• Преподавателю
  • Иностранные языки
  • Доклад на тему Ағылшын тілі сабағында интербелсенді әдіс-тәсілдер қолдану арқылы оқушылардың таным қызығушылығы мен білім, білік дағдыларын арттыру

Доклад на тему Ағылшын тілі сабағында интербелсенді әдіс-тәсілдер қолдану арқылы оқушылардың таным қызығушылығы мен білім, білік дағдыларын арттыру

Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Дарынды оқушыларға арналған облыстық мамандандырылған

мектеп-лицей-интернаты





Ағылшын тілі сабағында интербелсенді әдіс- тәсілдер қолдану арқылы оқушылардың

таным қызығушылығы мен білім,білік дағдыларын арттыру

Ағылшын тілі пәні мұғалімі: Турсынбаева ТА





Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін - білім». ҚР Пpeзидeнті Н.Нaзapбaeв "...Адaмзaт үшін ХХІ ғaсыp жaңa тeхнологиялapдың ғaсыpы болмaқ, aл осы жaңa тeхнологиялapды жүзeгe aсыpып, өміpгe eнгізу, игepу жәнe жeтілдіpу - бүгінгі мeктeп мұғaлімдepінің сіздepдің eншілepіңіз", - деп сенім артады. Сол сенімнің кілті білікті де, білімді ұстаздар қауымының қолында екенін бір сәтте естен шығармауымыз керек. Қазіргі кезде ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту білім беру саясатының ажырамас бөлігі болып табылады. Ақпараттық - коммуникациялық технологиялар саласындағы алдыңғы қатарлы жетістіктерді пайдаланып, білімнің жаңа деңгейі мен сапасына қол жеткізуге ұмтылу алға қойған мақсаттардың бірден-бірі. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі -жаңа ақпараттық - коммуникациялық технология негіздері болып табылады. Ақпараттық технологияларды ағылшын тілін оқыту үдерісінде пайдалану оқушылардың жан-жақты білім алуына жол ашып, мемлекетіміздің үш тұғырлы тіл саясатына сай жақсы, жан-жақты дамыған оқушы иесі ретінде танылуларына негіз бола алады.Білім берудегі мақсат тек білімді кәсіби мамандандырылған адам дайындау ғана емес, рухани дүниесі бай және адамгершілігі зор, қоғамдық өмірдің барлық аясында ұлттық құндылықтарды бағалауға және дамытуға қабілетті тұлғаны қалыптастыру керек екенін баса айтқан жөн. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 29 қаңтар 2011 жыл Қазақстан халқына жолдауында «Мен қазіргі заманғы қазақстандықтар үшін үш тілді білу әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты екендігін айтып келемін. Сондықтан 2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін тұрғындар саны кемінде 20 пайызды құрауы тиіс деп есептеймін»- деді. Олай болса, оқушыны ағылшын пәніне қызығушылығын тудырып дамытуды және жемістің нәтижесін көруді мақсат тұтқан әрбір мұғалім жолдауға жедел үн қосу керек деп білемін. Қазақстан Республикасының мемлекетаралық тілі - ағылшын тілін жаңа технологиялар арқылы оқыту ісі күннен - күнге өзекті болып келеді. Ағылшын тілін оқыту технологиясының сапасы оның қол жеткізілетін түпкі нәтижесі арқылы өлшенеді. Қазіргі таңда жаңа педагогикалық технологиялар түрлері өте көп. Оларды тиімді етіп шет тілі сабағында қолдану мұғалім шеберлігіне байланысты. Қоғам талабына сай шетел тілдерін оқытуда қойылып отырған ортақ міндет - тілді коммуникативтік бағытта оқыту. Ондағы мақсат оқушылардың өз ойларын жеткізумен шектеліп қана қоймай, өзара тіл табысып, пікір алмасуға үйрету, өз жұмысына, топтағы немесе жұптасқан оқушының жұмысына, жауабына сыни тұрғыдан ойлап талдау жасай алу, өз ойын қорытындылай білу, интерактивті жұмыс жүргізу. «Interactive» ағылшын тілінен аударғанда «ортақ белсенділік» деген мағынаны білдіреді. Инновациялық оқыту технологиялардың білім беру жүйесін дамыту ісіне берері мол. Оларды қолдану оқушының өздігінен сабаққа дайындалу деңгейін арттырады; оқу үдерісін жүргізуді қызықты етеді; шығармашылық жағынан бұрын болмаған кәсіби дағдыларды қалыптастырып, жаңа мүмкіндіктер туғызады. Ал өзім қазіргі уақытта ағылшын тілі пәні мұғалімі ретінде, Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсы Үшінші (негізгі) деңгейі бойынша сертификат алдым. Бұл курстың Кембридж тәсілі бойынша оқытылатын бағдарламаның мақсаты, міндетімен, бағдарламаның жеті модулімен таныстым.
Олар:
1. оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер;
2. сыни тұрғыдан ойлауға тәрбиелеу;
3. оқыту үшін бағалау және оқудағы бағалау;
4.оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану;
5.талантты және дарынды балаларды оқыту;
6. оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу;
7. оқытудағы басқару және көшбасшылық . Сабақ - оқытуды ұйымдастырудың бір формасы.Оқыту формасы адамзат қоғамының дамуымен бірге қалыптасты. Оқыту процесінің ең ертеде қалыптасқан түрі жеке оқыту болды. Келесі кезең жеке-топтық оқыту әдіс болды. ХVІІ ғасырдың басына қарай бұл оқыту формалары қоғам қажеттілігін өтей алмай қалды. Осы кезеңнен бастап алғашқы топтық оқыту әдіс қолданылып, ол қазіргі кездегі сыныптық-сабақ жүйесінің негізі болды. Сыныптық-сабақтық жүйенің авторы ретінде Я. А. Каменскийді атайды. Оқытуды ұйымдастырудың бұл түрінің сипаттамалары мынандай:

-оқудың негізгі бірлігі сабақ;

-оқушылар жастары бойынша сыныптарға бөлінеді;

- мектептегі оқыту кезеңі;

-сабаққа қатысу бәріне міндетті;

-сабақ кестесі, үзіліс, каникул кезеңдері жыл бойын қамтиды;

- сыныптағы барлық оқушылардың жұмыстары бір тақырып және бәріне ортақ бір жоспар бойынша жүзеге асырылады;

-оқыту барысын мұғалім басқарады.

