Қазақ әдебиеті Б. Бұлқышев. Шығыс ұлына хат 7-сынып

 Мен Баубек Бұлқышевтың «Шығыс ұлына хат» шығармасы бойынша сабағымның мақсаты  а) Баубек Бұлқышевтың өмірі мен шығармашылығына тоқталу, шығармасымен таныстыру, жазушы шеберлігін таныту. ә) Шығарманың басты кейіпкерлерін үлгі-өнеге етіп, ұлтжандылыққа, елін, жерін сүюге, қорғауға, елінің адал азаматы болуға, адамгершілікке тәрбиелеу б) Шығарманың идеялық тақырыбын меңгерту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, көркем әңгімелеуге баулу. Сабақтың көрнекілігі ретінде автордың портреті, көсемс...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«№4 орта мектебі» мемлекеттік мекемесі





Қазақ әдебиеті Б.Бұлқышев. Шығыс ұлына хат 7-сынып

(Әдебиет пәнінен 7-сыныпқа өткізілген ашық сабақ)



Өткізген: Есжанова Н



Жетібай кенті

2014 жыл

Сабақтың тақырыбы: Баубек Бұлқышев

«Шығыс ұлына хат»

Сабақтың мақсаты: а) Баубек Бұлқышевтың өмірі мен шығармашылығына тоқталу, шығармасымен таныстыру, жазушы шеберлігін таныту.

ә) Шығарманың басты кейіпкерлерін үлгі-өнеге етіп, ұлтжандылыққа, елін, жерін сүюге, қорғауға, елінің адал азаматы болуға, адамгершілікке тәрбиелеу

б) Шығарманың идеялық тақырыбын меңгерту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, көркем әңгімелеуге баулу.

Сабақтың көрнекіліктері: портреті, көсемсөз шебері туралы айтылған ойлар,

техникалық құралдар, Ұлы Отан соғыс жылдарындағы

батырлар суреттері және электронды оқулық, презентациялар,

интерактивті тақта.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, баяндау, пікірлесу, сатылай кешенді талдау

технологиясы.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың байланысы: тарих, музыка

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушылармен амандасу, кезекшіні тыңдау, назарын сабаққа аудару

Бүгінгі сабағымыз мына жоспар бойынша өтеді.

І Қайталау-білім анасы (үй тапсырмасы)

ІІ Біле бергім келеді, біле бергім (жаңа сабақ)

ІІІ Білімді бекіту

ІҮ Шығармашылық- ой бастауы

Ү Қорытындылау

ҮІ. Бағалау

ІІ. Қайталау -білім анасы (Үй тапсырмасын сұрау)

Т. Ахтанов «Окоп үстіндегі айқас»

1. Сатылай кешенді талдау бойынша сұрақтар

-Қазақ әдебиеті Б.Бұлқышев. Шығыс ұлына хат 7-сыныпҚазақ әдебиеті Б.Бұлқышев. Шығыс ұлына хат 7-сыныпҚазақ әдебиеті Б.Бұлқышев. Шығыс ұлына хат 7-сыныпҚазақ әдебиеті Б.Бұлқышев. Шығыс ұлына хат 7-сыныпҚазақ әдебиеті Б.Бұлқышев. Шығыс ұлына хат 7-сыныпҚазақ әдебиеті Б.Бұлқышев. Шығыс ұлына хат 7-сыныпҚазақ әдебиеті Б.Бұлқышев. Шығыс ұлына хат 7-сынып------------------------------ Окоп үстіндегі айқас

  1. Авторы: Т.Ахтанов

  2. Тақырып: Қазақ жауынгерлерінің ерліктері

  3. Жанр түрі: Әңгіме

  4. Идеясы: Тақырып арқылы Ұлы Отан кезіндегі қазақ жауынгерлерінің ерліктері, туған жерді, елді қорғау, соғыс ардагерлерін мақтан тұту, бейбітшіліктің күреспен келгенін кейінгі ұрпаққа жеткізу.

