен байланыстыру мақсатты болып есептеледі. Мысалы, балалар Мики Маустың туған күніне келеді және сабақтың соңына дейін сол туған күн иесімен ойнайды немесе кішкене тышқан Джерриге көмектесу үшін бірнеше тапсырмалар жасайды. Осындай жолмен тіл оқыту мақсаты 5-6 жасар баланың өмір сүретін әлемімен байланысып сай келіп тұрады. Бұл таза қызығушылық, жаңаны білу және өзінің қатарлас достарымен ойнауға деген құштарлық сезімге толы ертегі, қызықты әңгімелер мен өлеңдердің әлемі. Егерде тақырыптық бірлік бірнеше сабаққа созылса, балалардың әрекетін міндетті түрде түрлендіру керек, жиірек жұмыстың түрін өзгерту қажет, оларды динамикалық паузалармен, қозғалыс элементтері бар ойындармен көңілін аулау керек, өйткені балалар бірсарынды сабақтардан шаршап кетуі мүмкін. Бірақ соның өзінде мұғалім сабақтың әр элементі оның міндеттерін орындау қажет болуын, қозғалыс немесе ойын негізгі мақсатқа айналмауын қадағалауы тиіс.

ІІ. Ағылшын тілін оқытудың формалары мен әдістері.

Балаларды шет тіліне оқытуға бағытталғын жұмыс негізінен оқыту мақсаттарының кешенді жүзеге асыруының принциптерінен шығады, яғни оқыту үрдісі балалардың сөйлеу (лексика) қабілетін меңгерумен қатар, тілдік біліктіліктеріне (диалогтық және монологтық сәйлеу, тыңдау) бағытталған. Балаларды дұрыс айту жаттығулары шаршатпауы үшін және де сабақтың көңілді әрі қызықты өтуі үшін фонетикалық жаттығулар ойын түрінде қолданылады.

Ашық, түрлі-түсті көрнекілік кіші жастағы балаларды оқытудағы таптырмас көмекші болып есептеледі. Жаңа сөзді суретпен немесе әсем көрнекіліктермен байланыстыра отырып түсіндірсе, оны белгілі бір іс-әрекетте қолданылып көртілсе бала өте тез меңгеріп кетеді.

Белгілі бір тақырыпқа байланысты сөйлеу қабілетін қалыптастыруда әртүрлі таратуға арналған материалдарды, ойыншақ жиһаз, ыдыс-аяқ, киім, яғни балалардың барлық ойнағанда жақсы көретін заттарын пайдалану үлкен көмегін тигізеді. Баланың сөйлеуін белсендету үшін оқытудың басында ойыншықтар мен бірнеше нұсқадағы заттар бейнеленген суреттері болуы тиіс. Мысалы, сары, қызыл, көгілдір түсті шарлар немесе кішкене және үлкен күшік. Сонымен қатар, жаңа және ерекше ойыншықтар мен суреттер сабаққа жаңашыл элемент енгізеді және әдеттегіден өзгеше жағдай жасайды.

Жаңашылдық принципы балаларды шет тіліне оқытудағы жетекші принцип ретінде сабақтың сюжетті-композициялық құрылымын түрлендіруге мүмкіндік береді.

Сөзсіз балаларға ағылшын тілін оқытуда ойын әрекетінің орны өте зор. Ағылшын тілінің білім мен тәрбие беру үрдісіне енуі ең қарапайым ойын формаларында жүзеге асырылады: дидактикалық ойындар, драматизациялық ойындар, әуен және қозғалысқа негізделген ойындар.

Оқытудың бастапқы этапында ерекше рөлді балаларда пәнге деген қызығушылықты қалыптастыруда бұл мәселелердің шешімін әртүрлі ағылшын тіліндегі ойындар арқылы табуға тырысу қажет.

Ағылшын тілін оқытуда ерекше орынды драматизациялық ойындарға беруге болады. Драматизациялық ойындарды жүзеге асыруда ағылшын фольклорының танымал ертегілері, мультфильмдері, тақпақтар болып табылады. Мысалы: «The three little pigs», «The turnips», «Little mouse», «Old MacDonald» және т.б. Бұл қойылымдар балаларға бұрынна белгілі лексикадан, сөз тіркестерінен құралады.