Сабақтың құрылымы мен типтерге бөлудің қазіргі заманғы үлгісі бар. Сабақ - мұғалімнің шығармашылығы. Ағылшын сабағында тіпті бірыңғай технологияны қолданатын, бір тақырыпқа арналған сабақ әр ұстазда түрліше болып шығады. Кез-келген сабақтың анық мақсаты болу керек. Сондықтан қазіргі заманғы дидактикада сабақ типтерін былай класификациялайды:

жаңа сабақ өту;

дағды мен біліктілігін қалыптастыру және дамыту;

білімін, біліктілігін, дағдысын бекіту мен пайдалану;

оқыту және білімді жүйелеу;

білімін, біліктілігін, дағдысын бақылау және коррекциялау;

кіріктірілген сабақ.

Мұғалім алдымен сабақта не істейтінін жоспарлайды, содан соң калай және қандай әдіспен жүзеге асыратынын анықтайды. Сабақтың құрылымы мақсат пен мазмұн арқылы анықталады, кездейсоқ таңдалуы мүмкін емес. Интерактивтік оқыту шет тілін үйренуде өте тиімді.Педагогикада, әсіресе шет тілдерін оқытудың бірнеше моделін атап көрсетуге болады:

1) пассивті - оқушы оқытудың «объектісі» ролін атқарады (тыңдау және көру)

2) активті /белсенді/ оқушы оқытудың «субектісі» болып шығады (өзіндік жұмыс, шығармашылық жұмыс, лабораториялық-практикалық жұмыс

3) интерактивті - inter (өзара), akt(әрекеттесу).

Оқыту процесі барлық оқушылардың тұрақты белсенді өзара қарым-қатынасы арқылы жүзеге асырылады. Оқушы мен мұғалім оқытудың тең құқылы субъектісі болып табылады. Шет тілін үйренуде интерактивті оқыту моделін пайдалану - өмірлік ситуацияларды моделдеуді, рольдік ойындарды қолдануды, мәселені бірлесіп шешуді қарастырады. Оқу процесінің қандайда бір қатысушысын немесе идеяны, яғни, жақсы оқитындарға ғана назар аудару сияқты ерекшелеуді шектейді. Бұл моделге адамгершілікпен, демократиялық жолмен келуді үйретеді. Интерактивтік оқыту технологиясы - бұл коллективтік, өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу процесіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту процесін ұйымдастыру. Шет тілін үйретуде интерактивтік оқыту технологиясы:

1) Жұптасып жұмыс істеу.

2) Ротациялық (ауыспалы) үштік.

3) Карусель - Айналмақ.

4) Шағын топтармен жұмыс.

5) Аквариум.

6) Аяқталмаған сөйлем.

7) Миға шабуыл /Мозговой штурм/.

8) Броундық қозғалыс.

9) Есептеу ағашы. /Дерево решений/

10) Өз атынан сот. /Суд от своего имени/

11) Азаматтық тыңдау.

12) Ролдік /іскерлік/ ойын.

13) Сығымдау методы. /Метод пресс/

14) Өз позицияңды ұстан.

15) Дискуссия.

16) Дебаттар.

Педагогикалық технологиялар арқылы ағылшын тілі пәнін меңгертуде мынадай түйінді мәселелер өз шешімін табады

--Оқушылардың тілді тереңірек танып-білуіне, өз ойын ағылшын тілінде еркін білдіруге қажетті дағдыларды игеруіне оң ықпал етеді;

− ағылшын тілінің практикалық бағытына басымдылық берілетіндіктен, оқушының білімді өмірде қолданудың маңызы жайында түсінігі дамиды;

− оқушының танымдық қабілеті мен ақпараттық мәдениеті қалыптасады;

