Эвфемизм мен дисфемизм 5 сыныпқа арналған сабақ жоспары

Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Эвфемизм мен дисфемизм 5 сыныпқа арналған сабақ жоспарыҚызылорда облысы,

Қармақшы ауданы,

Алдашбай ахун ауылы

№111 орта мектептің

қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі

Тұңғышбаева Назгүл Орынбекқызы

Сабақтың тақырыбы: Эвфемизм мен дисфемизм.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік - сыпайы сөздер мен дөрекі сөздердің табиғатын таныту. Шығу төркінін, этимологиясын, семантикасын түсіндіру.
Тәрбиелік - сөйлеу мәдениетін арттыру, ауызекі сөйлеу
тілінде дөрекі, жағымсыз сөздерден аулақ болуға, таза, әсерлі сөйлеуге төселдіру.
Дамытушылық - сөздік қорларын сыпайы сөздермен толықтырып, тіл мәдениетін дамыту.

Сабақтың түрі:.Жаңа сабақ

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: топқа бөлу,сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары. Пәнаралық байланыс: әдебиет.

Көрнекілігі: кеспе карталар, «Қазақ тілі» оқулығы 5-класс.
Сабақ барысы: І Ұйымдастыру бөлімі.

  1. Оқушыларды түгендеп,назарын сабаққа аудару.
    ІІ.Үй тапсырмасын сұрау. «Туыстық қарым-қатынас»тақырыбында мәтін жазу.Ішінде табу сөздерді қолдану.

ІІІ.Үй тапсырмасын бекіту. «Зымыран сұрақтары»арқылы

1.Лексика дегеніміз не?

2.Сөз деп нені айтамыз?

3.Сөздің турамағынасы дегеніміз не?

4.Сөздің ауыспалы мағынасы дегеніміз не?

5.Көп мағыналы сөз деп нені айтамыз?

6.Омоним дегеніміз не?

7. Синоним дегеніміз не?

8.Антоним дегеніміз не?

ІҮ.Мағынаны тану бөлімі

2. Қ. Мырза - Әли
Қызыл шоқтай қарыған,
Қазаққа тіл дарыған.
Бір сөзге ол семіріп,
Бір сөзден ол арыған.
Сипақтама, терлеме,
Сөйле, қане, ұшыңдар,
Тілді бізге бермеген,
Тістеп жүру үшін құр.
Келер пәле басыңа,
Кемел сөзге мін тақсаң.
Қастың өзі досыңа,
Айналады тіл тапсаң.
Жарлымын деп қаймықпа,
Намыс болса қасыңда.
Байлық деген байлық па,
Тіл байлығы жанында.
Жаңа материалды меңгерту,
Балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Эвфемизм мен дисфемизм деп аталады. Кейде бір нәрсенің не құбылыстың атын тікелей айту дөрекілеу естіледі, көңілге жағымсыз тиетіндей сыңайы байқалады. Ондай жағдайда олар басқа сыпайы, жағымды сөздермен ауыстырылып айтылады. Бұндай құбылыс тілде эвфемизм деп аталады.
Мысалы мылжың, деудің орнына сөзуар, өтірік айту дегеннің орнына «қосып айту», «ұрланды» дегеннің орнына «ала жібін аттамау» деген сөз тіркестері. «Қолды болды» «өлді» дегеннің орнына о дүниеге аттанды, қайтыс болды, жан тәсілім етті, деген сияқты тұрақты тіркестер қолданылады. Эвфемизм дер ойды бейнелеп , көркемдеп жеткізудің бір тәсілі .
Күнделікті ауызекі сөйлеуде әдепті сөзді әдепсіз, дөрекі сөздермен ауыстырып айта беру әдеті де кездесіп қалады. Мұндайды дисфемизм деп атайды. Дисфемизм мағынасы жағынан эвфемизмге қарама- қарсы құбылыс. Дисфемизм кеміту, кемсіту, қорлау, іске жаратпау ұғымын тудырады. Мысалы: боқмұрын, қолынан боқ келмеу, боғымен жас-
ты баламен ойнау, боғы ботқа болу, қырт, қыртпа.
Дисфемизмдер - әдеби тілдің үлгісіне жатпайды. Дисфемизммен сөйлейтін адамдар мәдениеті төмен, әдепсіз адамдар деп есептейді. Бұлар көбінесе көркем әдебиетте ауыз екі сөйлеу үлгісі ретінде кейіпкерлердің тілінде кездеседі.


Орындалатын жаттығу: 104-жаттығу. Берілген тапсырма: дөрекі сөздерді теріп жазу.


Ү.Толғаныс бөлімі
Тапсырма: дөрекі, әдепсіз сөздердің мәнін ашып, дисфемизмдерді эвфемизмдерге айналдырыңдар.
1. Ерінен айырылған көмгенше жылайды,
Елінен айырылған өлгенше жылайды.
(көмгенше - жерлегенше, өлгенше - өмірінің соңына дейін)
2. Қақылдаған тауық тумай қоймайды.
(тумай - жұмыртқаламай)
3. Шошқаға ерген балшыққа аунар.
(шошқаға - нашар, жаман адамға)
4. Жолдасың соқыр болса,
Сен де бір көзіңді қысып қой.
(соқыр - көзі көрмейтін адам
5. Ешкі егіз туып, қойдан көп болмас.
(туып - лақтап)
6. Қарғаның бір көзі оқта, бір көз боқта.
(боқта - жаман нәрседе)
7. Сараң да бір, сасық су да бір.
(сасық - лас, иістенген)
8. Өсекшінің тілі қышып тұрады.
(өсекші - сөзуар)
9. Қысыр сөзде қырсық көп.
(қысыр - жаман, мәні жоқ)
10. Итпен жолдас болсаң, таяғыңды тастама.
(итпен - сенімсіз адаммен)

Орындалатын жаттығулар: 105-жаттығу. Берілген тапсырма: ырым-тыйымдарды талдау.
106- жаттығу Берілген сөздерді эвфемизммен ауыстырып жаз
Ұры- қолының сұғы бар

Өсекші-сөзуар

Боқмұрын-кішкентай

Соқыр-көзі көрмейтін адам
Саңырау- құлағының кемістігі бар

Ақсақ-аяғының кемістігі бар адам
Мылқау- тілі жоқ
Қырт- айтқанға көнбейтін, көне қоймайтын адам
Жынды- ақыл- есі кем адам.
Топас-милау,мисыз

108-жаттығу мәтінде қандай ырым туралы түсінік бар?Түс көру туралы қандай тыйым сөздерді білесіңдер?Оның табумен байланысы бар ма?Өздерің түс көргенде үлкендерге,достарыңа айтып бөлісесіңдер ма?Естеріңе түсіріңдер?

ҮІ.Ойын ойналады. «Сергіту сәті» Ойын шарты: мұғалім сөздерді оқыған кезде оқушылар әдепті сөз кездессе, «екі қолын қысып, қолдағандығы жөнінде ишарат білдіреді», әдепсіз сөз кездессе, «екі алақанымен екі бетін ұстап, ұялғандығы жөнінде ишарат білдіреді».
сөзуар,өтірік айту,қолды болды, өсекші, боқмұрын, сөз тасиды, боғы ботқа болу, соқыр, о дүниелік болды,

ҮІІ Бекіту сұрақтары.
Венн диаграммасы.

Эвфемизм

Ортақ

Дисфемизм

Сыпайы

Жағымды

Ауыстырып айту

Әдеби тілдің үлгісіне жатады.

Тіл біліміндегі құбылыс. Ойды бейнелейді. Мақсатты сөйлеу.

Әдепсіз

Дөрекі

Жағымсыз

Әдеби тілдің үлгісіне жатпайды.

Ауызекі тілдің сөйлеу үлгісі.


ҮІІІ Үйге тапсырма. 107-жаттығу. Халық ауыз әдебиеті үлгілерінен мысалдар
жазып келу.
IX Бағалау.































І Сабақтың тақырыбы: Эвфемизм мен дисфемизм.

ІІ Сабақтың мақсаты: Білімділік - сыпайы сөздер мен дөрекі сөздерд табиғатын таныту. Шығу төркінін, этимологиясын, семантикасын түсіндіру.

Тәрбиелік - сөйлеу мәдениетін арттыру, ауызекі сөйлеу тілінде дөрекі, жағымсыз сөздерден аулақ болуға, таза, әсерлі сөйлеуге төселдіру.

Дамытушылық - сөздік қорларын сыпайы сөздермен толықтырып, тіл мәдениетін дамыту.

ІІІ Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.

ІҮ Қолданылатын әдіс-тәсілдер: сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары.

Ү Көрнекілігі: графопроектор, электронды оқулық, кеспе карталар, «Қазақ тілі»

оқулығы 5-класс.

ҮІ Сабақ барысы: І Ұйымдастыру бөлімі.

Қызығушылықты ояту бөлімі

Әдепсіз Әдепті

дөрекі жағымды

жағымсыз сыпайы

бейпіл жылы

тұрпайы жақсы

жаман әдемі

көріксіз көркем

Мағынаны тану бөлімі

Интервью (жаңа түсінік беру)

Эвфемизм. Кейде бір нәрсенің не құбылыстың атын тікелей айту дөрекілеу естіледі, көңілге жағымсыз тиетіндей сыңайы байқалады. Мұндай жағдайда оларды басқа сыпайы, жағымды сөздермен ауыстырып айту эвфемизм деп аталады.

Дисфемизм. Күнделікті ауызекі сөйлеуде әдепті сөзді әдепсіз, дөрекі сөздермен ауыстырып айта беру әдеті де кездесіп қалады. Мұны дисфемизм деп атаймыз.

Мылжың - сөзуар, өтірік айту - қосып айту, ұрланды - қолды болды, ұрлық жасамау - ала жібін аттамау, өлді - қайтыс болды т.б.

Толғаныс бөлімі

Тапсырма: дөрекі, әдепсіз сөздердің мәнін ашып, дисфемизмдерді эвфемизмдерге айналдырыңдар.

Ерінен айырылған көмгенше жылайды, Елінен айырылған өлгенше жылайды. (көмгенше - жерлегенше, өлгенше - өмірінің соңына дейін)

Қақылдаған тауық тумай қоймайды.(тумай - жұмыртқаламай)

Шошқаға ерген балшыққа аунар.(шошқаға - нашар, жаман адамға)

Жолдасың соқыр болса, Сен де бір көзіңді қысып қой.(соқыр - ауыспалы мағынада, надан болса, сұғанақ болса, аңғал болса т.б.)

Ешкі егіз туып, қойдан көп болмас.(туып - лақтап)

Қарғаның бір көзі оқта, бір көз боқта.(боқта - жаман нәрседе)

Сараң да бір, сасық су да бір.(сасық - лас, иістенген)

Өсекшінің тілі қышып тұрады.(өсекші - сөзуар)

Қысыр сөзде қырсық көп.(қысыр - жаман, мәні жоқ)

Итпен жолдас болсаң, таяғыңды тастама.(итпен - сенімсіз адаммен)

Ойын ойналады. Ойын шарты: мұғалім сөздерді оқыған кезде оқушылар әдепті сөз кездессе, «екі қолын қысып, қолдағандығы жөнінде ишарат білдіреді», әдепсіз сөз кездессе, «екі алақанымен екі бетін ұстап, ұялғандығы жөнінде ишарат білдіреді».