Мектепке дейінгі ұйым балаларына тілдерді дамытуға арналған тиімді әдістемелер

Мектепке дейінгі ұйым балаларына тілдерді дамытуға арналған тиімді әдістемелер

Мектепке дейінгі ұйым балаларына тілдерді дамытуға арналған тиімді әдістемелер


Мектепке дейінгі ұйым балаларына тілдерді дамытуға арналған тиімді әдістемелер


ІІІ. Ағылшын тілін оқытуға арналған ойындар.

Шетел тілін мектепке дейінгі балаларға оқытудың шарттарын ескере отырып, балалар балабақшадан кейін де шетел тілін оқып, түсіне білу қабілетін қалыптастыруға мән берілуі тиіс. Осыған орай, шетел тілін балабақшада оқытудың практикалық мақсатын жүзеге асырудың алғышарты- оқыту әдіс- тәсіліне, коммуникативтік бағдар беруге назар аударылады.

Қандай да болмасын ойынды өткізу үшін мұғалім алдын ала жоспар құрып алуы қажет. Ол жоспар, әдістемелік тұрғыдан алып қарағанда мынадай шарттарға жауап беруі қажет:

  • Ойынның өтілетін сабақтың тақырыбы мен мазмұны сәйкес келуі;

  • Ойынға бөлінетін уақыттың нақты белгіленуі;

  • Ойынның ойналу түрінің топ болып ойнау, кішірек топ болып ойнау т. б. нақтылануы қажет;

  • Ойынға қажетті материалдардың түгел дайындалып қойылуы;

  • Қолданылатын сөздер, сөз тіркестері, мақал- мәтелдері, тақпақтар өлеңдердің таңдалынып алынуы;

  • Пысықталатын грамматикалық, фонетикалық, лексикалық материалдардың анықталуы;

  • Ойынның өту барысының жоспары жасалуы.

Ойын - адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, дамиды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір-біріне деген сенімділігін арттырады.

Ойынның өзіне тән мотивтері болады. Мысалы: мазмұндық, ролдік ойындар баланың зейінін, есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз атқарады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап көре алады. Ал ақыл-ой ойындарында белгілі бір ережені сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зиінділігін арттырумен қатар ерік сезім түрлерінде дамытады.

Сабақта қолданылатын ойындар алуан түрлі. Олар негізінен, оқу ойындары және коммуникативтік ойындар болып екіге бөлінеді. Ойынның бір ерекшелігі, ол оқушылардың сабақта өздерін еркін ұстауына, ойларын қысылмай айтуға жағдай жасайды. Балабақша балдырғандарына беретін болғандықтан ағылшын тілі сабағын қызықты етіп өткізу үшін мынадай ойын түрлерін қолдануға болады:

  • Фонетикалық ойындар;

  • Сөздік ойындар;

  • Оқу ережесіне байланысты ойындар;

  • Сөйлеу қабілетін дамытуға арналған ойындар;

  • Сергіту ойындары;

  • Сан есімге байланысты ойындар;

  • Дидактикалық мақсаттағы ойындар.

Ағылшын тілі сабағында әрбір баланың сабаққа белсенді қатысуының, ауызекі сөйлеуге құлшындыратын, ағылшын тілін оқып үйренуге талпынысы мен қызығушылығын арттыратын әдіс-тәсілдер түрі ерекше орын алады. Бұл міндеттерді сабақта оқытудың ойын әдістерінің көмегімен шешуге болады. Алайда, ойын әрекетін қандай мақсатта қолдануға болады? Қандай деңгейде? Сабақтың қай кезеңінде? Қай кезде жақсы нәтиже береді? деген сұрақтар әрбір педагогты толғандыратыны сөзсіз.

Ойынды мынадай мақсаттар қойып пайдалану керек: лексиканы меңгерту, қарым-қатынас жасай алуға үйрету, тілдік материалдарды есте сақтау, белгілі бір тілдік білімді дамыту, қажетті психикалық қызметтер мен қабілеттілікті дамыту, білім беру. Сондай-ақ, ойын арқылы қызықсыз тақырыптарды жеңіл, оңай меңгертуге болады.

