В мире сказок в 7 классе

Раздел Иностранные языки
Класс 8 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

В мире сказок в 7 классеВ мире сказок в 7 классеАқмола облысы, Шортанды ауданы , Ключев орта меткебі

Тәрбие сағаты, 8 сынып

сынып жетекшісі: Қарымсағұлова Бахытгүль Дюсембаевна

Тақырыбы: ЖИТС- 21 ғасыр індеті.

Мақсаты: Адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған қатерлі ЖИТС дертінің алдын алу , оның жұғу жолдарын , одан сақтану, қорғана білу тұралы түсіндіру.

Көрнекілігі: Тест карточкалары, ЖИТС-қа арналған кітапшалар , плакаттар, суреттер, слайд.

Барысы:

  1. «Миға шабуыл» стратегиясы бойынша жұмыс.

1).ЖИТС ауруының белгілері: ЖИТС-тың белгілері вирус жұққаннан кейін бірнеше айдан , кейде жылдардан кейін де пайда бола береді.

Олар :

-созылмалы , қайталана беретін сырқат,

-күннен күнге азып , салмақтын төмендеуі,

-созылмалы дене ыстығының көтерулі ,тершендік,

-созылмалы іштін өтуі;

-бездердің ісіп кетуі;

-тері, тамақ , өкпе қабынуы аурулары меңдей бастайды.

2).ЖИТС аурунан қалай сақтануға болады?

-Кездейсоқ адамдармен жыныс қатынасын жасамау, ерте бастаған жыныс қатынасы жыныстық серіктердің көбеюіне әкеліп соғады да ЖИТС -тың жұғу қаупі ұлғаяды;

-егер сіз өз серігіңізге сенбесеңіз , онда қалта пайдаланыңыз;

-кездейсоқ адамға салттық ғұрыптағы сүндеттеу , құлақ тесу т.б. індеттерді жасатпаңыз;

-қан тамырларына есірткі егуден қашыңыз;

-шаштаразда , маникюр, педикюр жасайтын орындардан құралдарын тазалау жөніндегі ережені талап етіңіз.

3) ЖИТС қандай жағдайларда жұқпайды!

-Тұрмыстық заттарды пайдаланғанда .

-Қоғамдық көліктерде.

-Ыдыстарды жалпылама пайдаланғанда.

-Ванна жәнедәретханадан.

-Сөйлескенде, жөтелгенде, сүіскенде.

-Маса және басқа жәндіктер шаққанда.

4. ЖИТС қалай жұғады?

-Вирус адаммен жыныстық қатынасындаың болса;

- ЖИТС вирусын жұқтырған адамның қанын немесе препараттарын тексермей басқа адамға құйса;

-вирус жұқтырған адамның пайдаланған инесін жалпылама пайдаланса;

- сақал алатын , құлақ тесетін құралдырын тазаламай пайдаланса;

- ауру анадан балаға, іштегі балаға екіқабат кезінде , босанарда , босанғаннан кейін жұғады.

5.ЖИТС -қа қарсы ем барма?

Адамдардың ЖИТС -ты қабылдау бейімділігіне қарсы тиімді вакцина әлі күнге жасалған жоқ.

Қазыргі уақытта вирустын әр-түрлі даму сатысында шоғырлануға қарсы көптеген дәрілер жасалуда.Өкінішке орай бұл дәрігердің біреуіде организмге енген ЖИТС -ты толық жоймайды, инфекциялық дамуын уақытша тәжедейді. Бірақ вирусқа қарсы препараттарды қолдану ЖИТС -пен зақымданған адамдардың өмірін ұзартады және ЖИТС -тың даму сатысына көмектеседі.

Оқушылардың берген барлық жауабы тақтаға жазылады.



2.Қорытынды тест .

ЖИТС туралы не білесіз?

1.ЖИТС-пен ауырған адамды құшақтау қауыпті.

