Қазақ әдебиетінен сабақ үлгісі Сұратқан хан ақымақ па, сұраған сен ақымақ па (5 сынып)

Раздел Иностранные языки
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Сынып: 5 «А»

Пән: Қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: Сұратқан хан ақымақ па,сұраған сен ақымақ па?

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік:Аңыз әңгіменің мазмұны мен идеясын игерте отырып, кейіпкер әрекеттеріне баға бере білуге үйрету.

2.Дамытушылық: Топпен жұмыс негізінде Жиренше бейнесіне тән қасиеттерді саралай талдата отырып, оқушының сын тұрғысынан ойлауын дамыту.

3.Тәрбиелік:көркем жазу мен көркем оқу шығармашылығын арттыру. Оқушыларды адамгершілікке, тапқырлыққа баулу.

Сабақтың міндеті: Балаларды топпен жұмыс істеуге , пікірлерін айта білуге баулу, шығарманың құрылысын талдауға үйрету .

Сабақ түрі: талдау

Сабақ әдісі:Сын тұрғысынан ойлау және жазу стратегиясы.

Көрнекілігі: үнтаспа,нақыл сөздер.

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасып, оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау, жоқ оқушыларды белгілеп, сабақтың мақсатымен таныстыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Ой шақыру.
Аңыз әңгімелер дегеніміз не?
Қандай аңыз кейіпкерлерін білесіз?
Өткен тақырыбымыз не?
Әңгіменің негізгі кейіпкерлері кімдер?

2. Категориялы топтастыру.
1-топ. Жиренше - Ол кім? - Ол не істеді?
Хан - Ол кім? - Ол не істеді?
2-топ. Қарашаш - Ол кім? - Ол не істеді?
Ханның қылығын қалай бағалайсың? Жиреншенің орнында болсаң не істер едің?
(Әр топ осы сұрақтар төңірегінде өз білгендерін топтастырады.)
ІІІ. Жаңа тақырыппен жұмыстар:

Сабақ мақсаты айтылады.

Үнтаспадан әңгіме толық тыңдалады.

Мағынасын ашу мақсатында сұрақтар қойылады:

1.Әңгіме кімдер туралы?

2.Кейіпкерлер әрекетін айтыңыз.

3.Қандай тапқырлық сөздер кездесіп тұр?

4.Әңгімеге жоспар құр және тәрбиелік мәнін ашу.

«Топтастыру» стратегиясы

ЖИРЕНШЕ ХАН

Мағынаны тану

Үш қатарға жекелей тапсырмалар беріледі.

1-қатар «Ғылыми талдау» стратегиясы

Жиренше бойындағы адами қасиеттерді ашу.

2-қатар: «Тумалы бейне» стратегиясы

Өткен тақырыптар бойынша Жиреншеге ұқсас бейнелерді табу.

3-қатар: «Түйінді сөздер» стратегиясы

Әңгіме желісімен Жиреншенің тапқырлық, ұшқыр ойларын теріп жазу.

Кейіпкерлерге сипаттама бер

Жиренше

Хан

Қаңбақ





ІҮ. Бекіту:

Кейіпкерлердің мінез құлықтарына талдау жасау:кластерді толтырып байланыстыр.

ІІІ. Толғаныс.

І топ: - Қаңбақтың адамша сөйлеуі
шындық па, әлде...

ІІ топ: - "Сұратқан хан ақымақ па, сұраған сен ақымақ па?" деген сөзге ханның ренжуі мүмкін бе еді?

ІІІ топ. - Хан Жиреншені не үшін ертіп жүрген?

Ү. Қорытынды:

Лексикалық жұмыс:

мысалдар

синонимдер

антонимдер

Сөз тіркесі

Шешен

кедей


мысалдар

синонимдер

антонимдер

Сөз тіркесі

ақылды

ақымақ


ҮІ. Үй тапсырмасы: «Сұратқан хан ақымақ па, сұраған сен ақымақ па?» аңыз-әңгімесін оқу.









© 2010-2022