− оқушылар проблемаларды ынтымақтастықта шешу қажеттілігін түсінеді

Қазіргі кезде ағылшын тілі мұғалімнің міндеті балаларды ағылшын тілін меңгертіп қана қоймай, оларды өздігінен жұмыс істеуіне, тілге деген қызығушылықтарын дамыту болып табылады.Шетел тілін үйрету қиын да, қызықты жұмыс. Қазіргі кезде ұстаздарға қойылып отырған талап жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып сапалы терең білім беру, оқушылардың ойлау, есте сақтау көру қабілеттерін жетілдіру. АКТ-ны қолдану оқушы үшін өте қызықты, әрі нәтижелі болды. Тіл үйрену барысында жаңа технологияларды қолдана отырып, педагогикалық қалыптасқан жазу, тыңдау, түсіну, сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға әбден болады. Ал енді психологиалық жағына келетін болсақ, қазіргі уақыт ағымындағы оқушылардың әрқайсысының үйлерінде әдетте көптеген ойындары бар компьютерлер,ноутбуктар, видеолар мен телевизор бар болғандықтан, олар қоршаған ортаны осындай тәсілмен қабылдауға үйренген. Жаңа технологиялардың мүмкіндіктері оқушыларға оқу бағдарламаларын оқып, тіл үйренуде де сәтті қолданылатынын түсіндіруге мүмкіндік беріп, шығармашылық белсенділікті дамытуға, пәнге деген қызығушылықты арттыруға, тыңдау мен сөйлеу дағдыларын үйренуге ең жақсы жағдайларды жасауға әсер етіп, нәтижесінде сапалы білім алуын қамтамасыз етеді.Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ағылшын тілі сабақтарында қолданудың негізгі мақсаттары: тілді үйренуге деген мотивацияларының артуы, тілдік компетенцияны дамыту, өзге тілдегі мәтіндерді түсіне білу, сондай-ақ ақпаратты байланысқан және дәйектелген күйінде бере білу, лингвистикалық білім көлемінің артуы, тілін үйреніп жатқан елдің әлеуметтік мәдени құрылымы туралы білімнің толығуы, ағылшын тілін өз бетімен үйренуге даярлық пен қабілеттілікті дамыту.Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды әдістемелік, дидактикалық, педагогикалық және психологиялық принциптердің тұтас комплексін жүзеге асыруға көмектеседі, таным процесін қызықты және шығармашыл етеді, әрбір оқушы үшін жеке дара жұмыс қабілетін ескеруге мүмкіндік береді. Жаңа технологияларды практикада қолдану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың жаңа түрін ашады, нәтижесінде жаңа білім ашылады, оқушылардың танымдық белсенділігі дамиды, білімді өз беттерінше толықтырады, ақпараттар ағымында іздеу және бағдарлауға үйренеді. Жаңа технологияларды ағылшын тілі сабақтарында қолдану тәжірибесін талдай отырып, мынандай қорытынды жасауға болады: оқыту сапасы артады, тұлғаның үйлесімді дамуын қамтамасыз етеді, ақпараттық кеңістікте адаспайтын, ақпарат мәдениетін жетік білетін тұлға болып қалыптасуына көмектеседі, тіл тосқауылының кедергілері азаяды. Ақпараттық - коммуникациялық технологияны сабақтарда қолдану келешек ұрпақтың жан - жақты білім алуына, іскер әрі талаптты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшын де тигізер пайдасы аса мол.Қазіргі заманғы ұстазға қойылатын талап оқушының өз бетінше оқуына қарқынды түрде көмектесіп, оның сабаққа деген қызығушылығын ояту, сонда ғана оқушы жаңаны тануға талпынып, білімін арттыруға тырысады. Жалпы оқыту жүйелерінде педагогикалық жаңа технологиялар кеңінен орын алып келеді. Әр ұстаз өзі тандаған технологияларды қолдана отырып, оқушылардың білім денгейін көтеруге бар күш - жігерін жұмсайды. Бүгінгі таңда сабақты мультимедиалық кабинетте өткізу, шет тілі сабағында компьютер жүйесін қолдану ұстаздың да, оқушының да жұмысын жеңілдетеді, оқушылардың ынтасын арттырады. Сабақтарда денгейлік тапсырмаларды, сызбаларды, көрнекіліктерді қолдану оқушылардың қабылдауын жетілдіреді.Ағылшын тілі сабақтарында тест жұмыстарын өткізу, грамматикалық тапсырмаларды орындау, мәтін тындату жұмыстарын оқушылар аса қызығушылықпен орындайды. Мультимедиалық кабинетте өткізілетін сабақтарда орындалатын тапсырмалар мен тест жұмыстарының нәтижесі сол сәтте тексеріліп, әр жіберілген қателерге талдаулар жасалып, уақыт үнемді пайдаланылады. Интеграциялық сабақтар өткізуде компьютер жүйесін қолдану өте тиімді. Экран бетіндегі жаңа сөздер, түрлі - түсті грамматикалық кестелер оқушылардың қызығушылығын, есте сақтау қабілеттерін арттырады. Мультимедиалық кабинетте өткізілген сабақтарды интерактивті тақтаның ерекше мүмкіндіктерін тимді пайдалана отырып, көздеген мақсатқа жетуге болады. Ағылшын тілін оқытуда жаңа технологияларды, техникалық құралдарды сабақта жан - жақты қолдану, мұғалімнің көптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, осы іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерінің пайда болуына мүмкіндік туғызады. Осындай жаңа жолдардың біріне ақпараттық оқыту жүйесіндегі компьютерлік бағдарламалардың түрлері арқылы тіл үйретуді жатқызуға болады.Қорыта айтқанда, бүгінгі сабақ кешегі сабақтан өзгеше, ал ертеңгі сабақ бүгінгі сабақтан жақсы болуы тиіс. Мектептегі технологияларға мыналар жатады: теледидар бағдарламалары, сандық теледидар, интернет/ WWW, ұялы телефон, ұтқыр қондырғылар, компьютер/ноутбук. Сандық бейнені (видео) қолдану.Мектептегі компьютерлік сынып интернет жүйесіне қосылғандықтан сабақтарымда АКТ кеңінен қолданамын. Сонымен қатар оқушы да интернеттен материал ғана іздеп қоймайды, әлемдік байланыс торабына кіруді де үйренеді, электрондық оқулықтармен жұмыс жасайды. Электрондық оқулықтар мен компьютерлік оқу әдістемелік құралдарды өз дәрежесінде қолдана білу оқушылардың үйренген білімдерін өз беттерінше қолдана білуге, дүниені аз уақытта танып білуге мүмкіндік береді. Интернет ресурстарын қолдану мүмкіндіктері өте үлкен және оқушылар мен оқытушыларға қажетті кез-келген ақпараттарды, жер шарының қай жерінен болса да алуға мүмкіндік береді. Мысалы елтану бойынша материал, жастар өмірінен жаңалықтар, газеттерден мақалалар, қажетті әдебиет және т.б. Сонымен қатар оқушылар интернет желісі арқылы өткізілетін тестілеуге, викториналарға, конкурстарға, олимпиадаларға қатыса алады. Ағылшын тілін оқытуда Интернет ресурстары беретін мүмкіндіктер мен қызметтерге толығырақ тоқталсақ, төмендегі мысалдарды атауға болады.

- оқушылар Интернет топтарында берілетін құжаттардағы тапсырмалар мен жаттығуларды орындай алады, үйреніп жүрген тілінде электронды пошта арқылы хат алысып, виртуалды қатынас клубтарына, телеконференцияларға қатыса алады және нақты уақыт тәртібінде мәтіндік хабарламалармен алмасуға, радиобағдарламаларды тыңдауға, бейнероликтер көруге, яғни ақпараттың қандай да түрлерін қолдануға мүмкіндіктер бар;

- ақпаратты қандай да арақашықтыққа тез арада жеткізу, алыстағы ақпарат көздерін пайдалану мүмкіндігі, интерактивтілік (жылдам кері байланыс пен сұхбат мүмкіндігі), іздеу жүйелері арқылы және өз бетімен іздеу, алынған материалдарды түрлі тасушыларға ауыстырып салу және т.с.с. Интернеттің артықшылықтары пайдаланылады;

- Интернет шетел тілін үйренушілерге аутентті мәтіндерді қолдануға, табиғи тіл иелерін тыңдап, олармен қарым-қатынас жасауға қайталанбас мүмкіндіктер береді, яғни ол табиғи тілдік ортаны қалыптастырады;