2. Қоғамдық әжетханада ЖИТС -ты жұқтыруға болады.

3.ЖИТС -пен ауырған мұғаліммен бір сынып бөлмесінде отыру қауіпсіз емес.

4.Тек гомосексуалдар ғана ЖИТС -ты жұқтырмаудың жолдарын қарастыру керек .

5. Тамыр арқылы дәрі қабылдайтын адамдар өзге адамдардың инесін пайдаланбау керек.

6.Ауру адамнан қалан тағамды жеу арқылы ЖИТС вирусын жұқтыру мүмкін емес.

7.Бір рет жыныстық байланыста ЖИТС-ты жұқтыру мүмкін .

8. Егер оқушышың жарақаттану салдарынан қан тоқтамаса , оны қолмен тоқтату керек.

9. Егер ауру адам сізге қарап түшкірсе, жөтелсе, ЖИТС жұқтыруға болады.

10. Есірткі ,ЖИТС , жыныстық қатынас , мәселелерін талқылау -- жаман емес.

Әр оқушы тест сұрағын алады . Жоқ, иә деп белгілейді. Сабақ сонында тақырыпты меңгергеннен кеиін жауаптары тексеріледі.

3. «ЖИТС -тың таралу жолы» ойын .

Ойынның шарты бойынша , бес оқушы ортаға шығады , бірінші оқушы ешкіммен қол беріп сәлемдеспейді, екінші оқушы үшінші оқушымен қол алысып сәлемдеседі , төртінші оқушы барлығымен қолына пакет киіп қол алысып сәлемдеседі. Ал қалған оқушылардың қолдарында ақ қағаз болады.

Ойын аяқталған соң, ойыннын мақсаты түсіндіріледі . Бірінші оқушы ешкіммен амандаспаған соң, байланыспаған соң ЖЖБИ және ВИЧ/ЖИТС ауруларын жұқтырмайды, келесі екі оқушы өзара қарым-қатынасында тұрақтылықты сақтайды , сондықтан ауру жұқтыру қаупі төмен , 4-ші оқушы өзін-өзі қорғайды, 5-ші оқушы ешқандай өзін-өзі сақтау , қорғану амалын қолданбастан өзгелермен байланысқандықтан өзіне түрлі жұқпалы ауруға тез , онай шалдығады және өзгелерге ауруды жұқтырады. Сонымен бірге ауру адам үлкен бір топқа ауру таратады.

4. Топпен жұмыс.

Оқушылар 5 топқа бөлінеді, әр топ төмендегі сұрақтардың біріне жауап беруі тиіс.

1.ВИЧ/ЖИТС және ЖЖБИ туралы ақпаратты қайдан алуға болады?

2. Бұл ауруларды жұқтырған қыздарда қандай алғашқы белгілер пайда болады?

3.Жасөспірім ұлдарда қандай белгі пайда болады?

4. ВИЧ/ЖИТС қалай таралады?

5. ВИЧ/ЖИТС -тың пайда болу белгілерін атаңыз.

6. Мысал-тапсырмалар. Үш оқушыдан тұратын топқа талқылау үшін мұғалім мысал- тапсырма ұсынады.

А) Сіздің бір сыныпта оқитын оқушышың ВИЧ инфекциясын жұқтырғанын білдіңіз делік .

Сіз қандай күйде боласыз, не ойлайсыз , не істейсіз?

Б) Достарыңыз сізге есірткіні қан тамырға ине арқылы жіберуді усынады , сіз не ойлайсыз, не істейсіз?

Тән саулығын зақымдайды , өмір-жасын қысқартады. Қылмысқа апарады. Түрлі аурулар тұғызады .

Еңбек қызметінен айырады . Маскүнемдіктен емдеуге болады. Кемтар болып туады.





В) «Бүгінгі сабақтан не білдіңіздер?» , « Берілге тапсырманы орындау сіздерге оңай болды ма?»

