Открытый урок по казахскому языку М. Өтемісұлы «Арқаның қызыл изені-ай», «Бағаналы терек» өлеңдері

Раздел Иностранные языки
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы: 9 «Б»

Күні: 28.01.2015 жыл

Сабақтың тақырыбы:

М.Өтемісұлы «Арқаның қызыл изені-ай», «Бағаналы терек» өлеңдері.

Мақсаты:


Бүгінгі өскелең ұрпаққа ақынның кім екендігін, оның «Арқаның қызыл изені-ай», «Бағаналы терек» өлеңдерінің тақырыбын аша отырып, ақынды тағы да жаңа қырынан таныту, өлеңдеріне талдау жасату.

Мұғалім үшін оқу нәтижелері


-Оқушылардың түрлі тапсырмаларды орындаулары арқылы аталған тақырыпты меңгеріп шығу; -Мұғалім оқуға бағыттап отыру; -Оқушылардың бірін-бірі бағалау мүмкіндіктерін жасау.

Сабақтың түрі

Сабақтың типі

Сабақтың әдісі мен тәсілдері

іздендіру сабағы

аралас сабақ

түсіндірмелі-көрнекілік, ішінара іздендіру, визуалды оқыту, ой қозғау, сұрақ қою техникалары, топтық жұмыс, жеке жұмыс, «Ойлан-жұптас-бөліс», «Бортты журнал» әдісі,сатылай кешенді талдау, «6 телпек» әдісі, формативті бағалау түрлері т.б.

Күтілетін нәтижелер:


- Шығармашылық қабілеттерін қалыптастырады;

- топта ойласа отырып таңдау жасайды және шешім қабылдайды;

- тапсырмаларға өз ойын айта алады;

- оқушылар сөздік қорын молайтады.

- сабақта тапсырманы қалай жасағаны туралы немесе нені үйренгені туралы айта алады.

Сабақтың көрнекілігі:

Мультимедиалық проектор, флипчарт, маркер, бағалау парағы, стикер т.б.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңдері:

Уақыты

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

І Ұйымдастыру кезеңі.


2 мин

1.Оқушылармен амандасу. 2. Ынтымақтастық пен сенім атмосферасын құру.3. Сыныпты топқа бөле отырып, жалпы топ ережесін құрып, бағалау парағын таратамын.

Шеңбер құрып, бір-біріне сәттілік тілейді. Сөз қиындылары арқылы топқа бөлінеді. І топ - «Ақын» ІІ топ - «Батыр» ІІІ топ - «Күйші»

ІІ Үй тапсырмасын сұрау және бекіту.


10 мин

1.М.Өтемісұлы кім? Ақын туралы не білеміз? Қандай шығармаларын білеміз? 2. Өлеңнен үзінді жатқа айту. 3. «Алты телпек» әдісі бойынша ақын әрекетін баяндау.

І топ - «Зерттеушілік конференциясы» әдісі бойынша ақынның өмірі мен шығармашылығына шолу жасайды. ІІ топ - Өлеңді жатқа айтады. ІІІ топ - «Алты телпек» әдісі бойынша ақын әрекетін баяндап шығады.

ІІІ Жаңа сабақ

3 мин

М.Өтемісұлының «Арқаның қызыл изені-ай», «Бағаналы терек» өлеңдері «Арқаның қызыл изені-ай», «Бағаналы терек» өлеңдерін мәнерлеп оқу.

Сабақ мақсатын анықтап, сабақтың критерийлерін шығарады: М.Өтемісұлының «Арқаның қызыл изені-ай», «Бағаналы терек» өлеңдері туралы білу. Құндылығын, мазмұнын анықтау. Мысал келтіре алу. Қолдана алу.

Сабақты бекіту тапсырмалары




25 мин






«Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі арқылы М.Өтемісұлының «Арқаның қызыл изені-ай», «Бағаналы терек» өлеңдерімен белсенді оқытып таныстыру, жаңа тақырыпты меңгерту.

Ойтолғаныс. Қылқалам -қаламдары ұштала берсін деген ниетпен ақындар тобы өлең шығарады, хат -сәлемдері алысқа самғасын деген оймен батыр тобы Махамбет тұлғасын топтастырады, кітап - білім нәрімен сусындасын деген ниетпен күйші тобы таңдайды олар .

Сергіту сәті. Махамбеттің күйі. «Жұмыр қылыш»

І Үш қадамды сұхбат әдісін пайдалан отырып, оқушылардың Махамбет образын сын тұрғысынан талдау жасауына ықпал етемін. ІІ «Сандар сөйлейді» әдісі арқылы ой қорыту. ІІІ «Ыстық орындық» стратегиясы бойынша білімдерін қорытындылау.

Топтық тапсырмалар. І топ - Өлеңнің дүниеге келу тарихына шолу жасайды. ІІ топ - Өлеңдеріне сатылай кешенді талдау жасайды. ІІІ топ - «Бортты журнал» әдісі бойынша түсініксіз сөздерге түсінік беру.

Тапсырмалар реті төмендегідей: І.Ақын тобының тапсырмасы. Махамбетке өлең шығарады ІІ.Батыр тобының тапсырмасы. Махамбеттің өз тұлғасы топтастыру. ІІІ.Күйші тобының тапсырмасы. «Махамбет өлеңдері жайында ой» ой толғау. «Жұмыр қылыш» күйіне сәйкестендірілген сергіту жаттығуын жасайды.

І топ - Сұхбат алушы- жауап беруші- жинақтаушы ІІ топ - Жасырынған сандардың жауабын табу арқылы ой қорытады. ІІІ топ - Топтан орындыққа бір оқушы шығады, басқа топтағылар сұрақ береді, ол дәл әрі нақты жауап береді.

Қорытынды:

Үйге тапсырма

Бағалау.

Рефлексия

2 мин

1 мин

2 мин



Махамбет бабамыздың тарихтағы ізі мәңгі өшпестей ұрпақтан- ұрпаққа берер мұра екендігін айтып, қорытамын. Үйге тапсырма: М.Өтемісұлының «Арқаның қызыл изені-ай», «Бағаналы терек» өлеңдерін жаттау. Махамбет өлеңдерінің зерттелуі.

Жеке, жұптық, топтық бағалауларын ұсынуды сұраймын. Рефлексия парағын толтыру.

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.

Жеке, жұптық, топтық бағалауларын ұсынады. Рефлексия парағын толтырады.



Открытый урок по казахскому языку М.Өтемісұлы «Арқаның қызыл изені-ай», «Бағаналы терек» өлеңдері.

© 2010-2022