Өлді, өсекші, боқмұрын, сөз тасиды, боғы ботқа болу, соқыр, қайтыс болды, көзі көрмейді, о дүниелік болды, аяғын сілтіп басады, ақсақ, көз жұмды, қол салды, иттің ғана баласы, ұры, оңбаған, ұрлап алды, қаза болды, қолды болды, апатқа ұшырады, көзің шыққыр.

Орындалатын жаттығулар: 104-жаттығу. Берілген тапсырма: дөрекі сөздерді теріп жазу. 108-жаттығу. Берілген тапсырма: ырым-тыйымдарды талдау.

Венн диаграммасы.

Эвфемизм

Ортақ

Дисфемизм

Сыпайы

Жағымды

Ауыстырып айту

Әдеби тілдің үлгісіне жатады.

Тіл біліміндегі құбылыс. Ойды бейнелейді. Мақсатты сөйлеу.

Әдепсіз

Дөрекі

Жағымсыз

Әдеби тілдің үлгісіне жатпайды.

Ауызекі тілдің сөйлеу үлгісі.

ҮІІ Бекіту сұрақтары.

Зымыран сұрақтар:

  1. Ойды бейнелеп, көркемдеп жеткізудің тәсілі? Эвфемизм.

  2. Мағынасы жағынан эвфемизмдерге қарама-қарсы құбылыс? Дисфемизм.

  3. Дисфемизммен сөйлейтін адамдардың мәдениеті қандай? Төмен.

  4. Әдеби тілдің үлгісіне жатпайтын тілдік құбылыс? Дисфемизм.

  5. Әдепті, сыпайы сөйлеу мақсатынан шыққан құбылыс? Эвфемизм.

ҮІІІ Үйге тапсырма. 107-жаттығу. Халық ауыз әдебиеті үлгілерінен мысалдар

жазып келу.

IX Бағалау.

Эвфемизм мен дисфемизм

Сабақтың мақсаты:
а) Эвфемизмнің ауыспалы мағынадағы сөздерін толықтыра отырып көркемдеуіш сөз екендігін жете ұғындыру, дисфемизмнің қолданылу аясын түсіндіру.
ә) Оқушылардың ізденушілік қабілетін дамыту, сөздік қорын толықтыру, интер-
активті тақтамен оқыту әдісін пайдалана отырып, жеке тұлғаны ақпараттық қоғамға бейімдеу.
б) Оқушылардың әдепті, сыпайы сөйлеуге баулу, тіл мәдениетін қалыптастыру, әдептілікті сауатты таза сөйлеуге үйрету
Сабақтың түрі: Оқушылардың шығармашылығы мен ізденушілігіне бағытталған практикалық сабақ Құрал- жабдықтар,
Көрнекті құралдар: Сабақ жоспары, эвфемизм мен дисфемизмге жасалған интерактивті көрнекіліктер
Сабақтың өтілу әдісі: Сұрақ- жауап, тест тапсырмалары
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларды түгендеу
Ой ашу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау 102- жаттығу Қарамен жазылған сөздердің
мағынасын ашып түсіндіру.
ІІІ. Өткен тақырыпты бекіту. Карточкалар арқылы тест тапсырмаларын беру.
1.Ұзын - шешей- табу
2.Итқұс- табу
3.Қорасан - табу қандай ауруға байланыс-
ты айтылған?
4.Жасыл- табу Қандай апаттан сақтанып атын атамаған
5.Табу дегеніміз не? Ауызша мысалмен
6.Шырайлым еркежан, бикеш - қандай жағдайда лайықты ат қойған?
7.Ұлға шырақ, мырза жігіт, төре жігіт - қандай жағдайда ұлға лайықты ат деп қойған?
8. Сәйкестендіру тесті Табуға арналған
Мақсатын қою
9. Жаңа материалды меңгерту
Балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Эвфемизм мен дисфемизм деп аталады. Кейде бір нәрсенің не құбылыстың атын тікелей айту дөрекілеу естіледі, көңілге жағымсыз тиетіндей сыңайы байқалады. Ондай жағдайда олар басқа сыпайы, жағымды сөздермен ауыстырылып айтылады. Бұндай құбылыс тілде эвфемизм деп аталады.
Мысалы мылжың, деудің орнына сөзуар, өтірік айту дегеннің орнына «қосып айту», «ұрланды» дегеннің орнына «ала жібін аттамау» деген сөз тіркестері. «Қолды болды» «өлді» дегеннің орнына о дүниеге аттанды, қайтыс болды, жан тәсілім етті, деген сияқты тұрақты тіркестер қолданылады. Эвфемизм дер ойды бейнелеп , көркемдеп жеткізудің бір тәсілі .
Күнделікті ауызекі сөйлеуде әдепті сөзді әдепсіз, дөрекі сөздермен ауыстырып айта беру әдеті де кездесіп қалады. Мұндайды дисфемизм деп атайды. Дисфемизм мағынасы жағынан эвфемизмге қарама- қарсы құбылыс. Дисфемизм кеміту, кемсіту, қорлау, іске жаратпау ұғымын тудырады. Мысалы: боқмұрын, қолынан боқ келмеу, боғымен жас-
ты баламен ойнау, боғы ботқа болу, қырт, қыртпа.
Дисфемизмдер - әдеби тілдің үлгісіне жатпайды. Дисфемизммен сөйлейтін адамдар мәдениеті төмен, әдепсіз адамдар деп есептейді. Бұлар көбінесе көркем әдебиетте ауыз екі сөйлеу үлгісі ретінде кейіпкерлердің тілінде кездеседі.
107- жаттығу Берілген сөздерден эвфемизм-
мен ауыстырып жаз
Ұры- қолының сұғы бар.
Соқыр-көзі көрмейтін адам
Саңырау- құлағының кемістігі бар
Өтірікші- қосып айтатын адам
Мылқау- тілі жоқ
Қырт- айтқанға көнбейтін, көне қоймайтын адам
Жынды- ақыл- есі кем адам.
ІV. Сабақты бекіту
Еркін ой Сонымен балалар, біз эвфемизм мен дисфемизм туралы не білдік
Түйіндеу. Сабақты қорыту.
-Балалар, эвфемизм сөздер мен дисфемизм сөздерді бір- бірінен ажырату, олардың қолданылуын білу бізге не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
-Ықтимал жауап :
-Сыпайы, әдепті сөйлеу - әрбір білімді, мәдениетті адамның міндеті. Оны өнеге тұтуымыз керек. Ал дөрекі, боқтық сөздерді қолдану - әдепсіздік, көргенсіздік.
Оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма.



Эвфемизм мен дисфемизм.

І Сабақтың тақырыбы: Эвфемизм мен дисфемизм.
ІІ Сабақтың мақсаты: Білімділік - сыпайы сөздер мен дөрекі сөздердің табиғатын таныту. Шығу төркінін, этимологиясын, семантикасын түсіндіру.
Тәрбиелік - сөйлеу мәдениетін арттыру, ауызекі сөйлеу тілінде дөрекі, жағымсыз сөздерден аулақ болуға, таза, әсерлі сөйлеуге төселдіру.
Дамытушылық - сөздік қорларын сыпайы сөздермен толықтырып, тіл мәдениетін дамыту.
ІІІ Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.

ІҮ Қолданылатын әдіс-тәсілдер: сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары.

Ү Көрнекілігі: графопроектор, электронды оқулық, кеспе карталар, «Қазақ тілі» оқулығы 5-класс.

ҮІ Сабақ барысы: І Ұйымдастыру бөлімі.

Қызығушылықты ояту бөлімі

Әдепсіз Әдепті

дөрекі жағымды

жағымсыз сыпайы

бейпіл жылы

тұрпайы жақсы

жаман әдемі

көріксіз көркем

Мағынаны тану бөлімі

Интервью (жаңа түсінік беру)

Эвфемизм. Кейде бір нәрсенің не құбылыстың атын тікелей айту дөрекілеу естіледі, көңілге жағымсыз тиетіндей сыңайы байқалады. Мұндай жағдайда оларды басқа сыпайы, жағымды сөздермен ауыстырып айту эвфемизм деп аталады.

Дисфемизм. Күнделікті ауызекі сөйлеуде әдепті сөзді әдепсіз, дөрекі сөздермен ауыстырып айта беру әдеті де кездесіп қалады. Мұны дисфемизм деп атаймыз.

Мылжың - сөзуар, өтірік айту - қосып айту, ұрланды - қолды болды, ұрлық жасамау - ала жібін аттамау, өлді - қайтыс болды т.б.

Толғаныс бөлімі

Тапсырма: дөрекі, әдепсіз сөздердің мәнін ашып, дисфемизмдерді эвфемизмдерге айналдырыңдар.

  1. Ерінен айырылған көмгенше жылайды,

Елінен айырылған өлгенше жылайды.

(көмгенше - жерлегенше, өлгенше - өмірінің соңына дейін)

  1. Қақылдаған тауық тумай қоймайды.

(тумай - жұмыртқаламай)

  1. Шошқаға ерген балшыққа аунар.

(шошқаға - нашар, жаман адамға)

  1. Жолдасың соқыр болса,

Сен де бір көзіңді қысып қой.

(соқыр - ауыспалы мағынада, надан болса, сұғанақ болса, аңғал болса т.б.)

  1. Ешкі егіз туып, қойдан көп болмас.

(туып - лақтап)

  1. Қарғаның бір көзі оқта, бір көз боқта.

(боқта - жаман нәрседе)

  1. Сараң да бір, сасық су да бір.

(сасық - лас, иістенген)

  1. Өсекшінің тілі қышып тұрады.

(өсекші - сөзуар)

  1. Қысыр сөзде қырсық көп.

(қысыр - жаман, мәні жоқ)

  1. Итпен жолдас болсаң, таяғыңды тастама.

(итпен - сенімсіз адаммен)

Ойын ойналады. Ойын шарты: мұғалім сөздерді оқыған кезде оқушылар әдепті сөз кездессе, «екі қолын қысып, қолдағандығы жөнінде ишарат білдіреді», әдепсіз сөз кездессе, «екі алақанымен екі бетін ұстап, ұялғандығы жөнінде ишарат білдіреді».

Өлді, өсекші, боқмұрын, сөз тасиды, боғы ботқа болу, соқыр, қайтыс болды, көзі көрмейді, о дүниелік болды, аяғын сілтіп басады, ақсақ, көз жұмды, қол салды, иттің ғана баласы, ұры, оңбаған, ұрлап алды, қаза болды, қолды болды, апатқа ұшырады, көзің шыққыр.

Орындалатын жаттығулар: 104-жаттығу. Берілген тапсырма: дөрекі сөздерді теріп жазу. 108-жаттығу. Берілген тапсырма: ырым-тыйымдарды талдау.

