Урок по казахской литературе Сәбит Мұқанов

Раздел Иностранные языки
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қостанай облысы, Денисов ауданы, Әйет селосы











Сабақтың тақырыбы:

Мұқанов Сәбит

Мұқанұлы

1900 - 1973

10 сынып
















Сәуле Утарбаева

«Академик Т.Б.Дарқамбаев атындағы

Әйет орта мектебі» ММ

қазақ тілі пәнінің мұғалімі




Сабақтың тақырыбы: Сәбит Мұқанов

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Өтілген модульдің «Сәбит Мұқанов» тақырып бойынша оқушылардың алған білімдерін пысықтау. Тіл туралы білімдерін жүйелеп, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтқызып, алған білімдерін бекіту

Дамытушылық: Ауызекі тілде көп сөйлету арқылы тіл байлығы, сөздік қорын кеңейту. Қазақ тілінде ойлау, есте сақтау, сөйлеу қабілеттерінің дамуына жол ашу, іскерлігін қалыптастыру. Оқушылардың комуникативттік құзырлығын қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды сауаттылыққа, ұқыптылыққа, мәдениеттілікке тәрбиелеу. Пәнге, тілге деген сүйіспеншілігін арттыру.

Сабақтың түрі: Қорытынды сабақ.

Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ.

Көрнекілік, құрал - жабдықтар: кестелер, үлестірме парақшалар, жазушының портреттері.

Оқудың әдіс - тәсілдері: жүппен, топпен жұмыс, сөздіктермен жұмыс. Ізденіс, сұхбат, монолог.

Сайыстың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Сәлемдесу.

ә) Кезекші сұхбаты.

  1. Сабақтың мақсатын, тақырыбын айту.

Бүгін «Сәбит Мұқанов» тақырып бойынша алған білімдерімізді бекітеміз. Тіл туралы білімдерімізді жүйелеп, «Сәбит Мұқановтың мұражайы» мәтінімен бір неше тапсырма жасып, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға тырысамыз.

Ең алдымен біз қазақ тілі туралы не білеміз «Қызықты жаттығулар» арқылы анықтайық:


  • Қазақ тілінде "42" саны нені білдіреді?

  • Қазақ тілінде "37" саны нені білдіреді?

  • Қазақ тілінде "25" саны нені білдіреді?

  • Қазақ тілінде "12" саны нені білдіреді?

  • Қазақ тілінде "9" саны нені білдіреді?

  • Қазақ тілінде "7" саны нені білдіреді?

  • Қазақ тілінде "4" саны нені білдіреді?

Қазақ тілінде неше септік бар? Түрлерін ата.

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері: бастауыш, баяндауыш.

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін ата.

Дауыссыз дыбыстар қатаң, ұяң, үнді үш топқа бөлінеді.

Зат есім дегеніміз не? Сұрақтарын ата.

Қазақ тілінде ашық, тұйық, бітеу үш буынның түрі бар.

Қазақ тілінде неше, қандай жалғау бар?

Қазақ тілінде жеті септік бар. Олар: атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес.

Дауыссыз дыбыстар қалай бөлінеді?

Сөйлемнің түрлері - хабарлы, лепті, сұраулы.

Қазақ тілінде неше буын бар. Қандай?

Құрмалас сөйлемнің түрлері: сабақтас құрмалас, салалас құрмалас, аралас құрмалас.

Сөйлемнің түрлерін ата.

Заттың, құбылыстың атын білдіреді. Зат есімнің сұрақтары: Не? Нелер? Кім? Кімдер?

Сын есім дегеніміз не? Сұрақтарын ата.

Заттың қимылын, іс- әрекетін білдіред. Не істеді? Не қылды? Қайтты?

Құрмалас сөйлемнің түрлерін ата.

Қазақ тілінде септік, тәуелдік, жіктік, көптік жалғау бар.

Етістік дегеніміз не? Сұрақтарын ата.

