Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің септелуі

  Қазақ тілі 5 сынып   Сабақтың  тақырыбы:  Зат есімнің септелуі   Сабақтың мақсаты:    1.Білімділік:   зат есімнің септелу жүйесін және септік  жалғауларының                                              емлесін меңгерту, сөйлеу кезінде септік жалғауларын дұрыс қолдана білуге                                                үйрету.       2.Дамытушылық: Оқушылардың сауатты жазу дағдыларын жетілдіру, сөздік қорын байыту,байланыстырып сөйлеу дағдысын одан әрі дамыту.       3.Тәрбиелік: Оқушыларды ... № Септік(падеж) Сұрақтары(вопросы) Жалғау(окончание) 1 Атау септік Именительный падеж кім? не? кто? что?   2 Ілік септік Родительный падеж кімнің? ненің? кого? чего?где?откуда? -ның,-нің,-дың,-дің,-тың,-тің. 3 Барыс септік Дательный падеж кімге? неге? кому?чему?где?куда? -ға,-ге,-қа,-ке, -на, -не, - а, - е. 4 Табыс септік Винительный падеж кімді?нені? кого?что?где?куда? -ды,-ді,-ты,-ті,-ны,-ні,- н. 5 Жатыс септік Творительный падеж кімде?неде? кем?чем?где? -да,-де,-та,-те, -нда, -нде. 6 Шығыс септік Исходный падеж кімнен? неден? от кого?от чего? -нан,-нен,-дан,-ден,-тан,-тен. 7 Көмектес септік Предложный падеж кіммен?немен? о ком? о чем? где? -мен,-бен,-пен.              « Жетіген» аспабының  суреті.                   « Ерте-ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде, зат есім жерінде, қазақ тілі елінде,Септік деген дәулетті, бай шал болыпты.Шалдың қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқытпай өсірген жеті ұлы болыпты. Елде жұт болып, ашаршылық жайлапты. Бұл ашаршылық Септік шалдың үйіне де жетіпті. Атау атты ұлы қайтыс болғанда шал ағашқа аттың қылын керіп, тиегінің орнына қойыпты да, үнсіз егіліпті. Ай өткен соң Ілік  деген ұлы қайтыс болыпты,сонда шал тағы бір іше...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі 5 сынып

Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің септелуі

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: зат есімнің септелу жүйесін және септік жалғауларының

емлесін меңгерту, сөйлеу кезінде септік жалғауларын дұрыс қолдана білуге

үйрету.

2.Дамытушылық: Оқушылардың сауатты жазу дағдыларын жетілдіру, сөздік қорын байыту,байланыстырып сөйлеу дағдысын одан әрі дамыту.

3.Тәрбиелік: Оқушыларды тапқырлыққа, еңбекшілдікке, ана тілін қадірлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың көрнектілігі: интербелсенді тақта,слайдтар, плакаттар, кеспе қағаздар.

. Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Оқушылармен сәлемдесу.

  2. Оқушыларды түгелдеу.

  3. Бүгін нешесі?

  4. Аптаның қай күні?

  5. Жылдың қай мезгілі?

  6. Ауа райы қандай?

Үй тапсырмасын сұрау:

1. Зат есімге неше жалғау жалғанады?

2. Көптік жалғау дегеніміз не?

Көптік жалғау - заттың біреу емес, бірнешеу екенін білдіретін қосымша.

3. Жалғауларын ата? Мысал келтір.

4. Қазақ тілінде неше септік бар? Оларды ата.

Жаңа сабақты түсіндіру:

Септік жалғау - зат есімдердің мағыналарын түрлендіріп, оларды басқа сөздермен байланыстыратын жалғау, сөз мағанасын өзгертпейді. Сөз бен сөздің арасындағы қарым қатынасты жасайды.

Септік(падеж)

Сұрақтары(вопросы)

Жалғау(окончание)

1

Атау септік

Именительный падеж

кім? не?

кто? что?

2

Ілік септік

Родительный падеж

кімнің? ненің?

кого? чего?где?откуда?

-ның,-нің,-дың,-дің,-тың,-тің.

3

Барыс септік

Дательный падеж

кімге? неге?

кому?чему?где?куда?

-ға,-ге,-қа,-ке, -на, -не, - а, - е.

4

Табыс септік

Винительный падеж

кімді?нені?

кого?что?где?куда?

-ды,-ді,-ты,-ті,-ны,-ні,- н.

5

Жатыс септік

Творительный падеж

кімде?неде?

кем?чем?где?

-да,-де,-та,-те, -нда,

-нде.

6

Шығыс септік

Исходный падеж

кімнен? неден?

от кого?от чего?