Ойынды сабақтың әр кезеңінде пайдалануға болады. Мысалы, ұйымдастыру бөлімі кезінде фонетикалық рифмовка алуға болады. Бұл кезеңде балалардың сабаққа қызығуын жоғалтып алсақ, олардың тілді әрі қарай меңгеруі қиынға түседі. Сондықтан, сабақ арасында ойын элементтерін қолдану сабаққа қызығуын, белсенділігін, ойлау қабілетін дамытуға, жаңа сабақты пысықтау кезеңін сапалы өткізуге материалды толық меңгеруге көмектеседі. Осы орайда жалпы баланың қызығушылық деңгейін арттыруға болатын бірнеше ойын түрлеріне осындай:

  1. Сабақтың тақырыбы: Танысу

Ертегілер әлемінде қонақта болу. Сабақ ауызша өткізіледі. Саусақ театрының көмегімен My name is…/ I am… (My name is Den, I am Lena т.б.)., «Ат ойлап тап» ойыны (Балалардың өздерінің аттарын өзгертіп атау керек «Good morning. My name is Micky»)

Мектепке дейінгі ұйым балаларына тілдерді дамытуға арналған тиімді әдістемелер

Дым білмес балалармен. What is your name?, Who are you? Сұрақтармен мұғалім дым білместің кейпімен балалармен танысады. Сосын балалар бір-бірімен танысады.

Буратинода қонақта. Сабақ балалар арасында және Буратиномен диалог ретінде жүреді, «Сиқырлы микрофон» ойыны (Буротино балаларға ойыншық микрафон таратады да, әрқайсысымен жеке-жеке сөйлеседі).

- Hello.
- Hi.

-What is your name?/ Who are you?

- My name is Айым./ I am girl.

- What is your name?/ Who are you?

- My name is Алмас./ I am boy.

- Good bye, friends.

- Bye, Буратино.

2.Сабақ тақырыбы: Жануарлар туралы

Аңдар. Жаңа сөздерді үйрету (Жануарлардың даусы мен жанарлар бейнеленген презентацияны балаларға көрсетеміз). «Аңды тап» ойыны (балалардың алдына ойыншық жануарларды қоямыз. Педагог балаларға жануарларды табуға ұсыныс жасайды: «Айнур, find a dog, please». Егер бала таба алмаса, онда достарының көмектесуін өтінеді).

Орманды дала. «I have…» сөзін үйрету, монолог құру (балалар үйінен алып келген ойыншық жануарларын қолына алып, бір-біріне қарма-қарсы отырып, монолог жасайды. Мысалы:«Hello. My name is Сабина. I have a rabbit»)., «Аю және оның достары» спектакль ойыны (қуыршақ театрының көмегімен педагог жануарлардың іс-әрекетін көрсетеді).

"Magic mirror". Мақсаты: Зейінді дамыту.

Айнадан ойыншық-аңдардың бейнесі біртіндеп балаларға көрсетіледі. Содан соң сиқырлы айнадан бірнеше аңдар бір мезгілде көрсетіледі. Балаларға сұрақтар қойып, нені көргенін және оның санын сұрау керек: I see a dog. I see five dog.

I can't see". Мақсаты: Зейінді дамыту.

Ойынның барысы: Үстел үстіне бірнеше ойыншық аңдар қойылады. Балалар көздерін жұмады, ал бір аң «жүгіріп қашады». Қатысушылар ойыншықтың қайсысы жетіспейтінін және қайсысы қалғанын айтып жауап беруі керек.

I can see…

I can't see…

3.Cабақтың тақырыбы: Сандар

Apples. Мақсаты: балаларды санай білуге үйрету, сөздік қорын дамыту.

Ойын барысы: Педагог «Apples» санамағын балаларға оқып бірнеше рет қайталап айтқызады. Балалар сол санамаққа сәйкес алмаларды себетке салады:

One little, two little, three little apples,

Four little, five little, six little apples,

Seven little, eight little, nine little appels,

All fell to the ground.

Мектепке дейінгі ұйым балаларына тілдерді дамытуға арналған тиімді әдістемелер


Number . (саусақтармен ойын)

One, one, one, little dog runs

Two, two, two, cat see you.

Three, three, three, birds in the tree.

Four, four, four, rats on the floor.

4.Сабақтың тақырыбы: Отбасы

My family. Мақсаты: Отбасы жайлы білімдерін тиянақтау. Ағылшын тілінде отбасы мүшелері туралы сөздерді есте сақтауға үйрету.

Ойын шарты: балалар саусақтарына қуыршақтарды киіп (саусақ театрын пайдаланып) отбасы мүшелерін атайды: This is my mother. This is my father. This is my grandmother. This is my grandfather. This is my brother. How I love them all.

The Finger Family (саусақтармен ойын)

Daddy finger

Daddy finger

Where are you?