Заттың сапасын, түрін, мөлшерін, түсін білдіреді. Қандай? Қай?


  1. Үй тапсырманы тексеру.

  • Мұқанов Сәбит Мұқанұлы кім?

  • Қашан, қай жерде туған?

  • Ол туралы тағы не білесіңдер?

  • Оның шығармашылық, еңбек туралы не білесіңдер?

  1. «Сәбит Мұқановтың мұражайы» мәтін бойыншы жұмыс жасау.

Сәбит Мұқановтың мұражайы.

Мұқановтың әдеби - мемориалдық мұражай - үйі - Сәбит Мұқановтың әдеби мұрасын сақтап, насихаттауға арналған тарихи - мәдени мекеме. Алматы қаласында 1978 жылы, жазушының 1965 - 1973 жылдары тұрған үйінде ашылған.

Мұражай екі бөлімнен тұрады: әдеби және мемориалдық.

Әдеби бөлімде жазушының өмірі мен қызметіне, шығармашылық зертханасына қатысты құжаттар, қолжазбалар, суреттер, тағы басқа құнды экспонаттар жиналған. Жазушының көптеген драмалық шығармалар туралы мол мәліметтер берілген. Қызылорда қаласында сотқа қоғамдық айыптаушы ретінде қатысқан С.Мұқановтың куәлігі қойылған. Турникеттерге жазушының отбасымен бірге, сондай - ақ шет елдегі іс - сапарлар мен кездесулерде түскен суреттері қойылған.

Мемориалдық бөлімде жазушының жұмыс орны, қонақ бөлмесі толық сақталған. Төрт мыңға жуық қоры бар жазушының кітапханасы, тұрмыстық заттар, үй жиһаздары, шет елдерден келген түрлі сыйлықтар, суреттер, тағы басқа экспонаттар қойылған.

Оқушылар үш топқа бөліп, «Мәтін бөліктері» оқыта үйрету ойынын өткізу.

Ойынның шарты:

1) оқушылар мәтінді өз бетімен мұқият оқып шығады;

2) әр топ мәтінді өз бетімен аударады;

3) оқушылар аударып болғаннан кейін, әр топтан бір оқушы мұғалімнің үстілінен бір парақ қағаз алады да, орнына отырып, әрі қарай дайындалады;

4) оқушылар «Кіріспе», «Негізгі бөлім», «Соңғы бөлім» ретімен мәтіннің мазмұнын айтып береді

5) Әр топ мәтін бойынша түсініксіз сөздерді дәптерлеріне теріп жазып, оларды сөздік арқылы аударады. (5 мин). Әр сөзбен бірнеше сөз тіркестерін құрастырады.

Насихаттауға, мұрасын, қызметіне, құнды, мәліметтер, сапарлар.

6) Берілген сөз тіркестерінің жасалу жолдары анықтау:

Жазушының өмірі, құнды экспонаттар, мәліметтер берілген, жазушы кітапханасы, насихаттауға арналған, үйінде ашылған, тарихи - мәдени мекеме, драмалық шығармалар, 1978 жылы.

7) Берілген сөйлемдерге жалпылпылауыш мүше қатыстырып, дұрыс сөйлем құрастыру:

Әдеби бөлімде жазушының өмірі мен қызметіне, шығармашылық зертханасына қатысты құжаттар, қолжазбалар, суреттер, тағы басқа құнды экспонаттар жиналған

Төрт мыңға жуық қоры бар жазушының кітапханасы, тұрмыстық заттар, үй жиһаздары, шет елдерден келген түрлі сыйлықтар, суреттер, тағы басқа экспонаттар қойылған.

  1. Сабақтың қорытынды.

Мыны кестені бірге толтырайық:

Сәбит Мұқанов

Мен білдім

Жаңа білдім

Білгім келеді


  1. Үй тапсырма. 126 - бет, 6 - тапсырма





© 2010-2022