Урок по английскому языку на тему School things 1-класс

Раздел Иностранные языки
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Урок по английскому языку на тему School things 1-класс

Солтүстік Қазақстан облысы

Шал ақын ауданы

Кеңес ауылы

Кеңес орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Байдалина Ғалима Ғабитқызы

Сынып:1

Сабақтың тақырыбы: School things

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды «School things» тақырыбы бойынша жаңа лексикалық бірліктермен таныстыру. Мектеп заттарын білдіретін жаңа сөздер арқылы диалог және монолог құру дағдысын қалыптастыру. «What's this?» құрылымын енгізу. Жаңа сөздерді дұрыс дыбыстау дағдысын дамыту.

Сабаққа қажет құрал-жабдықтар: CD ойнатқыш, флэш-карталар

Пәнаралық байланыс: музыка, өзін-өзі тану

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру сәті:

T: Good morning children

P: Good morning, good morning,

Good morning to you!

Good morning, good morning

I am glad to see you!

T: How are you?

P: Fine, thanks.

T: Sit down please.

Бүгін біз сабақта жұмыс жүргізу үшін қажетті заттардың атауларымен таныстыруды жалғастырамыз.Ал өткен сабақта танысқан жаңа сөздерді ұмытып қалған жоқсыңдар ма? Еске түсірейік. Сонымен мына суреттегі (a ruler, a rubber, a pen, a pencil)затты қалай ағылшын тілінде атаймыз?

ІІ. Фонетикалық жаттығу

Балалар, бізге кімнің келгенін қараңдар. Mr. Wise Crow-мен амандасыңдар. (Cl: Good morning, Mr. Wise Crow). Mr. Wise Crow: Hello, children. How are you?

-Өткен сабақта өткен сөздерді еске түсірейік :(a pen, a pencil, a ruler, a rubber).

Ал қазір сіздермен ойын ойнайық. Өткен сабақтағы дыбыстарды айтамын, ал сендер осы дыбыстар кездесетін сөздерді айтыңдар.

[u]-book, ruler, goodbye, good morning

[e]-pen, pencil, friend

[r]-ruler, rubber, grandmother, grandfather

III. Жаңа сабақ (оқулықпен жұмыс) Ал қазір «School things» тақырыбына қатысты тағы жаңа сөздермен танысамыз. Себебі мектепке, оқуға қажет құрал- жабдықтар бізде көп қой. Сол үшін оқулығамыздағы жаттығуға қарайық.

Ex:1 Learn the new words

-Look at this picture, listen and repeat after me: (Мұғалім жаңа сөздерді айтады.Оқушылар тыңдайды және мұғалімнің артынана қайталайды.)

Урок по английскому языку на тему School things 1-классУрок по английскому языку на тему School things 1-классУрок по английскому языку на тему School things 1-классУрок по английскому языку на тему School things 1-класс

It's a book It's a copy-book It's a bag. It's a pencil case.

Ex:2 Ask and answer the questions.

Мұғалім : «What's this?» деген сұрақ қояды, оқушылар « It's a bag» деп жауап береді. Одан кейін балалар бір-біріне сұрақ қойып, оған жауап береді.

«Мұғалім» рөлдік ойыны. Оқушылардың біріне мұғалімнің рөлін атқару ұсынылады. Ол сыныпқа сұрақ қояды (флэш-картамен жұмыс)

(Берілшен суреттер: a ruler, a rubber, a book, a copybook, a bag, a pencil case, a pen, a pencil, )

Сергіту сәті:

One, two, three on the tiptoes

One, two, three on the tiptoes

One, two, three turn around

Clap, clap, step aside

Ex: 3 Say. Оқушылар көзбен It's a … сөйлемнің құрылымын ажыратып, фразаның басын айтқаннан кейін суретте бейнеленген заттың атын атап, оны аяқтайды.

Ex: 4 Pair work. Ask and answer

Мұғалім сөмкеден құрал -сайман шығарып отыра, баларға флип-чарт көрсетем. Оқушым «What's this ?» деп сұрақ қояды. Екінші оқушы оған мысалы «It's a book» деп жауап береді.

ІҮ. Сабақты қорытындылау

Бүгін сабақтан не үйрендіңдер? Қандай мектеп заттарымен таныстық? Мынау не? What's this? (Балалар жауап бере отырып сол заттарды көрсетіп отырады).This is a book. This is a copybook. This is bag. This is a pencil case.

The lesson is over. Good bye!


© 2010-2022