Here I am, here I am.

How do you do?

Mommy finger

Mommy finger

Where are you?

Here I am, here I am.

How do you do?

Sister finger

Sister finger

Where are you?

Here I am, here I am.

How do you do?

Brother finger

Brother finger

Where are you?

Here I am, here I am.

How do you do?

Baby finger

Baby finger

Where are you?

Here I am, here I am.

How do you do?

Мектепке дейінгі ұйым балаларына тілдерді дамытуға арналған тиімді әдістемелер

4.Сабақтың тақырыбы: Түстер

Colors.Мақсаты: Өлең оқып беру арқылы ағылшын тілінде түстер аттарын бекіту.Сөздік қорларын дамыту.

Ойын барысы: Педагог балаларға түстер туралы өлеңді өзі оқып береді. Өлеңдегі түстердің аттарын қайталап айтқызады. Содан соң өлеңді балаларға қайталатып айтқызады:

I see green, I see yellow,

I see that funny fellow.

I see white, I see black,

I see this and that and that.

I see pink, I see brown,

I stand up and I sit down,

I see red, I see blue

I see you and you and you!

Қуыршақтың сыйлықтары.Мақсаты: Сандар мен олардың құрамы туралы білім беру.

Ойын ойнау арқылы шапшандыққа, өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын дамыту.

Қажетті құралдар: Қуыршақ, шарлар.

Ойын барысы: Қуыршақтың сыйлық шарлары таратылып беріледі. Балалар ол шарларды үрлеп, қандай түсін және қанша екенін айтады. Үрленетін шарлардың түстері үш түрден аспауы керек. Шардың санымен артық, қандай түсті шардың кем екенін балаларға айтқызу. What colour is it? Балалар сұраққа жауап береді. It is a balloon. I have green & yellow balloon.

5.Сабақтың тақырыбы: Ойыншықтар

What is missing? Мақсаты: Балалардың аңғарымпаздық қасиетін дамыту, тез ойланып шешім қабылдауға үйрету.

Қажетті Қажетті құралдардар: ойыншықтар.

Ойын мақсаты: Кілем үстіне ойыншықтарды қоямыз. Педагог «Close your eyes!» деген нұсқау береді да 1-2 карточканы алып қояды. Содан соң балаларға «Open your eyes!» нұсқау беріп, «What is missing?» деп сұрақ қояды. Балалар жоғалған ойыншықты еске түсіріп, айтады.

Ойыншықтар дүкені. «My favorite toy is…?» «Менің сүйікті ойыншықтарым...». Балалар өздерінің жақсы көретін ойыншықтары туралы айтады «My favorite toy is a car. It is yellow».

Мектепке дейінгі ұйым балаларына тілдерді дамытуға арналған тиімді әдістемелер

Қосымша ойындар:

Guess the word. Балалар бір сөзді ойлайды. Басқалар мынадай сұрақтар қою арқылы сөзді табу керек.: Is it (a ball)? What is it? деген сұрақты қоюға болмайды. Сөз табушы балалардың саны 3-4 баладан аспау керек, әйтпесе, балалар ойынға қызықпай кетеді. Әр ойынды жүргізу барысында ойыннның мақсатын естен шығармау керек. Бұл ойынның мақсаты өтілген лексиканы меңгергендерін тексеру. Сөзді тапқан оқушы, сөз жасырушы болып ойын жалғаса береді.

Simon says. Бұл ойын түрі өте қызықты және қимыл-қозғалыс ойны. Ойын шарты мынада: Жүргізуші балалардан бір әрекет жасауын сұрайды, Бірақ егер жүргізуші «Simon says» десе орындайды, айтпаса орындамайды. Мысалы:

T.: Simon says "Sit down!" (балалар отырады)

T.: Stand up! (балалар тұрмайды)

Мектепке дейінгі ұйым балаларына тілдерді дамытуға арналған тиімді әдістемелер

Words road. Мақсаты: Заттардың атауларын таба білу. Белсенді сөздіктерін дамыту. Шапшаң қимылдауға үйрету.

Қажетті заттар: суреттер.

Ойын барысы: Кілем үстіне суреттер кішкене арақашықтықта жайылып қойылады. Бала суреттердің шетімен жүріп, заттарды атайды. Суреттер белгілі бір өткен тақырып бойынша немесе араластырып қойылады.

