План урока по казахскому языку на тему Қазақстан темір жолы (11 класс)

Раздел Иностранные языки
Класс 11 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырып №4

«Қазақстан Теміржолы» АҚ. 21 б Өзгелік етіс




Мақсаты

Темір жол желісі арқылы саяхат жасау, электронды билет сатып алу мүмкіндігі жайлы мәлімет алу. Өзгелік етістің жасалу жолын білу.


Күтілетін нәтиже

Жаңа сөздермен танысады, сөздерді сөйлемдерде қолданады. Электронды билетті қалай сатып алуға болатыны жайлы біледі, темір жол желісінің қызметі жайлы біледі, білгенін ауызекі тілде қолдана алады.


Қолданылатын

модульдер,


Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер;+Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау;

Оқыту мен оқуды ақпараттық- коммуникативтік технологияларды пайдалану; Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу+ Оқытуды басқару және көшбасшылық


Сабақтың түрі

Аралас сабақ


Пәнаралық байланыс

орыс тілі


Әдіс-тәсілдер

Диалогтік оқыту, топтық әңгіме, миға шабуыл, сұрақ-жауап, талдау, ауызша-жазбаша, диалог, топтық жұмыс, кластер құру. Кубизм, түртіп алу, сыни ойлау, топтық, жеке, жұптық жұмыс, салыстыру, ажырату


Сабақтың көрнекілігі

Оқулық, моноблок, бейнесуреттер (презентация), плакат, бағалау парағы, деңгейлік тапсырмалар


Кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Ұйымдастыру

(5мин)

Психологиялық тренинг

Психологиялық жағдай:
- Балалар, бүгінгі сендердің көңіл-күйлерің қандай?
- Дыбыстық жаттығу:
1. Қазақ тілінде неше әріп, дыбыс бар?

Сабақ алдында психологиялық тренингке қатысады


Суреттер


Үй тапсырмасын тексеру 4 мин





Қызығушылықты

ояту

(3мин)

«Қазақстан теміржолы» туралы не білесіңдер?

Білгендерін айтады.

Формативті баға


Мағынаны тану (20мин)

Мәтінмен жұмыс.

1.Жаңа сөздермен таныстыру. Сөз тіркестер мен сөйлемдер құрастыру.

2.1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беру.

Грамматикалық тақырып. Өзгелік етіс. Жасалу жолы. Жұрнақтары. Ереже. 22 б.

3. 2-тапсырма. Берілген сөздерді өзгелік етісте жіктеу.

4. 3-тапс. Сөйлемдер құрастыру.

5.4-тапс.жақшаның ашып, сөйлемдерді жазу.


Мәтінмен жұмыс жасайды.

1.Жаңа сөзбен жұмыс, сөздік дәптерге жазады, олармен сөйлем құрайды

2.1-тапсырма. Сұрақтарға жауап береді.

Грамматикалық тақырып. Өзгелік етіс. Жасалу жолы. Жұрнақтары. Ереже. 22 б. Танысады.

3. 2-тапсырма. Берілген сөздерді өзгелік етісте жіктейді.

4. 3-тапс. Сөйлемдер құрастырады.

5.4-тапс.жақшаның ашып, сөйлемдерді жазады.


Мадақтау

Формативті баға

Оқулық,

Мәтін жазылған парақша


Сергіту сәті /5мин/

Би «Қара жорға»

сергіту сәтін ұйымдастырады


Сергіту сәтін орындайды




Қорытындылау /7мин/

6-тапсырма. Диалог құрастыру.

Диалог құрастырады.


Жазу дәптері, оқулық


Рефлексия

Оқушыларға түрлі түсті стикерлер беріледі

Оқушылар өздерінің ойларын стикерлерге жазып, жапсырып кетеді.

Түрлі түсті стикерлер


Бағалау

Сабақ барысында жұмыс істегендеріне қарай баға беру.

Күнделіктеріне баға қойғызу

Суммативті баға беру.

Күнделік


Үйге тапсырма


Оқушыларға үй тапсырмасын орындалу тәртібін түсіндіреді. 5-тапсырма.


Мұқият тыңдайды. Күнделікке жазып алады.


Күнделік


© 2010-2022