Венн диаграммасы.

Эвфемизм

Ортақ

Дисфемизм

СыпайыЖағымды

Ауыстырып айту

Әдеби тілдің үлгісіне жатады.

Тіл біліміндегі құбылыс. Ойды бейнелейді. Мақсатты сөйлеу.

ӘдепсізДөрекі

Жағымсыз

Әдеби тілдің үлгісіне жатпайды.

Ауызекі тілдің сөйлеу үлгісі.

ҮІІ Бекіту сұрақтары.

Зымыран сұрақтар:

  1. Ойды бейнелеп, көркемдеп жеткізудің тәсілі? Эвфемизм.

  2. Мағынасы жағынан эвфемизмдерге қарама-қарсы құбылыс? Дисфемизм.

  3. Дисфемизммен сөйлейтін адамдардың мәдениеті қандай? Төмен.

  4. Әдеби тілдің үлгісіне жатпайтын тілдік құбылыс? Дисфемизм.

  5. Әдепті, сыпайы сөйлеу мақсатынан шыққан құбылыс? Эвфемизм.

ҮІІІ Үйге тапсырма. 107-жаттығу. Халық ауыз әдебиеті үлгілерінен мысалдар

жазып келу.

IX Бағалау.




ЭВФЕМИЗМДЕР МЕН ДИСФЕМИЗМДЕРДІҢ КЕЙІПКЕР ТІЛІНДЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ

СИНБАЕВА Г.К.

Петропавл қ., Қазақстан


Функционалдық стильдерді тереңдете зерттеу жалпы әдеби тілмен байланыс ерекшелігін анықтауды қажет етеді. Орыс тіл білімінің көрнекті өкілі В. Виноградов функционалды стильдің тілдегі үш түрлі қызметін атап көрсетеді: бірінші - қарым-қатынас қызметі (ауызекі сөйлеу стилі), екіншісі - хабар беру қызметі (ресми және ғылыми), үшінші - ықпал ету қызметі (публицистикалық және көркем әдебиет стильдері [1, 84 б.].

Қазақ тіл білімінде эвфемистік, дисфемистік құбылыстарға жеке-жеке түсінік беріліп, оларды зерттеуге арналған біршама еңбектер бар. Осы ретте Ә. Ахметов, Ә. Хасенов, Ә. Болғанбаев, Ғ Қалиев, Б. Сағындықұлы т.б. ғалымдарымыздың пікір-тұжырымдары мен еңбектерін атауға болады. Ал эвфемизмдер мен дисфемизмдердің көркем шығарма тілінде қолданылу мәселесі кейбір зерттеулерде жалпы лексика тұрғысынан алынып қарастырылғанымен, олардың функционалдық стильдер ішінде көрінуі - бүгінгі күнге дейін айқындалмаған құбылыс. Бұл құбылыс - кешегі-бүгінгі емес, ғасырлар бойы қалыптасқан (әсіресе фразеологизмдер тұрғысынан келгендері) тілдік заңдылық.

Осы тұрғыдан келгенде әр кезеңдегі көркем әдебиет стильдері материалдары негізінде қазақ тіліндегі эвфемизм мен дисфемизмдерді жеке алып, олардың көркем шығармаларда қолданылу ерекшелігін зерттеген еңбектер жоқ. Қазақ тіліндегі эвфемизмдер мәселесі - әлі де толық айқындалып, зерттелді деуге болмайды.

Жалпы тіл білімінде түркі тілдеріндегі эвфемизм мен табуды соның ішінде қазақ тіліндегі эвфемия құбылысын ғалым Ә. Ахметов алғаш ғылыми зерттеудің нысанына алып жан-жақты қарастырған. Ғалым табу мен эвфемизмді этнографиялық лексикаға жатқызады: «Кез келген этнографиялық лексиканың сыртында белгілі бір этнографиялық ұғымдардың тұратыны сияқты табу мен эвфемизмнің сыртында да олармен ұштасып, астарласып жататын этнографиялық ұғымдар, атап айтқанда, дәстүрлі наным-сенімдер, мифтер, әдет-ғұрыптар, салт-дәстүрлер, қоғамда қалыптасқан тіл мәдениетімен байланысты этикалық нормалар тұрады» [2,176]. Ғалым бұл сөздердің қыр-сырын ашуда этнография мен лингвистика ғылымдарының біртұтас нысаны ретінде зерттелінуінің тиімділігін айтып, эвфемизмдердің этнолингвистикалық бағытта айқындалуына жол ашады. Олардың пайда болуын этнолингвистикалық жүйе және этномәдени негіздер арқылы айқындап түсіндіреді, дәстүрлі моральдық-этикалық қатынастарға байланысты қалыптасқан табу мен эвфемизмдерді топтастырып көрсетеді, яғни өлімге, анатомия мен физиологиялық процестерге, саяси эвфемизмдерге, сондай-ақ эвфемизмдердің жасалу жолдары: эвфемистік метафора, эвфемистік метонимия, эвфемистік синекдоха, эвфемистік символ, эвфемистік ирония түрлері мен өзіндік ерекшеліктерін айқындайды. Қазіргі таңда тіл, тіл мәдениеті, ғылымға деген талап, жауапкершілік, ықылас, мүдделілік шынында да күн сайын артуда. Осы тілдік, қазақ ділдігінің бір мәселесі эвфемизмдік қолданыстарда жатқанын өмірдің өзі дәлелдеп отыр. «Эвфемизм табу сияқты үрейленуден туған сенімге негізделмейді, сыпайыгершілік пен әдептілікке негізделеді. Демек, қазіргі кездегі қолданылып жүрген эвфемизмдер бүгінгі таңдағы өскелең халқымыздың қалыптасқан этикалық және эстетикалық нормаларының күнделікті нақ көріністері деп есептеледі. Сондықтан табу мен эвфемизмдерді бір-бірімен шатастыруға болмайды. Екеуі екі түрлі мақсаттан шыққан» [3, 125-126] деп, эвфемизмді құбылыс ретінде қарастырып, оның өзіндік еркшеліктерін көрсетеді.

Сондай-ақ М.Жұмағұлова: «Әдеттегі эвфемизмдер жеке адамдар арасындағы коммуникативтік қолайсыздықты (коммуникативтік дискомфорт) болдырмауды көздейді де, жеке бастық қатынасқа тән сипатқа ие болады. Ал газет бағаналарындағы эвфемистік формалардың әлеуметтік сипаты басым болады» [4, 19] деп есептейді. Газети публицистика тіліндегі эвфемизмдердің әлеуметтік сипатымен ерекшеленетінін: «...сөздің эвфемистік мағынасын да тілдің «өз ішінде» ғана емес, тілдік ұжымның этикалық-моральдық, дүниетанымдық ерекшелігімен, экономикалық, қоғамдық-саяси өмірімен байланыстыра қарау құбылыстың мәнін айқындай түседі» [4, 19] деп, эвфемистік мағынаның мәнін айқындайтын басқа себептеріне де тоқталады. Мысалы: Басына пұшпақ бөрік киіп, қолына таяқ ұстаған шоқша сақалдысы - жетпісті мол аралап кеткен адам /133/. Шоқша сақалдының құлағы ауыр ести ме, қалай үшеуі гүлзарды басына көтеріп, әлденеге келісе алмай дауласып отыр /133/. О дүниеге аттану кезегі кімге келіп тұр? дегенді жай бір күнделікті шаруадай-ақ сөз етіп отыр /133/.

Яғни, көркем шығармада жазушылар кейіпкер бейнесін сипаттауда эвфемизм мен дисфемизмді жиі қоданады. Эвфемистік мағынаның басты қызметі - дөрекі, тұрпайы, айтуға қолайсыз сөздерді алмастырып, тыңдаушысына коммуникативтік қолайсыздық тудырмау.

Белгілі тіл білімінің маманы Б. Сағындықұлы: «Дисфемизм тәсілімен сөз қолдану - мағынасы жағынан эвфемизмге қарама-қарсы тілдік құбылыс, соңғысы сөздің ұғым-түсінігін сыпайылап әдемілесе, алдыңғысы керісінше жағымды мағынаны дөрекілейді, қатайтады. Күнделікті өмірде, әдеби қолданыста жағымды, сыпайы әдепті сөздерді дөрекі, анайы сөздермен ауыстырып қолдану тәсілі тіл білімінде дисфемизм деп аталады. Дисфемизмдер көркем шығармада көбіне ауызекі сөйлеу тілінің үлгісі ретінде кейіпкерлер тілінде беріледі. Сол арқылы әр жазушы өз қаћармандарының мінез-құлқын, білім дәрежесін, іс-әрекетін бейнелейді, шынайы образын жасайды» [5, 100], - деп сипаттайды. Сондықтан эвфемизмдер мен дисфемизмдерді қарама-қарсы құбылыс ретінде қарастырғанда ғана олардың негізгі мәні мен қызметі айқындалады.

Сондай-ақ бұл - тіл мәдениетін, сөйлеу мәдениетін көтеруге септігін тигізері, тілді тиімді жұмсай білуге үйрететіні даусыз. Мысалы: Сенің мұндай қоян жүрек, қорқақ, екі жүзді екеніңді бұрын білген болсам... (Қайсенов Қ. Партизан соқпақтары). Біреуі аңқау, ақ көңіл, екіншісі момақан, момын келген де, енді үшінші біреуінің тұрлаусыз, екі жақтылау мінезі бар-ды (Қайсенов Қ. Партизан соқпақтары) деп қолданудағы адамның мінез-құлқын ашу мақсатында контрастық құбылыстарға жататын дисфемизмдер мен эвфемизмдердің қызметі айрықша екендігі көрініп тұр. Контекстік мағынада «қоян жүрек» пен «екі жүзді», «ақ көңіл», «момақан» мен «тұрлаусыз», «екі жақтыларды», яғни дисфемизмдер мен эвфемизмдерді қаламгер жалпы адам болмысын ашуда өте ұтымды қолданған. Дисфемизмдер мен эвфемизмдердің бұл сияқты қатар келуі стильдік алуан түрлі қызмет атқарып, ойды жеткізуде өзіндік бояуымен оқшау танылатын сөздер тобы болып табылады. Немесе: Мен орасан тентек едім де, ол жуас еді (Қайсенов Қ. Партизан соқпақтары). Ұлтшылдар ғой жұрт қан жылап отырғанда, бұлардың рахаттанып жүргендерін қарашы, - деп Борис оларға кектене қарады (Қайсенов Қ. Партизан соқпақтары) деген тұстары қаламгердің дисфемизм мен эвфемизмдер секілді контрастық құбылыс қолданымдарына енгізіп, жекелеген сөйлемдер құрамында өзара салыстыра шендестіріп, айқын қарсы қойылған мән сипаттарын ұштай түсуде бұл тілдік құбылыстар ерекше стильдік қызметте жұмсалған.

