Шылаулардың поэзиялық шығармаларда қолданылуы

Cабақтың тақырыбы: Шылауларды қайталау Сабақтың мақсаты: а) оқушылардың шылау бойынша алған білімдерін практикалық тұрғыда тексеру, кеңейту; ә) теориялық материалды жүйелі,тиянақты баяндауға дағдыландыру,өз бетінше жұмыс істеуге,шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ету; б) адамгершілік ізгі қасиеттерге баулу. Сабақтың түрі: деңгейлік тапсырмалар Сабақтың әдісі: зерттеу,сұрақ-жауап,ойын түрлері. Пәнаралық байланыс: әдебиет. Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі кестелер. Сабақтың барысы.    Ұйымд...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Арықты орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің

мұғалімі Асқарова Нағима

Cабақтың тақырыбы: Шылауларды қайталау

Сабақтың мақсаты: а) оқушылардың шылау бойынша алған білімдерін практикалық тұрғыда тексеру, кеңейту; ә) теориялық материалды жүйелі,тиянақты баяндауға дағдыландыру,өз бетінше жұмыс істеуге,шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ету; б) адамгершілік ізгі қасиеттерге баулу.

Сабақтың түрі: деңгейлік тапсырмалар

Сабақтың әдісі: зерттеу,сұрақ-жауап,ойын түрлері.

Пәнаралық байланыс: әдебиет.

Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі кестелер.

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру кезеңі.Сәлемдесу,түгендеу,оқу құралдарына көңіл бөлу.

Жаңа сабақ.

Бүгінгі сабағымыз - шылауларды қайталау,қорытындылау сабағы.Сабақ барысында шылаулардың қолданыс аясының кең екендігіне көзіміз жетті.Олай болса сабақты бір оқушымыздың ғылыми ізденіс жұмысымен бастағанды жөн көріп отырмыз.

Тақырыбы: «Шылаулардың поэзиялық шығармаларда қолданылуы». Оқушылар тыңдап болған соң осы жұмыс бойынша өз пікірін айтады.

Ал енді деңгейлік тапсырмаларға кезек берейік.

І деңгей

а) Мәтінді оқып,шылаулардың астын сыз.

ә)Шылаулардың түрлерін ата.

б) Венн диаграммасы бойынша ережелерін жаз.

ІІ деңгей

а) Шылаулардың түрлеріне жеке тоқталыңдар(тақтадағы үш гүлдің жапырақтарына шылау түрлерін жазу).

ә) Үстеу ме,шылау ма?Мен мәтінді оқимын.Мәтіндегі бұрын,кейін,соң,әрі,бірге сөздері үстеу ме, шылау ма, дәлелдеп беріңдер.

1.Бойда қайрат,ойда көз

Болмаған соң айтпа сөз.

2.Судан кейін шыққан жолдастар бұрын шыққандарды көргенде әр түрлі асығыстық істеді.

3.Сабақтан кейін оқушылар жиыны болады.

4.Талай сөз бұдан бұрын көп айтқанбыз.

5.Көлемі үлкен бай колхоздың ылғи жаңа таза үйлері әрі көңілді,әрі көрікті,әрі тыңқиған тоқ пішінде.

6.Олар таудан әрі асып кетті.

7.Кәрі аңшының өзі үлкен бөлмесінде баяғы айнымас досы Ахметпен бірге отыр.

8.Бірге келіп,бірге сабақ дайындаймыз.

б) Үндемес ойыны.

Жалғаулық па,жалғау ма? (да,де,та,те,мен,бен,пен) Оқушылардың қолында екі түрлі үлестірмелері болады.

Бір-біріне жалғау,екіншісінде жалғаулық деген сөз бар аралас сөйлемдер оқимын.Оқушылар жаза отырып, сөйлемдер шылау болса үндеместен «жалғаулық» үлестірмесін,жалғау болса «жалғау» үлестірмесін көтереді.

1.Қызметте тустық болмайды.

2. «Көкаршын» ән еркесі баппен айтса ...

3.Асан бір нәрсенің боларын сезді де,үндеместен шығып кетті.

4.Асан менҮсеннің әңгімесі өте қызықты.

5.Айгүл әжесімен нағашыларына қонаққа кетті.

6.Әнші болмасақ та, ән тыңдауды сүйеміз.

ІІІ деңгейлік тапсырма

а) Бірақ , себебі, сонда да , кейде , я , не болмаса , және жалғаулықтарын қатыстырып әңгіме құрастыру.

ә) Талдау жұмыстары: бірде , дегенмен , және , жалғаулықтарына математикалық дыбыстық мінездеме.

б) «Ішінде - сыртында»

Септеулік шылауларды ішіне,қалғандарын сыртына жазу.

IV. деңгейлік тапсырма

Ойтолғау

Шығармашылық топ жазып жатқанда қалғандары таспадан ән тыңдап,сонда кездескен шылауларды ажырату.

Сабақты бекіту. «Мың бір мақал» ойыны.

1-айналым

1.Да шылауы кездесетін мақал айту.

2.Үшін шылауы кездесетін мақал айту.

3.Мен шылауы кездесетін мақал айту.

2-айналым

Мақалдың жалғасын табу.

1.Өз басыңды дауға берсең де, (Жолдасыңды жауға берме)

2.Тау мен тасты су бұзар. (Адамзатты сөз бұзар)

3.Заманына қарай күлкісі (Тауына қарай түлкісі)

3-айналым

Мағынасын ашу.

1.Палуанның жаманы 2.Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам.

Шалдырған соң өкінер. 3.Сүтпен біткен мінез сүйекпен кетеді.

Күзетшінің жаманы

Алдырған соң өкінер.

Сабақты осы ойынның жеңімпазы қорытындылайды.


© 2010-2022