Еліктеу сөздер

Бұл сабақ стандартқа сай алтыншы қазақ сыныбына арналып құрылған. тараз қаласындағы біліктілікті арттыру курс кезінде орта мерзімді жоспардағы тізбектелген сабақтар топтамасында қарастырылған. жаңа тарау жаңа сабақ. сабақ барысы түрлі әдіс тәсілдермен қамтылған. оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі сергіту сәті, топқа бөлу, тренингтермен қамтылған сабақ. оқушының ізденуін негізгі мақсатқа ала отырып құрылған сабақ жоспары. оқушылар сабақ барысында өздері ізденіп, талпынып жұмыс атқ...
Раздел Иностранные языки
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

1 Сабақтың тақырыбы:

Еліктеу сөз


Күні:

16.04.2014ж

Сыныбы:

6 «ә»

Пән мұғалімі:

Басжанова Мөлдір Доғдырбайқызы

Сілтеме:

6-cынып қазақ тілі оқулығы, мектеп кітапханасы, интернет, «Шың» кітапшасы.

Сабақтың мақсаты:

Еліктеу сөз туралы білетіндерін еске түсіріп, тапсырмалар арқылы білімдерін кеңейту.

Міндеттері:

  • Еліктеудің жасалу жолын анықтау.

  • Еліктеу сөздің басқа сөз таптарынан ерекшеліктерін атап көрсету.

  • Өз ойын еркін, дәлелмен жеткізе алуға бағыттау.

  • Алған білімдерін алдағы уақытта қолдана білу.

Сабақта кіріктірілген модуль:

- АКТ-ны пайдалану;

-Балаларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту;

-Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;

-Жаңа әдіс-тәсілдер;

-Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау.

Сабақтың типі:

Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі:

Жан-жақты ізденіс сабағы


Сабақтың әдісі:

«Ыстық орындық» әдісі, Топтық жұмыс, топтастыру, сұрақ-жауап.


Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер:

Интерактивті тақта, ватман, стикер, маркер, слайд көрсетілімдер, А3 форматты қағаздар

Пәнаралық байланыс:

Қазақ әдебиеті, орыс тілі

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Қызығушылығын ояту

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ. Жаңа сабаққа байланысты мағынаны ажырату

ІV. Жаңа сабақты бекіту. Ой толғаныс

V. Бағалау

VI. Үй тапсырмасы


Сабақ кезеңі:

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Уақыт

І. Ұйымдастыру Қызығушылығын ояту

Тренинг:


Топ құру:



Оқушылармен « Жылулық» тренинг жүргізу арқылы, сыныпқа қолайлы орта туғызымын.

«Алма ағашын» таңдау әдісі.

Қызыл- сенімдімін

Жасыл- аздап қобалжып тұрмын.

Сары- қатты қобалжып тұрмын.

Оқушылар шаттық шеңберін құрып бір-бірінің қолдарынан ұстап, бір-біріне жылы лебіздерін айтады.

Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеріп қана қоймай, берілген түстердің артындағы сандары арқылы топқа бөлінеді.

6 мин

ІІ.

Үй тапсырмасы:

«Ыстық орындық» әдісі арқылы сұрақ қойылады.

Ортада отырған оқушыға 3 сұрақ қойылады. Жауап қайтарылады.

7 мин

ІІІ. Мағынаны ажырату

АКТ көмегімен тақтаға еліктеу сөздерге байланысты суреттер ілінеді.

«шапалақ», «есікті қағу», «сіріңке жағу, өшу»

Тақырыпқа өзім қысқаша шолу жасап өтемін.

Суреттерге қарап отырып, сабақтың тақырыбын ашады.

«шаңқ», «тық-тық», «быж», «пыш» т.б.

Еліктеу сөз-айналағы және табиғаттағы құбылыстардың дыбыстарына, қимыл-әрекетіне еліктеумен немесе олардың бейнелерімен байланысты туған сөздер. (дәптерлеріне жазады)

10 мин

Сергіту сәті

Оқушыларға (Жалп етті, сылқ құлады, жалт қарау;) парақшалары беріледі

Қимылмен салады, қалғандары табады

3 мин

VI. Ой толғаныс

Оқулықпен жұмыс, Постер құру.

