Презентация по казахскому языку на тему Буын түрлері

Раздел Иностранные языки
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы : Буын түрлері

Сабақтың мақсаты :

а)Буын туралы түсінікті еске түсіре оырып,буын түрлеріне тоқталу,сөз қолданыста,мәтін құрауда бунын түрлерін ажырата білгізу,буын түрлерін мәтін ішінде тапқызып,жасалау жолдарын ұқтыру ;

ә) сурет және дидактикалық ойын арқылы оқушының сөздік қорын молайту,тілін демыту,өз бетінше кез келген сөзді буынға бөле білуге дағдыландыру және мәтін құру арқылы оқушыны сөйлеутіліне төселдіру ;

б) Оқушылардың қоғамға деген өзіндік көзқарасының қалыптасуына ықпал ету,өз ойларын еркін,нақты жеткізе білуге баулу,тіл байлықтарын дамыту,өз бетімен ізденуге,ой қорытуға дағдыландыру.

Сабақтың түрі : Жаңа сабақты меңгеру

Сабақтың әдісі : сұрақ - жауап,ой қозғау,талдау,жаттығу әдісі,іздендіру,ойын түрлері.

Сабақтың көрнекілігі : кесте,сызба,үлестірмелі парақшалар,дидактикалық материалдар,суреттер

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Әнұран айтқызу.оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушылардың білімін бақылау үшін бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру :

Буын дегеніміз -сөздердің дыбыстық топқа жіктелеген бөлігі.Сөзде қанша дауысты дыбыс болса,сонша буын болады.Мысалы: қа - на - ғат, ә - ке.Буын жсаушы дауысты дыбыстың дыбысталу қалпына қарай жуан,жіңішке,аралас буын болады.Мысалы : ке - ме, ба - ла, кі - тап.

Буынның үш түрі бар : 1) ашық буын, 2) бітеу буын, 3) тұйық буын.

Әрқайсысына жеке - жеке тоқталып,мысалдармен дәлелдеп түсіндіремін.

Ашық буын дегеніміз - жалғыз дауыстыдан немесе дауыссыздан басталып,дауыстыға аяқталатын буын.

Мысалы : ә - ке, а - на,О - тан,ша - ға - ла.

Бітеу буын дегеніміз - дауыссыздан басталып,дауыссызға аяқталатын буын түрі.

Мысалы : қант,қыс,қар,төс,бор,жұрт.

Тұйық буын дегеніміз - дауыстыдан басталып,дауыссызға аяқталатын бын түрі

Осы жерде айта кететін жайт : тұйық буынды сөзге жалаң буын қосатын болсақ,буын жігі бұзылады : өрт+і өр-ті, ант+ы  ан - ты.

Енді балалар, түсінген-түсінбегенімізді білуіміз үшін мына қалташыққа буын түрлеріне сөздерді тауып жапсыру керек (3 оқушыны шығарып тапқызу)

Сынып жұмыс.

- Дұрыс,балалар,түсінген екнбіз,ендеше,жазба жұмысын орындайық.

1) 302 - жаттығуға назарымызды аударайық.Сөздерді дефис арқылы буын санын көрсетіп,буынның қай түріне жататынын айтайық.Өзім талдап көрсетемін.

2 3 2 2 3 2 3 3 3 2 2 3 2 3

             

Ел қон - ба - са жер же - тім, Құс қон - ба - са көл же - тім

             

т.б. б.б. а.б. а.б. бб. а.б. б.б. б.б. б.б. а.б. а.б. б.б. а.б. б.б.

Қалғанын оқушыларға талдату.

Үлестіриелі парақшалармен жұмыс.

№ 1

Тіл тазалығы үшін күрес ешқашан толастамақ емес. Бауыржан Момышұлы.

№ 2

Ақылдың көркі - тіл,

Тілдің көркі сөз.

Жүсіп Баласағұни.

Орнында отырған оқушыларға 304 - жаттығуды орындауға беремін.Қалаған бір сөйлем жазып,бкын түрін,буын санын көрсету.

- Балалар, енді барлықтарың бері қараңдар, қазір I I топқа бөлінеміз.

1 - тапсырма

I топ 3 сөз айту  I I топ буын түріне талдау.

2 - тапсырма

Мақал - мәтел құрастыру.

1.Білім - ер азығы, (Ер - ел азығы ) 2. Шебердің қолы ортақ, ( Шешеннің тілі ортақ ). 3.Білімді өлсе,қағазда аты қалар. 4. Ақыл - тозбайтын тон ( Ұста өлсе,істеген заты қалар ). ( Білім таусылмайтын кен ).

5.Екпей егін шықпас, ( Үйренбей білім жұқпас ). 6. Жеті жұрттың тілін біл, ( Жеті түрлі білім біл ).

1) Ашық буыннан келетін туыс атауын ата. 2) Бітеу буыннан келетін жер - су атауларын ата.

Сабақты бекіту : Оқушылармен бірлесе,сұрақ-жауап арқылы сабақты қорытындылаймын.

Үйге тапсырма : 1.Буын түрлерін оқып келу. 2. 305-жаттығуды көшіріп жазып,буынға дефис арқылы бөліп,буын түріне ажырату.


© 2010-2022