Осы сөйлемдерде қаламгер суреттеліп отырған жайтты көз алдымызға нақты елестете алады. Осылайша жазушы болған оқиғаны көзбен көріп, қолмен ұстағандай асқан шеберлікпен береді. Осындай шеберлікке М. Серғалиев былай деп баға береді: "Көркем әдебиеттің басқа жанрларындай, прозада сөз қолдануға, шалқи сөйлеуге де, аз сөзбен көп мағына беру мақсатымен дәмді сөйлеуге де еркіндік мол екендігін ескерсек, мұндағы қолданыс кей ақындардың өлең ұйқасы үшін сөз тұлғаларын еріксіз тықпалауында емес автордың сарыла ойланып, санаға салуының, жаңалыққа құштарлығының жемісі деп білеміз" [6, 40].

Сондай-ақ «дисфемизмдер көркем шығармаларда кейіпкерлердің тілінде қолданылып, әртүрлі жағымсыз эмоциялық мән тудырады. Олар белгілі бір стильдік мақсатпен сөздерді дөрекі, тұрпайы етіп қолдану тәсілдерін құрайтын қарапайым сөйлеу тілінің құрамына енеді. Кейіпкер тілінде қолданылған қарапайым сөздер кейіпкердің бір сәттік бейнесін жасауға, көркем бейнесін беруге қызмет етеді. Кейіпкер аузынан шыққан қарапайым сөздер оның шыққан ортасын, алған тәлім-тәрбиесін, мінез-құлқын, көңіл-күйін, ішкі сезімін көрсете алады» [7, 17]. Көбінесе дисфемизмдер тілдік агрессия құралы ретінде көрініс табады. Төмендегі мына сөйлемдерге де назар аударсақ:

- Сен, немене, керең болғансың ба өзің! ( Жүнісов С.). Әуелі божыны ағыт, көтермені түсір, дүлей. ( Жүнісов С.). - Әне бір сілімтік кімдікі. (Жүнісов С.).

- Сұлыны сен бердің бе, есуас! - деп үй алдындағы биік қарды шұңқырлап ойып, соған төккен сұлыны күрт-күрт жеп тұрған кебеже қарын, мегежін биеге қарап, зірк етті (Жүнісов С.).

-Онан да ән тыңдамайсың ба, ақымақ! ( Жұмаділов Қ.).

-Мақұлық-ау, өлтіресің бе қаршадай баланы? (Жұмаділов Қ.).

Негізінен, құлағы нашар еститінді - «керең» дейді немесе «дүлей», «мақұлық-», «ақымақ» дегендер әдеби нормадағы тура мағыналы тұрпайы мәнді сөздер. Мұндай тұрпайы сөздер өте көп. Сөздіктерде әдеби норма деген белгі қойылған. Сондықтан тұрпайы сөздердің бәрі дисфемизм немесе қарапайым емес. Бұлардың синонимдері болмаса екінші бір әдеби баламасы жоқ сөздер. Ал, сілімтік, есуас т.б. - дисфемизмдер. - Ау, әкім мырза, сен не көкіп отырсың - деді ол бірден тұлан-тұта, саңқ етіп. - Көкігенің не, ей-й? Мен көзбен көргенді айтамын! - деді сасып қалған әкім. (Әзиев Ә.). Немесе: - Әй, мынауың не дейді?! Қадиша, әй, Қадиша! Қайда құрыдың омалып! Не дейді мына күшігің! (Ә.Тарази..) дегендердегі «көку», «омалып», «күшік» дөрекі мәндегі дисфемизмдер болса, кісіге қарата айтылған «әй» немесе «өй» деген одағайлар да сауаты төмен кейіпкерлердің мінез-құлықтарын көрсететін тұлғалар болып табылады.

Яғни, қаламгер дисфемизмдерді кеңінен пайдалана отырып оқырман қабылдауына оңай, бәрін көзбен көріп, құлақпен естуге болатындай етіп негіздеген. Баяндалып отырған оқиғалар дисфемизмдердің әсерінен ақиқат дүниенің қайталамасы тәрізді көрінеді.

Тілдік оралымда (контекстерде) кез кеген сөз ауыс мағынада дисфемизм ретінде қолданылуы мүмкін. Себебі контекст пейротивтік мағына туғыза алады. Қайсыбір дисфемизмдер ауызекі тілде жағымды кері мағынада қолданылады. Ол жек көрушілік емес. Айталық, ақсақал немерелерінің атқа отыруға жарағанына риза болып: «Мына біздің боқмұрын да атқа отыруға жарапты ғой» - деп айта береді. Жаман ініңізден енді ақыл-кеңесіңізді аямассыз (Жұмаділов Қ.Б.). Ол күшікті де көрмегелі көп болды, - деді Рахима немересін еске алып (Жұмаділов Қ.) Күллі ауылдың боқмұрын тентектері де өзіне өлердей үйір болатын. (Жұмаділов Қ. ). Маған осы боқмұрының болады! «Боранды бекет».

Ана тілімізде таза поэтикалық метафоралармен қатар дисфемистік мағынада жұмсалатын метафоралар да кездеседі. Айырмашылығы мән-мазмұны, коммунативтік қызметі жағымсыз сипатта қолданылатындығында ғана. Осы ретте академик Р. Сыздықтың мына бір пікірі орынды: "Нағыз жазушы кейіпкерлерін өздері беріп тұрған образға сай сөйлетеді. Кейіпкер сөзі оның бейнесін жасауға тікелей қызмет ететін көркемдік тәсілдің бірі болып саналады" [8,11]. Қайсыбір стильдік мақсаттарда жазушы метафора, метонимия, т.б. секілді сөздердің ауыс мағыналары нәтижесінде жасалынған дисфемизмдерді құбылыс немесе бір нәрсені суреттеуде көркемдегіш құрал ретінде жиі пайдаланады. Мысалы: Бұнысын кәпір ісі деп «Қасапшы Нұрасулла» атанған Бұхар әмірі, биылғы жылы көп әскермен кеп Мәделіханды бауыздап, ал сұлу Ханпадшайымның күнтимесіне қорғасын құйып өлтірген-ді. Граф соны айтып тұр. (Есенберлин І.). Әрине «күнтимес» деген дене мүшені атаудың өзі айтуға ыңғайсыз, мүмкіндігі болса қолданыла қоймайтын нәрсені екінші бір затқа ұқсату, балау арқылы жазушы болған шындықты метафора арқылы еріксіз жеткізу амалын тапқан сияқты. Ал мына мысалдардағы: Манадан бері өзеннің арғы жағына топырлай жиылып, лагерь боп жайғасып жатқан қалың әскерге қызықтап қарап тұрған қала халқы: «Осынша көп обыр ауыздан құтылғанымыз өтірік пе, шын ба!» - деп, іштерінен тәуба айтып тұрған шығар. (Кекілбайұлы Ә..) Осы арада бой жылыту үшін қойынға тығылып алған бір шөлмекті бөліп іштік. (Жүнісов С.). Бүтіннің орнына бөлшекті қолданып, оған «обыр» деген анықтауыш тіркеспен «обыр ауыз» (тойымсыздар) мағынасындағы синекдохалық дисфемизм халықтың күдігі мен қаупін, қуанышы мен реніштерін араластыра суреттеуде сәтті шыққан эмоциялы мәнді тұлға болса, «шөлмек» (арақ) мағынасындағы сыпайылап жеткізуде қолданылып отырған іргелес ұғымдағы метонимиялық эвфемизм. Осынша эмоция, экспрессивтілік әрине сөздің ауыс мағынасынан, контекстік мағына қолданысынан туындап отыр.

Кейіпкерді жазушы әдетте өз заманының немесе өмір сүрген кезеңінің тілімен сөйлетеді, сондай-ақ кейіпкер өзінің мінезіне, алған тәрбиесіне, өскен ортасына, жасына, әлеуметтік орнына сай сөйлеуі қажет.

Қортындылай келе, көркем шығармалардағы эвфемистік және дисфемизтік қолданыстар, біріншіден, халқымыздың тіл байлығын көрсетсе, екіншіден, тіл мәдениетінің бір кілті ретінде оқырман қауымның жалпы мәдени өрісін артуына септігін тигізетіні сөзсіз. Эвфемизмдер мен дисфемизмдер кейіпкер бейнесін ашуда әр түрлі көзқарасқа, қарым-қатынас пен көңіл-күйге байланысты жұмсалып, лексикалық мағынасы арқылы жағымды-жағымсыз сезім тудыратын сөздер қызметін атқарады.


  • Мысалы: бала деудін орнына жүгірмек, сөйлеме деудін орнына былжырама деу.[1][2]

  • Әдеби кеш «Ж Ы Р - Ж А Ң Б Ы Р»


04.04.2012, 11:20

Кештің сценариі
«Ж Ы Р - Ж А Ң Б Ы Р»
1-жүргізуші: Армысыздар, жиналған қауым!
- Қазақта «Ел ағасыз болмас, тон жағасыз болмас» деген мақал бар, шүкір, ел ағалары баршылық.
2-жүргізуші:
- Киелі поэзия әлемінде өзіндік үн, өзіндік сыр, өзіндік бояу, ажары бар, сырлы да нәзік өлеңдерімен оқырман қауымын елең еткізіп, жырмен тербеп жүрген һәм есімі республикаға танымал дарынды жерлесіміз Ақмола облысының Степногорск қаласындағы «Степногорск ақшамы» газетінің редакторы Жанбаев Полатбек Тілләбайұлына арналған «Жыр жаңбыр» атты кешімізге қош келдіңіздер!
1-жүргізуші:
- Бүгінгі кешіміздің мақсаты - ақын туралы, елі елеңдеп жүрген елгезек ер туралы ой-пікірімізді айту, оның өлеңдерімен танысу.
2-жүргізуші:
- Олай болса, ақын, журналист, сатирик Жанбаев Полатбек Тілләбайұлын қошеметтеп кешіміздің төріне шақырамыз.
(Жанбаевты төрге шақыра отырып, гүл шоғын ұсыну)
(Презентация)
1-жүргізуші:
- Автор жайлы айтар болсақ, Полатбек Тілләбайұлы 1962 жылдың 6 тамызында Өзбекстан Республикасы Бұхара облысына қарасты Тамды ауданындағы «Аяққұдық» ауылдық Кеңес аумағындағы Ленин атындағы ұжымдық шаруашылықтағы шаруа жанұясында дүниеге келген. 1980 жылдан бері өлең жазумен айналысатын қаламгер қазір кемелдене түскен шағында. Ол проза, поэзия, сатира саласында өнімді қалам тартып жүр. 1985 жылдан бері журналистика саласында еңбек етеді. Ташкенттен шығатын республикалық «Нұрлы жол», Тамды аудандық «Тамды шаруагері» газеттерінде еңбек етті. 1987 - 1993 жылдары Алматы қаласындағы ҚазМУ - дың журналистика факультетінде оқыған.
2-жүргізуші:
- Полатбек Жанбаевтың жеке және ұжымдық авторлар топтамасында кітаптары жарық көрген. 2001 жылы Ташкент шаһарында Біріккен Ұлттар Ұйымы өткізген халықаралық журналистер байқауында жүлделі 3-орынды иеленген. 2005 жылдан «Степногорск ақшамы» газетінде еңбек етуде, қазір осы газеттің редакторы.
Жанұялы, жолдасы Қалдыгүл Көшекқызы, балалары: Манас, Қарашаш, Нұрсұлтан.
Полатбек Тілләбайұлы талай байқаулардың жүлдесін жеңіп алған. ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы құрметіне өткен ақындар мүшайрасында Ақмола облысы бойынша 1 - ші орныды иеленген.
1-жүргізуші:
(Кітап көрмесі)
- Сіздердің назарларыңызды Полатбек Тілләбайұлының жетістіктері мен шығармашылығына арналған «Ақын да мен, сал да мен, сері де мен » көрмесіне аударуларыңызды сұраймын.
- Ал, енді сөз кезегі «Мемлекеттік тілдерді оқыту» орталығының басшысы Сейтназаров Молдабек Бердіқабылұлына беріледі.
- Жуық арада Полатбек Жанбаевтың кітабы жарық көрмек. Біз осы өлеңдер жинағыңызды сізбен бірге асыға күтудеміз.
- Полатбек аға, осы «Жыр жаңбыр» жинағы туралы қысқаша айтып берсеңіз! Бұл жинаққа қандай өлеңдер енді?
- Ал енді, мектеп оқушыларынан осы кітапта басылып шығатын туған жер, тәуелсіздікке арналған өлеңдеріңізді тыңдасақ.
1. №9 мектептің 9 «в»сынып оқушысы Әділхан «Елбасым» өлеңі
2. Халилоллаева Меруерт 8 «в»сынып «Әнұраным» өлеңі
3. Талғатов Мұхтар 9 «в» «Қазақстан жалауы»
4. Тойлыбаев Айтқұл 9 «в» «Елтаңбам»