Ақпараттық технологияларды ағылшын тілі сабағында қолдану оқушылардың ойлау және өздік жұмыс жасау белсенділігін арттырады, сөйлеу мен шығармашылық қабілетін дамытады. Жаңа технологияларды қолданған оқытушы сабағын көрнекі және белсенді ете алады.Жаңа жағдайларда оқытушы дәстүрлі оқу құралдарын ғана емес, сонымен қатар ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалануға тиіс. Бүкіләлемдік желі, электрондық білім беру ресурстары өз оқушыларының, сондай-ақ өзінің білімін кеңейткісі келетін оқытушы- пән мұғалімі үшін жақсы көмекші бола алады . Оқытушы компьютер үйренушілердің өз бетімен жұмысын ұйымдастыратын және әсіресе тілдік және сөйлеу материалымен жаттықтыру жұмысы процесінде оны басқаратын құрал болып табылады. Бұл қолданылатын жаттығулар мен әдістемелік тәсілдер сипатын анықтайды. Келесілер көбірек жиі қолданылады:

1. Сұрақ- жауаптық диалог. Үйренушінің жұмыс мәні негіз бен сұлба ретінде сұрақта жазылған тілдік материалды пайдаланып, компьютерлдік сұрақтарына тура жауаптар беруден тұрады.

2. Ішінара жауаппен диалог. Компьютерге жауап беру үшін үйренуші болжанылатын нұсқалар қатарынан біреуін таңдайды.

3. еркін құрастырылатын жауаппен диалог. Мұндай диалогты компьютер жауаптың дұрыстығын «танып», бағалай білуі үшін оның қойған әрбір сұрағына жауаптарлы барлық мүмкін нұсқаларымен бағдарлама қамтамасыз етеді.

4. Бос орындарды толтыруға жаттығулар. Компьютер үйренушіге бос орындармен мәтінді немесе ұсыныстар жинағын ұсынады. Шет тіліне аударып, қажетті түрде қолдану қажет орыс сөздері түріндегі сыбыр сөзді пайдаланып бос орындарды толтыру қажет. Сондай-ақ компьютер ұсынғандардың ішінен таңдап, бос орындарды сөздермен немесе сөз тіркестерімен толтыруға болады.

5. Сөздікті білуін өзі бақылауға арналған жаттығулар. Мұндай жаттығулардың нұсқалары мүмкін: а) Компьютер аудару үшін сөздер тізімін ұсынады; б) Компьютер сөздердің екі тізімінің арақатынасын белгілеп (орыс және шетел), екі тілде бұл сөздердің балама жұптарын табуды ұсынады; в) Компьютер шетелдік сөздердің екі тізімінің арақатынасын белгілеп, синонимдер мен антонимдер жұбын анықтауды ұсынады; г) Компьютер шет сөздерінің тізімін және бұл сөздердің дефинация тізімін ұсынады.

6. Компьютерлік бағдарламалар (компьютерлік оқытудың шетелдік тәжірибесінен

1) Уордсток (сөздікпен жұмыс істеуге арналған бағдарлама) Өз бетімен сөздік құруға арналған бағдарлама. Үйренуші анықтамаларымен және мысалдармен 1000 сөзге дейін жаза алады. Кез келген уақытта ол сөзді қарап, өзінің лексика білімін тексере алады: экранда сөздің анықтамасы көрсетіліп, сөздің өзі туралы сұрақ болады. Бос орыны бар мысал сыбыр сөз болады. Бағдарлама жұмысқа ерекше қарапайым және жеке үйрену үшін, сондай-ақ топта сабақ өту мен ақпаратпен алмасу үшін идеалды болып табылады.

1. Мэтчмастер (сәйкестіктерді таңдауға бағдарлама) Бұл әмбебап бағдарлама үнемі сұранысқа ие. Үйренуші оң және сол бағандардың (сөзден жаңа жолған дейін үш жол) лексикалық бірліктерін дұрыс қосуға тиіс. Таңдау тіл- индикаторды пайдаланумен екі бағанды қарау арқылы жүргізіледі. Басушы құрылғы жеке және сынып жұмысы үшін жаттығуларды қағазда көбейтуге мүмкіндік береді.

2. Чойсмастер (нұсқаларды таңдауға бағдарлама) Бұл көптік таңдауға жаттығулар құруға арналған жұмыста қарапайым бағдарлама. Бағдарламашы әрбір мысал үшін таңдаудың 3-5 нұсқасын және әр түрлі санын анықтап, қажет болғанда әрбір дұрыс емес әрекетті тіркейтін қателер индикаторын кіргізе алады. Сұрақтар қатар- қатар немесе шашыраңқы көрсетілуі мүмкін. Жаттығулар құрастырған кезде оқытушыға сұрақтардың белгілі бір санын ұстану міндетті емес. Жаттығу орындағаннан кейін сұрақтар қосылуы мүмкін Бұл үшін «Түзетуші» бағдарламасы қолданылады. Компьютермен жұмыс істеуші тексеруші және үйретуші режимдерді таңдай алады. Біріншісі кезінде үйренуші жауаптарының қайсысы дұрыс екендігін жаттығу орындалып болғанша білмейді, екінші режим дереу жауапты және қателер индикаторының әрекетін қамтамасыз етеді. Қажет болғанда үйренушінің жұмыс нәтижелері басылған түрінде берілуі мүмкін.

3. Клоузмастер (бос орындарды таңдауға бағдарлама) Бағдарлама оқытушыға немесе үйренушіге 50 жолға дейінгі көлемді мәтіндерді енгізуге, дискке жазуға немесе түзетуге мүмкіндік береді. Үйренуші мәтінді атауы бойынша таңдайды және дисплейде оны көрсету алдында мәтінде қандай сөздер қалдырылып кетуге тиіс екендігін (әрбір бесіншіден әрбір он бесінші сөзге дейін) анықтайды. Сосын, нөмірленген бос орындарымен мәтінді қарастырып, оларды толтырады. Бос орындары бар әр түрлі тілдердегі мәтіндер басылған түрде алынуы мүмкін. Үйренушілер өзіне ыңғайлы жылдамдықпен оларда қағазға толтырып, ыңғайлы уақытта өз нәтижелерін компьютердің деректерімен салыстыра алады.

