Ашық сабақ тақырыбы: Мұқағали Мақатаев (9 сынып)

Раздел Иностранные языки
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

И.Искандеров атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мекемесі қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Қожабай Әйгерім Серікқызы

9 сынып ұйғыр сынып қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы

Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға поэзияда өзіндік із қалдырған ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірімен, шығармашылық еңбегімен таныстыру, поэзиясының халыққа кең таралуының мәні және оңың өміршеңдігінің сыры неде екенін таныту,

түсіндіру.

Ә) М.Мақатаевтың өлеңдері арқылы шындықты, сұлулықты қадірлей білуге, өз ұлтын, елін, жерін, тілін сүюге тәрбиелеу.

Б) Сөйлеу тілдерін жетілдіру, өлеңдерін нақышына келтіріп жатқа оқу, сүйсіне білуге сезімдерін ояту, талдау жасата білуге үйрету.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту

Көрнекілік: Интерактивті тақта,слайдтар

Әдіс тәсілдер: психалогиялық тренинг, ой қозғау, нысана әдісі, постермен топпен жұмыс, поэзия минуты, сатылай талдау, БББ кестесі

I. Ұйымдастыру кезеңі

-Амандасу

-Сынып тазалығын тексеру

-Кезекшімен жұмыс

Психалогиялық тренинг. Күлкі терапиясы

Сабаққа келген оқушының көңіл -күйін көңілді не көңілсіз екенін смайлик арқылы білу,сабақ соңында көңіл күйінің қандай болып шыққанын байқау.

Сабақтың ұстанымы:

«Қазақ тілін білген адам Мұқағали поэзиясын сүймеу мүмкін емес, Мұқағали поэзиясын сүйген адам, елін жеріне адал, табиғатына жанашыр бола алады».

II. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

III.Жаңа сабақты меңгерту

Ой қозғау

Райымбек ауданы Қарасаз ауылында 1931 жылы дүниеге келген. Қарасаздың мұзбалағы, ақиық ақын Отанын халқын бақыттына санаған, шын есімі-Мұхаметқали ол кім?

Мұқағали ақын жайлы не білесіңдер?

Мұқағали өміріне саяхат . Өмірімен шығармашылығын слайдтармен байланыстыра отырып түсіндіру, көрсету.

Таспадан Мұқағалидың өз даусымен оқыған өлеңін тыңдату.

Мұқағалидың Саржайлау әнімен оқушыларды екі топқа бөлу.

IV.Түсініктері тексеру

1 тапсырма

Оқулықпен жұмыс жасай отырып, постермен жұмыс жасау

1-топ Мұқағалиды сен қалай таныстырасың?

2-топ Бала Мұқағали қандай еді?

2- тапсырма

1-топ Хронология бойынша әңгімелеу

2-топ « Үш бақытым » өленіне сатылай талдау

Поэзия минуты. Мұқағали өлеңдерінен поэзия минутын өткізу

Екі топқа ортақ тапсырма

Мұқағали өлеңдерінен физика сабағына тән қандай құбылыстарды байқаймыз?

Мысалы:

Бозқараған

Көрдің бе бозқараған?

Сирень иісі аңқиды боз даладан,

Бозқараған тікенек, тікенек өскен.

Сирень гүлін ешкім де қозғамаған

Соның аты біздің ше бозқараған.

Диффузия

Қарасаздың шыбығын жел тербеген,

Жел тербеген шыбықты мен тербеген

Тербеліс күші

Мұқағали әндерінін әуенін қалай өзгертер едіндер? Реп болмаса класикалық әуенде

1-топ

Қош енді, қош бол,күрең күз,

Күрең күз, саған жібердім.

Күлермін деп ем түнердім.

Білермін қалай білермін.

2-топ

Бақыт деген,сенің бала күндерің,

Бақытсыз-ақ бақытты болып жүргенің.

Бақытында басқасында білмеймін,

Бақыт деген сенің ойнап күлгенің.

Дәптермен жұмыс

Атама хат өздері хат жазады

V Жаңа сабақты бекіту

Білемін

Білдім

Білгім келеді


VI. Қорытынды

2 .Бағалау.

Ашық тақта бойынша бағалау

1Үйге тапсырма беру

Мұқағали өлеңдерін жаттау

«Менің Мұқағалиім»тақырыбында эссе жазу



© 2010-2022