Планирование Таңдау курсы 11 сынып

Раздел Иностранные языки
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ



№75 МЕКТЕП - ГИМНАЗИЯСЫ



Журналистика негіздері

11 сынып

Планирование Таңдау курсы 11 сынып







Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі: Жабагиева Е.А.







Шымкент қаласы















































«Келісемін»

Қазақ тілі және

әдебиеті кафедра

меңгерушісі:

_____Жабагиева Е.

«Келісемін»

ДББОЖО

Бөгенбаева Р.Н.

«Бекітемін»

№75 мектеп -гимназия

директоры:

_____Р.Алмаханқызы


Журналистика негіздері

11 сынып









Құрастырған: Жабагиева Е.А.



Журналистика негіздері

Қай істің болсын өнуіне үш шарт бар: ең әуелі - ниет керек , одан соң - күш керек, одан соң тәртіп керек.

М.Әуезов

ТҮСІНІК ХАТ

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасына сәйкес жас ұрпаққа білім беру ісінде оның жеке-даралық ерекшеліктеріне мейілінше мән бере отырып, бейіндік оқыту жүйесі іске асырылуда.

Бейіндік оқытудың негізгі мақсаты - жеке білім беру траекторияларын оқушыларда жүзеге асыру, оқушылардың отбасында, аймақтық ортада әлеуметтенуі, орта және жоғарғы білім алуға дайындау үшін оқушылардың жалпы білім беру бағдарламасындағы жекелеген пәндерді тереңдетіп оқу мүмкіндігін қамтамасыз ету.

Бейін алды дайындық негізінде құрастырылған бұл таңдау курсы 11 сынып оқушыларына арналған.

Бүгінгі қоғам - ақпараттық құралдар қоғамы. Мектеп оқушылары қазір заманауи құралдармен жабдықталған, қаншама ақпараттық ортамен байланыс жасап отыр. Олар: түрлі телеарналар, ғаламтор желісі, мерзімдік басылымдар т.б.

Ақпараттық құралдар және олардан алынатын сансыз мәліметтермен жұмыс істеуге деген оқушы бойындағы аса үлкен қызығушылықты шығармашылық жұмыспен ұштастырып, нақты мақсатқа жұмылдыруға мүмкіндік беретін курс бағдарламасы осы бағытта жұмыс істеймін деген жас ұстаздарға әдістемелік көмекші құрал бола алады.

Сөз өнері, қызықты ақпараттар жинау, материалдардың құрылымы, алғашқы нұсқасы және өңдеу, жазу процесі, жауапкершілік пен этика , журналистика жанрлары туралы мағлұмат алумен қатар,шығармашылық жұмыс түрлеріне машықтанады.

Ең бастысы, оқушы өзінің бейіндік бағдарын анықтай алады, шығармашылық жұмыс түрлеріне төселеді, коммуникативтік құзырлылығы дамиды.

Бағдарламаның мақсаты:

Білімділік:

- Тіл стильдерінің ерекшеліктері мен құрылымдары туралы білім жүйелілігі;

- Оқушының қызығушылық бағытының , қабілетінің дамуына, кәсіби бейімделуіне жағдай жасау;

- Өз жұмысына өзіндік баға беруге үйрету;

Дамытушылық:

- Оқушылардың коммуникативтік құзырлылығын дамыту;

- Іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру;

- Ой- өрісінің дамуына мүмкіндік тудыру;

Тәрбиелік:

- Жауапкершілік;

- Қарым-қатынастық;

- Мәдениеттілік;

Курстың міндеті:

Мектептің басты міндеті - оқушыларға ғылым жүйесінің базистік негіздерін меңгерту, қоғамға әлеуметтік- психологиялық жағынан орынды бейімделулерін және ондағы өз орнын дұрыс анықтауларын қамтамасыз ету, тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру, сондықтан курстың негізгі міндеті оқушының танымдық және бейіндік, шығармашылық қабілеттерін дамыту;

- Өзіндік жұмыс түрлерін тиімді, дұрыс ұйымдастыра білуіне көмектесу;

- Кәсіби қызметінің бағытын саналы түрде жетілдіруге бағыттау;

- Ғылыми -зерттеу дағдыларын қалыптастыру;

Қолданылатын технологиялар:

-жобалау;

-ақпараттық-компьютерлік технология;

- шығармашылық шеберлік;

- тұлғалық бағдар;

Іске асырылу көзі:

-мультимедиа;

-ғаламтор;

-БАҚ;

-теле және видео хабарлар;

- жүйелі түзету жұмыстары;

Мұғалімнің қызмет түрі:

-Сабаққа тиімді микроклимат туғызу;

-Әрбір оқушының даму траекториясын анықтау;

Оқушының қызмет түрі:

-зерттеушілік - жобалық;

- Коммуникативтілік;

-Талдау, салыстыру, өңдеу, шешім шығара білу;

-Газет материалдарының жанрлық ерекшеліктерін құрылымын , тілдік қызметін ажырата білу;

- Әңгіме, сұхбат жүргізе білу;

-Көпшілік алдында сөйлей білу;

Оқушылардың мектепішілік газет шығаруы , үздік мақалаларды жариялауы , аудандық газетке мақала беруі курс жұмысының қорытындысы болады.

Оқу - тақырыптық жоспар

Аптасына 1 сағат. Жылына 34 сағат.

р/с

Өтілетін сабақтар мазмұны

Сағат саны

Мерзімі

Кіріспе

1


    Журналистика негізі

    1


      Қазіргі баспасөз туралы

      1


        Баспасөз беттерін шолу

        1


          Баспасөздің негізі

          1


            Баспасөздің принциптері

            1


              Сөздікпен жұмыс

              1


                Сын өзарасын талдау

                1


                  Түсіндірме сөздік

                  1


                    Орфографиялық сөздік

                    1


                      Редактор туралы

                      1


                        Газеттегі ролі

                        1


                          Қалалық газеттер

                          1


                            Редактормен сұқбат

                            1


                              Тілшілер туралы

                              1


                                Оқырманмен байланыс

                                1


                                  Тілшілер мен оқырман

                                  1


                                    Сауалнама жүргізу

                                    1


                                      Авторлармен байланыс

                                      1


                                        Автор еңбегі

                                        1


                                          Автор еңбегінің аңызы

                                          1


                                            Мақала

                                            1


                                              Корреспенденция

                                              1


                                                Газет материалы

                                                1


                                                  Қайта жазу

                                                  1


                                                    Талқылау жұмысы

                                                    1


                                                      Газеттегі әдеби өнер технологиясы

                                                      1


                                                        Қолжазбаны әзірлеу

                                                        1


                                                          Баспаханаға саяхат

                                                          1


                                                            Газеттегі фотосурет

                                                            1


                                                              Портреттік жазба өнері

                                                              1


                                                                Өндірістік фото

                                                                1


                                                                  Газет бетіне материал дайындау

                                                                  1


                                                                    Шығармашылық жұмыс

                                                                    1



                                                                    Пайдаланған әдебиеттер:


                                                                    1. Кәкен ҚАМЗИН. «Журналистика негіздері» пәнін оқытудағы креативті тәсілдер

                                                                    2 Кәкен ҚАМЗИН. «Журналистика негіздері»

                                                                    3.

                                                                    © 2010-2022