  5. Оқиға болған жылдар? (1941-1945ж)

  6. Әңгіме қандай романнан алынған? («Қаһарлы күндер»)

  7. Ержанның окоп ішінде тізіліп тұрған жауынгерлерге айтқан жалынды сөзі. (-Жолдастар,-деді ол кенет қатты дауыстап. -Біз жақсы достарымыздан айырылдық.. Олар асқан ерлік көрсетті. Міне...Василий Сергеевич жау танкісін өткізген жоқ..Жанын құрбан етті. Ол өз ерлігімен шегінетін жолды кесіп тастады. Бізді де ерлікке қарыздар етіп кетті. -Оның көңілінен Василий сөзі қайта саңқ етті. -Шегінер жол жоқ! Артымызда Москва! Достарымыздың қасиетті қаны төгілген жерден бір қадам шегінбеске ант етеміз!

  8. СҚазақ әдебиеті Б.Бұлқышев. Шығыс ұлына хат 7-сыныпҚазақ әдебиеті Б.Бұлқышев. Шығыс ұлына хат 7-сыныпҚазақ әдебиеті Б.Бұлқышев. Шығыс ұлына хат 7-сыныпабағынан үзілген гүлдей солып бара жатқан жаралы денеден жан дүниесі, ой дүниесі бөлініп шығып, ақтық рет өз қиялын шарлап, ең аяулысымен қимай қоштасатын кім еді? (Раушан Ержанмен)

  9. «Жоқ! Өткізбеймін! Осыншама жұрт бекерге өлген жоқ!» деген кім? (Ержан)

  10. Ержанның көз жасы ыршып кетті. Не үшін? (Біздің танк!...Біздің әскер!)

2. Кестедегі берілген әріптерден Т. Ахтановтың «Окоп үстіндегі айқас» әңгімесіндегі кейіпкерлердің атын тап. 6/4-тапсырма

Е Р У А Р Ержан

А Ж Ш А Н Раушан

Н З Е М Ц Земцов

Б Ө Р В О Бөрібай

А Б І К Ә Кәкібай

Й А Б І К

ІІ Біле бергім келеді, біле бергім (жаңа сабақ)

1. Электронды оқулық бойынша видео фильм көрсету.

  • Көргендеріміз бойынша не айта аламыз?

Мұғалім кіріспесі: - Ұлы Отан соғысы кезінде әрбір бесінші қазақстандық майданға аттанды. Соғыс жылдары КСРО бойынша 11600-дей адам ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Соның 497-сі қазастандықтар, ал 97-сі қазақтар болды.

2. 6/1 тапсырма. Суреттің астына ақын-жазушылардың атын жазу.

Шерхан Мұртаза Баубек Бұлқышев Қасым Аманжолов Тахауи Ахтанов

1941-1945 ж. соғысқа 100-ге жуық ақын-жазушыларымыз қатысты. Солардың бірі батыр, жауынгер, жалынды жазушы Баубек Бұлқышев.

Жаңа сабақ: Бүгінгі сабағымыз Баубек Бұлқышевтың «Шығыс ұлына хат» шығармасы. (Күннің жадын жазу)

Қазақ әдебиеті Б.Бұлқышев. Шығыс ұлына хат 7-сынып

Жас жеткіншек!

Сендер әлем тарихы білмеген ең бақытты жастар боласыңдар. Сендер соғыс дегеннің не екенін білмейтін боласыңдар. Біздер өз өмірімізді сендердің бақытты болашақтарың үшін құрбан етеміз. Біз сендерді мәңгілік бейбіт өмірмен қамтамасыз етеміз.

Б.Бұлқышев

3. Электронды оқулықпен жұмыс. (Электронды оқулықтан «Шығыс ұлына хат» шығармасы оқылады)

Қазақ әдебиеті Б.Бұлқышев. Шығыс ұлына хат 7-сынып

Зейнолла Қабдолов

4. Сөздік жұмыс

Блиндаж- ағаштан салынған әскери жертөле.

