Программа по казахскому языку Организация подготовки работы к ВОУД

Раздел Иностранные языки
Класс 9 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



ЖМ «Т.ӘУБӘКІРОВ АТЫНДАҒЫ ГИМНАЗИЯ»










Оқу Жетістіктерін Сырттай Бақылауға (ОЖСБ) дайындық жұмысын ұйымдастыру

қазақ тілі


Қазақ тілі және әдебиет мұғалімі:

Н.К.Аяпбергенова





Теміртау қаласы,2015ж

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушының
2012 жылғы «6» cәуірдегі
№ 151 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалауды өткізу жөніндегі нұсқаулық

Жалпы ережелер

1. Осы нұсқаулық «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалауды (бұдан әрі - ОЖСБ) ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін анықтайды.

2. Нұсқаулық меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан білім беру ұйымдарында жүзеге асады.

3. Білім беру ұйымдарындағы ОЖСБ-ның міндеттері:

1) білім алушылардың оқу жетістіктерін мониторингілеуді жүзеге асыру;

2) оқу процесін ұйымдастырудың тиімділігін бағалау;

3) білім беру ұйымдары көрсететін білім беру қызметінің сапасына салыстырмалы талдау жасау болып табылады.

4. ОЖСБ-ны өткізу мерзімін білім саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) белгілейді.

2. Жалпы орта білім беру ұйымдарында ОЖСБ-ны өткізу

5.Жалпы орта білім беру ұйымдарында ОЖСБ негізгі орта, жалпы орта білім алуды аяқтағаннан кейін:

негізгі мектепте (9 (10)-сыныптан кейін - оқытудың одан әрі траекториясын айқындау мақсатында;

жалпы орта (бейіндік) мектепте - оқу жетістіктерінің деңгейін бағалау мақсатында өткізіледі.

6. Негізгі орта білім деңгейіндегі ОЖСБ білім алушылар білім алып жатқан білім беру ұйымдарының базасында өткізіледі.

7. ОЖСБ-ны өткізу қағидаларының сақталуын бақылауды Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Білім саласындағы бақылау департаменттері және Министрліктен жіберілген уәкілетті өкілдер жүзеге асырады.

8. ОЖСБ кешенді тестілеу нысанында қағаз жеткізгіш сияқты қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды, сондай-ақ уәкілетті орган бекіткен жазбаша тапсырмаларды қолдану арқылы өткізіледі.

9. Тапсырмалар жалпы білім беретін оқу бағдарламаларының негізінде әзірленеді, олардың мазмұны аталған бағдарламалардың шеңберінен шықпауы тиіс.

10. 9 (10) сыныптарда ОЖСБ рәсімдеріне міндетті түрде қазақ тілі және уәкілетті орган жыл сайын белгілейтін 3 пән енгізіледі.

11. Әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының саны - 20.

12. Тестілеуге 4 пән бойынша 120 минут (2 сағат) беріледі.

13. ОЖСБ-ның нәтижесі әрбір дұрыс жауап үшін 1 балмен бағаланады.

14. Нәтижелерін өңдеу ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу пункттерінде жүргізіледі.

15. ОЖСБ-ның нәтижелері оқушылардың назарына ол аяқталғаннан кейін күнтізбелік 3 күн ішінде жеткізіледі.

16. ОЖСБ-ның нәтижелерін рейтингтік зерттеу жүргізетін ұйымдар пайдалануы мүмкін.

17. Тестілеуді жүргізуге дайындық барысында оқушылармен тестілеу материалдарын толтыру бойынша түсіндіру жүмыстары жүргізіледі, ОЖСБ рәсімін өткізу тәртібімен таныстырылады.

Оқушыларға:

1) бір орыннан екінші орынға ауысуға;

2) кезекшінің рұқсатынсыз тестілеу материалдарын ашуға;

© 2010-2022