(Музыкалық номер) «Мирас» МҮ-нен Есенберді Алибаевтің жыр шашуы

2-жүргізуші:
- Полатбек Тілләбайұлы, Сіздің ақындық қабілетіңізді кім байқап, кім ашты, алғашқы ұстаздарыңыз кім болды?
- Ал өз балаларыңыз сіздің жолыңызды қуып, өлең жаза ма?
- Қарашаш, сіз өлең жазарда немесе жазған соң әкеңізбен ақылдасасыз ба?
- Әкеңіздің өлеңдерін жиі оқисыз ба? Олардың ішінен сізге ерекше ұнайтыны бар ма? Оқып берсеңіз!
1. №9 мектептің 9 «в» сынып оқушысы Қалбаев Мұхтар «Бауырларыма»
2. Ізтілеуов Амангелді 9 «в» «Балаларыма»
1-жүргізуші:
- Өзіңіздің жан жарыңыз туралы не айтып бере аласыз? Ол кісі қандай адам? Немен айналысады?
- Полатбек Тілләбайұлының махаббат лирикасына арналған өлеңдерін
мектеп оқушылары оқып береді.
1. №5 көпсалалы мектеп - лицейінің оқушылары«Жан жарым », «Сені сүйдім» өлеңдерін оқиды.
(Музыкалық номер) «Мирас» МҮ-нен Ақышева Әселдің музыкалық сәлемі

2-жүргізуші:
Журналист кім, жазғыш емес ол тегін,
Журналистің бағалай біл еңбегін... - деп, «Журналист» деген өлең де жазған екенсіз. Жалпы Журналистикадағы алғашқы қадамдарыңыз жайлы еске түсіре кетсеңіз...

- Келесі сөз кезегі Полатбек Жанбаевтың әріптесі Қалиева Жұлдыз Жүсіпқызына беріледі.

1. №5 көпсалалы мектеп - лицейінің оқушысы Ташполатова Құралай «Журналист» өлеңі
2. Көлбаев Темрлан «Полицияшы» өлеңін жатқа оқиды

1-жүргізуші:
Қандай әсем жасыл әлем қаптаған,
Сөз жете ме сымбатыңды қаттасам.
Қарағайлы ормандарың бір ғажап,
Сендей керім кербез жерді таппағам - деп, ақынымыз әсем қаламызды, табиғатты көркем бейнелеген.
1. №9 мектептің 8 «в» сынып оқушысы Сырбаева Альбина «Степногор»
2. Бертаева Әйгерім 8 «в» «Көкшетау табиғаты»
3. Орынбасарова Балжан 9 «в» «Қыс мінезі»
4. Жұмағалиев Еркебұлан 9 «в» «Көктем келді»

(Музыкалық номер) «Мирас» МҮ-нен Ақышева Әселдің музыкалық жыр шашуы


Залда отырған мектеп оқушыларының сұрақтары:
- Алға қойған қандай мақсаттарыңыз бар? Болашақта сіздің тағы бір кітабыңызды көріп қаламыз ба?

- Өзіңіздің шығарған өлеңдеріңіздің ішінде жаныңызға жақыны қайсысы? Оқып бере аласыз ба? Т.б.

2-жүргізуші:
Полатбек Жанбаевтың «Қанарбай ата», «Жаңа Тамды», «Бауыржан» атты әндері бар.
Бәрекелді, кемелді
Жүзге жетсін жасыңыз!
Білімге бөлеп көп елді,
Асулардан асыңыз.
Күмбірге толы сырлы әлем,
Мереке әнмен жалғансын.
Музыкалық бір сәлем
Тыңдарманға арналсын!
Қазіргі тыңдайтын әндеріңіз «Жаңа Тамды» өлеңі, орындайтын ақын ағамыз өзі.
1-жүргізуші:
- Сіздің жиналған қауым - Отанымыздың болашағына айтар қандай тілегіңіз бар?
2-жүргізуші:
- Осымен бүгінгі кешіміз аяқталды. Қош, сау болыңыздар!























Әдеби кеш

Добавить комментарий

Астана қаласы, №53 мектеп-лицейінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Токжуманова Меруерт Сайлаубекқызы

«Қазақтың қарапайым бір ұлымын,
Арымды жаным үшін құрбан еткен»
(Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерейтойына арналған әдеби кеш)

Мақсаты: Халқымыздың аты аңызға айналған қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлы туралы мағлұмат беру, оның ерлігін үлгі-өнеге тұту, Отанды сүюге, туған елін қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Бауыржан момышұлының портреті, қанатты сөздер, кітап көрмесі, слайд.
1-жүргізуші: Қадірменді қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Баршаңызды Ұлы Жеңістің 65 жылдығымен құттықтай отырып, елімізде бейбітшілік туы желбірей берсін деп тілейміз. Аты аңызға, сөзі нақылға айналған қаһарман тұлға - Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерейтойына арналған әдеби кешке қош келдіңіздер! (музыка ойналады «Журавли»)
2-жүргізуші: Алпыс бес жыл-бейбіт көктем таң атқалы,
Алпыс бес жыл-шуақты күн таратты әнін.
Есімде сонан бері алпыс бес рет
Ашылды Жеңіс күннің парақтары.
1-жүргізуші: Алпыс бес жыл-үзілмеді құстар әні,
Кетті енді сұм соғыстың қыспағы әні.
Алпыс бес жыл-жауымыздың ажал оғы,
Біздің ел үстіменен ұшпағалы.
2-жүргізуші: Талай құс содан бері қайта оралды,
Талай бақ әлеміне қайта орнады.
Соғыста өлгендер тек оралмайды.
Тек ұрпақ олар жайлы айтады әнді.
1-жүргізуші: Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында Отан үшін су кешіп талай миллиондаған асыл азаматтар мерт болды. Жауымен жан аямай шайқасып, ерліктің ерен үлгілерін көрсетті. Ана-жарын жоғалтқан жесір, бала-әкесінен, анасынан айырлыған жетім атанды. Фашистердің тұтқын лагерінде ана мен бала айуандықпен өлтірілді. Ал, тылда қалған қарттар, аналар мен бесіктен белі шықпаған балалар соғыстың қайғы-қасіретін арқалай жүріп, бірде аш, бірде тоқ тынбай жұмыс істеді. Бірақ ешкімнің сағы сынбады. Олардың бойындағы отаншылдық сезім, қолына қару алып сапқа тұрған көптеген ұлт өкілдерінің тізе қосқан бірлігі мен ерлігі Жеңіс сағатын жақындата түсті.
Біздің Қазақстанда да соғыс оты шарпымаған шаңырақ кем де кем. Жүз мыңдаған ата-әкелеріміз соғыстың алғашқы сәтінде-ақ майданға аттанды. Жауға атылған 10 оқтың 9-ы қазақстанда жасалды.
Дәл осынау жадыраңқы жәй күні,
Болса дағы қай ғасырдың қай жылы
Ұлы Отаным басымды иіп бір минут,
Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, бүгін арамызда асқар таудай болып жүрген аталарымызға басымызды иіп тағзым етейік.
1 минут үнсіздік. (Музыка)
2-жүргізуші: Халқымыздың аты аңызға айналған қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлына арналған еске алу кешін ашық деп жариялаймыз.
(Оқушылар би билейді)
1-жүргізуші: Бауыржан Момышұлы-елі үшін ерен ерлік жасаған, өнегелі ұрпаққа үлгі болып қалған ұлы тұлға, 1941-1945 жылы соғыста қаһармандығы мен қайсарлығы, әскери басшылықтағы шеберлігімен әйгіленіп, атақ-даңқы майданға, бүкіл елге тараған. Батыр ерлігі жайлы бірінші болып белгілі жазушы Александр Бек «Волоколамское шоссе» повесін жазды. Бауыржан Момышұлы туралы жазылған және батырдың өзі жазған кітаптар бар. Қазақтың қайсар ұлын әлем таниды.
Ән: « Офицеры »
1-оқушы: Б. Момышұлы 1910 жылы 24-желтоқсанда Жамбыл облысы, Жуалы ауданындағы Көлбастау ауылында қарапайым отбасында дүниеге келген. Әкесі-Момыш. Шешесі-Рәзия. Әкесі жаны жомарт, көзі ашық, көкірегі ояу кісі. Отбасыларында 4 қыздан кейін әкесі Момыш 50-ді еңсерген шағында Бауыржан дүниеге келіпті. Тәуіржан деген інісі бір жасында қайтыс боп кеткен. Әкесінен аздап хат таныған Бауыржан көрші Евгеньевка ауылындағы орыс мектебінде 1жыл оқып, келесі жылы Жамбыл қаласына келіп, Аса интернатында үш жыл оқып, бастауыш мектепті тәмәмдады. 1921 жылы шымкенттегі жеті жылдық мектепке түсіп, 1928 жылы бітіреді. Жиырма жастан сәл асқан кезде ол міндетті әскери қызметке шақырылып, өзінің бүкіл болашағын Қызыл Армиямен мәңгілікке байланыстырады.
(Соғыс басталды музыка)
2-оқушы: 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталды. Қаншама Кеңес адамы сол соғыста мерт болды.
( «Соғыстан қайтқан солдаттар» әні орындалады). көрініс
1-жүргізуші: Бауыржан атамыз сұрапыл соғыстың басынан аяғына дейін қатысты. Ол лейтенант шенінен бастап, полковник атағына дейін көтерілді, взвод, батальон, полк және дивизия басқарды.
2-жүргізуші: Соғыс-адамзат өмірінің ұлы трагедиясы. Соғыс-адам жанын қинайтын ең ауыр, ең ащы азап. Осы соғыста Кеңес Одағының миллиондаған адамы болды.
3-оқушы: Мазасыз сол күндерде Бауыржан Момышұлы басқарған бөлімшелердің жау шабуылын қайтарып көрсеткен ерліктері аз емес. Оның батырлығымен көзге түскені де осы тұс. 1941 жылы Москва түбінде 27 рет сәтті шайқас жүргізді.
Батырдың 207 рет ұрысқа қатысып, 5 рет өлімнің құрсауында қалғаны, 2 рет өлімші болып жараланғаны туралы «Ақиқат пен аңыз» кітабында жазылған.
4-оқушы: 1955 жылы Армиямен қоштасты. 11 ай қызыләскер, 14 ай взвод командирі, 9 ай атқыштар полк штабының бастығының орынбасары, 6 ай республикалық әскери комиссияның аға нұсқаушысы, 5 ай батальон орынбасары, 8 ай атқыштар полкінің командирі, 3 ай дивизия командирінің орынбасары, 6 ай дивизия командирі, 5 жыл әскери академияда әскери профессор болды.
1-жүргізуші: Батырдың жыр дәптерінен. Оқитын 7-сынып оқушысы Сенбиев Исламбек (Слайд)
Туған жерім Мыңбұлақ, арналы Ақсай,
Ішсем суы татиды шекер балдай.
Қызғалдақ, қалың егіс, көк жоңышқа,
Сенен артық жер, шіркін, өтер қандай?
Көкорай шалғын, кең өлкем, жерің дәмді,
Жазың салқын, жайлауың малға жайлы.
Сағынып алыс жерден келгенімде,
Көзім тойып көркіңе мейірім қанды.
Мен кім едім, мен едім,
Мен де мыңның бірі едім,
Қызықпай баққа, атаққа,
Адал еңбек ұлы едім.
Қызмет еткен халыққа,
Ақ ниет мыңның бірі едім.
Атақсыз солдаттың бірі едім.
Ата аруағы қолады
Адал еңбек еткен соң.
Панфиловтан бата алдым
Жау қаһарын төккен соң.
Артыма ерді мың солдат,
Тағдырын маған тапсырып,
Рузаға жеткен соң
Ел ұлдары мың солдат
Белуардан қан кешіп,
Сынға түсті бекініп,
Отқа түсіп, су кешіп,
Жүзден аса соғыста,
Бес-алты рет қоршауда,
Бал орнына у ішіп.
Қан майданда халық үшін
Намыс туын көтердік.