4. Кроссвордмастер (кроссвордты толтыруға шебер) Бағдарлама компьютерде кроссвордтар құруға, жазуға және шешуге мүмкіндік береді, сондай-ақ екі үйренуші үшін жұмыс режимін қамтамасыз етеді. Бағдарламашы диаграммалардың мөлшерлерін анықтап (кез келген бағытта 5-тен 15 квадратқа дейін), онда сөздер мен бос орындарды баса алады. Кроссворд кез келген түрлі болуы мүмкін - үйретуші және көңіл көтеруші, сол жерде ойлап табылған сөздермен немесе мәтіннен алынған сөздермен.

5. Юнисаб (қоюға бағдарламашы) Көрсетілетін мәтінде алдын ала іріктелген сөздер немесе ұғымдар бірінің артынан екіншісі неғұрлым ашық суретпен бөлініп көрсетіледі. Үйренуші олардың орнына басқа сөздерді немесе ұғымдарды қоюға тиіс.

6. Юнилекс (мәтінге сөздікпен жұмыс жасауға арналған бағдарлама). Бағдарламада әліпби бойынша мәтіннің барлық сөздерінің тізімі құрастырылады және әрбір сөздің қолданылу жиілігі көрсетіледі. Ол белгілі бір мәтіндерге лексикалық түсіндірмелерді дайындауға пайдаланылуы мүмкін.

7. Гэпмастер (бос орындарды толтыруға бағдарлама) Бағдарлама оқытушыға үлкен мәтіндер енгізіп, қалдырылып кетуге тиіс элементті - жұрнақ, қосымша, сөздер немесе ұғымдарды анықтауға мүмкіндік береді. Қажет болғанда ол басқа, дұрыс жауапұа рұқсатты бекіте алады. Мәтін арнайы процессор арқылы енгізіледі. Үйренуші бос орындарды кез келген реттілікпен толтырып, тексеруші немесе үйретуші режимдерді таңдай алады. Әрбір жауап дұрыс жауап кезінде пайда болатын кілтпен болуы мүмкін. Бұл бағдарламаны тілдік бірліктерді пайдаланудың қалыптасатын дағдыларын қатаң бақылау үшін оқытушылар жиі таңдайды.

8. Пинпойнт (сезуге бағдарлама) Бағдарлама ең аз мәнмәтін арқылы мәтіннің тақырыбын қалпына келтіру бойынша кеңінен танымал ойынды ұсынады. Ол әр түрлі тақырыптарға 60 мәтін- үлгіні қамтиды. Бағдарламада экранда көрсетілген алты тақырыптың бірі қолданылады және бұл мәтіннен бір сөз көрсетіледі. Бұл мәтіннің қалған сөздері қалдырылып қойылған. Үйренуші ең аз ақпаратты пайдаланып, алтауының қандай тақырыбы бұл мәтінге сәйкес келетіндігін тауып білуге тиіс. Ол тақырыпты ойлап тапқанша, қосымша сөздерді сұрата алады.

9. Спидрид (жылдамдықпен оқуға бағдарлама) Мәтін экранда белгілі уақыт бойы 8 жолмен бөліктермен көрсетіледі (үйренуші көрсету уақытын таңдай алады: 1 минуттан 9 секундқа дейін - өте баяу оқу үшін; 9 секунд - жедел жадыны жаттықтыру үшін). Жаттығудың мақсаты - мазмұнды жалпы қамтумен тез оқуды жаттықтыру. Әрбір беттен немесе бүкіл мәтіннен кейін көптік таңдауға сұрақтар берілуі мүмкін. Мәтін қалыпты, сол секілді көбейтілген шрифтпен көрсетілуі мүмкін. Көрсету уақытын таңдау кезінде мәтін уақыт шектеуісіз мазмұнды жалпы қамтумен оқу дағдыларын тексеру үшін пайдаланылуы мүмкін.

10. Сториборд (мәтінмен жұмысқа бағдарлама) Оқытушы экранда басады және мәтінді жазады. Жадыны, логиканы және тілдік дағдыларды пайдаланып, үйренушілер экранда бұл мәтінді қалпына келтіруге тиіс (мәтіннің әрбір сөзіндегі әріптер клякстармен ауыстырылған). Бұл жаттығу оқу белсенділігін ынталандырады. Жұмыс кезінде оқытушы шыдамдылық жоғалтып, жекелеген әріптер қарап қоюы мүмкін, бірақ үйренушілер, тәжірибе көрсеткендей, ешқашан бұлай істемейді және бүкіл мәтінді өз бетімен қалпына келтіруге тырысады. Сондай-ақ жұрнақтар мен жалғауларды ойлап табуға қосымша жаттығулар бар.

11. Тестмастер (сұрақ- жауапты түрде тестілеуге бағдарлама) Бұл кез келген деңгейде кез - келген пәнге арналған қолданылуда қарапайым бағдарлама. Оқытушы жауаптардың мүмкін дұрыс нұсқаларын қарастырып, «жауап- сұрақ» кез келген ұзындықтағы жұптар тізбегін дайындай алады. Үйренуші толық жауапты басып шығуға тиіс. Ол кез келген реттілікпен сұрақтарға жауап беріп, сондай-ақ тексеруші және үйретуші режимдерде жұмыс істей алады.

12. Компьютерлік ойындар: 1. Заттар сатып аламыз. Үйренушілерде сатып алғылары келетін тауарлардың тізімі бар. Олар сәйкес дүкенді тауып, кіріп және тауарларды сатып алуға тиіс. Егер дүкенде қажетті тауар жоқ болса, оларға автобусқа отырып, супермаркетке бару қажет. Үйренушілер экранда шет тілде толық жауаптарды басып жазуы керек. Ойында дүкендер желісінің суреті үшін қарапайым графикалық дисплей қолданылады.

13. Лондондық шытырман оқиғалар Лондонның картасы қолданылатын қызықты ойын. Ойыншы Лондонға саяхат жасап, саяхат соңында белгілі бір заттар сатып алып, Хнтроу әуежайына дейін жетуге тиіс. Ойын әдеттегі сабаққа есептелген және шет тілін әр түрлі жағдайларда пайдалануды ынталандырады.

