Презентация по казахскому языку на тему Табиғат аясында демалу ( 7 класс)

7 «Д» сыныбы Қазақ тілі Мұғалім: Успанова Г.Р. Сабақтың тақырыбы: Табиғат аясында демалу Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Туынды сын есім туралы алған білімдерін пысықтау. Тапсырмаларды орындау арқылы сұрақтарға сауатты жауап беріп, мәтін арқылы мазмұндай білуге үйрету. 2. Дамытушылық: Әңгімелей білу дағдыларын қалыптастыру. Мақал- мәтелдер айту арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.Жұмбақтар жасырып, шешу арқылы ой өрістерін дамыту, шапшаңдылыққа баулу. 3.Тәрбиелік: Табиғатты аялауға, д...
Раздел Иностранные языки
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

7 «Д» сыныбы

Қазақ тілі

Мұғалім: Успанова Г.Р.

Сабақтың тақырыбы: Табиғат аясында демалу
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік:

Туынды сын есім туралы алған білімдерін пысықтау. Тапсырмаларды орындау арқылы

сұрақтарға сауатты жауап беріп, мәтін арқылы мазмұндай білуге үйрету.
2. Дамытушылық:

Әңгімелей білу дағдыларын қалыптастыру. Мақал- мәтелдер айту арқылы есте сақтау

қабілеттерін дамыту.Жұмбақтар жасырып, шешу арқылы ой өрістерін дамыту,

шапшаңдылыққа баулу.
3.Тәрбиелік: Табиғатты аялауға, демалыстарын тиімді пайдалана білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жарыс сабағы.
Сабақта қолданылатын әдіс- тәсілдер: баяндау,түсіндіру,сұрақ- жауап, жұмбақ жасыру,

мақал -мәтелдер айту, интерактивтік тақта.
Жұмыстың түрлері: Ұжымдық және топтық.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивтік тақта, үлестірмелі қағаз,оқулық.
Пәнаралық байланыс: Орыс тілі, география.
Сабақтың барысы:
Сабақты топтарға бөлуден бастау.
1 - топ «Тапқырлар» тобы.
2- топ «Білгірлер» тобы.
Бүгінгі сабағымыз жай сабақ емес, жарыс сабағы.
Екі топ бір -бірлеріңмен білімдеріңді сайысқа салып,жарысасыңдар.
Екі топқа дайындалған тапсырмалармен танысыңдар. (Слайд .)
1 - «Сөздік» жарысы.
2 - «Сөздерден сөйлем құру.»
3 - «Мәтінді әңгімелеу.»
4 - «Кім жылдам?.»
5 - «Мақал- мәтел айту.»
6- «Жұмбақтар жарысы.»
7- «Табиғат аясында демалу.» (Сөйлемді жалғастыр.)
8-«Сөзжұмбақ »шешу.
9- Септеу.
10 -Тәуелдеу.
«Тапқырлар» тобы(слайд)
Настоящий-
Особенный-
Разнообразный-
Скучать-
Успокоиться-
Программа-
Природа-
«Білгірлер» тобы (Слайд)
Устная речь-
Традиция-
Особенности-
Языковая среда-
Путешествие-
Культурный-
Известный-
«Тапқырлар» тобы (Слайд)
Табиғат, демалыс, дәстүр,мәдениетті, танымал, саяхат.
«Білгірлер тобы» (Слайд.)
Бағдарлама,сағыну, нағыз, тынығамын, түрлі,ерекше.

1-тапсырма бойынша әңгімелеу.(Слайд.)
Екі топ кезек -кезек оқиды, аударады. Кезегімен сұрақтар қою арқылы әңгімелейді.

Жауап бере алмаса, сол топтың өзі жауап беру керек.
Жазбаша жұмыс:
2-тапсырма бойынша.(Слайд.)
Көкшетаудың табиғаты.... .
Көкшетау өңірі асқақ тауларымен ..... .
Ормандарда негізінен қайың мен терек..... .
Көлдері балық пен жабайы құстарға ..... .
Қазақстанның табиғаты..... .
Қазақстан бай..... .
3-тапсырма.
Берілген зат есімдерден туынды сын есімдер жасап, жұрнақтарын анықтау, түбір

мен қосымшаның үндесуін ажырату.
Үлгі. (Слайд.)
Сөздер: қазақ, орман, тарих, бой, бала, жаз, дала, сән, кек, ақыл, ой.
Мақал мәтелдер жарысы.
«Тапқырлар» тобы: « Туған жер», «Отан» туралы.
«Білгірлер» тобы: «Оқу-білім», «Табиғат» туралы.
Жұмбақтар жасыру:
Мұғалім оқиды.
Көтеріп орман,тоғай, тастың бәрін,
Жапанда шөгіп жатыр үлкен нарың. (Тау.)

Жарқ етсе сабау қамшы,
Нөсерлетіп жауар тамшы. ( Найзағай.)

Алдымда әр түрінен жібек жіптің,
Аспанға әшекейлеп кесте тіктім. ( Кемпірқосақ.)

Төгілген жерге ақ моншақ,
Ғайып болды сол шақта -ақ. (Бұршақ.)

Арыстан ақырады,
Ормман жрқырады. (Найзағай.)

Жұрттың бәрі сүйеді,
Бірақ қарай алмайды. ( Күн.)

Жылт-жылт еткен,
Жырадан өткен. (Су.)

«Табиғат аясында»тақырыбында әңгіме жазу. Топтық жұмыс.
Екі топ осы тақырыпта әңгіме жазады,топ басшылары оқиды.
Сөзжұмбақ шешу. (Слайд)
Септеу.
«Білгірлер»тобы: «Табиғат»сөзі.
«Тапқырлар» тобы: «Көкшетау»сөзі.
Тәуелдеу.
«Білгірлер»тобы: «Өлке»сөзі.
«Тапқырлар» тобы: «Орман»сөзі.
Қорытындылау.
Екі топтың жинаған ұпайларына қарай жеңімпаздарды анықтап, мақтау.
Бағалау.
Үйге тапсырма беру: Сұрақтарға жауап беру. 65 бет. 4-тапсырма.



© 2010-2022