Көрініс.
(Музыка ойнап тұрады. Ортаға Бауыржан Момышұлы шығады).
Бауыржан Момышұлы: Мен 25 жыл әскерде болдым. Біле білген кісіге бұл үлкен университет. Осы 25 жылдың ішінде мен талай қолбасшымен кездестім, сабақ алдым. Талай генералдың қол астында қызмет істедім, тәрбие көрдім. Өйткені командир деген әскери педагог қой. Осы әр ұлт адамдарымен қызметтес болғанымды өзіме ерекше мектеп деп бағалаймын. Мен осы 25 жыл ішінде қарамағымда болған, үстеріне шинель киген солдаттар арқылы барлық халықтардың жанын ұқтым деп ойлаймын. Отан үшін өз басымды өлімге байлай отырып, мен оларды ажалмен алысуға жұмсадым. Олардың өлмеуі үшін, өз ұрпақтарын, өз халықтарының намысын, оның өздері сүйетін асыл қасиеттерін аман сақтап қалу үшін қасықтай қаным пида деп жанып тұрған отқа талай түстім. Өз халқын құрметтеп, сүймеген адам-опасыз, онбаған адам. Өз елінің бағасын білген адам ғана басқа елді қадірлей алады. Өйткені халықтардың туыстығы алдымен адамдардың өз халқына сүйіспеншілігі арқылы ғана келеді. Мен өзге ұлттарды құрметтеуші, өз ұлтын сүюші адаммын.
5-оқушы: Ақ боранда азынаған қақаған
Жаудың қолы Москваға тақаған.
Тайсалмады жау сұсынан жас қазақ
Мирас еткен батырлықты атадан.
6-оқушы: Әрқашан аты ауызда,
Ықпаған батыр дауылдан.
Айналған даңқы аңызға
Момыштың ұлы Бауыржан.
7-оқушы: Оқты қағып құрыш тұлға төсімен,
Туған елі шыққан емес есінен.
Қуды жауды Москваның түбінен,
Қашты дұшпан Бауыржандар елінен.
8-оқушы: Ол қаһарман сүйген ерен Отанын,
Халық берген оған батыр атағын.
Ауыр сынның арқалаған азабын
Ерлігінді әнмен алаулатамын.
Ән: «Сарбаздар маршы»
Ән:«День Победы» музыкалық қойылым
2-жүргізуші: Тарихымыздан үлкен орын алған, қазақтың дара перзенттерінің бірі Бауыржан ата жайлы білу ұрпақ парызы. Сондықтан бүгінгі ұрпақ кешегі Бауыржан атамыздың дауысын тыңдап көрелік.
Қорытынды.
1-жүргізуші: Аты бүкіл әлем халқына аңыз боп тараған қазақ елінің ақиық қыраны Б. Момышұлының қайталанбас ғажайып сырға толы өмір жолы мен көркем туындыларына куә болдық.
2-жүргізуші: Бауыржан Момышұлы - елі үшін ерен ерлік жасаған, өнегесі ұрпаққа үлгі болатын ұлы тұлға. Туған елінің бақыты үшін күрескен қаһарман перзенттерін халқы шексіз сүйіп, өнегесі үлгі-құрмет тұтады, мәңгілік есте сақтайды.

Тұрақты тіркестер
Тіл арқылы қатынас жасағанда, сөздер дара күйінде емес, бір-бірімен тіркесіп қолданылады. Тіркес екі түрлі болады.

1. Құрамындағы сөздердің орнын өзгертуге немесе басқа сөздермен алмастыруға бола беретін еркін тіркес. Мысалы: үлгілі бала дегеннің орнына үлгілі қыз деуге болады, диктант жазу дегеннің орнына шығарма жазу, хат жазу, мазмұндама жазу десе де болады. Мұндай еркін тіркестер сөз тіркесі деп аталады. Еркін сөз тіркесінің беретін мағынасы сол тіркесті құрайтын сөздердің мағыналарымен байланысты болады.
2. Мағынасы бір тұтас, құрамын өзгертуге, басқа сөзбен алмастыруға болмайтын, бір сөздің орнына ғана жұмсалатын да тіркестер бар. Мысалы: қой аузынан шөп алмас, ит жанды, таяқ тастам жер, мұзға отырғызып кету, жұмған аузын ашпау, көзді ашып жұмганша т. б. Қой аузынан шөп алмас дегеннің орнына- түйе аузынан шөп алмас, ит жанды дегеннің орнына мысық жанды деп өзгертіп айтуға көнбейді.
Сондай-ақ мұндай тіркес көркем, бейнелі бір ұғымды білдіреді: қой аузынан шөп алмас - жуас, ит жанды - көнбіс, таяқ тастам - жақын, мұзға отырғызып кету - алдау, жұмған аузын ашпау - үндемеу, көзді ашып-жұмғанша - лезде деген мағыналарды білдіріп, бір сөздің орнына қолданылады. Сондықтан мұндай тіркестерді тұрақты тіркестер дейді. Тұрақты тіркестің мағынасы оның құрамындағы сөздердің мағыналарынан тумайды, басқа бір мағынаны білдіреді. Мысалы: қабыргаңмен кеңес - ойлан, бесіктен белі шықпай - ерте, қас пен көздің арасында - шапшаң мағыналарын білдіреді.
Еркін сөз тіркесі мен тұрақты тіркесті салыстырып көрейік.

Сөз тіркесі

тұрақты тіркес

/. Таза дәптер, таза киім, әдемі дәптер, әдемі киім,

2. Әдепті оқушы, әдепті кісі, баланың ісі, улкеннің ісі.

тайга таңба басқандай (анық),

біреудің ала жібін аттамау (ұрламау),

жүрек жұтқан (батыр), қоян жүрек (қорқак,), таяқ тастам (жақын), тіс жармау (ундемеу).

Неше сөзден құралса да, тұрақты тіркес бір ғана ұғымды білдіреді. Сөйлем ішінде бір ғана мүшенің қызметін атқарады. Мысалы: Көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар елге қызмет етеді. Осы сөйлемдегі көзі ашық, көкірегі ояу тұрақты тіркестің сұрағы қандай? Саналы деген бір мағынаны білдіреді, анықтауыштық қызмет атқарады.
Орын жағынан әбден қалыптаскан, құрамы өзгертуге келмейтін, бәрі тұтасып бір мағынаны білдіретін, бір ғана сөйлем мүшесі ретінде қолданы-латын тіркесті тұрақты тіркес дейміз. Тұрақты тіркестер ғылым тілінде фразеология, фразеологизм деп те аталады.

Сабақтың тақырыбы: Тұрақты тіркестер
Сабақтың мақсаты:
Білім беру: Тұрақты сөз тіркестері ұғымын енгізіп, оның мағынасын тереңдете отырып түсіндіру. Тілдің дамуына, қызметіне, тиімді қолдануына назар аудару. Тұрақты тіркестен алған білімдерін саралай отырып, оқу жетістіктерін бағалау.

Тәрбиелілік: Сөз құдіретін терең түсініп, орынды қолдана білуге үйрету. Оқушының жан дүниесіне әсер ететін адамгершілік қасиеттермен қоса шапшаңдыққа, іскерлікке итермелей отырып, күнделікті өмірде қолдануға бағытталған тапсырмалар беру арқылы тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушының өз ана тілін жете меңгертіп, өзге тілді үйреніп, қадірлей білуге үйрету.