-нан,-нен,-дан,-ден,-тан,-тен.

7

Көмектес септік

Предложный падеж

кіммен?немен?

о ком? о чем? где?

-мен,-бен,-пен.

« Жетіген» аспабының суреті.

« Ерте-ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде, зат есім жерінде, қазақ тілі елінде,Септік деген дәулетті, бай шал болыпты.Шалдың қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқытпай өсірген жеті ұлы болыпты. Елде жұт болып, ашаршылық жайлапты. Бұл ашаршылық Септік шалдың үйіне де жетіпті. Атау атты ұлы қайтыс болғанда шал ағашқа аттың қылын керіп, тиегінің орнына қойыпты да, үнсіз егіліпті. Ай өткен соң Ілік деген ұлы қайтыс болыпты,сонда шал тағы бір ішек тағып, «ненің зияны, кімнің көзі тиді екен ?» - деп егіледі.

Ай өткен соң Барыс атты ұлы дүниеден өтеді. Сонда шал тағы үшінші ішек тағып «кімге айтып жылайын неге ғана өлді екен?»- деп жоқтау айтады. Табыс атты ұлынан айырылғанда « нені айтып, кімді ғана қарғайын?» - деп көзі жасқа толып, ағашқа төртінші ішекті қадайды.Жатыс атты ұлы да аштықтан өлгенде ағашқа бесінші ішек тағылып , « неде, кімде екен себебі?» -деп жылайды. Зұлым аштықтың бір ұшы Шығыс атты ұлына жеткенде, «неден қайтыс болдың,кімнен сені сұраймын?» - деп ағашқа алтыншы ішекті таққан екен.Жетінші ұлы Көмектесі қайтыс болғанда «кіммен өмір сүрмекпін, немен енді шұғылданамын?» -деп жеті ұлын жоқтап ұзақ жоқтау айтқан екен. Содан 7 ішек, 7 тиек тағылып «жетіген» аспабы пайда болыпты. Осы аспап арқалы шал мұңын халыққа жеткізген деседі.

Жаңа сабақ бойынша жаттығу жұмысын орындау:

1. Әр балаға сөз беріп, сөзді оқушылар септейді, 2 оқушы тақтада орындайды.

Қарлығаш, оқушы, ауыл, суретші, ағаш, қар, күн, емен, терек, кітап, дәптер, мектеп, бала, жаңбыр, аспан, көше, бота, жылқы.

2. Тест сұрақтарына жауап беру:

1. « Әке» сөзі қай септікте тұрғанын тап

А) А.с. С) Б.с.

В) І.с. Д) Ж.с.

2. Ілік септігінде тұрған сөзді белгіле

А) Оқушы С) Оқушының

В) Оқушыға Д) Оқушыда

3. Табыс септігінің жалғауын белгіле

А) -ны,-ні,-қы,-кі,-ғы,-кі. С) -ны,-ні,-ды,-ді,-ты,-ті

В) -ны,-ні,-шы,-ші,-ды,-ді Д) -нан,-нен,-тан,-тен,-дан,-ден

4.Барыс септігінің сұрағын белгіле

А) кімге? неге?қайда? С) кімге? кімді?нені?

В)кімдерге? Кімді?нені? Д) кіммен? немен?

5.Жатыс септігінде тұрған сөзді белгіле

А) көктемде С) мектеппен

В) далаға Д) ауылдан

6. Шығыс септігінде тұрған сөзді табыңыз

А) Сабаққа С)Сабақты

В) Сабақтан Д) Сабақпен

7. Көмектес септігінің сұрақтарын ата

А) кімде?неде? С) кімнен? неден?

В) кімге? неге? Д) кіммен? немен?

3.Сөздерді дұрыс септікке орналастыр.

Атау септік Ілік септік Барыс септік Табыс септік

Жатыс септік Шығыс септік Көмектес септік

Текемет, көмірдің, суға, ұшақты, далада, жаңбырдан, алаша, балғаның,дүкенге, кітапты,,қыста, аспаннан,арамен, театрға,шеңберді, оқушымен,отпен, сабақты.

4. Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауын жазыңдар

Демалыста балалар... бірге көлге бардым. Жағалау... адамдар өте көп екен. Қыздар су... қатты қорқады екен.Түс ауа балалар... бірге үй... қайттық.

ССабақтың тақырыбы: Зат есімнің септелуіабақты бекіту:

Жеке үлестірмелі қағазбен жұмыс.Сөзжұмбақтың шешуін табу.

Сабақты қорытындылау, бағалау

Үйге тапсырма: Зат есімнің септелуі, сұрақтары мен жалғауларын жатқа ,5сөзді септеу.

© 2010-2022