Тәуелді болып қалды.Дүниеге немқұрайлы қарайды . Сана-сезіміне , миына әсері күшті. Нашақорлықтан емдеу өте қиын . Өте қауіпті ЖИТС ауруына апарады.Топпен жұмыс: Есірткі:

4. ЖИТС ауруының қаупі:

1. ЖИТС - ғасырымыздың ең қауіпті дерті. Ол адамның қорғаныштық қабілетін бұзып , инфекция арқылы жұғады.

2.1987 жылы дерттін алғаш оқиғасы тіркелгеннен бастап , 2002 жылдың 1 қантарына дейін Қазақстан Республикасында -2442.

3. Иммунитет тапшылығы вирусы -ИТВ анықталған жағдайдың 99 пайызы нашақорлар болып табылады.

4.ЖИТС -пен адамдарды емдейтін ем әлі табылған жоқ .Сондықтан оның аяғы өлімге алып келеді.

Ж



И


Т




С

7.Сөзжұмбақ

1.Тамыр түрлерінің бірі? (жанама)

2.Күн энергиясының қатысуымен болатын процесс? (фотосинтез)

3.Жасушаны зерттейтін ғылым ( цитология)

4. Тірі ағзалардың жасушасы болмайтын үлкен бір тобы. (вирус)

8.Оқушылардың ЖИТС дертіне қарсы өлендері:

1-оқушы: ЖИТС деген тағы да бір жау шықты ,

Жер астына жөнелтті не бір албыртты .

Ажал себер аждаһардан аулақ бол,

Жастар неге сақтамайды саулықты.

2-оқушы: Осы ғасыр обасы,

ЖИТС -ауру қатерлі!

Абайсызда адамдар , осы торға түседі.

Бұл қатерлі ауру ,

81-де жарық көрді,

Сұмдық ауру адамның

Өмір жолын қиын етті.

3-оқушы : Әдетте ЖИТС вирусы ,

Лимфоцит клеткаларында .

ЖИТС пайда болғаннан бері,

Адам өмірі қауіпті жағдайда .

ЖИТС ауруы жұққаннан ,

Жасырын кезен басталды.

Жасырын кезде аяғы ,

Адамды мерт қылады.

4-оқушы: Кезімен ажал жеткені ,

Өкініш емес тек мәні.

Өкінтеді адамның

Мезгілсіз өліп кеткені .

Дерт біткеннің себебі ,

Білместікке жас ұлан .

Кейін қоздап өледі,

Қасіретте осыдан.

5-оқушы: Біз ЖИТС -қа қарсымыз!

Бүкіл әлем күресуде,

Індетімен ғасырдың

Емін әлі таппады ешкім,

Сол бір ғұрлым пақырдың.

Күннен күнге ұлғаюда ,

Аурулардың саны деп ,

Дәрігерлер дабыл қағып ,

Шырылдады ақырып.

6-оқушы: Дүниежүзі адамзатын,

Қорғануға шақырды.

Қара нәсіл қаптап кетсе -- қауіпті,

Деп нәсілшіл ЖИТС-ті ойлап тауыпты.

Содан кейін олар жердің жүзін алдайды,

Бірақ , кейін сыр ашылмай қалмайды.

ЖИТС -ты ашқан ғалымдарын АҚШ -тың

Енді бүгін барша халық қорлайды.

Қорытынды:

Мұғалім:

ЖИТС - адамзат алдында тұрған жаңа және қиын проблема. Ол тек медицина ғана емес, әлеуметтік проблема . Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан -2030» стратегиялық бағдарламасының 4 басылымында барша жастарды салауатты өмір салтына шақырады. Өзіміз өмір сұріп отырған ортада өмірімізге қауіпті -- наша , темекі сияқты зиянды улы түтінге әуес , құмар болмаық қымбатты біздің болашақ , өміріміздің жалғасы , тіректері демекпіз.





© 2010-2022