Конспект урока по казахскому языку на тему: Мен және менің досым. 5 сынып

Раздел Иностранные языки
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Мен және менің досым»

Етістіктің жіктелуі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: грамматикалық тақырып жіктік жалғауына байланысты әр түрлі тапсырмалар орындату арқылы білімдерін бекіту,дамыту және тереңдету.

Дамытушылық: Сөйлемдер құрау,тапсырмалар орындату арқылы оқушылардың сөйлеу тілін,ойлау қабілетін,білімдерін көтеру және дамыту.

Тәрбиелік: Бір-бірін сыйлауға, достың қадірін білуге,досына әділ баға бере білуге жол көрсету.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,ойын

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, үлестірмелі қағаздар

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

а) Психологиялық дайындық:шаттық шеңберіне тұрып,өлең сөздерімен бір-біріне жақсы тілектер айту.

Амансың ба, Алтын күн?!

Амансың ба, Көк аспан?!

Амансың ба, Жер-Ана?!

Амансың ба, достарым?!

Сіздерді көрсем қуанам?!

Үлкенге де Сіз!

Кішіге де Сіз!

Баршаңызды құрметтеп,

Бас иеміз Біз!

Топқа бөлу(оқу құралдары және киімдер тобы)

ІІ. Үй жұмысын тексеру. «Дос» туралы жаттап келген мақал -мәтелдерін жатқа айту.

«Орамал тастау» ұлттық ойыны арқылы басын бастау,екінші оқушы аяқтайды)

Айтылым.Сұрақ-жауап

- Қазір қай мезгіл?

- Қыс айларын ата?

- Қазір қай ай?

- Бір аптада неше күн бар?

- Апта күндерін ата?

- Бүгін қай күн?

- Сенің досыңның аты-жөні кім?

III.Дос туралы видеоролик көрсету.

IV. Сұрақ арқылы бейнетаспа туралы сұрау.

IV.Жаңа сабақ

Сабақтың тақырыбы,мақсаты,міндеттері айтылады.Дәптерлерімізді ашып,бүгінгі күнді,жаңа сабақтың тақырыбын жазып қойыңдар.Бүгінгі тақырыпқа байланысты жаңа сөздермен танысайық.

Түйдей құрдас - ровесники

Жұбын жазбау - не расставаться

Қадір тұту - цени

Құрбы - сверстник(-ца) подруга

Мінез - характер

Қайырымды - добрый

Жаңа сөздермен танысып, сөз тіркестерін, сөйлем құрау, сөздік дәптерлеріне жазып алыңдар.

VI.Мәтінмен жұмыс.

Назым мен Бейсенгүл - түйдей құрдас,тату дос.Қашан көрсең де, жұбын жазбайды.Ойынды бірге ойнайды, сыныпта бір партада отырады.

Сабақты жақсы оқиды.Оларды мұғалімдер де, балалар да сыйлайды, қадірлейді.Олар кішіпейіл, достықты қадірлейді.Олардың мінезі мен істеген істері барлығына ұнайды.

- мұғалім оқиды

- түсіндіру

- әр топтан бір оқушы оқиды

V. Етістіктің жіктелуі.Қанеки етістіктің ережесін есімізге түсірейік.

Етістіктің жіктелуі

Жақ Жіктік жалғау

I.Мен отыр,жүр,жатыр,тұр + мын

мін

II .Сен отыр,жүр,жатыр,тұр + сың

сің

II .Сіз отыр,жүр,жатыр,тұр + сыз

сіз

III .Ол отыр,жүр,жатыр,тұр

VI. Жазбаша жұмыс.

Етістікті жекеше, көпше түрде жіктеу.

1 топ 2 топ

Отыр Жүр

VII. Сергіту сәті.

Келесі тапсырма әр топ диалог құрастырады.

VIII.Диалог құрастыру.

1 топ 2 топ

Кітапханаға барғанда Дүкенге барғанда

IX.Әр топ кластер жасау

1 топ 2 топ

Дос қандай болу керек? Достықтың ережелері

X. Попс формуласы.

1.Менің ойымша.......

2.Себебі мен оны былай түсіндіремін.......

3.Оны мен былай дәлелдей аламын........

4.Осыған байланысты мен осындай қорытынды шешімге келдім.

XI.Рефлексия

(Әр оқушы стикерге жазып,смайликтердің астына жапсырады.)

XII.Бағалау



© 2010-2022