14. Сөзді ұстап ал. Экранда бір топ балық -сөздер жүзіп өтеді, балықты оларды аулап, қажетті ретпен тізіп қоюға тиіс. Бағдарламаның жұмыс тілі - шет тілі. Әрбір сәтті әрекеттен кейін экранда пайда болатын сөздердің барлық мүмкін комбинацияларына рұқсат етілген.

15. Қонақ үйде өрт болып жатыр. Ойыншылар жанып жатқан қонақ үйге тап болып, дұрыс шығу жолын табуға тиіс. Бұнымен қоса оларға белгілі бір бөлмелер арқылы өтіп, нұсқаулар беруі және бағалы заттарды (бұның бәрін шет тілде басып жазып) жинауы тиіс. Оқытушыда ең жақсы эвакуациялау жоспары болады. Компьютермен тұрақты жұмыс оқытушыға лексикалық материалды, грамматикалық құбылыстарды істеп шығуға, жазуды дамытуға, тілдік сөйлеуге дайындыққа өзінің компьютерлік жаттығуларын құруға мүмкіндік береді. Оқытушы білімдер деңгейі мен оқулықтарға бейімделген, тілдік шеберліктерді дамытуға әр түрлі жаттығулар әзірлеп шығара алады. Нақты дағдылар мен шеберліктерді қалыптастыру таңдап алынған материалдың негізінде қызмет қағидасы бойынша жүзеге асырылады. Және де оқушылардың психологиялық жастық еркшеліктерін, жай механикалық есте сақтау емес, жауапты құрастыруды қажет ететін ойлау тапсырмаларына бағдарлану қабілетін ескеру қажет. Компьютерді неғұрлым күрделі жаттығулар жасау үшін оқу процесіне қосқан жөн. Бірнеше мысал келтірейік.

«Жұмыс іздеу» ойындық жаттығуы

Оқушыларға мынадай тапсырма беріледі: Сіздер жұмыссыз қалып, мамандық бойынша жұмысқа орналасқыларың келеді. Өздеріңе көңілден шығатын жұмыстың барлық мүмкін нұсқаларын іздеңіздер. Жұмыстың мүмкін нұсқалары мен қбылдау жағдайлары туралы деректер банкі сәйкес компьютерлік бағдарламада жазылған. Үйренуші пернені басумен «Жұмыс іздеу?» бағдарламасын шақыртады. Дисплейдің экранында бір уақытта жауаптар да жазылған шет тілде нөмірленген сұрақтардың бірінші сериясы пайда болады. Мұндай жауап сұрақтар бестен аз емес, оларда өңделгенлексика жазылған. Міне, мысалы, адамның кәсібі туралы сұрақтар сериясы: 1.Do you want to work as a worker? 2. Do you want to work as a teacher? 3. Do you want to work as a doctor? 4. Do you want as an engineer? etc. Үйренуші сұрақты және ол үшін қажетті ақпарат жазылған жауапты таңдайды, және сұрақтың нөміріне сәйкес келетін санмен пернені басады. Одан әрі сұрақ- жауаптардың келесі сериясы пайда болады. Егер жауаптар дұрыс таңдалса, онда компьютер қорытынды жасайды (мысалы): «Сізге инженердің лауазымы ұсынылады, сіз барлық тапсырманы дұрыс орындап шықтыңыз және тілдік материалды жақсы үйрендіңіз». Ойын процесінде компьютер өз клиентінің назарын қойылатын тілдік материалдың қиындықтарына бағыттай алады. Мысалы: «Жекеше түрлі үшінші жақта етістіктерге - s жалғауы қосылатындығына көңіл бөліңіздер және т.б.».

Тыңдап түсінуде жаттығулар

Компьютерге магнитофон қосылып, ол дисплейдің экранында виузалды суретпен фонограмманы синхрондауға мүмкіндік береді. Осылайша шет тілді мәтінді тыңдап түсіну үшін көретін сүйеніштерін жасаудың жақсы мүмкіндігі пайда болады. Көретін сүйеніштері мәтінді тыңдау кезінде қиындықтарды алып тастауға бағытталған мәтіналды жаттығулары түрінде болуы мүмкін. Сүйеніштер мәтінді тыңдағанға дейін көрсетіледі, және қажет болса, тыңдау кезінде экранда болуы мүмкін. Сосын мәтінді тыңдаудан кейін орындау қажет мәтіндік тапсырмалар пайда болады. Көретін сүйеніштер мен мәтіннен кейінгі тапсырмаларды бұлай қолдану шет тілді мәтінді тыңдап түсіну кезінде жақсы әсер береді.

Оқу дағдыларын жетілдіруде жаттығулар.

Дисплей экранында берілген жылдамдықпен төменнен жоғарыға өтетін және оның үстіңгі жақтауына жоқ болатын шет тілді мәтін пайда болады. Мәтіннің экранда өту жылдамдығы оқушылардың үйрену деңгейіне байланысты реттеледі. Мәтін экранда өткен кезде оқушылар одан берілген ақпаратты алып, бақылау кезінде бақылауға арналған тапсырмаларда не қажетт екендігін көрсетуге тиіс. Бұл қойылған сұрақтар жауап болуы мүмкін, бұл дұрыс емес ережелер болуы мүмкін, бірақ біздің ойымызша, бақылау үшін ең жақсы нұсқа «Comprehension Test» болып табылады.