Артиллерия-зеңбірек

Снаряд-оқ

Тулақ-үстіне жүн сабау үшін жүні алынбай қатырылған шекі тері

ІІІ Білімді бекіту (Оқулықпен жұмыс)

  1. Хат кімдерге арналған?

  • Хатты қанды майдан кезінде Шығыс ұлына арналып жазылуы, Шығыс ұлымен сырласа жазылуы.

  1. Шығыс ұлы кім?

  • Хат жазу, яғни «Шығыс ұлына» деп хат жазу себебі-Бейсенәлінің ерліктері, оны командирдің «Шығыс ұлы» деуі.

  1. Ана, Отан аманаты туралы не айтылған?

  • «Отан деген -бір -ақ сөз». Оған төнген қауіп.

  • Ана аманаты. «Сақтаймыз, ана , өміріңді сақтаймыз!»-деген солдат анты.

  1. «Елім-ай» әнінің мәні неде? Хат иесі жауынгерлерді сол әнді айтуға неге шақырады?

  • «Елім-ай» -ер анты, ер серті. Ол фашистерді құртуға, аттануға шақырады.

  1. Хатта қазақтың қандай қасиетті ұлдарының аты аталған?

- Шығыс ұлы, Тарғын, Қобыланды, Махамбет, Абайлар ұрпағы.

6. «Өлімнен ұят күшті» деген халық мақалы арқылы хат иесі не айтпақшы болған?

- Қазақ халқы- намысқой; «Өлімнен ұят күшті» дейтін халық.

7. Шығармадағы мақал-мәтелдер

- Өлімнен ұят күшті; Ел намысы-ер намысы;

8. Автордың қорытынды сөзі

« Менің бұл жазғандарым болашақта біздің осы ұлы күресімізді зерттеушілердің қолына түсіп, үлкен істердің кішкене бір тетігіне тиянақ болуға жараса, менде одан басқа арман да жоқ.; ол зерттеушілер біз осы арпалыста жүргенде қайғыра да, қуана, күле де, кектене де білгенімізді ұғынса болғаны».

Баубек

5. Кесте толтыру Шығарманы талдау. (Дәптермен жұмыс)

Авторы

Оқиға желісі не туралы?

Оқиға болған уақыт

Тұжырым

Б. Бұлқышев

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ жауынгерлерінің ерлігін дәріптеу. Бүкіл қазақ жаста-рының жауынгерінің пікірі ретінде жас ұрпаққа үндеу , арнау хат. Шығыс ұлымен сырласу сипатында.

1941-1945 жылдары

Осы хат арқылы отансүйгіштікке, қазақ жауынгерле-рінің ерлігін мақтан етуге, батырлық ерлікті мұрат етуге және хат иесіне деген құрмет көрсетуге тәрбиелейді.

ІҮ Шығармашылық- ой бастауы

Қазақ әдебиеті Б.Бұлқышев. Шығыс ұлына хат 7-сынып

Ү. Қорытындылау

«Ел қорғауға ер намысымен аттанған біздің алдымызда үлкен бел жатыр.

Шығыс ұлы! Туған елдің келешегін сақтауға біз міндеттіміз»

Б. Бұлқышев

«Отаның -алтын бесігің, қанша миллиардер болсаң да, Отаның, жерің, ата-бабаңның кіндік қаны тамған Отаның болмаса, сен қандай адамсың. Сондықтан жастарымызды отансүйгіштікке шақырамын.

Отанды сүю-өркениеттіліктің бірінші белгісі. Осыны мықтап есте ұста!»

Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасын қорғау - оның әрбір азаматының қасиетті борышы және парызы.

ҚР Конституциясының 36-бабы

ҮІ. Үйге тапсырма

  1. Шығарманы мазмұндау, өздеріне ұнаған үзіндіні жаттау

ҮІІ. Бағалау.


© 2010-2022