Міндеттері:
* Тұрақты тіркестер туралы теориялық білімді меңгеруі;
* Мәтін ішінен тұрақты тіркестерді таба алады;
* Тұрақты тіркестерді жай сөз тіркесінен ажырата алуы және оны өмірде қолдана білуі;
* Жаттығу жұмыстарында тұрақты тіркесті ажырата біліп, оған талдау жасай білуі;
* Шығармашылық жұмыстарда тұрақты тіркесті қолдануда орынды пайдалана алуы.
А өлшемі: Тұрақты тіркестер туралы ұғыну, түсіну;
В өлшемі: Мәтінмен жұмыс және мағынасын түсіне, ажыратып, талдай білу.
С өлшемі: Шығармашылық жұмыстарда тұрақты тіркестерді дұрыс қолданып, сөйлем құрай білу.
Сабақтың формасы: жеке жұмыс
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Жұмыс барысы:
А деңгейі.
І тапсырма
1. 111 - жаттығу. Тұрақты тіркестерді теріп жазыңдар. Мәтінді оқып, ат қойыңдар.
2. Орнымды тап. Адасты, тыңдамады, аяды, лезде, тез.
Көз жазып қалды -
Жаны ашыды -
Құлақ қойған жоқ -
Көзді ашып жұмғанша
3. Сәйкестендір
1) Қас пен көздің арасында -….. батыр
2) Ер жүрек -…… лезде, тез, жылдам
3) Тайға таңба басқандай -…. ерінді
4) Мойны жар бермеді -…. анық
5) Бармағын тістеу -… жолы болу
6) Тасы өрге домалау -... өкінді
В деңгейі
І тапсырма
1. 112 - жаттығу. Мәтінді түсініп оқыңдар. Мәтінге ат қойыңдар.
Мәтіннен тұрақты тіркесті табыңдар.
2. Сурет бойынша жұмыс ойын:
«Кім көп біледі?» Адамның портреті ілінеді. Адамның бет - әлпеті, мұрны, аузы, маңдайы, тілі, тісі, жағы қатысына қарай тілімізде қалыптасқан тіркестерді айту.
І қатар бет, жүзі
ІІ қатар көз
ІІІ қатар мұрын, езу
3. 115 - жаттығу. Мәтіннен тұрақты тіркесті бір бөлек, жай сөз тіркестерін бір бөлек көшіріп жаз. Өзара салыстырып, айырмашылығын айтыңдар.

С деңгейі
«Туған жерім» тақырыбында тұрақты тіркесті пайдалана отырып шағын шығарма жазу.

Үй тапсырмасы:
Тұрақты тіркестер тақырыбын оқып, ережесін жаттау.
113, 114 - жаттығуларды орындау.

Теги: Қазақ тілі

1. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз. Е) Қас пен көздің арасында.
2. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз. А) Суық сөз.
3. Тұрақты тіркесті анықтаыңыз. Е) Жауы тізе бүкті.
4. «Ашулы» мағынасында қолданылатын тұрақты сөз тіркесін анықтаңыз. В) Қабағын қарс жауып.
5. «Өкіну» мағынасында қолданылатын тұрақты сөз тіркесін табыңыз. В) Бармағын тістеу.
6. «Тал шыбықтай бұрылған» деген тұрақты тіркестің қолданылу орнын анықтаңыз. А) Қыз сипаты.
7. Бағы жанып, абыройы көтерілген адамға байланысты қолданылатын тұрақты сөз тіркесін анықтаңыз. Д) Тасы өрге домалады.
8. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз. С) Жұмған аузын ашпау.
9. Тұрақты сөз тіркесін өзіндік белгісін анықтаңыз. А) Тіркестегі сөздердің орын тәртібінің болуында.
10. Тұрақты сөз тіркесін көрсетіңіз. В) Су жүрек.
11. Тұрақты сөз тіркесінің басқа атауы. А) Фразеологизм.
12. ТҰрақты сөз тіркесін көрсетіңіз. Е) Қырғи қабақ болу.
13. Тұрақты сөз тіркесін көрсетіңіз. А) Ат төбеліндей.
14. Тұрақты сөз тіркесін көрсетіңіз. А) Қой аузынан шөп алмас.
15. Тұрақты сөз тіркесін көрсетіңіз. С) Қуанышы қойнына сыймау.
16. Тұрақты сөз тіркесін көрсетіңіз. В) Өгіз аяң.
17. Тұрақты сөз тіркесін көрсетіңіз. Е) Түймедейді түйедей ету.
18. Тұрақты сөз тіркесін көрсетіңіз. В) Қабағынан қар жауған.
19. Тұрақты сөз тіркесін көрсетіңіз. С) Қас пен көздің арасы.
20. Тұрақты сөз тіркесін көрсетіңіз. А) Санын соғып алу.
21. «Төбе шашы тік тұру» - тұрақты сөз тіркесінің мағынасын белгілеңіз. А) Ренжісу.
23. «Ат төбеліндей» - тұрақты сөз тіркесінің мағынасын белгілеңіз. С) Азғантай.
24. «Қой аузынан шөп алмас» - тұрақты сөз тіркесінің мағынасын белгілеңіз. Д) Қатты қуану.
25. «Қуанышы қойнына сыймау» - тұрақты сөз тіркесінің мағынасын белгілеңіз. Д) Қатты қуану.
26. «Су жүрек» - тұрақты сөз тіркесінің мағынасын белгілеңіз. Д) Қорқақ.
27. «Көзді ашып - жұмғанша» тұрақты сөз тіркесінің мағынасын белгілеңіз. В) Лезде.
28. «Қас пен көздің арасындай( -* тұрақты сөз тіркесінің мағынасын белгілеңіз. В) Өте жылдам.
29. «Ит өлген жер» - тұрақты сөз тіркесінің мағынасын белгілеңіз. Д) Алыста.
30. «Мұзға отырғызып кетті» - тұрақты сөз тіркесінің мағынасын белгілеңіз. В) Алдады.
31. «Қара жүрек» - тұрақты сөз тіркесінің мағынасын белгілеңіз. В) Сұм.
32. «Мұрнын шүйірді» - тұрақты сөз тіркесінің мағынасын белгілеңіз. А) Менсінбеді.
33. «Құлақ салды» - тұрақты сөз тіркесінің мағынасын белгілеңіз. А) Тыңдады.
34. «Қоян жүрек» - тұрақты сөз тіркесінің мағынасын белгілеңіз. С) Қорқақ.
35. Сөйлемнен тұрақты сөз тіркесін табыңыз. Е) Төбемді көкке жеткізгендей болды.
36. Осы сөйлемде неше тұрақты сөз тіркесі кездеседі. В) 1.
37. Сөйлем құрамына бір бүтін тұлға ретінде кіретін, бағыныңқы, басыңқы сыңары жоқ сөздер тобының атауын табыңыз. А) Тұрақты тіркес.
38. Тайға таңба басқандай - тұрақты сөз тіркесінің синонимін белгілеңіз. В) Анық.
39. «Қыздың жиған жүгіндей» - тұрақты сөз тіркесінің антонимін белгілеңіз. В) Ретсіз.
40. «Ит терісін басына қаптады» сөзінің антонимін белгілеңіз. А) Дәріптеді.
41. «Ит терісін басына қаптады» тіркесінің синонимін көрсетіңіз. С) Жер - жебіріне жетті.
42. Тұрақты тіркесті табыңыз. Д) Көзді ашып - жұмғанша.
43. Үстеу, еліктеу, көсемшелі сөзді етістік тіркестерінің байланысу түрін көрсетіңіз. А) Жанасу.
44. Тұрақты тіркеспен келген сөйлемді табыңыз. Е) Ол көзді ашып жұмғанша жоқ болды.
45. Тұрақты тіркесі бар сөйлемді көрсетіңіз. А) Дала тас қараңғы.
46. Тұрақты сөз тіркесін көрсетіңіз. А) Біздің сиыр көзіңе түсті ме?
47. Тұрақты сөз тіркесін көрсетіңіз. С) Жомарт екі түрлі талап қойып, жүк артқан.
48. Тұрақты сөз тіркесін көрсетіңіз. Д) Бұл жұмыс сенің қолың емес.
49. Тұрақты тіркес қатысып тұрған сөйлемді табыңыз. В) Дала көзге түртсе көргісіз екен.
50. «Аяғы аспаннан келу» деген тұрақты сөз тіркесінің мағынасын табыңыз. А) Сәтсіздікке ұрыну.
51. Мына сөз тіркесіндегі фразелогизмді табыңыз. Д) Су жүрек.
52. Сөз тіркесіндегі фразелогизмді табыңыз. А) Ат төбеліндей халық.
53.Сөз тіркесіндегі фразелогизмді табыңыз. А) Тісін қайрау.
54.Еркін сөз тіркесін табыңыз. С) Адам жүрегі.
55. Тұрақты сөз тіркесін анықтаңыз. С) Су жүрек.
56. Анықтауыштық сөз тіркесін табыңыз. А) Сен өте қызық кітап алдың.
57. Мына сөз тіркестеріндегі фразеологизмді табыңыз. Е) Тепсе темір үзеді.
58. Сөз тіркесіндегі фразеологизмді табыңыз. Д) Ат төбеліндей.
59. Фразеологизмді көрсетіңіз. В) Қолы ашық.
60. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз. В) Тас жүрек.
61. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз. С) Қас пен көздің арасында.
62. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз. Д) Көзі ашық.
63. Жалқау ұғымындағы тұрақты сөз тіркесін табыңыз. Д) Шөп басын сындыру.
64. Тұрақты сөз тіркесіті сөйлемді анықтаңыз. А) Олардың төбе шашаы тік тұрды.
65. Қай топта сын есімді тұрақты сөз тіркестері берілген, табыңыз. Д) Түймедейді түйедей ету.
66. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз. С) Сау басына сақина тілеу.
67. Тұрақты сөз тіркесі қатысқан сөйлемді табыңыз. А) Ол көптен ат ізін салмады.
68. Тұрақты тіркес мағынасындағы сөзді табыңыз. Е) Ит өлген жерде.
69. Тұрақты тіркес қатысып тұрған сөйлемді табыңыз. С) Еркін тұрған жерде аузына құм құйылатын әдеті.
70. Фразеологизмді табыңыз. С) Қолтығыма дым бүрке берме.
71. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз. А) Игілікті ұзын арқандай шұбатылып жатыр.
72. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз. Д) Адамдарды бір - біріне айдап салуды жақсы көреді.
73. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз. В) Оның бетінен отышықты.
74. Тұрақты сөз тіркесін көрсетіңіз. Е) Бала көрер таңды көзбен атырды.
75. Тұрақты сөз тіркесін көрсетіңіз. А) Тілі мірдің оғындай өткір екен.
76. Тұрақты сөз тіркесін көрсетіңіз. В) Айылын жимау.
77. Тұрақты сөз тіркесін көрсетіңіз. С) Ит арқасы қиянда.
78. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз. С) Жұлдызы қарсы болу.
79. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз. Д) Мауқын басу.
80. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз. Д) Көзайым болу.
81. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз. С) Әуселесін көру.
82. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз. А) Уайым жеу.
83. Тұрақты сөз тіркесін табыңызы. Е) Айызы қану.
84. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз. Д) Жұрдай болу.
85. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз.
ДЩ) Түлен түрту.
86. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз. Е) Ұнжырғысы түсу.
87. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз. С) Аяғын шалыс басу.
88. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз. А) Жас жүрек.
89. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз. А) Жас жүрек.
90. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз. А) Табыстан басы айналу.
91. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз. А) Ала ауыз болу.
92. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз. А) Күлін көке ұшыру.
93. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз. С) Табан ет, маңдай тер.
94. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз. Е) Өкпесі аузына тығылу.
95. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз. В) Насырға шабу.
96. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз. А) Қолды болу.
97. . Тұрақты сөз тіркесін табыңыз. А) Қол жалғау.
98. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз. В) Санын соғып қалу.
99.Тұрақты сөз тіркесін табыңыз. А) Жанын шүберекке түю.
100. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз. А) Тісі батпау.
101. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз. Д) Бықпырт тигендей.
102. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз.ы С) Таяқ тастам жер.
103. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз. Е) Місе, тұтпады.
104. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз. В) Ала өкпе болу.
105. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз. Д) Қарға тамырлы қазақ.
106. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз. В) Бөлім бастығы көз алартты.
107. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз. В) Жүрегі аласұрды.
108. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз. А) Ана сүтін ақтау.
109. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз. С) сағы сынды.
110. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз. А) Ат төбеліндей.
111. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз. В) Арзан қолды.
112. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз. В) Араға от салу.
113. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз. С) Арқасына аяздай бату.
114. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз. В) Ит арқасы қиянда.
115. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз. С) Тауы шағылу.
116. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз. Д) Бағы жанды.
117. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз. С) Көсегесі көгеру.
118. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз. С) Аспан айналып жерге түскендей.
119. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз. С) Қара аспанды төндіру.
120. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз. Е) Астына көпшік қою.
121. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз. В) Ала көзімен ату.
122. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз. В) Жүрегінің түгі бар.
123. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз. С) Ауыз - мұрны қисаймай.
124. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз. В) Талағы тарс айрылу.
125. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз. А) Маңдайы тасқа тию.
126. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз. Д) Жонынан таспа тілу
127. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз. Д) Тасы өрге домалау.
128. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз. Д) Табанынан таусылу.
129. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз. А) Таяқ жеу.
130. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз. А) Ауыл таяқ тастам жерде.
131. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз. Е) Оспанның талағы тарс айрылып, қатты ызаланды.
132. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз. Е) Өсерсің, ат жалын тартып мінерсің.
133. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз. Е) Жұп тігерге тұяқ қалдырмады.
134. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз. С) Атасы - ағаштан түйін түйген адам.
135. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз. С) Қыздың сөзі түйеден түскендей екен.
136. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз. С) Ана түн ұйқысын төрт бөлді.
137. «Ашуланды» деген мағынаны білдіретін тұрақты тіркесті көрсетіңіз. А) Бұлқан - талқан болды.
138. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз. Е) Тонның ішкі бауындай.
139. Тұрақты тіркесті табыңыз. В) Аузымен орақ орған,
140. «Төбе шашы тік тұру» деген тіркестің мағынасын көрсетіңіз. Д) Қорқу.
141. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз. Е) Қас пен көздің арасында.
142. Тұрақты сөз тіркесін көрсетіңіз. Е) Көзді ашып - жұмғанша.
143. Айылын жимау. Тіркестің түрін ажыратыңыз. В) Тұрақты тіркес.
144. «Қол ұшын беру» деген тіркестің түрін ажыратыңыз. Д) Тұрақты тіркес.
145. Тұрақты тіркесті көрсетіңіз. А) Ашық ауыз.
146. Тұрақты сөз тіркесті көрсетіңіз. А) Ала жібін аттамау.
147. Тұрақты сөз тіркесті көрсетіңіз. С) ауыз тимеу.
148. «Бағыныңқы», «басыңқы» үлгісіндегі байланысы жоқ, өз мағынасынан айырылған сөздерді табыңыз. А) Бетімнен отым шықты.
149. Ағаштан түйін түйген - сөзінің баламачсын көрсетіңіз. А) Шебер.
150. Тұрақты тіркесті табыңыз. Е) Көз шырымын алды.