Сондай - ақ компьютерді жылдамдықпен оқуға пайдалануға болады. Мұндай жаттығуларды орындау оқушыларға тапсырма беруге ғана емес, сонымен қатар әрбір орындалған жаттығуға баға беріп, олардың жұмысын қадам- қадам түзетуге мүмкіндік береді. Осылайша ең болмағанда жасалған қателерді талдауда оқушылардың әрбір жұмысын тексеру қажеттілігі болмай қалады. Бұның бәрін компьютер орындайды. Оқушылардың жұмысын ынталандыратын мүмкін түсіндірмелер аса маңызды рөлді атқарады. Оқушыларға олардың жұмысына көңіл бөлулер, олар жіберге қателерге қатысты ықыласты ескертулер, ұсынылатын бағдарлама олардың көбірек белсенді қызықты орындауына жағдай жасайтын дем беретін репликалар ұнайды. Қарым- қатынастағы игі ниеттілік оқушылардың ақпаратты жақсы қабылдауының психо- физиологиялық алдағы қатарлы заңдылықтарының бірі болып табылады. Сондықтан буферлерге жауап дұрыс, «дұрыс», «қате», «сіздің жауабыңыз түсініксіз» секілді қарапайым сөздерді енгізген емес, мүмкіндігінше оқушылардың әрекеттеріне қарым- қатынасты білдірген дұрыс. Мысалы: «Жарайсың!», «Өте жақсы», «Өкінішке орай, сіз қателестіңіз, тағы да жауап беріңіз», «Сіздің жауабыңызды үлгімен салыстырып, тапсырманы тағы бір рет мұқияттырақ орындауға тырысыңыз. Сәттілік тілейміз!». Жұмысты қорытындылаған кезде бағаны жай қою емес. сондай-ақ оған түсіндірме берген маңызды. Компьютерге сондай-ақ оқушылардың әр түрлі контингенті үшін грамматика (ереже, қандай да бір өзге грамматикалық түрлердің қолданылу кестесі, етістіктердің жіктелуі және басқаруылуы және т.б.) және лексика (берілген сөздің негізгі сөз тіркестерін, оның синонимдері мен антонимдерін көрсетумен) бойынша анықтамалық материалды, оқу және айту ережесін, лигвоелтану және тарихи ақпаратты және т.б. енгізуге болады. Қажетті анықтамалық материалды іздеу үшін компьютерді пайдалану оқушыларды сәйкес сөздікті немесе анықтамалықты іздеуден құтқарады, бұл уақытты көп ұтуға мүмкіндік береді.







Қорытынды

«Қазақстан - 2030» атты еліміздің стратегиялық бағдарламасында ең негізгілерінің бірі жоғарғы интелектуалды жастарды жан жақтылыққа тәрбиелеу, олардың потенциалдық деңгейінің көтерілуіне үлес қосу. Сондықтан, ұстаз мұғалімдер қауымының алдына өте үлкен міндет жүктелді. Елдің болашағы қазіргі жас жеткіншектердің қолында екенін сезінетін ұстаздар жаңа әдіс тәсілдерді қолдануда. Осыған байланысты сабақ барысында оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен белсенділігін арттырудың маңызы зор.Оқушылардың белсенділігі мен танымдық іс әрекеттері арқылы шығармашылығын дамыту, қажетті жағдайда айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны тәрбиелеу, оқытуды ізгілендіру қазіргі мектептердің алдында тұрған міндеттердің бірі. Жаңа педагогикалық технология баланың жетілген тұлға ретінде дамуы үшін маңызы зор. Ал осы жаңа технология таратушы, үйретуші, өзінің шығармашылық еңбегінде жүйелі қолданушы, насихаттаушы ол- мұғалім. Жаңаша ойлай білсең ғана ұстазсың.Сол себептенде жаңа технологияны енгізуші таратушы тұлғаға үлкен талаптар қойылып отыр.