Оқулықты оқып, түсініктерін постерге енгізеді.

Еліктеу сөздер

Есту Көру

арқылы арқылы

(сылдыр-гүлдір) (жалт-жұлт)

10-5 мин

V. Бағалау

1.«Бағдаршам» сигналдары арқылы өз-өздерін бағалатқызамын. Жасыл түс- тапсырмаларды жақсы орындадым. Сары түс- жартылай орындадым, бірақ тағы жұмыс істеу керек. Қызыл түс- тапсырмаларды орындай алмадым, маған көмек керек.

2. Кері әсер парағы

Оқушылар бүгін сабақта білгендерін, өз іс-әрекеттеріне байланысты түстерді таңдап, мұғалімге көрсетіп,бағдаршам суреті салынған плакатқа жабыстырады.



Оқушылар қабырғада ілулі тұрған кері әсер парағына бүгінгі сабақта алған мағлұматтарын (сандық, ет турағыш, қоқыш жәшігі) стикерге ойларын жазып бөліседі.

3 мин

VI. Үй тапсырмасы

Еліктеу сөздерді қатыстырып өлең, жұмбақ, мәтін құрып келу.

Оқушылар берілген тапсырманы күнделіктеріне жазып алады

1 мин

Күтілетін нәтиже:


  • Еліктеудің жасалу жолы анықталады

  • Еліктеу сөз туралы түсінігі кеңейеді

  • Өз ойын еркін жеткізе алады.

  • Топпын жұмыс жасай алады

  • Алған білімін күнделікті қолданады.

Сабақтан соңғы ой толғаныс:

Не сәтті өтті?

- Сыныпта психологиялық ахуал жағымды сәтті өтті. Оқушылар бір-бірін жақын тартып «сұлуым», «ақымағым», «жұлдызым» деп айтып сергіп көңілдерін көтерді.

- Оқушылардың жаңа сабақты қызығушылықпен қабылдаулары сәтті өтті.

- Постер құрған кезінде бірігіп жұмыс жасағандары, ортақтасып қорғап отырғандары ұнады.

- Сабақтың қызықты өткеніне өздері де риза болды. Кері әсер парағын толтыру кезінде көрсетілген ұсыныстарды толық ынтамен орындады.

Не сәтсіз өтті?

-Сабақ барысында оқушылар өздері құрған сынып ережелерді толықтай ұстанбады.ескертулер айтып, өздері құрған ережелерді естеріне түсіріп отыруға мәжбүр болдым.

-Үйге берген тапсырманы толықтай орындап келмеген.

-Сыныпта берілген тапсырмаларды барлығы бірдей орындамады. Басқа орындап жатқан балалардың бетіне қарап отырды. Өздеріне деген сенімсіздік басым болды.

-Уақытты үнемді пайдалана алмады.

Нені өзгертуге болады?

-Оқушылар игеру кезінде деректерді, қосымша мәліметтерді жазып, балалардың алдына тастасам, аз уақыт ішінде нақты жауап аламын деп ойлаймын.

- Кез-келген тапсырманы белгіленген уақытан аспай орындау.

-Оқушының барлығы бірдей сабаққа қатысуын қатақ қадағалау.

-Үй тапсырмасын келетін болсақ оқушы үйден жазып келгенін қысқаша және түсінікті түрде нақтылы жауап берсе деймін.

Кімнің көмегі қажет болды?

Ата-ана баласына көп көңіл бөліп, үнемі қадағалап сабағын, үлгерім сапасын қадағалап отырса, оқушының бойында жауапкершілік сезімі ұялайтын еді. Балаларға өздеріне сеніп қана қоймай, ашылып ойын анық жеткізулеріне көмектескім келеді. Біз ол мақсатқа бірлесіп жетеміз деп ойлаймын.

Қорытынды:

«Болашақ кепілі жастардың қолында» демекші өнегелі, тәрбиелі, алғыр жастарды тәрбиелеп шыққым келеді. Еліктеу сөздер

© 2010-2022