Clap the sound. Мақсаты: Белгілі бір дыбыстары бар сөздерді табу. Балалардың сөздік қорын дамыту. Дыбыстар туралы білімін бекіту.

Ойын барысы: Педагог дыбысты айтады, содан соң сөздерді айтады. Егер сөздің ішінде берілген дыбыс болса - бала қолын шапалақтайды, егер дыбыс болмаса - қолдарын шапалақтамайды.

Мысалы: «B»дыбысы - butter, cucumber, brother, cat, mother.

«Rain, rain, go away» - ойыны. Сергіту сәтінде: Тақпақты саусақтарымызбен, мимика арқылы көрсете отырып, айтамыз, балалар қайталап отырады:

Windy, windy,

Rainy, rainy,

Sunny, sunny,

Cloudy.

Қолымызға балаларды қызықтыру үшін сиқырлы таяқшаны алып сиқырлы сөз айтамыз:

Rain, rain, go away.

Come again another day.

Little Kate wants to play.

In a lovely, sunny day!










Білім беру саласы: «Қатынас»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Ағылшын тілі

Тақырыбы: "Fruits and meals"

Мақсаты: - жемістердің және тағамдардың атауларын ағылшынша атауға

үйрету;

-ұқыптылыққа тәрбиелеу;

-тіл үйренуге деген қызығушылығын арттыру.

Көрнекіліктер: қуыршақ ергежейлі, мультфильм кейіпкері Sponge Bob, тамақ

муляждары: банан, алма, апельсин, ірімшік, балмұздақ, кәмпит,

бейнежазба, үнтаспа, доп.

Лексикалық бірлік: I like - маған ұнайды, apple - алма, bananas - банан, orange

- апельсин, cheese - ірімшік, ice cream - балмұздақ, pie -

тәтті бәліш, candy - кәмпит.

Оқу

іс-әрекетінің кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Педагог балалармен аманадасады.

-Good afternoon, children!

How are you?

-Бүгін ағылшын тілінде жаңа сөздерді үйренеміз. Барлық сөздерді жаттап алу үшін жақсы тамақтану керек. Сендер жақсы тамақтанып алдындарма? OK!

Амандасады.

-Good afternoon, teacher!

Сұраққа жауап береді.

Ұйымдастыру - іздестіру

Балалар бізге қонаққа ергежейлі Help келді.

Ергежейлі Help: Hello! How are you?

Мен сендерге өз досымды Sponge bob - ты әкелдім. Сендер оны білсіңдерме?

Sponge bob: Hello! How are you?

-Балалар, біз Sponge bob екеуміз жолда дүкенге кірдік. Дүкеннен fruits and food сатып алдым. (қолында екі себетте жемістер мен тағамдар бар).

Педагог себеттерден тағамдарды алып, ағылшын тілінде атайды.

apple

bananas

orange

cheese

ice-cream

pie

candy

Sponge bob: Oh, I like to eat Pie and Ice cream. What are you like to eat?

Педагог: «I like to eat ...» жегілерің келген тағамды осылай айтасыңдар, аналарың сендерге тез арада дайындап бере қояды.

Педагог: әсіресе, ол Sponge bob- тың ең жақсы көретін сөзі. Солай емес пе?

Sponge bob: Yes, I like to eat bananas

Сергіту сәті:

  • Ендеше «I like» туралы ән айтып берейік.

Фонетикалық жаттығу:

Педагог фонетикалық жаттығу жүргізеді.

I like to eat, eat, eat

Yogurt and bananas

I like to eat, eat, eat

Yogurt and bananas

I like to eat, eat, eat

Yogurt and bananas

y- y- y- y- y

Ергежейлі Help: Very good! Let's play!

Дидактикалық ойын:«I like»

Балаларды шеңбер бойымен тұрғызады. Допты балалардың біріне:«I like ...» , деп өзіне ұнайтын тағам немесе жемістің атын атап лақтырады. Допты қағып алған бала өзі ұнататын тағамды атап, ойынды жалғастырады.

Hello, Help! OK!



Hello, Sponge bob! OK!





Педагогпен бірге сөздерді қайталайды.






Өздері ұнататын тағамдарды ағылшын тілінде айтады. «I like to eat ...» тіркесін қолданысқа түсіреді.





Фонетикалық жаттығуды орындайды. [у] дыбысын шығаруды үйренеді. Қимыл - қозғалыстар жасайды.





Допты бір - біріне беріп, «I like» сөз тіркесіне өзі ұнататын тағамның немесе жемістің атауын қосып айтады.