Ұстаздардың алдына қойылған міндет оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіру.Әрбір педагогикалық технология жеке тұлғаның өзін өзі дамытуға, оның өзіндік шығармашылық қабілеттерін арттыруға қажетті іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруға қолайлы жағдай жасауға қажетті обьективтік әдістемелік мүмкіндіктерді қамтиды. Қоғам талабына сай шетел тілдерін оқытуда қойылып жүрген ортақ міндет тілді коммуникативті бағытта оқыту.Ондағы мақсат оқушыларды қарапайым болса да өз ойларын еркін жеткізумен ғана шектелмей, өз ара тіл табысып, пікір алысуға үйрету, себебі жалпыға білім беретін орта мектепте берілетін бүкіл білімнің негізгі мақсаты оқушының шетел тілінде сөйлеу қабілетін жетілдіру. Ғылыми әдістеменің обьективті түрде дамуы шет тілін оқыту әдістемелерінің жаңа тиімді түрлерін қарастырып, табуына әкеліп соқтырды. Интернет ағылшын тілін үйренушілерге аутентті мәтіндерді қолдануға, тіл тасушыларын тыңдап, олармен қарым қатынас жасауға қайталанбас мүмкіндіктер береді, яғни ол табиғи тілдік ортаны қалыптастырады. Шетел тілін меңгеру оқушылардың өмір қажеттілігінен туындап отыр. Менің ойымша, шетел тілі сабақтарында жоғарыда көрсетілген әдіс тәсілдерді , компьютерді қолдану оқушылардың шетел тілі сабақтарында шығармашылық, актерлік, логикалық ойлау қабілеттерімен қоса белсенділігін жетілдіріп, қызығушылығын арттырады. Сондықтан сабақты бір сарынды өткізбей, түрлендіріп, тартымды өткізу, оқулықпен шектеліп қоймай, қосымша материалды да пайдалану әр ұстаздың шеберлігіне байланысты болмақ. Оқытудың өзі өнер және ғылым болып табылатындықтан, мұғалім өзінің кәсіби іс әрекетінің аясында біліктілік деңгейін үзбей шыңдап, ғылыми әдістемелік деңгейін көтеріп, шетел тілінен өткізетін сабақтарында жаңа педагогикалық технологияларды, қазіргі заманда өміршеңдігі дәлелденген әдіс тәсілдерді қолданса ғана XXI ғасырға сай білімді және дарынды азаматтарды тәрбиелей алады. Қорыта айтқанда, қай пәнді оқытуда болмасын оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін жетілдіре отыра оқыту олардың сабаққа деген қызығушылығын оятып, ойлай қабілетін, ынта жігерін арттыра түседі. Өз ана тілін қадір тұтып, шетел тілі мен екінші тілді еркін меңгерген, ертеңгі ел тұтқасын ұстайтын, тәуелсіз мемлекеттің ойшыл ұрпағын тәрбиелеу еліміздің білікті ұстаздарының қарызы мен парызы деп есептейміз.Ағылшын тілінде музыка тыңдап, ән айтқызу, музыка ырғағына сай әр түрлі қимылдар жасату, музыканың адамның сезіміне әсер етіп қандай ой туғызуына байланысты шет тілінде шығарма жазып келу, оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің дамуына үлкен әсер етеді. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шетел тілі сабақтарын арттыру мақсатында жүргізілген мұндай жұмыстар олардың тек қана ойлау дағдыларын қалыптастырып қана қоймай, шетел тіліндегі сөздерді есте сақтауға, образдық кейіпке бойлау мен өз ойын әсерлі жеткізу дағдыларын бекітуге үлкен көмегін тигізеді. Жоғарыда айтылған тәсілдерді пайдаланудың тиімділігі тәжірибе жүзінде дәлелденіп отыр. Оқушылардың шетел тілі пәніне деген қызығушылығын артуы, шетел тілінде ауыз екі тілдесу іс әрекетінің белсенділігінің артуы және лексико грамматикалық материалды меңгеру нәтижелері бұған айқын дәлел болып табылады. Ағылшын тілін мектептерде жүйелі оқыту үрдісі мен құрылымын қалыптастыру оқушылардың білім сапасын жақсартатыны нақтыланып көрсетілді. Жалпы білім беретін мектептерде жаңа ақпараттық инновациялық коммуникативтік технологиялар арқылы оқытудың мазмұнын айқындауға ұсынылатын негізгі дидактикалық қағидалардың жүйеленуі, тілдік білім беруде жаңа технологияларды қолданудың мәнін ашып көрсетеді және оқу материалдарын, оқыту түрлерін дұрыс таңдауға жол ашады. Жұмыстың мақсаты-жалпы білім беретін мектептерде ағылшын тілі пәнін оқыту барысында ақпараттық иновациялық, коммуникативтік технологияларды пайдалана отырып, ағылшын тілінде сөйлей алатын, тыңдап түсінетін, жазатын тұлғаны қалыптастыруға қажетті дағды мен білікті оқушының бойына сіңіру, соған тәрбиелеу. Ол үшін ағылшын тілін оқытудың әдіс-тәсілдерін, сабақ жүйесін әзірлеу мен қолданудың технологиялық болмысын жүйелеу. Оқушылардың бойында ағылшын тілінде қарым-қатынас барысында тілді пайдалана алуы мен ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру, ағылшын тілін меңгертіп сөйлеуіне жағдай тудыру. Бұл орайда ағылшын тілін оқытудың озық технологияларын меңгерту үлкен істің бастамасы. Сабақ барысында түрлі әдіс-тәсілдер пайдаланылды:сын тұрғысынан ойлау, ойын түрлері, жоба әдісі, компьютер, интернет, диалог, интерактивті тақта қолданылды. Аталған технологиялар арқылы өтетін оқу үрдісі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, шығармашылық қабілетін дамытып, қалыптасуларына жол ашады. Сабақтың тартымды өтуі, ұтымды тәсілдерді қолдана білу бүгінгі мұғалімнен ізденісті талап етеді. Бұл дегеніміз - бүгінгі білім кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару мұғалімнің қажымас ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңарған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасауы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Міне осындай әдіс тәсілдерді шетел тілі сабақтарында қолдану арқылы оқушылардың тек қана шығармашылық қабілеттері емес, ауызекі және жазба тіліндегі білігі мен дағдылары жетіледі. Ұстаз әр оқушының қандай қабілеті бар екендігін байқап, оқушылардың мүмкіндіктерін, жас және дербес ерекшеліктерін ескеріп, қызығушылықтарын арттыра түседі.




Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Азимов Э.Г., Вильшинецкая Е.Н « Материалы Интернета на уроке английского языка ». Иностранные языки в школе -2001.,№1,стр.96.

2. Алхазишвили А.А., «Основы овладения устной иностранной речью». Аудиовизуальные материалы по иностранным языкам - важное средство интеллектуального развития учащихся. «Методика преподавания иностранных языков в вузе», 1993.

3. Бегалиев Т. Педагогика - Тараз: ТарМУ, 1999 6. Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технологиялар. - Тараз: ТарМУ, 2003

4. Зимняя И.А., « Психология обучения иностранным языкам в школе». Қ.Р-ның білім туралы заңы. Оны жүзеге асыру жөніндегі негізгі құжаттар, - Астана 2000.

5. Карпова А.С «Интернет в подготовке будущих учителей иностранного языка». Иностранные языки в школе.-2002. №4, стр.73.

6 Кузьмичева Т.Н. «Технические средства в обучений английскому языку». - М. «Просвещение», 2001.

7. Пассов Е.И., «Коммуникативный метод обучения иноязычному говорению»-М.:Просвещение, 1985.

8. Полат, Е.С. «Интернет на уроках иностранного языка». «Иностранные языки в школе», 2001.,№3,стр.5.

9. Howatt A.P.R. Programmed learning and the language teacher.-London, 1999. Using the language laboratory. Ed. By John D. Turner. University of London Press, LTD, 1988.

10. Нұрланбекова Е. «Шетел тілін оқытуда бейнефильмдерді қолдану», Шетел тілін оқыту методикасы, №2, 2005ж. 17-18 беттер. Петрова, Светлана Владимировна, Рудавин, Олег Николаевич. Английский язык , сборник тем.-2005, стр.18.

11. Полякова, Татьяна Юрьевна. Английский язык для диалога с компьютером.-Изд.3-е, стереотип.-М.: Высш.шк. 2005.-стр.165

12. Тубышева Қ., «Модульдік оқыту техналогиясын ағылшын тілі сабақтарында қолдану», Оқыту - тәрбиелеу технологиясы, №4, 2007ж..35-36 беттер.

13. Эналеев, С. Триединство общей цели, Языковая политика, Казахстанская правда. - 2007.-16августа.-стр-6.

Г.Ә.Мусаева, Ақпараттық технологияны оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру құралы ретінде қолдану. Мектептегі технология, 2010ж. №5

10.Г.Т.Жаримбетова, Интерактивті тақтада жұмыс жасау мүмкіндіктері. Мектептегі технология, 2008ж. №9

11. Л. А. Кравченко, И. Ф. Ахметова Использование интерактивной доски на уроках иностранного языка в средней школе. Английский язык в школе, 2008г. №1



© 2010-2022