Табу

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:
әдет - ғұрыпқа байланысты сөздердің балама түрінде айтылуын мысалдар арқылы көз жеткізу және табу сөздерден алған білімдерін тереңдету.
Тәрбиелілігі:
сөз құдіретін терең түсініп, орынды қолдана білуге, шапшаңдыққа, іскерлікке туысқан арасындағы қарым - қатынасының берік болуына тәрбиелеу.
Дамытушылығы:
өз беттерінше салыстыру, қорытынды жасауға үйрету, салт - дәстүр, әдет - ғұрнып ұғымдарын дамыту, таным белсенділігін арттыру.

Сабақтың түрі: Танымдық әрі жарыс сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, жарыс, әр түрлі ойын түрлері, суретпен жұмыс,
мәтін құрастыру
Сабақтың көрнекілігі: Табу сөздерге арналған сызбалар, тақырыпты ашуға арнап
жазылған көркем әдебиеттен үзінділер, интерактивті тақта,
үнтаспа

Пәнаралық байланыс: әдебиет, информатика, бейнелеу.
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Сынып оқушыларын ұйымдастырып, сабаққа бейімдеу.
2. Қ. Мырза - Әли
Қызыл шоқтай қарыған,
Қазаққа тіл дарыған.
Бір сөзге ол семіріп,
Бір сөзден ол арыған.
Сипақтама, терлеме,
Сөйле, қане, ұшыңдар,
Тілді бізге бермеген,
Тістеп жүру үшін құр.
Келер пәле басыңа,
Кемел сөзге мін тақсаң.
Қастың өзі досыңа,
Айналады тіл тапсаң.
Жарлымын деп қаймықпа,
Намыс болса қасыңда.
Байлық деген байлық па,
Тіл байлығы жанында.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Зымыран сұрақтар
1) Лексика дегеніміз не?
2) Сөз деп нені айтамыз?
3) Сөздің тура мағынасы дегеніміз не?
4) Сөздің ауыспалы мағынасы дегеніміз не?
5) Көп мағыналы сөз деп нені айтамыз?
6) Омоним дегеніміз не?
7) Синоним дегеніміз не?
8) Антоним дегеніміз не?
2. 3 қатарға 3 түрлі өлең оқып, оның авторы кім екенін сұрау. Тапқан авторының тапсырмасын орындау.

Тапсырмалар:
1. Басқы әріптерінен «Қазақстан» деген сөз құралатындай етіп төмендегі сөздерге синонимдес сөздер ойлап табыңдар.
Әскер, маңай, жұбай, көрік, мейман, жақ, ас, кідіріс, ар.
(Жауабы: қол, айнала, зайып, ажар, қонақ, садақ, тамақ, аял, намыс)
2. Мына сөздердің антонимдерін жазыңдар.
Қараңғы, алып, аласа, ақ жүрек, жылы қабақ, ыстық бу, көзге ілмеу, аты жер жару, аузы - аузына жұқпау, күн құрғатпай келу.
Жауабы: жарық, ұсақ биік, қара жүрек, суық қабақ, суық бу, көзінен таса қылмау, ауызға ілінбеу, жұмған аузын ашпау, ат ізін салмау.
3. «ВЕНН» диаграммасын толтыр:

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
ТАБУ
ТАБУ негізінен этнографиялық ұғыммен байланысты. Мифтік ескі наным бойынша атын тура айтуға тыйым салынған сөздер тіл білімінде табу деп аталынады. Мұндай тыйым салынған сөздер дүние жүзіндегі халықтардың көпшілігінде кездеседі. Бұл әдет әсіресе, түркі халықтарының, оның ішінде қазақ халқының тұрмысында көп тараған.
Табудың түрлері:
1. Қазақтың ескі әдет - ғұрпы бойынша келін болып түскен қыз күйеуінің туған - туыстарын өз атымен атамайтын болған. Мысалы: шырайлым, кенже бала, мырза жігіт, ата, ене, қайын аға, т. б
2. Қазақ тіліндегі табудың ендігі бір түрі қатал табиғи құбылыстарға, жыртқыш аңдар мен қауіпті жәндіктерге, түрлі ауруларға байланысты қалыптасқан. Мысалы: жай, найзағайды - жасыл, шешек ауруын - қаарасан, қасқырды - ұлыма деген, т. б.

ІҮ. Сабақты бекіту.
1. Мына сөйлемдерден табу сөздерді теріп жазу.
- Тентекжан - ау, мені тастап бара жатқаның ба? - деп Зәйкүл де тұра жөнелді. (Б. Майлин)
Шешей, сонда сен де бар шығарсың деймін, түнде күйеуден ақша алып, Шырайлымды алып барып көрсетпекші болдың қой.
- Кеше Дәуқара бар, біздің үйдегі қайның бар - бәрі бас қосып сөйлесіп отырды.
Еркежанның сүйіп жүрген жігіті бар еді, соны кедейсініп, Биағалар бермеді.
Дәл осы кезде, есіктен шығып жатқан қонақтарға қарсы жүріп, сығылыса кірген Қалила Абайға жақындап кеп:
- Телғара, қалқам, сені апаң шақырады, - деді.
2. Кітаппен жұмыс.
101 - жаттығу. (мәтінді оқып, мазмұн желісін сақтап айту, мәтін ішінен табу сөздерді табу)

3. Шығармашылық жұмыс
«Туыстық қарым - қатынас» тақырыбында мәтін жазу. Ішінде табу сөздерді қолдану.

4. Топпен жұмыс
«Ағайын тату болса ат көп,
Абысын тату болса ас көп»
1. Тату, көп сөзінің антонимін табу
2. ат, ас сөздері қолданылуына қарай қандай мағыналар беретінін мысалмен дәлелдеу.
3. берілген мақалда табу сөз бар ма? Болса қайсы? Мағынасын ашып түсіндір.
5. «Сатыға кім шығады?» ойыны бойынша өз отбасыларында табу сөздерді қолданып жүргендері болса, соны шапшаң жазу.
6. Сауалнама (Автотест)
7. Ой толғаныс
Ал, балалар, сендер осы сабақ барысында алдарыңа қандай мақсат қойдыңдар? Өскенде осы атауларды үйлеріңде айтасыңдар ма? Осы мақсатқа жету үшін не істейсіңдер?

Ү. Сабақты қорытындылау
1. Табу сөздер дегеніміз не?
2. Мұғалім сөзі:
- Балалар, сендердің тілдерің бай, көркем екенін байқадық. Өйткені, сендер сабақта лексика тарауының әрбіреуіне толық жауап беріп, өз ойларыңды жеткізе білдіңіздер. Туыстық атауларды да біледі екенсіңдер. Ендеше, «Мырза жігіт пен Ерке қыз» ертегі болып қалмасын деп ұран ретінде алынған бүгінгі сабағымыз сендердің ертеңгі күндеріңде де жалғасын тапсын деген тілекпен А. Ершуов аталарыңыздың осы сабаққа жақсы қатысқандарыңыз үшін берген батасын тыңдайық.
3. Үнтаспадан бата тыңдау
Бата
Балаларым, құдай сендерге талмайтын талап берсін, самғайтын қанат берсін, баянды бақ берсін, ұзақ ғұмыр, тұрлаулы уақыт берсін!
Өркенді болыңдар! Өмірлі болыңдар! Өмір бақи осындай сауатты болыңдар! Өсіп, өркендеп, тәуелсіз еліміздің көк туын желбіретіп, әлемге таныта беріңдер!
ҮІ. Оқушы білімін бағалау
ҮІІ. Үйге тапсырма
1. Табу
2. А. Ершуов өлеңдеріндегі тыйым сөздерін жазып келу.
3. 103 - жаттығу



© 2010-2022