Рефлексивті түзетушілік

-Балалар, сабағымызды қорытындылау үшін тағамдар туралы бейнежазба көрейік.

Пайдалы және пайдалы емес тағамдар туралы айтады.

-Бүгін біз қандай жаңа сөздерді білдік?

Ергежейлі Help, Sponge bob балалармен қоштасады.

Good bye, children!

Бейнежазбаны тамашалайды. Қандай тағамдар пайдалы, ал қайсысы пайдалы емес екендігін түсінеді.

Сұрақтарға жауап береді. Кейіпкерлермен қоштасады.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: тағам атауларын ағылшын тілінде айтып, түсінеді

Нені меңгереді:«I like» сөз тіркесін түсініп, айтуды

Нені жасай алады: жемістер мен тағамдардың ана тіліндегі атауларын







Қорытынды

Балаларды қазіргі замандағы оқыту барысында, әсіресе шетел тілін меңгеру мәселелерінің бірі болып табылады. Шетел тілі коғамдық өмірдегі қамтамасыз етудің құралы болуға, ол тек жоғары оқу орындарында, мектептерде ғана емес, сонымен қатар мектеп жасына дейінгі балаларды оқытатын және тәрбиелейтін мекемелерде білім берудің негізгі міндетті компонентіне айналуда.

Шетел тілін ерте оқыту бүкіл әлемдік көп денгейлі тілде және мәдениетке деген қызығушылықты туғызу үшін тамаша мүмкіндіктер жасайды, коммуникативтік тіл ерекшілігін дамытуға ыкпал етеді, баланың ойлауына, танымына және есте сақтауына жайлы әсерін тигізеді. Бірақ мектеп жасына дейінгі балаларга тән шыдамсыздык, назар аударудагы тұрақсыздық тез қажу, шаршағыштық сияқты кейбір теріс қылықтарын ескере отырып, ағылшын тілін ойын түрде өткізу керек.
Қорытындылай келе, ойындар балалардың таным белсендігін жандандыратын, өздігінен ойлауын дамытатын тәсілдердің бірі. Олар кез - келген оқу материалын қызықты да тартымды қылып, балалардың көңіл - күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарына қанағаттануға және өтілген тақырыпты жеңіл меңгеруге көмектеседі. Тақырыпты ашу барысында ойын арқылы дамытуға арналған тапсырмалар жүйелі қолданылып, ұйымдастырылып отырса, сонда ғана педагогтың тақырып мақсатын ашуына мүмкіндік береді. Ал дұрыс таңдау үшін балалардың психологиялық және жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін білу керек. Тек қана осы жағдайда ғана, біз күткен нәтижелерімізге қол жеткізе аламыз. Тиімді қолдана білген кез келген технология білім сапасын арттыратыны хақ. Дамыған елу мемлекеттің қатарына кіру үшін білімді ұрпақ тәрбиелейік. Себебі, Қазақстанның болашағы білімді ұрпақтың қолында.






Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беру

тұжырымдамасы// Қазақстан жоғары мектебі. - 2004. - №1

2. Н.Ә. Назарбаев. Қазақстан халқына Елбасының жолдауы. «Жаңа әлемдегі

жаңа Қазақстан» - 2007. - 28 - ақпан

3. Үш тілдегі дидактикалық ойындар жинағы. Әдістемелік құрал. Астана.

2013ж. 3-5 б.

4. Кадыргалиева С.И. Есбергенова Г. Мектепке дейінгі балаларды ағылшын

тіліне оқыту. Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті. 2011 ж. 10-14 б.

5. Верещагина И.Н.,Рогова Г.В. «Методика обучения английскому языку на

начальном этапе в общеобразовательных учрежденях.»

6. English. Play and Learn. №7\2006 ж.

7. Нұрғаева Г. Ойын сабақ // Бастауыш мектеп, 2001, №7. -Б. 40-46 б.

8. Мектептегі шет тілі журнал №1 ( 31)қаңтар-ақпан 2008 ж.10-11 б.

9. Құлжанова.Н. Ойын мақсатын талдау және ойын мәні//

Қазақстан мектебі.- 2001.- №1.б.74.

10. Ахметов Н. К., Хайдаров Н. Ж. Игра как процесс обучения. - А. Знание.

1985. 48 с.

11. Конышева А. В. Английский для малышей, Минск, 2004 ж.




© 2010-2022