Урок Найман ана

Гүлжан Боканова    Астана қаласы  №5 гимназияның  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі   «Боранды бекет» романы өмір мен өлімді, қасиет пен қасиетсіздікті, жер-анаға адамдардың қарым-қатынасын, қазіргі әскери полигондағы Найман-ана бейітінің тарихынайтатын писхологиялық роман. Ш.Айтматов   Сабақтың тақырыбы:        Ш.Айтматов «Найман – Ана» («Ғасырдан да ұзақ күн» романынан үзінді)   Сабақтың мақсаты:  Ш.Айтматовтың  романынан алынған үзіндінің мазмұнымен тереңірек таныстыру, әңгіменің тақырыбымен жазушының идеялық мұратын оқушыға жан-жақты меңгерту.                                          Сабақтың міндеттері: Танымдық қызығушылығын, шығармашылық, ой-талдауға бейімділігін, өзіндік сын, көзқарасын дамыту оқушының жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылықпен айналыса білетін тұлға қалыптастыру.                                          Ел тарихын, әдебиетін білуге, оны құрметтеуге, ұлылардың даналық сөздерінен өнеге алуға, адамгершілікке, адалдыққа, имандылыққа, ізгілікке, ар мен жан тазалығын жоғары қоя білуге тәрбиелеу.     Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.   Сабақтың түрі: Аралас сабақ.   Сабақтың әдісі: Іздену, сұрақ-жауап, топтық жұмыс.   Көрнекіліктер: Оқулық, портрет, шығармалар жинағы, тірек-сызбалар, үнтаспа, көрме «Қазақ-қырғыз бір туған» (Ш.Айтматов пен М.Шаханов шығармашылығының біртұтастығы)               Сабақтың барысы І. Ұйымдастыру бөлімі 1.     Үй тапсырмасын тексеру. Шыңғыс Айтматов «Найман ана» әңгімесін оқып келу. Деңгейі Берілген деңгей бойынша сұрақ-тапсырмалар   Білім 1.      Шыңғыс Айтматов қай елдің жазушысы? 2.     Шыңғыс Айтматовтың қандай шығармаларын білесіңдер?    Түсіну 1.     Ана-Бейітті халық неліктен соншама қасиет тұтады? 2.     Ананың монологы мәтіннің қай бөлімінде кездеседі? 3.     Жуан-жуандар деген кімдер? Олар туралы тарихтан не білесіңдер? 4.     Ақ іңгенді , Найман-ананы суреттеген жерін мәтіннен тауып оқып бер. 5.     Жоламанның ...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Гүлжан Боканова

Астана қаласы №5 гимназияның

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі


«Боранды бекет» романы өмір мен өлімді, қасиет пен қасиетсіздікті, жер-анаға адамдардың қарым-қатынасын, қазіргі әскери полигондағы Найман-ана бейітінің тарихынайтатын писхологиялық роман.

Ш.Айтматов

Сабақтың тақырыбы: Ш.Айтматов «Найман - Ана»

(«Ғасырдан да ұзақ күн» романынан үзінді)

Сабақтың мақсаты: Ш.Айтматовтың романынан алынған үзіндінің

мазмұнымен тереңірек таныстыру, әңгіменің тақырыбымен жазушының идеялық мұратын оқушыға жан-жақты меңгерту.

Сабақтың міндеттері: Танымдық қызығушылығын, шығармашылық,

ой-талдауға бейімділігін, өзіндік сын, көзқарасын дамыту оқушының жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылықпен айналыса білетін тұлға қалыптастыру.

Ел тарихын, әдебиетін білуге, оны құрметтеуге,

ұлылардың даналық сөздерінен өнеге алуға, адамгершілікке, адалдыққа, имандылыққа, ізгілікке, ар мен жан тазалығын жоғары қоя білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Іздену, сұрақ-жауап, топтық жұмыс.

Көрнекіліктер: Оқулық, портрет, шығармалар жинағы, тірек-сызбалар,

үнтаспа, көрме «Қазақ-қырғыз бір туған» (Ш.Айтматов пен М.Шаханов шығармашылығының біртұтастығы)


Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру бөлімі

  1. Үй тапсырмасын тексеру. Шыңғыс Айтматов «Найман ана» әңгімесін оқып келу.

Деңгейі

Берілген деңгей бойынша сұрақ-тапсырмалар

Білім

  1. Шыңғыс Айтматов қай елдің жазушысы?

  2. Шыңғыс Айтматовтың қандай шығармаларын білесіңдер?

Түсіну

  1. Ана-Бейітті халық неліктен соншама қасиет тұтады?

  2. Ананың монологы мәтіннің қай бөлімінде кездеседі?

  3. Жуан-жуандар деген кімдер? Олар туралы тарихтан не білесіңдер?

  4. Ақ іңгенді , Найман-ананы суреттеген жерін мәтіннен тауып оқып бер.

  5. Жоламанның бейнесін тауып оқып бер.

  6. Жазушы жуан-жуандардың бейнесін қалай көрсеткен?

Қолдану

  1. Оқушыларды екі топқа бөліп, соған сәйкес шығарманы мазмұны бойынша бөле отырып, оқытқызу.

  2. Мәтіннің әр бөлімдеріне қарай композициялық құрылымына талдау жасау.

Талдау

  1. Екі топқа тапсырма беріледі: бірінші топ шығарма болжам, екінші топ пікір болжам жазады.

  2. «Қазіргі заманның мәңгүрттері» туралы видеофильм көрсетіледі.

Жинақтау




  1. Романдағы «Мәңгүрт» сөзінің астары неде деп білесіңдер?

  2. Қазіргі заман мәңгүрттерінен «Найман-анадағы» мәңгүрттіктің айырмашылығы неде? (Өмірмен байланыстырып,ойыңды айт)

  3. Біздің заманымызда «рухани мәңгүрт» деген кімдер?(Өз ой-пікірін айту)

  4. Жауыздыққа оның асқан түрі адамды ақыл-естен айыруға сендердің көзқарастарың қандай?

Бағалау

Найман-ана бейнесін көз алдарыңа келтіре отырып, ойтолғау жазыңдар:

1. «Мәңгүрттіктен сақтайнайық ағайын».

2. «Рухани мәңгүрт перзентке арналған ана жоқтауы».


© 2010-2022